«Ана біздің гүліміз» атты ертеңгілік (сценарий)

0
1450
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
«Ана біздің гүліміз» атты ертеңгілік

 Залға балалар қолдарына жүрек ұстап музыка әуенімен бірімдеп кіреді.

Мырзағұл  Д:

Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық.

Тәрбиеші:  Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Қымбатты бүлдіршіндер, сүйікті аналар, әжелер, ұстаздар бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын! Біздің №14 «Ақбөбек» МАД тобының  «Ана біздің гүліміз » атты ертеңгілігіне қош келдіңіз

Тәрбиеші:  Мереке құтты болсын,аналарым
Мәпелеп еркелеттің,аяладың.
Өзіңе зор алғысын айта келе
Ән жыры арналады балалардың

Ендігі кезекте балаларымыздың аналарына арнаған «Менің анам» әнін қабыл алыңыз.

Тәрбиеші: Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры, мейірімі тастай мұзды да жібітеді. Сүйікті аналар, сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.

Нұрислам:                                                                      Сағира:

Анам менің сүйіктім                                                Мен анамды сүйемін,
Тек өзіңе табынам.                                                   Құшағыңа енемін.
Қасымда жүрсең биікпін,                                        Мәпелеген анамды.
Алыстасаң сағынам.                                                Қуантсам деп келемін.
Анаң болса қасында                                                 Құшағыңа кіргенде
Басқа бақыт не керек                                               Жылынамын бір демде
Аналардың жүрегі                                                    Не жетпейді көзіңе
Мейірімді ғой керемет.                                            Мейірімді күннен де

Мырзагерей   Диас:                                                               Исламбек:

Мәпелейді, әлдилейді, бағады.                                Ел жатқанда жатпаған
«Құлыным» деп құшағына алады                           Мен деп тыным таппаған
Өзгеге де, өзіне де жауапты                                    Бақыты үшін баланың
Барлығына қалай уақыт табады?!                          Аман сау жүр ақ мамам

Тәрбиеші:   Адам барма ана сүтін татпаған.
Алуан- алуан ауыр сынды аттаған
Адалдықты ар намысты сақтаған
Мен ананың сонысына мақтанам.

Ендігі кезекті балаларымыздың мерекеге арнаған «Көңілді» биіне береміз.

Тәрбиеші:  Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелеріңізбен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер.

Тақпақтар:
Ардақ:

Мені жақсы көреді,
Күндей күліп жүреді,
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.

Гулназ:

Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамын мен құттықтаймын.

Арайлым:

Менің әжем мейірбан,
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам,
Жас балаша күледі.

Айару:

Әже деген көп шығар,
Әжемдей жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі.
Менің әжем жыр әжем,
Шуағы мол, нұр әжем

Тәрбиеші:  Жарқыраған қызыл гүлдей
Болсын әсем өміріңіз.
Сәуле шашқан әсем күндей
Көтерілісн күніңіз дей келе

 Ендігі кезекте балаларымыз  әжелеріне арнап өлең айтып береді.Ән «Менің әжем осындай»

Тәрбиеші:  Көктем келді,балалар көктем келді
Көк мұнарға бөктіріп көк пен жерді.
Көктем деген жаздың кең дарбазасы
Гүлге орап жіберер өткелдерді.

Есік қағылып көк көйлек киген Ару көктем кіріп келеді

Ару көктем:

Мен көңілді көктеммін,
Былтыр келіп кеткенмін.
Көзін ашып бұлақтын,
Түбіне тал екенмін.
Гүл боп қырда егілем,
Дән боп жерге себілем.
Жаңбыр болып жауам да,
Нұр боп көктен төгілем.
Шуағын төгіп әлемге.
Жылуын күннің әкелем.
Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын.

Тәрбиеші: Амансың ба, Ару көктем? Ұлан — байтақ жерімізге қош келдіңіз. Шуағыңды шаттандырып,  нұрыңды мол төгебер.

Көктем: Мынау менің құшағым толы қыр гүлін, гүлдей жайнаған қыздарға сыйлауға  алып келдім. Осы гүлдей, құлпыра беріңдер, аяулы аналар, әжелер, мерекелеріңіз құтты болсын!

Тәрбиеші: Ал, Ару көктем біздің балаларымыздың өзіңе арнаған балаларыңыздың тақпақтарын қабыл алыңыз.

Іңкәр:

Келіп көктем құстары.
Бау – бақшада ән салды.
Оларды жас достары.
Ұя жасап қарсы алды.

Ардақ:

Көктем келді алақай
Қуанар барлық балақай.
Көктемде жаңбыр жауады.
Бақшаға гүлдер толады.

Тәрбиеші: Көктем біздің балалардың сізге арнаған өлеңі бар соны қабыл алыңыз.

«Көкорай көктем»

Көктем:  Қоштасып шығып кетеді.

Көрініс «Аналар»

Тәрбиеші: Анар келіп қуыршағын іздедіде,орындық астынана тапты да,хал сұрауын көздеді.

Қыз       Арайлым

Қызым менің қалайсың, томсырайып қарайсың
Қарның ашып отырмай,тамақ ішсең жарайсың
Егер тамақ ішпесең,қу сүйек боп қаласың
Отыр қане қасыма,тамақтанып аласың

Тәрбиеші: Анардың осы сәтте  анасы үйге кіреді, тағат таппай  қызының халін біледі.

                           Анасы          Іңкәр

Анар жаным бүгін сен тамақ ішіп көрдің бе.
Қызықтап әлде ойынды кешке дейін жүрдің бе.
Күнде саған ұмытпай,тамағыңды іш деймін.
Тіл алмайсың қырсығып,осы сені не істейін

Тәрбиеші:  Анасының артынан аптығып әже кіреді,олдағы өз қызының халін сұрап біледі.               Әже                Ардақ

Алтыным, шаршадың ба жарқыным.
Ішпедің ау тамақта, жайын ойлап халқыңның,
Қарашығым,қарағым,түйіуліғой қабағың.
Ертемен тұрып жұмыста,болмай қалдау тамағың.

Тәрбиеші:  Аналардың елжіреп ет бауыры барады.
Әр қайсысы сұқтанып өз қызына қарады.
Бәрі үш ана,қандай қиын қараңдаршы
Қызық мінез бала болу,бәріненде оңай емес
Білсеңіздер ана болу.

Тәрбиеші:  Біздің балаларымыздың мерекеге арнаған орыс тілдеріндегі тақпақтарын қабыл алыңыз.

Азамат

Нет роднее в мире этом,
Человека для меня
Ты мне ближе всех на свете,
И живу я для тебя!

Мырзагерей Д

Будь примером на пути,
И с него не дай сойти.
Я люблю тебя, родная!
Мама — лучше не найти

Нұрислам

Бабушка любимая,
Самая красивая!
Руки золотые,
Глазки молодые.

Сағира

Будь всегда счастливой,
Мудрой и красивой.
С праздником, родная!
Снова поздравляю

Жарайсыңдар балалар,ендігі кезекті бір топ қыздарымыздың «Аққу» биіне кезек береміз.

Тәрбиеші: Біздің балалрымыздың мерекеге арнаған ағылшын  тіліндегі  тақпақтарын қабыл алыңыз.

Диана:

Ай лайк зе уей ю лук.
Ай лайк зе уей ю кук
Нау ай уонт ту сей
Хэппи мазес дей.

Рамиза:

Май диэ,диэ мамаи
Ай лав ю со мач
Ай уонт ту ту би хэппи
Он зе ейч оф мач.

Мырзағұл Д.

Ай лав ю мами
Май диз мамми
Ю мейк ми хаппи
Уен айм сад
Ай уонт ту тел ю
Ай ремми лав ю
Уен айм уиз ю
Айм со глэд

Іңкәр:

Май диэ грандма
Хав э лавем уей тудей.
Ю а зе вери бест.
Со уат элс кан ай сей.

Тәрбиеші: Балалар ойын ойнағыларың келеме онда екі қатар болып ойын ойнаймыз «Анамызға арналған мейірімді сөздер».Ойынның шарты екі қатар кезегімен өздерінің мейірімді сөздерін айтады  қай қатар сөз таба алмай қалса сол қатар ойыннан жеңіледі.Бір сөз екінші рет қайталанбауы керек.

Ойын ұнады ма жарайсыңдар балалар.

Тәрбиеші: Ендігі кезекте балалардың ағылшын тіліндегі құттықтау өлеңіне кезек береміз.

Ендігі кезекті Нурберген Ардақтың орындауында Мұқағали Мақатаевтің «Анашым» өлеңін қабыл алыңыздар.

Балалардың орындауында замануи би.

Тәрбиеші:  Балаға ең жақын сіз –Ана,даналар
Сіздің ыстық құшағыңыз балаға пана болар
Жүрегіңнің бір бөлшегі бала үшін.
Сізден жақын адам бар ма, Аналар — дей отырып, № 14 «Ақбөбек» мектеп алды дайындық тобының «Ана біздің гүліміз» атты ертеңгілігіміз аяқталды.

Успанова Қарлығаш Джусуповна

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ