Анашым — әкем, Қуанышым қос — шынарым (ашық тәрбие сағаты)

0
5806
«Күн дидарлы-Қазақстан!»

Анашым — әкем, Қуанышым қос — шынарым 

(ашық тәрбие сағаты)

Сабақтың мақсаты: Қоғамда, ұрпақ тәрбиесінде ананың, әкенің ұлтты тәрбиелеуде әлемдегі болашақты жасаудағы жасампаздық ролін кең түрде насихаттау. Ана туралы, әке туралы аталы сөздерден ғибрат алуға баулу. Оқушыларды өз ата – анасы құрметтеп, ықласпен қарым – қатынас жасауға үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Шарлар,гүлдер, домбыра,”Отбасы”

суретті плакат, топтастыру стратегиясы, техникалық заттар (телевизор,магнитофон,DVD) төмендегі плакатқа жазылған мақал-мәтелдер:

1. “Ешбір ата – ана өз перзентіне жақсы мінез – құлықтан артық мирас қалдырмайды.” (Мың бір хадистен )

2. “Жігітті тәрбиелеген — әскерді тәрбиелейді,

Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді” (Халық даналығы)

3. “Адамның сәні — өнер, білім ақылы,

Жердің сәні – жеміс, өнім дақылы”

“Әр үйдің тірегі болады, білім ақылы

Тірегі — ері, жүрегі – жары, тілегі – бала шағасы”

  1. Ата – ананың ақылы — қазулы қара жолмен тең. Д. Бабатайұлы)
  2. Ата – ананың міндеті — тәрбиелеу және жақсылық үйрету. (Кейқауыс)
  3. “Көргенді көгершін әке – шешесінен үш бұтақ төмен қонақтайды” (Жапон мақалы)
  4. “Ата – анаңды ренжітіп бақыт таппайсың” (Беларус мақалы)
  5. “Ата – анасын сыйламау азғындықтың белгісі” (А.С.Пушкин)
  6. Алты аға бірігіп әке болмас,

Жеті жеңге бірігіп ана болмас.

10.Атасы тұрып ұлы сөйлегеннен без,

Анасы тұрып қызы сөйлегеннен без

11.Анаңа ауыр сөз айтпа.

Атаңа ауыр жүк артпа.

4-бөлім

Топтастыру стратегиясы

Жарық дүниеге әкелуші

киіндіреді аялап өсіреді

 

 

оқытады

баласына тек

жақсылық ойлайды

тәрбиелейді бар мейірімін төгеді

Баласы үшін жанын беруге әзір

“Анашым-әкем, Қуанышым қос- шынарым”

атты тәрбие сағатының жоспары:

1-бөлім Мейірімнің кәусар бұлағы-Ана.

2-бөлім. Әке-шаңырақтың негізгі тірегі

3-бөлім Ата-ананы сыйлау парызымыз.

(Мұхаммед пайғамбардың хадистерінен)

4-бөлім Топтастыру стратегиясы.

5-бөлім “Ата-ананың ақысы” бейнетаспасынан үзінді көрсету

6-бөлім ДЕБАТ. “Қазіргі кездегі жастар ата-анасын сыйлайды, (сыйламайды).

7-бөлім Қорытынды сөз:

8-бөлім Концерттік бағдарлама:

Мұғалім: Ьалалар бүгінгі тәрбие сағатымызда ата-ананы қалай сыйлау, құрметтеу сөз болмақ. Әке-шешенің бала алдындағы борышын санасақ сан жетпейді.

Бұлардың біразына тоқталатын болсақ жастығын, денсаулығын, күш қуатын жұмап, тоғыз ай жүрегінің астында ұстап, өмірге әкелген, , емізген және денін сау тәрбиелі,әдепті етіп өсірген ата-ананы көз алдымызға елестетіп бір көрейікші.

1-бөлім Мейірімнің кәусар бұлағы-Ана.

Оқушы: Тіршіліктің қайнар көзі,махаббаттың шуақ күні,мейірімнің кәусар бұлағы -Ана есімінен артық қасиетті ештеңе жоқ.

Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ.

Оқушы: Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды.

Бала, бала, бала деп

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Мұздай бесік таянған – да, ана,

көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да ана.

Оқушы: Туған елінің тілін үйретіп, әнін бесік жырына қосатын да — Ана.

Өмірінің нәрі -Ана сүтін беріп, өмірге қаз-қаз бастырып, болашаққа жетелейтін де Ана.

Оқушы: Бауырсақ шайнап жегізген

Жая десем жал беріп,

Шекер десем, бал беріп,

Аялап мама емізген,

Аяулы анам, аман бол !

Оқушы: Қуанып көз алдыңда жүргеніме,

Құмарсың менің келер күндеріме.

О, ана, жетсе екен кәрі өмірің

Қартайған шағымда да бір көруге.

Оқушы: Өмірде анабұлақ, ана -пана,

Өміріді өркендетер ана ғана

Өсірген талай көсем, талай шешен,

Талай ер, талай ақын,тала дана..

Ана! Ол – біздің елде ардақты адам,

Кіші де үлкен де оны ардақтаған.

Өзінің аяулысы – Отанды да

“Ана” деп біздің халық айтпаған текке ай.

Көрініс: “Не тәтті”(Жиренше шешеннің шығармасы бойынша) орындайтын 3-сынып оқушылары

2-бөлім. Әке-шаңырақтың негізгі тірегі.

Мұғалім: Әр шаңырақта әкенің орны ерекше

“Ана-сая болар бағың болса, Әке- асқар тауың ” дейді қазақта.

Әке де баласының азық – түлігін тауып, тәрбиелеу үшін оймен де, денемен де, қиыншылықтардан бет бұрмаған. Ақындарымыз жырлағандай, әкесінің де баласына деген сүйіспеншілігінің шексіз екендігіне күмән жоқ.

Оқушы: Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез – құлқы өзгелермен қарым – қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл береке, ынтымағы үшін отағасының, әкенің әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор.

Оқушы: Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше.

Оқушы: Ыстық – ау кім – кімге де әке деген

Суыққа шалындырмай мәпелеген

Өмірдің соқпағымен алға тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген

Көрініс:”Ауру әке”орындайтын 3-сынып оқушылары

3-бөлім Ата-ананы сыйлау парызымыз.

(Мұхаммед пайғамбардың хадистерінен)

Оқушы: Ата-ананы сыйлау адамзат баласына тән.Біздің дінімізде ата-ананы құрметтеу айрықша міндеттеледі. Мұхаммед пайғамбар “Әуелі анаңа, тағы да анаңа, тағы да анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса” Кімде — кім ата ананың ризалығын алатын болса, ол қандай жақсы?! Алла тағала оның өмірін ұзартады. Әкені қастерлеу – Алланы қастерлеу. Оған күнәкар болу –Аллаға күнәкар болу.

Оқушы: Міне, Ата – ананы құрметтеуіміз қажет екенін ақыл – ой парасат тұрғысынан байқап біллейік. Өйткені әр баланың тегі ата-ана ғой.Не үшін ата-анама құрмет жасаймын деп ойлама.Олар сен үшін өзін өлімге де қиятыны белгілі.

Оқушы: Алла-тағала былай бұйырады: “Күнәлардың ішінде бір күнә бар, менің жанымдағы ең үлкен және ауыр күнә ол әке-шешесі баласын шақырған кезде, әміріне мойынсынбау, келмеуі.

Әке –шешесі баласын шақырған кезде қандай жұмыспен айналыссаң да олардың әміріне жүгіну керек. Әке-шешең саған ашуланып айқайласа да, сен оларға еш нәрсе айтпа. Әке- шешеңнің дұғасын рахыметімен батасын алғыңкелсе, саған берген міндеттерін жылдам және жақсылып істеуге тырыс.Сенің бұл ісінің олардың көңілінен шықпай, саған теріс дұға етулерінен қорық. Ата-анаң сырқат болса, олармен бірге бол, жәрдем ет. Оларды ренжітіп теріс дұғаларын алсаң дүние және ақиреттік жаза болады. Сондықтан олардың тірі кезінде қадірін біл.

Оқушы: Пайғамбарымыз (с,ғ,с) өзінің бір хадис шарифінде “Жәннат-аналарадың аяғының астында” деп бұйырған. Ендеше ата-ананың парызын ақтау ісіне дін деңгейінен қарамасақ та адамгершілік, ақыл-парасат биігінен қарайықшы. Бала жеміске, ата –ана жеміс ағашына ұқсайды. “Жеміс ағашын жақсы күтсең, жемісі де тәтті, дәмді жақсы болады. Сол сияқты ата – анаға деген ізет, құрметіңді аямасаң, саған деген олардың ізгі тілегі қабыл болғаны” деген екен. ХІ ғасырда өмір сүрген “Қабуснама” кітабының авторы Кейқауыс.

Оқушы: Алла-тағала “Исра” сүресінің 22-аятында былай деп бұйырған:

“Алла өзіне ғана хибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егерде ол екеуінің бірі немесе екеуіде кәрілікке жетсе, “Уф “ деме, яғни киіс келтірме, сондай ақ ол екеуіне зекім де, екеуіне де сыпайы сөз сөйлеп кішірейіп, мархабат құшағын жай да; ия, Аллам ол екеуі мені кішкентайдан тәрбиелегендей сен де оларды мархабатыңа бөлей көр” деп айт.

Мұғалім: Ия, балалар ата-ананы қалай қастерлеп құрметей білукеректігі Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистерінде де түсіне білген адамға қандай керемет айтылған. Сонымен балалар , ата-анамызыды қадірлей білейік.

5-бөлім “Ата-ананың ақысы” бейнетаспасынан үзінді көрсету.

“Бейнетаспадағы көріністен оқушылар не түсінгендері туралы өз ойларын айтады.

6-бөлім ДЕБАТ

Тақырыбы: Қазіргі кездегі жастар ата –ананы сыйлайды (сыйламайды)

Жақтаушы топ:

1-оқушы:

Қазіргі кездегі жастар ата-ананы сыйлай біледі. Өйткені қазіргі кезде жастар бірінші отбасынан, екінші мектептен, үшінші қоршаған ортадан тәрбие алады. Ал, отбасандағы ата-ана да, мектептеге ұстаздар да, ауыл ішіндегі үлкен кісілерде ата-ананы сыйлау туралы ақыл айтып отырады және олардың көзі ашық адамдар. Сондықтан газет –журналдардан да ата-ананы сыйлау туралы оқып біледі деп ойлаймын.

2-оқушы:

Қазіргі кездегі жастар ата-ананы сыйлайды. Өйткені өз аулымыздың өзін алайықшы. Қай бала болмасын ата-анасына көмектеседі. Мысалы: біздер қыздар үй жинап, ыдыс жуып, кір жуамыз. Ал ұлдар малға қарайды, шөп орады т.б. жұмыстарлдың бәрін қолымыздан келгенше ата-анаға көмектесеміз және де жақсы оқып үлкен азамат болып, елімізге қызмет жасаймыз. Бұл да бір ата-ананы сыйлау деп түсінемін.

Даттаушы топ:

1-оқушы:

Қазіргі кезде жастар ата-ананы сыйламайды.Өйткені кейбір балаларды байқасақ ата-ананы ренжітіп, айтқанын тыңдамайды, жұмсаған жеріне бармайды.Қазір-қазір деп отыра береді. Ата-ана ашуланып өздері істейді.Сондықтан да сыйламайды деп ойлаймын.Және де көп балалар ауылдың ішінде түн мезгілінде көшелерде жүреді.Біз сабақтан қайтқанның өзінде магазиннің алданда топырлап отырады. Немесе мас болып жүреді, карта, биллярд ойнайды осының өзі ата-ананы сыйламау деп түсінемен.

2-оқушы:

Қазіргі кезде жастар ата-ананы сыйламайды. Өйткені кейбір балалардың тығылып темекі шегіп жүргендерін байқап қаламыз.Және де қазіргі кезде кәмелеттік жасқа толмаған жастарымыздың қылмыстарға баруы, ұрлау, тонау міне осы да ата-ананың үмітін ақтамағандық, сыйламағандық деп білемен.

7-бөлім Қорытынды сөз:

Мұғалім: Енді сендердің қазіргі уақыта ата-аналарыңызға жасайтын жақсылықтарың ата-аналарыңның тілін алып, оларға көмектесіп, сабақтарыңды жақсы оқып, тәртіпті болып жүрсеңдер ата-аналарыңның мерейі өсіп, оның өз ортасында еңсесін көтеріп жүруге көмектесе аласыздар.

Егер тәртіпсіз айтқан тілді алмай, бәрі керісінше болса онда ата-аналарыңның көңіл күйлері ылғи төмен болып, сендердің оғаш қылықтарыңа ұялып айналасандағы адамдарға қарауға ұялады. Дүние кезек екен балалар сендер де жас болып тұрмайсыңдар. Әке-шешеңе не істеген болсаң, алдыңа сол келеді.Сондықтан да ата-ананы сыйлау әрбір адамның міндеті.

8-бөлім Концерттік бағдарлама:

1.Халық күйі “Кеңес” 3-сынып домбырашылар тобы

2.Халық күйі “Жастар” 3-сынып домбырашылар тобы

3.Ән “Еркем -ай” 3-сынып домбырашылар тобы

4.Ән “Гүлдерайым” 3-сынып домбырашылар тобы

5. Би “Балалық шақ” 3-сынып бишілер тобы

6.Ән “Ана” Кеңсебек А, Ержан М.

7.Ән “Әкем әнім” Серік Б.

8.Би “Мекте валісі” 3-сынып бишілер тобы

9.Ән “Ағажан” Мырзахан Ғ.

10. Ән “Ағатайым” 3-сынып ер балалар тобы

11. Би “Шығыс биі” 3-сынып бишілер тобы

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Төле би атындағы негізгі орта мектеп

Ашық тәрбие сағаты

«Анашым -әкем,

Қуанышым қос -шынарым»

Бастауыш сынып мұғалімі: Нуридинова Н.Е

Көкбұлақ ауылы

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ