Алғыс айту- парызым

Көбейту және бөлуге берілген теңдеулер
Алғыс айту- парызым

                                Өмірге риза болып, алғыс айт

Халық даналығы

Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру; үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту;әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу;

Көрнекі құралдары: оқулық, дәптер, кеспе бата қағазы,қоржын,интерактивтік тақта

Шаттық шеңбері: Ризашылық

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын қазірге.

Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,

Ризамын, ризамын, ризамын қазірге!

– Біз бір-бірімізге, бүгінгі күнге, жақын туыстарымызға, мейірімді сөздерге, ойындарға, жалпы әлемге рақмет айтамыз.

Әңгімелесу

Алғыс  дегенді қалай түсінесіңдер?

Адам  өзінің  ризашылығын,  алғысын  қандай  сөздермен  білдіреді?

Сендерге  кім  қандай  жағдайда  алғыс  айтты?

Өздерің  қандай  жағдайда  алғыс  айтып  көрдіңдер?

Ризашылық-адмның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі

Алғыс-адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.

Адам өзінің өмірге келгеніне қуанып, риза болады. Қолындағы барын қанағат тұтып, осының да бар болғанына рахмет деп алғысын білдіреді. Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді, өмірді, өмірде барды бағалаудан басталады.

І-топ Ата-анаңа алғысыңды қалай білдірер едің?

ІІ топ Ұстазыңа алғысыңды қалай білдірер едің?

ІІІ топ Досыңа алғысыңды қалай білдірер едің?

Қортындылау:

Эссе «Алғыс айту парызым»

–Балалар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңдар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.

№3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Измулдина Ақтоты Нұрболатқызы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ