Ақын жайлы анасының естелігі

0
2676
..Мұқағалидың әкесі Сүлеймен шаруа адамы еді. Колхозда сушы, шалғышы болып жүреді екен. Мен оның ауылымен іргелес жатқан Сарыбастаудың қызымын. Тағдыр айдап, дәм жаз ды ма, екеуміз үйленіп, жас отау болдық. Тиын деген енем бар еді. Мейірлі, кісілігі мол жан болатын. Жоқшылық замандағыкөп қиынды ғы мызды тең бөлісіп, жел жағымызға пана болып, мәпелеп өсірді. Мұқағали тұңғы шым болған соң ба, енеме табиғи болып, мені жеңге есебіне санайтын. …Соғыс деген пәле басталғанда, Сүлеймен осы Қарасазда бір топ жігітпен бірге майданға аттанды. Мұқағали он да он жаста. Ес кіріп қалған бала. …Бастауыш кластарды Қарасаз өңі ріндегі шағын ауылдарда
оқып, орта мектепті аудан орталығы – Нарынқолдағы интернатта бітіріп шықты. Ауқаттылардың балалары Алматы асып, үлкен оқу іздеп жатқанда, ол ауыл дық кеңеске хатшы болып қыз метке тұрды. 14-15 жасынан жаза бас таған өлеңінен қол үзген жоқ. Төбесі ап-аласа үйге қалың-қалың кітаптарды үйіп тастап, бірінен кейін бірін оқитын да жататын. Ауылдың атқамінерлері сол кезде-ақ таңданатын. «Нағиман шеше, сіздің тентегіңіз осынша орысшаны қайдан үйреніп жүр?» дейтін… Сөйтсем, өзін-өзі оқытыпты ғой шырағым. Кейін ауылдағы мектепте де қызмет істеді. Содан аудандық газетке барды. Өлең дері жиі жариялана бастады. Содан не керек, 1962 жылдың жаз айын да аяқ-асты бұзылды. Мені жең ге орны-на санап, Нақа дейтін. Бір күні
аса көңілді қалпында:
– Ал, Нақа, бұйырса, алматылық бо ласың, көшеміз, – деді, әй-шәй жоқ. Шынымды айтсам, мен бұған нанбадым. Өйткені астанаға бала-шағамен көше қоя тындай жинаған қорының жоғын білемін. Екі інісі де, балалары да жас. Мен болсам отырған бір масылмын.
– Сонда қайда барамыз? Үйді қайтесің, балам-ау? – деймін.
– Қорықпа, Нақа! Өлеңім өлтірмейді. Асырайды бәрімізді, – дейді маңдайы жарқырап.
Сөйтіп, ауылдан астанаға көштік. Дайын тұрған үй қайда?! Тастақтан Шынықұл деген қазақ шалдың кішкентай екі ауыз үйін жалға алды. Рас, ол кезде пәтерақы арзан. Ақша да тапшы. Балам радиода, газет-журналдарда қызмет істеді. Анда-санда мәз болып жаңа шыққан өлеңде рін көрсетеді. Арагідік болса да қаламақысын алып, мәре-сәре болады. Кең жайлауда өскен адамға ығы-жығы қалада күн кешу қайдан оңай болсын?!
Қысылып-ақ жүрдік. Мен де, келінім Лашын да, Мұқағалидың өзі де сыр бермедік. Сөйтіп
жүргенде, біздің шаңырақ аяқ-астынан шайқалды. Мұқағалидың Майгүл деген қызы жол
апатынан жазым болды. Міне, осыдан бастап балам сеңдей бұзылды. Қатты күйзелді. Иығы түсіп, сылынып сала берді. Мінезінде де өзгеріс пайда болғандай болды. Сөйтсем, не кітабын шығара алмай, не қамқор алақан ның шуа ғына бөлене алмай
қиналып жүрген кезі екен ғой.«Жығылғанға – жұдырық» дегендей, оған қызының өлімі қосылып, жүнжіп-ақ кетті. Сөйтіп жүріп, толассыз жаза берді. Не жазғанын қайдам…
Пәтер жалдап бірталай жыл әуре-сарсаңға түстік. Бірді-екілі жұқа кітаптары шықты. Қазір
қай жыл екенін де ұмытып отырмын, Интернациональная деген көше ден екі-үш ауыз тасүй тигендегі қуанғаны әлі есімде. Мұқағалидың тіршілігінде мансап пен байлықтың қызығын көрмегеніне туған анасы – мен, жан жары Лашын куә. Бірақ дәулетімді молайтайын, қызметім ді жоға рылатайын деп басын қатырған емес. Кейде апталап
үстелінен тұрмай, өлеңмен арпалыс қанда үйінде не бар, не жоққа назар да салмайтын.
Сондайда Лашынға жаным да ашитын. Кейбіреулер: «Ой, ол ондай еді, мұндай еді» дейтін де шығар. Баламның оны шаршатқан кезі болған жоқ деп қалай айтайын?! Еркелеп кететін кезінде көрдік. Түнерген аспандай мұңды сәті де болатын. Қуанса,
өлең үшін, жаңа шыққан кітабы үшін қуанатын. Туған жері – Қарасазын мақтана айтатын. Ауылға жиі қатысуды армандайтын. Барып, еркелеп, мауқын басыпта тұрды.
Жасы 40-тан асқан соң-ақ, не ауру екенін қайдам, әйтеуір,бір дерт жабысты. Анда-санда
тарығып отырып қиналғанын, ұйықтай алмай шыққанын айтатын. Ара-арасында ауруханаға жатып, емделіп те жүрді. Қайтадан ауырды. …Өлерінен біраз
жыл бұрын Мәскеу барып, әдебиетшілердің үлкен оқуын оқыды емес пе? Оны да тауысқан жоқ. «Олардың білетінін өзім де біледі екенмін. Алматымды сағын дым. Балаларымның қасында болайын деп кеттім де қалдым, Нақа», – деп, менің ар-
қам нан қағып қоятын жары ғым. Е, жалған дүние-ай! Бір байқағаным, ауру жанына батқанда қатты күйзеліп-ақ жүрді. Әншейінде тау тұлғалы шырағымның еті қашып, ірі сүйек тері саудырап сала берді ғой. Несін айтайын… Әйтеуір, қаламын қолынан тас таған жоқ. Оңа ша үйде күбірлеп сөйлеп, толғатқан анадай күй кешкен кездерін де көрдім. Сөйтсем, мы на жалғаннан арғы ауылға аттанатынын сезіп, соңына сөзін
қалдыру қамымен жанталасқан екен ғой жазған бала…
Нағиман БАТАНҚЫЗЫНЫҢ
естелігінен ықшамдалып
дайындалды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ