ҚазҰУ-да «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» атты онлайн жиын өтті

0
796
ҚазҰУ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық ата-аналарға үндеу тастап, оларды карантин кезіндегі қосымша демалысты пайдаланып, балаларының кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыруға шақырды.

Бұл үндеуді қазір біз білім алып жатқан еліміздің ең ірі білім және ғылыми орталығы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттері қолдады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дүниетанымды кеңейтетін және рухани жан дүниесін байытатын жобалардың ұйымдастыруда қашанда алдыңғы қатарда және белсенділік танытуда. 85 жылдан астам тарихы бар университетіміз білім алушы жастарға сапалы білім берумен қатар, білім алуда рухани-адамгершілік мәдениеті, әлеуеті жоғары, кең дүниетанымы мен жүрегі ашық тұлға ретінде қалыптастыру үшін жақсы жобаларды жүзеге асыру арқылы тәрбиелеуді алға тартуда.

Бүгінгі «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының 3 курс студенттерінің «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» атты жиыны ҚР Тәуелсіздігінің 29 жылдығына орай «ҚазҰУ-дің студенті оқуға тиіс 100 кітап» бағдарламасы аясында ұйымдастырып, өткізуінің рухани, тәрбиелік мәні жоғары. Жиынның мақсаты – студенттерді әдебиеттермен таныстырып қана қоймай, маңызды адамгершілік нұсқауларын қалыптастыруға және олардың интеллектуалды және рухани дамуына көмектесу.

Университетіміздің студенті оқуға тиіс 100 кітап жобасы аясында классикалық әлем және ұлттық әдебиеттің үздік шығармаларының тізімінің ұсынылуы, олардың ішінен студенттер жүз кітапты таңдап алып оқуы керек. Әрбір студент уақытты ұтымды пайдалану және оны өзінің дамуына, өзін-өзі тәрбиелеуге инвестициялаудың ең жақсы тәсілі – оқу.

Жобаның басты міндеттері – әлеуеті жоғары және мәдениеті жоғары маман қалыптастыру; сөйлеу мәдениетінің деңгейін көтеру; орыс және әлем әдебиетіне деген қызығушылықты арттыру; білім алушыларды классикалық әдеби тілді оқып-үйренуге, сөздік қорын үнемі толықтыруға және байытуға, грамматикалық нормалар мен ережелерді меңгеруге, коммуникативті дағдылар мен зейіндерді дамытуға, өз ойын анық және нақты жеткізе білуге ынталандыру.

Жобаны іске асыру барысында университетіміздің жастарымен іс-шаралар үнемі ұйымдастырылуда. Атап кетсек – Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқитын жастарға үндеу;

«Бір факультет – бір кітап» марафоны; «Бір уақытта бір кітап оқыңыз» акциясы; авторлармен, танымал адамдармен кездесулер; клубтар мен клуб мүшелері арасындағы пікірталас және бәсекелестік; әлеуметтік желілер қауымдастығындағы жұмыстарды ашық талқылау; әдеби-мәдени кештер, кураторлық сағаттар; жұмыс нәтижелері туралы халықты ақпараттандыру, т.б. Жоба аясындағы аталған міндеттер мен ұйымдастырылып жүрген шаралардан күтілетін нәтижелерде аз емес. Оған қатысты атап кетеріміз:

Білім алушыларға қазақ әдебиетінің, әлемдік классиканың, жалпы түркітілдес халықтар әдебиетінің алтын қорынан ең құнды шығармаларды оқыту. Жастар арасында кітап оқуды трендке айналдыру. Отандық және әлемдік әдебиеттің рухани әлемімен сусындаған терең мұрасын білетін бәсекеге қабілетті ҚазҰУ түлегін қалыптастыру.

Қазіргі уақытта ҚазҰУ студенттері озық цифрлық білім беру технологияларын қолдана отырып қашықтықтан білім алуда. Жаңа жағдайда студенттер өз білімдері мен дағдыларының көп бөлігін ашық интернет көздерінен, порталдардан және білім беру ресурстарынан алған кезде, өздігінен білім алу ерекше өзектілікке ие болады, оларға қолжетімділік бүгінде барлық жерде ашық. Өкінішке орай, бүгінгі күні кітап басқа жоғары технологиялық БАҚ-қа қатысты өз позициясын біраз жоғалтып жатыр.

Алайда оның ең маңызды мақсаты – ғасырлар бойы жинақталған білім мен тәжірибені сақтау және оны болашақ ұрпаққа беру, өзекті болып қалады және технологияның дамығанына қарамастан, адам мен қазіргі қоғам дамуының маңызды буыны болып отыр.

Университеттің «100 кітап» жобасы жастардың азаматтық және рухани-адамгершілік тәрбиесіне үлкен үлес қосады. Факультеттерде кітап оқуды танымал ету үшін кураторлық сағаттар, танымал кездесулер мен әдеби кездесулер мен кештер өткізіледі. Карантин кезінде олар онлайн режимінде өтуде. «Жыл оқырманы» байқауына ең белсенді студенттер қатысады.

Бос уақытты жақсы кітаптарды, мағыналы және сапалы әдебиеттерді оқуға арнай отырып, ҚазҰУ студенттері өздерінің мәдениеті мен білім деңгейін көтереді, бұл кәсіби, рухани және адамгершілік дамудың жақсы негізі болмақ.

«Адам өмір бойы білім алуы керек. Бұл бірінші бастама. Кітаптардың тізімі әлі де толық болады. Біздің мақсатымыз – ҚазҰУ-ға оқуға келген білім алушыларға төрт жылда жүз кітап оқу азаматтық парыз екенін сезіндіру. Бұл оларды еліміздің өзге ЖОО орындарында білім алушыларынан ерекшелендіретіні анық. Осылайша, жастар арасында оқуға, дамуға, өсуге бағыттау керек.

Бұл «ҚазҰУ студенттері оқуы керек 100 кітап» жобасының мақсаты айқын. Керемет рухани жоба. Кез-келген университет өзінің түлектерімен мақтанатынын ескерсек, дайындалған кадрлар рух әлемінен шабыттанса, мықты, бәсекеге қабілетті маман боларына күмән тумас.

100 кітаптың тізімі «ҚазҰУ студенті оқитын 100 кітап» жобасы аясында ұсынылған. Бұл тізімге танымал қазақ классиктері мен әлем әдебиетінің кітаптары енген. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде әдеби білім беру қазақ халқының мәдениетін және басқа халықтардың мәдениетін құрметтей отырып жүзеге асырылады. Университетіміздің жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы осы жобаны қолдап, айтарлықтай үлес қосуда.

Медетбекова П.Т.,
Әл-Фараби ат.ҚазҰУ,
Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері
кафедрасының оқытушысы

Мұратбек А.С.,
Әл-Фараби ат.ҚазҰУ,
«Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының
магистранты


ПІКІР ҚАЛДЫРУ