«Ана тілің-арың бұл» тақырыбында тәрбиелік шара

1
7112

(5-сынып оқушыларына арналған тәрбиелік шара)

Мақсаты: Қасиетті қазақ тілінің қасиетін меңгерту, шешендердің сөзі мен даналық сөздері, ақындардың тілге арнап жазған жырларымен таныстыру.
Тәрбиелігі: оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеп, оқушы этикасы мен эстетикасына тәрбиелеп, патриоттық сезімдерінің оянуына үлес қосу.

Көрнектілігі: Бейнеклип «Туған жер», дискілер, қанатты сөздер.

Жүру барысы:
Мұғалім сөзі

1-жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

Бүгінгі өткелі отырған тіл мерекесіне арналған әдеби-сазды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

2-жүргізуші:
Қазақ тілі-қазақ қауымының бұлағы. Бүгінгі тіл мамандардың айтуынша, қазақ тілі бүкіл түрткі тілдердің түп атасы. Халықты отансүйгіштік рухта тәрбиелеп,ұлттық топтасуға жетелейтін де тіл!

1-жүргізуші: Қазіргі қазақ тілінің арғы тегі сан салалы көне түрткі жазба ескерткіштерінен нәр алады. Әлемдік өркениет тарихында орын алатын ескерткіштеріміз: Білге, Күлтегінге Тоныкөкке 735-737 жылдары орнатылған құлыптастарымыз.

2-жүргізуші:
Қазақ халқының басына талай нәубеттің, зұлматты қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Осындай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап, босқан халықтың бар байлығы ана сүтімен санасыа дарыған ана тілі болды. Тіл- сан ғасырлар шежіресі, халқымыздың өзінше бір ғұмырнамасы.
1-оқушы:
Мен қазақпын-Қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға Алаш деген атты аламын
Сүйгенім қазақ өмірі, өзім-қазақ.
Мен неге қазақтықтан сақтанамын.

2-оқушы:
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат бақ ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін, не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп.
Нұрлы жұлдыз-бабам тілі сен қалдың!

3-оқушы:
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала.
Әр адамда өз анасынан басқа да
Болу керек құдіретті төрт ана.
Туған жері-түп қазығы, айбыны.

Туған тілі — сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр, салт-санасы тірегі.
Қадамына шуақ шашар үнемі,
Және туған тарихы, еске алары қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да.

1-жүргізуші
Ана тілім ең қымбатты құралым!
Алға бастап, жетелейтін ұраным!
Ана тілім-мақтанышым, мұратым!
Ана тілім-күш беретін құралым!

Ән «Ананың тілі»

4-оқушы:
Ей, туған тіл!!! Ата-анамның бал тілі!
Көп нәрсені ұқтым, анам тілі арқылы.
Анам алғаш осы тілде бесік жырын жырлаған!
Ұзақ түндер анам айтқан ертегілер тыңдағам,
Ей, туған тіл! Ертелі — кеш қуатыңмен өзіңнің.
Қаршадайдан шаттығымды, қайғымды да сезіндің!
Ей, туған тіл! Туған тілде тілек айттым мың рет.
Ата-анамды, мен пендені жарылқа деп құдірет!

5-оқушы:
Ана тілім-бал шағым, өркенім!
Ана тілім-болашағым, ертеңім!
Ана тілім сайын далам, ертеңім.
Ана тілім-арман,ойым, өрнегім!

6-оқушы:
Ең бірінші бақытым — халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын қор болмаймын.
Қымбаттырақ алтынан нарқым менің!

Ал екінші бақытым-тілім менің!
Тас жүректі тіліммен тілімдедім!
Кей-кейде дүниеден түңілсемде.
Қасиетті тіліммен түңілмедім.

7-оқушы:
Бақытым бар үшінші-Отан деген,
Кім мықты десе біреу,Отан дер ем
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел дағы от ал менен!

1-жүргізуші
Жұртым-ай, шалқақтамай сөзді түсін,
Ойланшы сыртын қойып, сөздің ішін!-деп Абай атамыз
жырлағандай, сөздің түпкі мағынасын, тобықтай түйінін түсіну біз үшін міндет!

2-жүргізуші:
Иә, халқымыздың даналығы, ұлағатты өсиеттері бар! Тіліміздің сан дүлдүл шешендері тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін бір ауыз сөзбен шешкен! Тіліміздің ұлылығы,міне, осында.

1-жүргізуші:
Әрине, оны айғақтай түсу үшін алдарыңызға көрініс ұсынамыз!

Көрініс: Бала Қазбек би Төле би ауылына қонаққа келгендегі ең алғаш өзінің даналығын, шешендігін танытқан кезі жайында.

Төле би:
«Ей, әлеумет! Құс арыса, қанатты талады, ат арыса тұяғы тозады» деген, алыс қияннан келіп отырсыздар, осы аттың күші қай жерінде болады?

Біреу: аттың күші алдыңғы екі аяғында шығар.

Қазбек би: Алдыңғы екі аяғында да емес, артқы аяғында да емес, аттың күші ортасында болады.

Төле би: (балаға қарап) Оны қайдан білесің? Себебі не?

Қазыбек: Астында төрт тіреуі жоқ жерде күш қайдан болсын күш тіреуі ортасында. Алдымда ағам, артымда інім бар, екіжағынан да тірегім зор.
Әділ билік маған лайық емес пе?

Төле би:
Айтқан сөзің баталы болсын!
Жүрген жерің бәтуалы болсын!
Дуалы ауыз әділ жан атан,
Осы саған берер батам.

2-жүргізуші:
Құрметті қонақтар,бүгінгі мерекеге орай алдарыңызға би ұсынамыз!
Би «Қазақ биі».

9-оқушы:
Жырлатқан қазақтардың қазақтығын,
Жырлатқан, ерлік елдік азаттығын.
Жұлдызды құдіреттің туы болған,
Жауынгер ана тілім-қазақ тілім.
Жарысқан жыл құсымен үнді тілім,
Жиһангез желмаясы Асанқайғы,
Жер-жерге баға берген сынды тілім.

10-оқушы:
Жанын сап, халқын сүйіп, баққан тілім,
Жалықпай құпиялар ашқан тілім.
Жаһанның төрт бұрышы түгелтанып,
Жат жұрттан да достарын тапқан тілім.
Тек түркінің баласы,
Мекендесін, жайласын.

Анам тілім-бәрін сөйлер шежірем,
Тілсіз нені білдіре алам, не білем?
Тілім барда мынауүлкенғаламның
Кілтін табар саналысың сезінемім.
О, адамдар қадіріне жетіңдер,
Ана-тілін анаң сыйлап өтіңдер.

Ән: «Атамекен »

1-жүргізуші:

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар,- деп Д. Әбілов ағамыз жырлағандай, тіл туралы деректер мен әндер мұнымен бітпек емес, әйтсе де тамашалағандарыңызға алғыс айта отырып , кешімізді аяқтаймыз.

Атырау облысы, Атырау қаласы Н.К.Крупская атындағы №18 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі Шалкарова Эльмира Утеулиевна

 

22 қыркүйек «Тіл мерекесіне» байланысты сайтымыздағы қызықты материалдар:

1. Тіл туралы өлеңдер топтамасы

2. Ана тілім – ардағым! (Тәрбие сағаты)

3. Тіл мерекесіне арналған іс-шара сценарийі

4. Қазақ тілі — әлемдегі ең бай үшінші тіл

5. Тілдің құдіреттілігін суреттейтін өлең

6. Тіл туралы шығарма. Ана тілің — арың бұл!

7. Тіл туралы деректер

8. Қайраткерлердің қазақ тілі туралы айтқандары

 

 

 


1 ПІКІР

  1. Көп рақмет! Материалдарыңыз көп көмегін тигізді. Жұмыстарыңызға табыс тілеймін!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ