Ахмет Байтұрсынұлы. Мен қалай оқуға бардым? (сабақ жоспары)

0
1740
Гомотетия және оның қасиеттері
Педагогтің аты-жөні:                       Култаева Эльмира Рустемовна
Пәні: әдебиеттік оқу
Күні:
Сынып: 2 Қатысушылар саны: 16 Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы: Алғаш рет оқуға келген күнім.

Ахмет Байтұрсынұлы. Мен қалай оқуға бардым?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: 2.1.1.1 шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру

2.1.5.1 өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу

2.3.4.1 мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді табу және түзету

Сабақтың барысы.
Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау Ресурстар
Басы Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

Уақытты үнемдейміз!

Нақты,дәл  жауап  береміз!

Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

Сабаққа  белсене  қатысып, жақсы  баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске  түсіру (ұжымда)

«Елестету» әдісі арқылы жаңа тақырыпты шығару.

1. Өлең жолдарын оқы. Алғашқы қоңырау үнін естіген

кезіңді есіңе түсір. Бір-біріңе сұрақ қой.

Бірінші қырқүйек күнімен,

Аңқыған жұпар гүлімен.

Келіп ем, қарсы алар мектебім

Сүйкімді қоңырау үнімен.

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару

 

 

Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды.

 

ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау.

 

 

Психологиялық ахуал.

 

Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары.

Ортасы Ширату тапсырмасы.

Белсенді оқу тапсырмалары (топта, ұжымда)

«Көршіңе әңгімелеп бер»

Бұл әдіс оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады. Сұрақ қойыңыз, ойластыруға уақыт беріңіз, одан кейін оқушылардан өз ойларын көршілерімен бөлісуді сұраңыз, оқушыларға жаңа тақырыпты айтыңыз және осы тақырып бойынша өздері білетін барлық жағдайды көршісіне айтуын ұсыныңыз.

Дескриптор:

мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады.

шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды.

берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау

Сергіту сәті   (Видиоролик көрсетіледі)

 

 

 

 

Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды.

 

Белсенді оқу тапсырмалары

(топта, ұжымда)

 

«Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі арқылы суретпен және мәтінмен жұмыс жасайды.

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау

 

Видиороликтен көрген іс-қимылды

қайталайды

 

 

 

 

Формативті бағалау.

 

ҚБ: Бас бармақ  арқылы бір-бірін бағалау.

 

 

 

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

 

 

 

 

 

Оқылым, жазылым тапсырмалары.

 

 

 

 

Соңы Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

 «Ойлан, Жұптас, Пікірлес»

Оқушыларға  қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгенен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интербелсенді тәсіл. Тақтада сұрақ/тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4 минут  талқылайды, пікірлеседі. Мұғалімнің екі-үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрауына болады.

 

 

 

 

 

Тірек сөздермен жұмыс жасау.

 

 

ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.

 

Топтық тапсырмалар.
Кері байланыс «Алма ағашы» кері байланыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, суретін жібереді. «Алма ағашы» Кері байланыс тақтай

шасы.

Үйге тапсырма:  Ахмет Байтұрсынұлы. Мен қалай оқуға бардым?   мәтінін оқу

Култаева Эльмира Рустемовна
Ақтөбе облысы
Хромтау ауданы
Көктау орта мектебі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ