Ахмет Байтұрсынұлы: Аққу, шортан һәм шаян

0
5708
Collaborative lesson planning: Maximizing the influence of lesson study
Сабақ тақырыбы
 Ахмет Байтұрсынұлы: Аққу, шортан һәм шаян
Сабақ негізделген оқу мақсаты Қазақ халқының ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы шығармасының мазмұнымен таныстыра отырып, Мысал жанры туралы түсінік беру; оқушының ауызша сөйлеуін, мәнерлеп, түсініп оқуын, өз ойын жүйелі айта білуін, шығарманы талдай алу, шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін дамыту; Ахмет Байтұрсынұлының тұлғасын үлгі ете отырып, мысалдың мазмұнын айқындай келе, ынтымақтастыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар білуге тиісті: Мысалдағы негізгі ойды біледі.

Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс:Мысалға кешенді талдау жасай алады

Кейбір оқушылар білуге тиіс: Рөлге түседі, мағынасын ашады.

Бағалау

критерийлері

Мысалдағы негізгі ойды анықтап,өз ойын ашық жеткізеді.

Адам бойындағы жақсы және жаман қасиеттерді ажыратады.

Тілдік мақсаттар Тілдік дағдылар: Бірлік, ынтымақтастық дағдылары

Терминология: Аққу- лебедь- sman

Шортан-щука-pike

Шаян- рак-crayfish

Сөз тіркестері: бірлік, ынтымақтастық, татулық, ауызбіршілік, бірін-бірі тыңдау, ақылдасу.
Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық дағдысы қалыптасады.

Рухани адамгершілік құндылықтары дамиды.

Пәнаралық байланыстар Дүниетану, қазақ тілі
АКТ қолдану дағдылары Bilim.kz сайтынан видео көрсетілім
Алдыңғы оқу Қауын мен қарбыз. ( әдеби ертегі)
Жоспар
Жоспар-ланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар

Сабақтың басы

(2 минут)

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

Мейірімді жүректен,

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

Еңбек етіп ерінбей,

Жақсы баға алайық.

Топқа бөлу (суреттер бойынша топқа бөлу)

Үй тапсырмасын сұрау

Қауын мен қарбыз. Жолтай Әлмашұлы

  • Әңгіменің мазмұнын жоспар бойынша әңгімелеу
    1. Қауын мен қарбыздын шешімі
    2. Атайдың қауынды балаларға бөліп беруі
    3. Қарбыздың мұңы
    4. Баланың қарбызды тауып алуы

« Сұрақ- жауап» әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтау

-Ертегінің авторы кім?

-Ертегіде қандай кейіпкерлер бар?

-Қарт қауынның дәнін не істеді?

— Қарт дәндерді не істеді?

 

Таныстырылым

 

Аққу, шортан, шаян суреттері арқылы топқа бөліну

Сабақтың ортасы

(35 минут)

Жаңа сабақ. « Ой ашар» жұмбақтар шешу

Қол бетінде қалқиды,
Мақта сынды үйілген.
Үні әсем сан қилы.
Мойны да әйбат иілген,
Мамығын ол тарайды,
Маңғаздана қарайды. — Ол не? Аққу- лебедь- swan
2. Қомағайлық жасайды,
Шабақтарды асайды.
— Ол не? Шортан-щука-pike

Мойны ұзын,
Жұқалтаң қабақты
Тірсегі ұзын,
Қоян тобықты.
Іс тікпейді, бірақ.
Тастамайды бізін,
Білесің бе мақұлықты? — Ол не? Шаян- рак-crayfish

  Аққу, Шортан, Шаян туралы не білесіңдер?   
1. Аққу қандай құс?
2. Шортан қандай балық?
3. Шаян жайлы не білесіңдер?

Білгенге – маржан.

Ахмет Байтұрсынұлы (1873 — 1938) қаңтар айында Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келген. Әліббидің атасы ,балаларды оқуға шақырған, қоғам қайраткері, ақын, әдебиеттанушы, аудармашы, ағартушы — ғалым, ұлт ұстазы.

Иван Андреевич Крылов (суреті) орыс халқының атақты мысал жазушысы, сатирик, драматург. Осы орыс ақыны И. А. Крыловтың мысалдарын Ахмет Байтұрсынұлы аударған.

Мысал деп адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік, қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарманы атайды. Мұндай шығармада өсімдіктер, жануарлар және құстар кейіпкер етіп алынады.
Бүгінгі сабағымызда біз аққу, шортан, шаян жайлы мағлұмат алатын боламыз.

  • «Аққу, шортан һәм шаян» мысалын видео көрсетілім
  • Мысады түсініп, тізбектей оқып шығу.
  • Түсінбеген сөздерін талдау.
  • Мәтіндегі кейіпкерлерді ата.
Мысалды сұрақ- жауап әдісі арқылы жауап береді.
  1. Мысалдағы кейіпкерлер ( аққу, шортан, шаян)
  2. Мысалдағы ақынның негізгі ойы (адамдарды ынтымақшылдыққа, достыққа, бірлікке шақырады)
  3. Бұл шығарманы неге мысал жанрына жатқызамыз? Мысал қандай шығарма? Мысал – қызықты қысқа шығарма. Ол өлеңмен де, қара сөзбен де жазылады. Мысалда хайуанат, жәндіктер арқылы адам бойындағы кемшілікті, мінді айтады.
  4. Сонда ақын бұл образдар арқылы қандай адамдарды бейнелеп отыр? (Ақын бұл образдар арқылы ақылсыз, тату емес, ынтымағы жоқ адамдарды бейнелеген).
  5. -Балалар, олар жүкті қалай тартты? (Бар күштерін аямай тартты)
  6. -Олар тартқан жүктері ауыр ма еді? (Жоқ. Оншама ауыр да емес)
  7.   Мысалдың басты тақырыбы не?(Тақырыбы: бірлік, ынтымақ, достық).
  8. Неліктен мысал кейіпкерлерінің ісі нәтижесіз болып шықты?
    (Олардың арасында бірлік болған жоқ. Олар ақылдасудың орнына дауласып, бір-бірін тыңдамай жүкті тарта бастады.)

«Дайындал, назар сал» әдісі бойынша сөздік жұмыс.
Ғибрат — үлгі, тәрбие, өнеге.
Һәм — және
Дүркін — дүркін — қайта — қайта
Машақат – әурешілік

Топтық жұмыс постер қорғау

І- топ. Топтастыру ( Ахмет Байтұрсынов)

ІІ- топ. Аққу,Шортан һәм шаян мысалына жоспар құру

ІІІ-топ. Мысалды сатылай кешенді талдау

Сергіту сәті.
Оқушыларды ортаға шақыру.
Араларынан кім жеке болғысы келеді екенін анықтау.
Ортада екі топқа арналған шашылып жатқан әр түрлі мақал- мәтел жазылған қағаз қиындылары.
Тапсырма: Қағаз қиындыларынан құрастырып мақалдарды шығару. Музыка ойнайды.
-Екі топтан қандай әсер алғанын анықтау. Қандай іс-әрекеттер жасадыңдар?
Жеке болған бала: Мен көп мақал құрастыра алмадым. Маған қызықсыз болды. Қорытынды: Көпшіл болу керек екен.
3 баланың жауаптары: Біз ақылдастық. Бізге қызықты болды. Біз бірнеше мақал- мәтел құрастырдық. Қорытынды: Бірлесіп, ақылдасып істеген істің нәтижесі болады.
Балаларды орындарына отырғызу.
«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

1-топ. Бірлік болу үшін не істеу керек? ( топтастыру)

2-топ. Осы мысалды сахналық қойылым ретінде дайындайды

3 топ. Мысалдағы негізгі ойға қатысты «Бірлік, ынтымақ» туралы білетін мақалдар жазу.

Жұмбақты шешіп, аққу, шортан, шаян сөздерін үш тілде айту

 

Автор портреті

Видео көрсетілім

Мысалды талдау

Тақырып бойынша сұрақтар беріледі.

Сөздік жұмыс

Топтық жұмыс

Мысалды сахналайды

Топтастыру

Сабақтың соңы

(3 минут)

Қорытынды. «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап беру.

1.Ахмет Байтұрсынұлы «Қырық мысал» деген кітап жазған.- иә

2.Жүкті аққу аспанға, шаян жерге, шортан суға тартады. — иә

3.Аямай бар күшін салып, тартқанда жүк орнынан қозғалып кетеді.-жоқ

4.Бірінің айтқанына бірі көнеді.-жоқ

5.Мысалда адамдардың арасында кездесетін алауыздық сыналады. — иә

«Бірлік түбі-береке»  деген мақалдың аясында көп нәрсе айтуға болады біздің осындай бейбіт өмір сүріп отырғанымыз,  халқымыздың бірлігінің   арқасында.

 

Қосымша ақпарат
Саралау –Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау — Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс
 

Рефлексия

Сабақ /оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мeн жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылартуралыменің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ