«Армысың,  әз  Наурыз» атты балабақшаға арналған мерекелік сценарий

0
3749
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тақырыбы:  «Армысың,  әз  Наурыз»

1 – жүргізуші:    Армысың  Наурыз

                            Мереке, ырыс, береке

                            Қош келдің сені

                            Күтуде бүгін кең өлке

                            Армысың  Наурыз

                            Қуаныш  болып кір  төрлет

                             Ел  болып  саған

                            Көрсетіп  жатыр  сый  құрмет.

2 – жүргізуші:    Тойла бүгін, тауларым мен боз далам,
Тойла бүгін, қарттарым мен бозбалам.
Қайта оралған намысымдай Наурызым,
Жаңа жыл боп қош келіпсің, Наурызым!

1 – жүргізуші:    Армысыздар , құрметті қонақтар, аяулы ата – аналар! Бәріміздің асыға  күткен  Наурыз тойымыз  да  келіп  жетті. Тойларыңыз  құтты  болсын! Ұлыстың   ұлы күні деп  аталған  Наурызда  денсаулықтарыңыз  мықты  тілектеріңіз  қабыл  болсын!

 2 – жүргізуші:   Уа, ағайын!

                            «Наурызым  бабамның  сөзі

                            Наурызым  анамның  сөзі

                            Ғасырдан ғасырға  кеткен

                            Даламның  сөз»  демекші  келер  жас  ұрпаққа  жеткізу  мақсатында  өткізіліп  отырған «Армысың,  әз  Наурыз»  атты  мерекелік  ертеңгілігімізді  бастауға  рұқсат  етіңіздер.

1 – жүргізуші:    Жер әлемді жайнатып,

Әнші құстарды сайратып,

Наурыз тойын тойлатып,

Ұлыстың ұлы күні келді.

        Ортаға «Балдәурен»  тобының  балаларын  шақырайық.

Ортаға  барлық  балалар  шығады.

2 – жүргізуші:    Наурыз тойын жұп жазбай
Қошеметпен қарсы алайық.
Досқа құшақ ашайық.
Өлең — жырға басайық.
Қазақтың бір салты деп
Тойға шашу шашайық.

Әжелер  ортаға шығады.

Әже: Қашанда құт-береке орнасын деп,

Тойларда шашу шашу салты елімнің

Уа, халайық, теріп ал несібеңді

Қабыл болсын халқымның ақ тілеуін.

Әже 2:        Шашу!Шашу! Көп шашайық шашуды.
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр
Уа, халайық жинап ал несінбеңді.

                   Ризығың  болсын  көп  көсір.

(Шашу  шашылады)

1 – жүргізуші:    Су жылтырап бүршік ашқан жас талдан,
Бу бұрқырап қатып қалған тастардан.
Күн күркіреп, жасын ойнап аспаннан,
Бар тіршілік Наурыздан басталған! деп  балаларымыздың

өлең  шумақтарына кезек  берейік.

Тақпақтар:

2 – жүргізуші:    Уа, халайық , тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!- деп  балалардың  әніне  кезек

берейік.

Ән:  «Көктем» (хормен)

1 – жүргізуші:    Ал, құрметті қонақтар  енді  балаларымыздың 

сахналауында  «Алтын  сақа»  ертегісінен  көрініс  тамашалаңыздар.

Шал:  Уһ , әбден шаршадым,  дем алайыншы , — деп  малдас құрып отыра кетеді.

Мыстан: Уһ, бәлем қолыма түстің бе?

Шал: Ойбай , ойбай  жіберші, қылқынып  барамын.

Мыстан: Сен маған не бересің?

Шал: Бір отар қой беремін.

Мыстан: Жо – оо – қ  маған қой керек емес, балаңды бер,  әйтпесе жібермеймін.

Шал:  Жарайды , жалғыз  Кенжебек  деген  ұлым  бар, соны берейін.

Мыстан: Онда келісімін, оны қалай бересің?

Шал: Баламның жақсы көретін алтын сақасы бар , соны саған беріп кетейін. Балам алтын сақасын іздеп келгенде өзің ұстап ал.

(Шал  шығып кетіп, ортаға сақасын  іздеген  баласы  шығады)

Бала: Апа, апа анау сақамды алып беріңізші?

Мыстан: Ой, мен отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын. Өзің ал. (Бала  еңкейіп  сақасын  ала бергенде мыстан  ұстап алады)

—  Ортаға қыздар  шығады.

Қыздар: Ата, ата Кенжебекті  жіберіңізші

Мыстан: Жібермеймін. Қыздар қане би билеп беріңдер.

Қыздар: Қыздар  қане  би билеп  берейік.

Би: «Қазақ биі»

2 – жүргізуші:    Ал мыстан  қыздардың  биін тамашаладың.  Енді  Кенжебекті жіберетін  шығарсың.

Мыстан: Жоқ  жібере алмаймын. Мен балалардың  тақпақтарын тыңдағым келіп тұр.

1 – жүргізуші: Балалар қане  Кенжебекті  құтқару  үшін тақпақтар айтып  берейікші.

Тақпақтар:

2 – жүргізуші:    Ал  Мыстан  кемпір  енді  біздің  Кенжебекті  жібересіз бе?

Мыстан:  Жоқ. Наурыз  күні  ұлттық  ойын ойнамайсыңдар  ма? Мен  соны  көргім келіп тұр.

Ұлттық  ойын: «Қыз қуу»

Жібек,  Жанерке, Ислам, Алихан.

1 – жүргізуші: Қыз қууды  тамашаладыңыз. Енді қыз – жігіттердің  айтысын  тамашалаңыз.

Нұрхан мен Балым айтысы
Нұрхан:     Нұрхан ұлың мен болам.
                    Әке шешем мақтаған,
                    Жарыс десе жайнаймын
                    Намысымды қорғаймын.
Балым:      Өнердің ашып есігін
                    Шешендік сөзбен көсілдім
                    Таныстырсам өзімді
                    Балым менің есімім
Нұрхан:     Ал Балым сұлу қыз
                    Қандай  күшті бұрымың
                    Қасыңдағы қыздардың
                    Ішіндегі сұлу қыз
Балым:     Мені мақтап не істейсің
                    Білем өзім сұлумын
                    Дайынсың ба  мектепке
                    Соны айтып білдіргің.
Нұрхан:     Білім, ғылым өнерге
                    Қанат қағар кезім ғой
                    Ата – салтын ертеңге
                    Жеткізетін өзім – ғой
Балым:     Ой жігітім арманшыл
                    Орындалсың арманың
                    Тигізетін халқымызға
                    Қандай ғана пайдаң  бар.
Нұрхан:     Көріп тұрсың сұлуым
                    Жігіт деген атым бар
                    Болашақта халқыма
                    Президент болу арманым
Балым:      Әнде айта аламын
                    Биде билей аламын
                    Өзім бала болсамда
                    Таудай үлкен талабым.

Екеуі бірге:
                    Оу, халайық халайық
                    Әсем әнге салайық
                    Наурыз тойын көңілді
                    Бірге қарсы алайық

2 – жүргізуші:  Ал мыстан  балаларыңыздың  өнерін  тамашаладыңыз. Енді біздің  Кенжебекті жіберетін  шығарсыз?

Мыстан:  Мен  қыздардың  биін  тамашаладым. Енді нағыз жігіттердің биін тамашаламаймын  ба?

1 – жүргізуші:  Ал, кәнеки  жігіттер! Намысты  қолдан  бермейік.  «Жігіттер» биін  қабыл  алыңыздар.

          «Би   жігіттер»

Мыстан:  Рахмет.  Сендер  өнерлі екенсіңдер.  Кенжебекті  жіберейін.  Алтын сақасын да  берейін. Сау  болыңдар.

«Асық  ату»

2 – жүргізуші:     Бауырласқа  тәнтіміз

Бұзылмаған салтымыз

Кең даламның ежелгі

Қазақ деген халқымыз

Өзге ұлтай біздіңде

Бар дәстүр мен салтымыз – деп

Салт  дәстүрден  көрініс  тамашалаңыздар . «Бесікке салу » рәсімі

         «Бесікке салу » рәсімі

1 – жүргізуші :    Жаспын  деп қысылма

Өнерің  болса қолыңда

Өнерлінің ырысы

Жарқырап тұрар бойында

  деп кішкентай қыздарымыздың  « Түрік » биін қабыл алыңыздар

« Түрік » биі

2 – жүргізуші:    Көңіл бөліп қараңыз

Жалындап тұр ғой баламыз

Көрсетсін қане өнерін

Қол соғып қарсы аламыз – деп кішкентай бүлдіршіндеріміз

Сырым Бағдаулеттің орындауында «Асыл әжем » әнін қабыл алыңыздар.

Ән «Асыл әжем »

1 – жүргізуші :    Жауын менен жер көгереді

Бата менен  ел көгереді

демекші ортаға үш  биімізді шақырып  батасын алайық .

          Үш  би  кіріп, ортаға отырады.

2 – жүргізуші : Ал аталар, мына  Наурыз мерекесіне  келген көпшілікке, кішкентай бүлдіршіндерімізге ақ баталарыңызды  беріңіздер.
         Үш би бата береді.

Қызыр ата  батасын береді.
Азамат боп ержетіңдер,
Ақылды болып ержетіңдер
Азамат болыңдар  көрікті,
Ғұмырың  болсын берікті
Азамат болыңдар ардақты
Мінездерің болсын салмақты
Өнер болыңдар  жан – жақты
Осы айтқанның бәрі қабыл болып
Алла берсін сендерге зор баққты! Аумин.

1 – жүргізуші:    Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!

Ән:  «Наурыз тойы»

2 – жүргізуші:  Құрметті  ата – аналар, қонақтар. Ұлыстың  ұлы күні  Наурыз  мерекесіне арналаған «Армысың, әз  Наурыз»  ертеңгілігіміз  аяқталды. Көңіл  қойып  тыңдағандарыңызға рахмет.

Басқа материалдар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ