Қаржы сауаттылығы

0
2865
Гомотетия және оның қасиеттері
Сабақ тақырыбы: Қаржы сауаттылығы Мектеп: № 15 мектеп-лицей
Күні: Оқытушының аты – жөні: Қасмағанбет Р.Б
Сынып: 5 А Қатысқандар саны: Қатыспағандар:
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары Барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін зат – ақша болып табылады. Ақша асыл қазына, халық байлығы.Ұлттық валюта еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі.Теңге тек өз еліміздің экономикасын ғана емес, көрші елдердің экономикасының дамуына,халықтың тұрмысын жақсартуға жұмсалуда.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:

  • Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек танысады.
  • Ақшаның пайда болуы туралы мәліметті біледі.
  • Тауарлық ақшаларды айтып бере алады.
  • Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, математика
Оқушылардың көбісі:

  • Алғашқы теңгемізде кімдер бейнеленгенін айта біледі.
  • Қазақ жерінде пайда болған монеталар мен қағаз ақшалар туралы біледі
  • Еліміздің валюта шығаратын қалаларын сипаттайды.
Кейбір оқушылар:

  • Теңгенің үлгісін бекіткен кімдер екенін айта алады.
  • Ақшаның қызметтеріне тоқталады.
  • Ақша қандай болуы керек екенін біледі.
Алдыңғы білім Ақша түсінігі туралы мәліметтерге ие. Ақша пайда болуы тарихы. Ұлттық валюта – ақша.
Жоспар
Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер

(төмендегі жазбаларды өзіңіздің жоспарланған әрекеттеріңізбен)

Ресурстар

Медиа- құралдар, дидактикалық тапсырма, ойын алаңы

Сабақтың басы

0-3 минут

Сәлемдесу. Оқушылар орындарынан тұрып, шаттық шеңберіне жиналып, бір-біріне деген ізгі тілектерін білдіріп, бүгінгі күнге сәттілік тілейді. Топқа бөлу сәтінде бөлініп отырған топтарға ат беру: «Банкирлер», «Кәсіпкерлер», «Экономистер». Топқа бөліну әдісі : Тауарлар, ақша және есептеу құралдарды таңдау арқы үш топқа бөлінеді.

«Ой қозғау»

Сабақтың тақырыбын анықтау

Интерактивті тақта,флипчарт,маркер,постерлер,

Видеобейне, «Сауда- саттық»

Ортасы

4- 10 минут

11- 25 минут

25 – 35 минут

Сұрақ жауап арқылы тапсырмалар орындалады.

«Көпір» тапсырмасы

(оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді)

Тест тапсырмалары арқылы үй жұмысын тексеру. (өзара тексереді:2000, 5000, 10000 ақша белгілерімен )

1.Ақша дегеніміз

а) Қоғамды немесе кәсіпорынды дамытуға қаржы

ә) Сыйақы түрінде алуына құқық беретін құнды қағаз.

б) Бір тауардың құнын көрсететін зат.

в) Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге қабылданатындардың бәрі.

2.Нарық- бұл…

а) Сауда жасауға ыңғайлы орын.

ә) Сатушылар мен сатып алушылар кездесетін

б) Сатушылар арасындағы бәсеке.

в) Дүкенге қарағанда үлкенірек орын.

3.Саудагер қаласы -…..

а) Тараз

ә) Отырар

б) Шымкент

в) Алматы

4.Сауда…

а)Тауарларды сату

ә) Көрсетілетін қызметтерді сату

б) Тауарларды айырбастау

в) Тауарларды сатып алу.сату

5.ҚР ұлттық валютасы қашан енгізілді

а) 1993 ж. 15 қараша

ә) 1993 ж.15 қаңтар

б) 1992 ж.15 қараша

в) 1995 ж. 15 ақпан

«Білу» теориясы: мақсатына жету үшін (Кім? Не? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді? т.с.с.) сұрақтарды қамтитын тапсырмаларды беру керек.

Топтық жұмыс

Бағалау смайликтер арқылы іске асады

1 топ «Сауда» тақырыбына түсінік беру (банкирлер)

2 топ «Ұлы жібек жолы» (экономистер) картадан көрсету

3 топ «Айырбас» (кәсіпкерлер) қойылым арқылы түсіндіру

«Түсіну» теориясы (Неліктен? Неге? Не үшін? Себебі? Деген сұрақтар оқушының жоғарыда берген жауаптарына қойылады. Сол арқылы ол тақырыпты терең меңгереді )

Зерттеу жұмысының нәтижесін тексеріп ,жаңа тақырыпқа көшу.

Ой қозғау. видеобейне, сауда түрлері……..сұрақтар қойылады

Тауарларды импорт және экспортқа ажырату арқылы бөлу.

Бағалау түрі бағдаршам.

1. Ақша не үшін қажет?

2. Неге тауарлық ақшаларды монеталармен, сонан кейін қағаз ақшаларға алмастырды?

Тауарлар.

Топтық жұмыс

  1. Топ «Бірлестік» ойыны ақша қозғалысын бақылауға көмектеседі.

Рұқсатнама – ойынша кезегін жібереді, өткен сегментіне қайта оралады және дұрыс қабылдамаған шешімі үшін айыппұл төлейді.

Таңдау – ойыншы ақшаны жұмсауды не табуды таңдайды: қабылдаған шешімдеріне байланысты ақшаны банктен алады не банк шотына салады.

Үзіліс – тек ойынның 3-ші раундында пайдаланылады: ойыншы ақшаны шоттан алып, қайырымдылық, жинақтау немесе шығын әрекеттерінің бірін жасайды.

  1. Топ «Бизнес»ойын алаңы

Мектепті бітірген соң жоғары оқу орнына түскің келеді, оқу бағасы жылына 400000тг тұрады.

1. Бес жылға қанша тұрады?

2. Егер саған 12 жас, ал университетке сен 17 жасқа толғанда тапсырасың, ал сенде 5 жыл уақытың бар, бар ақшаны жинау үшін жылына қанша теңгеден жинау керек?

3. Айына қанша жинау керек?

4. Күніне қаншадан жинау керек?

  1. Топ зерттеушіге арналған тапсырма

Штрих- коды бар кез – келген тауардың орауышын алып қай елдікі екенін тексеру

Мысалы, мынандай: 4600376211206

1. Жұп қатарда тұратын сандарды қос:

6+0+7+2+1+0=16

2. Алынған соманы 3-ке көбейт: 16*3=48

3. Тақ қатарда тұрған, бақылау сандарынан өзге сандарды қос: 4+0+3+6+1+2=16

4.2,3- бөлімнен алынған сандарды қос:48+16=64

5. Ондықтарды алып таста: 64-60=4

6. 10 санынан 5- бөлімде пайда болған санды алып таста: 10-4=6 Алынған сан штрих- кодтың бақылау кодымен сәйкес келеді. Демек, тауар шынында да Ресейде өндірілген.

«JA- Ақшадан да артық » жұмыс дәптері, « Бірлестік» үстел ойыны, карточкалық тапсырмалар.
«Жинақтау» теориясы

Қорытынды шығаруға бағытталған мазмұнды да жүйелі анықтама беру, кесте, сызба т.б

«Табыс» баспалдағы арқылы сабақты қорытындылау

Үй тапсырмасы. Шығармашылық тапсырма: Қазақстан экспортқа қандай өнімдер шығарады, қай өнімнен пайда көп?

«Табыс» баспалдағы.

Соңы

35 – 45 минут

Кері байланыс

Дескрипторлар арқылы бағалау

Соның нәтижесінде оқушылар бағаланады. Күтілетін нәтижеге тоқтала кету.

Кестелер

Бағалау парағы.

 

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ