Қазақ Баспасөзінің Бағдары (реферат)

0
4358
Ұлттық қолөнер - эстетикалық тәрбиенің негізі
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
ІІ.І. Қазақ Баспасөзінің Бағдары
ІІ.ІІ. Қазақ Баспасөзінің Тәуелсіздік Жылдардағы жағдайы
ІІ.ІІІ. Баспасөз дамуының қазіргі шындығы
ІІІ. Қортынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер:
Кіріспе
Бүгінгі таңда әлемде сан түрлі жыныстық аурулардың өршіп отырған кезінде, жыныстық тәрбие жайындағы басылымдардың да қажет екені ақиқат. Бұл салада арнайы жыныстық қатынасты емес, тәлім — тәрбиелік ниеттегі, махаббат, неке және отбасы қарым- қатынастары төңірегіндегі мәселелерді кеңінен қозғап отырған «Адам ата Хауа ана» газетінің аяқ алысын құптаған жөн.
Бұл аталған басылымдардан басқа саяси науқандар кезінде арнайы мақсаттарда шығарылған «Дат» және «СолДат» сияқты мемлекеттік емес басылымдар да жарық көрді. Бірақ, бұл газеттер белгілі бір топтың мүддесін көздеп, мемлекет басшысын, үкімет мүшелерін қаралаудан тұратын субъективт жарияланымдары арқылы халықтық басылымға айнала алмаған еді. Еліміздегі қазақ тілінде жарық көретін тәуелсіз басылымдар туралы айтқанда, «Алтын Орда» гезетін ерекше атап өтуге лайық. Алтын Орда газетінің бір жылдан аса мерзім ішінде тиражы өсіп, өткір қалам қайрауымен, тың пікірлер көтеруімен, республикамыздағы келеңсіз құбылыстарды жоғары жаққа батыл жеткізе білуімен халықтың көңілінен шығып келеді.
Президентіміз Н. Назарбаев: «Қазақстаның егеменді мемлекет ретінде қалыптасыуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде саяси демократия — тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарынсыз ақылға қонымсыз болар еді. Сонымен бірге, олардың объективсіздік пен теріс пиғылдылықтың бүлдіруші әрі тұрақсыздандырушы күшін сезінуі, әлеуметтік жауапкершілігі болуы тиіс. Нақ сондықтан оларға бағдар ұстана отырып, мемлекттің үкімет құрылымдары қоғамдық пікірді зерттейді және өзінің іс-қимылын соған сәйкес түзетіп отырады деп, демократиялық қоғамдағы тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының атқарар қызметіне жоғары баға береді. Сондықтан да өткір тілді, шынайы объективті сынға негізделіп құралған қазақ тіліндегі тәуелсіз басылымдар алдағы уақытта көбейе берсе дейміз.
Жалпы алғанда қазіргі қазақ баспасөзі өркендеп өсуге ұмтылыс үстінде. Сонымен қатар, қазіргі кейбір жандайшаптардың қазақ баспасөзінің қоғамымыздағы атқарып отырған ролін жоққа шығарып отырған әрекеттері де жоқ емес. Мәселен, олар: қазақ баспасөзі қоғамымызда болып жатқан саяси және экономикалық жағдайларға талдау жасаудың орнына, өткен салт — дәстүрді уағыздауға тым әуестеніп кетті. Бүгінгі күннің өзекті тақырыптарынан ауытқып, өткен кезеңдегі тарихи тақырыптарға көбірек орын береді, қазақ баспасөзінде сыртқы экономикалық қанынастар, халықаралық мәселелерді талдау тым жеткіліксіз, баспасөздегі кейбір материялдарда сыни талдау, ғылыми жаңалық жоқ, қазақ баспасөзі ХҮІІІ ғасырға кіріп алып шықпай қойды, ел мен жер тарихы туралы бітпейтін толғаныстар, ағыл — тегіл ақыл айту деген сияқты сындарды алға тартады.
Бұл аталған сындардың кейбірімен келісуге де болар, ал енді ел мен жер тарихы туралы бітпейтін толғаныстар, өткен салт- дәстүрді уағыздаумен тым әуестетіп кетті деген сияқты топшылаулардың орынсыз екенін айтқанымыз жөн. Өйткені, соңғы кеңестік дәуірдегі жетпіс жылда арнай жүргізілген саясаттың нәтижесінде халқымыздың салт — санасы, дәстүрі, тілі барынша ығыстырылып, тарихи бұрмаланғаны белгілі жай. Халқымыз тәуелсіздік алғаннан кейін, ұлттық мүддені жоғары қойған қазақ баспасөзінің бұрынғы олқылықтардың орнын толтыру мақсатында, ата дәстүріміз, ана таіліміз, тарихымыз туралы тақырыптарға кеңінен орын беруі халқымыздың рухани қажетін, тарихи санасын қалпына келтіруге байланысты аса қажетті сұранысынан туған еді. Бүгінгі қазақ баспасөзінің қоғамымызда атқарып отырған қызметіне жоғары баға бере отырып, оның кейбір көмекшілік тұстарын да айта кеткеніміз жөн.
Басты кемшілік, елімізде болып жатқан оқиғаларды талдап, саралап, жедел ақпарттық хабарлар беру ісі дұрыс жолға қойылмаған. Нарық қатынастарын, нарық заңын меңгерген баспасөз төңірегіндегі халыққа бағыт бағдар көрсетуде дәрменсіздеу.
Қазақ баспасөзі бетіне саяси, экономикалық, мәдени, тарихи тақырыптар мен спорт жаңалықтары да араласып жүреді. Қоғамдағы саяси газет «Егемен Қазақстан» бетінде немесе халықаралық саяси апталық «Түркістан» газетінің бетінде құлаш — құлаш өлеңдер мен әңгімелерді берудің қаншалықты қажеті бар. Сондай –ақ, қазақ басылымдары пәленшенің елу жылдығы, түгеншенің алпыс жылдығы сияқты мақтау мен мадақтаудан тұратын мақалалардың дәурені өткенін ескерсе дейміз.
ІІ. Негізгі бөлім
ІІ.І. Қазақ Баспасөзінің Бағдары
Республикамыз тәуелсіздік алып, әлемдегі жүздеген мемлекеттермен тең дәрежеде қарым — қатынас жасап отырған бүгінгі таңда, бұқаралық ақпарат құралдарымыздың басты тетіктерінің бірі — қазақ баспасөзі тәуелдігіміз жолында барынша ат салысып келеді.
Әлем ХХІ ғасырға аттағалы санаулы айлар қалғанда баспасөздің ролі бұрынғыдан күшеймесе кеміп отырған жоқ. Сонау ХХ ғасыдың бас кезінде халқымыздың бір туар перзенттерінің бірі Міржақып Дулатов өзінің “Баспасөз үлесі” деген мақаласында қоғамдағы баспасөздің атқаратын роліне жоғары баға беріп, Eуропа жұрты баспасөзге “алтыншы мемлекет” деп ат қойған десе,баспасөздің ролі бүгінгі күні бұрынғыдан да артып төртінші билік атауына ие болып отыр.
Қазақ баспасөзінің тарихына үңілер болсақ, ол ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресей империясы қазақ жерін толық жаулап алғаннан кейін, бұл аймақта өз саясатын орнықтырып,насихаттау мақсатында газет ашты.
Қазақ тіліндегі алғашқы жарық көрген баспасөзге “Түркістан уалаятының газеті”(1870-1883ж.) мен “Дала уалаятының газеті” (1888-1902 ж.) жатады.
Бұл газеттер Ресей үкіметі қойған міндеттер мен мақсаттарға, оның отаршылдық саясатын жүзеге асыруға, қызмет еткеніне, сонымен қатар, қазақтың әлеуметтік, шаруашылық және мәдени өмірінің мәселелерін көтеруде едәуір рөл атқарды.
Қазақстанда Қазақ төңкерісіне дейін жарық көрген журналдар мен газеттер мыналар еді; “Түркістан уалаятының газеті”, “Дала уалаятының газеті”, “Серке”, “Қазақ газеті”, “Дала”, “Қазақстан”, “Ешім даласы”, “Қазақ”, “Алаш”, “Бірлік туы”, “Сарыарқа”, “Ұран”, “Үш жүз”, “Тіршілік”, “Айқап’ және” Садақ” қолжазба журналы.
ХХ ғасырдың бас кезі халқымыздың тарихындағы өте бір қиын кезеңдердің біріне жатады. Осы жылдары қазақ жерін отарлау аса қарқынмен жүргізіліп, 1906-жыл мен 1916-жыл аралығында қазақтардан 17 миллион десятина жер тартып алынды. Тартып алынған жерлерге Ресей империясының орталық аудандарынан келген орыс мұжықтары орналастырылды. Халқымыздың жерден айрылуы, ешқандай құқығының болмауы, алым-салықтың көптігі олардың тұрмыс тіршілігін адам төзгісіз жағдайға алып келді. Осындай кезеңде халқымыздың көрнекті қайраткерлері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жақып Ақбаев және тағы басқалар халқымызды басына төнген қиындықтан алып шығу жолында әрекеттер жасады, сол жолда тер төкті.
Олар қазақ жерін тартып алуды, орыс шаруаларын Қазақстанға қоныс аудартуды тоқтатуды талап етті. Ресей империясының жүргізіп отырған отаршылдық саясатын әшкерелеп, өздерінің шығармаларының өзекті тақырыптарына айналдырды.
Міржақып Дулатов 1907 жылы “Серке” газетінде жарияланған “Біздің мақсатымыз” деген мақаласында былай деп жазды: “Ең алдымен, қазақ халқы Россияға тәуелді халық…Оның ешқандай құқығының жоқтығы ыза мен кек тудырады. Халықтан жиналатын салық қаражатының көп бөлігі халыққа тіпті де керек емес нәрселерге жұмсалады… Өздеріңіз көз жазбай байқап отырғандай, чиновниктер, урядниктер кедей қазақтарды ұрып соғып, мал- мүлкін тартып, ойына не келсе соны істеді. Енді чиновниктер біздің дінімізге, атадан мұра болып келе жатқан әдет- ғұрпымызға, біздің молдаларға ғана тиісті неке мәселесіне де араласа бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды…”
Сонымен қатар олар саяси күресте және халқымыздың мәдени рухани өміріндегі баспасөздің рөлін айқын түсініп, бірнеше газеттер мен журналдарды шығарды. Қазақ тіліндегі ұлттық бағыттағы газеттер 1907 жылдан бастап шыққан “Серке” мен “Қазақ газеті” болып табылады.
Ахмет Байтұрсынов: “Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек… жұртым деп халықтың арын арлап, зарын зарлап, халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын корғап, зарына қарсы тұрып, қарғаға көзін шоқытпасқа тырысады”- гезеттің қоғамдағы атқарар жүгіне үлкен мән бергендігін көрсетеді.
ХХ ғасырдың бас кезінде шыққан газеттер мен журналдардың ішіндегі қазақ баспасөзі тарихындағы, ерекше орын алатын “Айқап” журналы мен “Қазақ” газеті еді. “Айқап “журналы 1911-1915 жылдар аралығында Троицк қаласында шыққан. Журналды шығарушы — қазақтың тұңғыш журналисі, ақын, ағартушы әрі жазушы Мұхаметжан Сералин болатын.
“Айқап” журналы өзінің бетінде, негізінен, халқымыздың мәдени рухани, оқу ағарту, ана тілі, қазақ әйелдерінің бостандығы, теңдігі, саяси әлеуметтік мәселелер сияқты тақырыптарды кеңінен көтерді.
Ал 1913-1918 жылдары аралығында Ахмет Байтұрсыновтың редакторлығымен шыққан “Қазақ” газетінің негізгі тақырыбы ұлт бостандығы, ұлт теңдігі сияқты өзек жарды саяси әлеуметтік мәселелер болды.
Ахмет Байтұрсынов газетінің алғашқы нөміріндегі мақаласында былай деп жазады: ‘Қазақ халқы өз жерінде ғасырлар бойы тұрып, өз бетінше өмір сүрді, қазір ағылып келіп жатқан қарашекпенділерден дала тұншығуға айналды. Біздің болашағымыз не болмақ…
Қазақтардың экономикалық өмірінің енді өзгеретіні анық. Крестьяндар біздің егістік жерді иеленіп жатыр, жер учаскелері тартып алынуда, қысқаша айтқанда, жатжерліктер койнымызға ендеп кіріп барады. Қазақ халқының тірі қалуының өзі күмәнді болып барады. Өз автономиямызды сақтап қалу үшін, білім мен мәдениетімізді көтеру үшін, бар күшімізді салуымыз керек. Біз ең алдымен ұлттық әдебиетімізді дамытуымз қажет. Ана тілінде өз әдебиетін жасай алған халықтың ғана тәуелсіз өмір сүруге хақы бар екенін ешқашан ұмытпағанымыз жөн”.
“Қазақ” газетінің бетінде саяси әлеуметтік, мәдени, оқу -ағарту сияқты тақырыптарды көтерген Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов және тағы басқа ұлт жанды қайраткерлердің мақалалары жиі жарық көріп тұрды. Ресей империясының отаршылдық саясатының салдарынан тұншығуға айналған халқымыздың санасын оятып, серпін беруде, империялық сұрқия саясатты әшкерелеуде, теңдік тәуелсіздік жолындағы күресте “Қазақ” газетінің рөлі зор болды.
“Қазақ” газетінің төңірегіне топтасқан қазақ зиялылары тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қазақ автономиясын құрғаны тарихтан белгілі.
Кеңестер дәуірінде қазақ баспасөзінің тарихын зерттеуге байланысты біршама еңбектер жарық көрді. Солардың ішіндегі алғашқылары Хайыржан Бекхожиннің “Дала уалаяты” газеті туралы 1949 жылғы қорғаған кандидаттық диссертациясы мен Бейсенбай Кенжебаевтың 1950-жылы шыққан “Қазақ баспасөзінің тарихынан” деген еңбектерінде, қазақтың мерзімді баспасөзінің пайда болуынан бастап, революциялық — демократиялық орыс баспасөзінің игі ықпалы мен қазақ ағартушыларының негізін қалаудағы қызметі баяндалады.
Бұл еңбектерде қазақ төңкерісіне дейінгі қазақ баспасөзінің тарихы объективті тұрғыдан зерттеліп, оң баға берілген еді. Елуінші жылдардың бас кезінде көрнекті тарихшылар, әдебиет және өнер зерттеушілеріне қарсы жүргізілген қуғындаулар бұл авторларды да айналып кетпеді. Мәселен, Ж.Сәрсеков «Әдебиет және өнер» журналының 1951- жылғы №7 санындағы “тарихи шындық бұрмаланбасын” деген мақаласында Бейсенбай Кенжебаевтың аталған еңбегін аяусыз сынға алып, жарамсыз етті.
Ол Б. Кенжебаевтың Сұлтанмахмұт Торайғыровты Сұлтанмахмұт- өз заманының ұлы асқан азамат ақыны, күресші ақыны болады деген бағасымен келіспей, С.Торайғыровты ескіліктің жыршысы болды, алашордашылармен байланысты деген сияқты сынға алды.
Жалпы, 1917- жылғы төңкеріске дейін шығып тұрған журнал мен газеттерде таптық көзқарас болмағанын сынайды. ХХ ғасырдың бас кезінде мәдени-рухани және әлеуметтік-саяси өмірінде үлкен рөл атқарған “Айқап” журналының да сол кездегі патшалық құрылысқа дұрыс ниеттегі журнал болды деп айтпаған, Б.Кенжебаевтың “Айқап” журналы – “жалпы алғанда буржуазиялық-демократияшыл ағартушы бағыттағы журнал” болды дегенмен келіспей, журналдың социал — демoкратиялық бағыттта болмағанын сынайды.
Бүгінгі күні демократия ұранын жеделдетіп, кейбір орыс тілді тәуелсіз баспасөздерде, тәуелсіз республикамыздың мүддесіне қайшы сарындағы мақалалар жариялануда. Олардың бет-бейнесін ашып, идеология майданында мемлекетіміздің мүддесін қорғап отырған да қазақ баспасөзі.
Мемлекет мүддесі ешқандай да ақшамен және басқамен өлшенбей, барлық мүддеден жоғары тұрған елде экономикалық өрлеу де, ішкі саяси тыныштық та болады. Біздің қалауымыз да сол емес пе, ағайын!
ІІ.ІІ. Қазақ Баспасөзінің Тәуелсіздік Жылдарындағы жағдайы
Тәуелсіздігіміздің арқасында еліміздегі демократияның бір пошымы ретінде қызмет атқарып отырған бұқаралық ақпарат құралдарының халқымыздың әлеуметтік-саяси және рухани- мәдени өмірінде алар орны, ақтарар қызметі салмақты.
Бүгінгі таңда қоғамдық санаға ықпал ететін, бұқараны ортақ мақсатқа жұмылдыратын бірден — бір күш бұқаралық ақпарат құралдарының басты тектерінің бірі — баспасөз болып табылады.
Баспасөздің қоғамымыздағы алатын орнына жоғары баға берген Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев: “Қалыптасқан қоғамдық экономикалық жағдайға, оқырманның сипаты мен тілегіне орай баспасөз қазір ағартушылық — танымдық , Қазақстандық патриотизмді қалыптастыратын сипатқа ие болып отыр. Себебі, біз жаңа мемлекет құру үстіндеміз. Демек, осындай сын кезінде баспасөз халықты біріктіруші қоғамды алға жылжытатын саяси ойдың алдыңғы қатарда болуын қамтамасыз етуге тиіс. Сондықтан, мемлекетті қалыптастырушы күш ретінде танымдық, терең ойлы баспасөзге арқа сүйеместен өз саясатыңды қалай жүгізіп, реформа мәнін қалай ұғындыруға болатынын түсінбеймін” — деп атап көрсеткен еді.
Бүгінгі демокртиялық елімізде баспасөздің қоғамдағы рөлі айтарлықтай дәрежеге көтерілді. Ол бұрынғыдай насихатшы ғана емес, сонымен бірге, қоғамдық ой — санамыздың сараптаушысы және қоғамдық ой — пікірді қалыптастырушы да болып отыр. Сондай-ақ, баспасөз саласында бәсекелестік пайда болып, мемлекеттік емес гезеттер көптеп пайда болды. Мемлекетіміздегі қоғамдық саяси өзгерістердің нәтижесінде баспасөз де бұрынғы қасаң қағидалардан арылып, демократия үрдістері бойынша, сан алуан тақырыптар төңірегінде қалам тербеуде. Сонымен, мемлекеттік тілдегі қазақ баспасөзі де соңғы жылдары сындық, сапалық, рухани -танымдық жағынан елеулі өзгерістерге ұшырады.
Қазіргі қазақ баспасөзі қоғамымызда болып жатқан оқиғалардың барлығына ат салысып, өзекті проблемаларды дер кезінде көтеріп, қоғамдық пікір туғыза отырып, сол проблемалардың дұрыс шешілуіне мұрындық болып отырғаны белгілі. Қазақ баспасөзі мемлекет тәуелсіздігінің нығаюы мен көркеюі жолында мейлінше үлкен рөл атқаруда. Әсіресе, ұлттық тіл мен жер, еліміз тәуелсіздігінің идеясын насихаттау, қорғау, идеология майданындағы бітіспес күрес ісінде атқарып отырған қызметін ерекше айтуға болады.
Сонымен қатар, бүгінгі қазақ баспасөзінің көтеріп отырған өзекті тақырыптарының бірі — Республикамыздағы мәдениет құрылысының жетістіктері мен проблемалары.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, бұрын қағажу көрген тілімізді, өнерімізді, ұмыт бола бастаған салт-дәстүріміздің даму деңгейін көтеріп, қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік туған еді. Осы игі шаралар арқасында елімізде ауқымды жұмыстар атқарылды.Өкінішке орай, еліміз демократиялық зайырлы қоғамға бет бұрғаннан кейін, бұрынғы кеңестік қоғамдағы коммунистік идеологиядан әбден шаршаған қоғамымыз, тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары барлық идеологиядан бас тартып, рухани мәдени өмірде, жастар тәрбиесінде кейбір кемшіліктер жіберіп алды. Мемлекетіміздің мәдени және рухани саласында айқындалған нақты саясат болмады.
Тәуелсіздігіміздің нәтижесінде рухани дүниеміздегі ұлттық рухтың оянуы — экономикамыздағы нарықтық қатынастар қиындықтарымен қатар жүріп, жүздеген білім және мәдениет ошақтарының жабылуымен, халықтың басым бөлігінің кедейшілікке ұшырауымен тұспа-тұс келді. Бұл келеңсіз құбылыс – рухани — санамыздың ажырағысыз бөлігі қазақ баспасөзіне айналып өтпеді. Қаржы тапшылығына байланысты 1995-1996 жылдары аудандық газеттерді айтпағанда, Республикалық “Өркен”, “Азия”, “Халық кеңесі” газеттері бір жола шығуын тоқтатты. Қазақ газет журналдарының таралымы азайып кетті. Мәселен, Республикамыздағы басты басылымдар “Егемен Қазақстан” мен “Жас Aлаш” 1995 жылмен салыстырғанда 20 мыңнан аса оқырмандарынан айрылған. Нәтижеде, еліміздегі рухани — мәдениет саласында дағдарысты құбылыс белең алып, өз рухани дүниемізге өзіміз ие бола алмай қалдық. Біздің осы кемшіліктерімізді ұтымды пайдаланған жат жұрттың идеологиялық отаршылары демократия ұранын желеулетіп, рухани дүниемізді кеңінен игеруге кірісті.
Соңғы сегіз — тоғыз жыл ішінде еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарын жаулап алған олардың мақсаты мәденитіміздегі ұлттық сипат пен ұлттық нышандарды әлсірету арқылы “батыстық мәдениетті” жастарымыздың санасына тықпалау болып табылады. Жалпы мәдениетіміздің даму барысына шолу жасай отырып олардың біршама табыстарға қол жеткізгеніне куә боламыз. Бұлардың жетегіндегі Қазақстандық мемлекеттік емес бұқаралық ақпарттық құралдары да қатыгездік пен зорлықты, порнографияны насихаттаудан қалысар емес.
Мәселен: жоғары деңгейге жеткені соншалық Президентіміз Н.Ә.Назарбаев: “Баспасөз, әсіресе, электронды баспасөз бүгінгі таңда Қазақстанның ақпарат кеңістігінде қалыптасқан үйлесімсіздіктерді дұрыс бағалай алмай, олардың шешімін таба алмай отыр. Қазір Республикамыз алыс және таяу шетелдерден жетіп жатқан телерадио бағдарламалар нөпірінің астында қалды. Оларды ешкім талдап жатқан жоқ”, деген — болатын.
Батыстық мәдениет тасқынын тоқтатып, оған қарсы тұрудың бірден-бір жолы- ұлттық сананы көтеру, халқымыздың ғасырлардан келе жетқан мұраларын, ұлттық құндылықтарын барынша ұтымды пайдалана отырып, халық санасына жеткізе білу болып отыр. Осы орайда еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарына үлкен жауапкершілікпен міндет жүктелу де, олай дейтініміз бұқаралық ақпарат құралдыры қоғамдық пікірді тудырып қана қоймай, ақпараттық кеңістігімізді қорғап, қоғам санасын қалыптастырушы құрал ретінде өмірдегі барлық жақсылық пен жамандықты алдымен байқап, насихаттауы, түсіндіруі тиіс. Өкініштісі, осы ауқымды жұмыстарды атқаратын, рухани мәдени дүниеміздің қайнар бұлақтарымен халықты сусындататын ана тіліміздегі теле хабардың мөлшері 10-12 пайыз ғана.
Қазіргі қазақ баспасөзі ұлттық мәдениетті қорғауда, ата салт — дәстүрімізді сақтауды уағыздауда, халық санасын оятып, мемлекеттің болашағын ұлы мүддесінің проблемаларын жан — жақты қозғауда, демократиялық мәдениетті қалыптастыруда зор үлес қосып отырған ерекше күшке айналып келеді.
Бүгінгі таңда Республикамызда қазақ тілінде 144 газет, 32 журнал шығады. Республикалық қоғамдық саяси басылымдар «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш» , «Ана тілі», «Түркістан» газеттері, «Ақиқат» жураналы негізінен мемлекетіміздегі қоғамдық саяси, әлеуметтік мәселелерге көбірек назар аударса, “Жұлдыз” “Парасат” журналдары мен “Қазақ әдебиеті газеттері” мәдениет, өнер, әдебиет салаларын кеңінен қамтиды. Соңғы жылдары халқымыздың ислам дініне қарай бет бұруының өсуіне байланысты діни басылымдар да көбейіп келеді. “Шабағат нұр”, “Ислам әлемі”, “Алдаспан”, “Ясауи”, журналдары мен “Nмандылық” “Заман және иман”, “Әл хабар”, “Ислам және өркениет” газеттерінің басты мақсаты халық арасында ислам дінін уағыздау, насихаттау, дініміздің жөн жобаларын халыққа түсіндіру болып табылады.
Сонымен қатар, қазақ тіліндегі газет — журналдар шет мемлекетте де жарық көруде. Қазақтардың ең көбірек тұратын жері Қытай мемлекетінде алты газет, сегіз журнал шығады. Моңғолияда, қазақ тілінде “Жаңа өмір”газеті мен “Шұғыла” журналы жарық көрсе, Өзбекстанда “Достық туы” газеті жарық көріп келеді.
Алғашқы тәуелсіз газеттерге: «Азат», «Желтоқсан» жатады. Одақтың шаңырағы шайқалып тәуелсіз алуға мүмкіндік туғалы тұрған шақта бұл газеттердің басты тақырыптары Қазақстанның егемендігі, тәуелсіздігі, халқымыздың бостандығы болатын. Бұл алғашқы тәуелсіздік Еліміздегі сөз бостандығының арқасында 90 жылдардан бастап ана тіліміздегі тәуелсіз басылымдар жарық көре бастады. Идеяларын насихаттаудағы басылымдардың рөлін айта кеткеніміз жөн. Ал соңғы жылдар ана тілімізде жарық көріп келе жатқан тәуелсіз “Aйғақ”, “Қызық газет”, “Күн мен Tүн”, “Барыс” басылымдарының тақырыптары мүлдем басқа арнаға үсақ түйекке, күн көріс мәселесіне ауысты.
Бұл басылымдардың негізгі тақырыбы арнайы түрдегі жыныстық қатынастар мен іс-әрекеттері, қатыгездік пен зорлық төңірегіндегі барынша ашып жазылған әңгімелерден, өсек аяңдардан тұрады. Ұлттық менталитетімізге жат, ұлт мүддесі, жастар тәрбиесі секілді мәселелер аяқ асты етілген бұл басылымдардан халықтың рухани қажетін өтей алатын дүниелер таппай қиналасың.
Қазіргі кезде әлемде неше түрлі жыныстық аурулардың өршіп отырған кезінде және сол аурулардың көбісінің жыныстық тәрбиедегі білместіктен болатындығына байланысты. Жастарға жыныстық тәрбие жайындағы басылымдардың қажетті екені анық.
Бұл салада арнайы жыныстық қатынасты емес, тәлім- тәрбиелік ниеттегі, махаббат, неке және отбасы қарым қатынастардың төңірегіндегі мәселелерді кеңінен қозғап отырған. “Адам Aта Хауa Aна” газетінің аяқ алысын құптауған жөн.
Бұл аталған басылымдардан басқа саяси науқандар кезінде арнайы мақсаттарда шығарылған “Дат” кейіннен “Солдат” сияқты мемлекекттік емес басылымдарда жарық көрді. Бірақ газеттер белгілі бір топтың мүддесін көздеп, мемлекет басшысын, үкімет мүшелерін қаралаудан тұратын субьективті жарияланымдары арқылы хылықтық басылымға айнала алмаған еді. Еліміздегі қазақ тілінде жарық көретін тәуелсіз басылымдары туралы айтқанда “Алтын Oрда” газетін ерекше атап өтуге лайық. “Алтын Oрда” газетінің бір жылдан аса мерзім ішінде тиражы өсіп, өткір қалам қайрауымен, тың пікірлер көтеруімен, Республикамыздағы келеңсіз құбылыстарды жоғарғы жаққа батыл жеткізе білуімен халықтың көңілінен шығып келеді.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев: “Қазақстанның егемендігі мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы” деген еңбегінде “Cаяси демократия тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарынсыз ақылға сиымсыз болар еді. Сонымен бірге олардың обьективсіздік пен теріс пиғылдылықтың бүлдіруші әрі тұрақсыздандырушы күшін сезінуі, әлеуметтік жауапкершілігі болу керек. Нақ сондықтан оларға бағдар ұстана отырып, мемлекеттік үкімет құрылымдары қоғамдық пікірді зерттейді және өзінің іс-қимылын соған сәйкес түзетіп отырады” — деп демократиялық қоғамдағы тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының атқарар қызметіне жоғары баға береді. Сондықтан да, өткір тілді, шынайы обьективті сынға негізделіп құралған қазақ тіліндегі тәуелсіз басылымдар алдағы уақытта көбейе берсін дейміз.
Жалпы алғанда қазіргі қазақ баспасөзі өркендеп өсуге ұмтылыс үстінде. Сонымен қатар қазіргі кейбір жандайшаптардың қазақ баспасөзінің қоғамымыздағы атқарып отырған рөлін жоққа шығару әрекеттері де жоқ емес. Мәселен, олар: қазақ баспасөзі қоғамымызда болып жатқан саяси және экономикалық жағдайларға талдау жасаудың орнына, өткен салт — дәстүрді уағыздаумен тым әуестеніп кетті, бүгінгі күннің өзекті тақырыптарынан ауытқып, өткен кезеңдегі тарихи тақырыптарға көбірек орын береді. Қазақ баспасөзінде сыртқы экономикалық қатынастар, халықаралық мәселелерді талдау тым жеткісіз, баспасөздегі кейбір материалдар да сыни талдау, ғылыми жаңалық жоқ, қазақ баспасөзі ХҮІІІ ғасырға кіріп алып, шықпай қойды, ел мен жер тарихы туралы бітпейтін толғаныстар ағыл — тегіл ақыл айту деген сияқты сындарды алға тартады.
Бұл аталған сындардың кейбірімен келісуге де болар. Ал, енді ел мен жер тарихы туралы бітпейтін толғаныстар өткен салт дәстүрді уағыздау мен тым әуестеніп кетті деген сияқты топшылаулардың орынсыз екенін айтқанымыз жөн. Өйткені, соңғы кеңестік дәуірдегі 70 жылда арнайы жүргізілген саясаттың нәтижесінде халқымыздың салт-санасы, дәстүрі, тілі барынша ығыстырылып, тарихи бұрмаланғаны белгілі жай. Халқымыз тәуелсіздік алғаннан кейін, ұлттық мүддені жоғары қойған қазақ баспасөзінің бұрынғы олқылықтардың орнын толтыру мақсатында, ата дәстүріміз, ана тіліміз, тарихымыз туралы тақырыптарға кеңінен орын беруі халқымыздың рухани қажетін, тарихи санасын қалпына келтіруге байланысты аса қажетті сұранымынан туған еді. Бүгінгі қазақ оның кейбір кемшілік тұсынан да айта кеткеніміз жөн.
III. Қорытынды
БАҚ арқылы бедел жинап немесе сол арқылы саяси көзқарасына нұқсан келіп жатқанын жоққа шығаруға болмайды. Сондай –ақ, журналист — үкімет адамы, халық үшін жұмыс істеуі керектігін бір сәт те естен шығармағаны абзал. Неге? Өйткені, журналист-кәсіби маман ғана емес, ол- шындықтың жаршысы, кәусар бұлағы.Сол себепті де, әрдайым жұртшылық оның жасаған еңбектеріне сын көзбен қарайды. Әрине, көрерменге нақты деректер беріп, ақпаратты дер кезінде жеткізіп отыратын олардың қызметінің қаншама бағалы тұстарының да жоқ еместігіне көпшілік кепіл. Оны бұқара өзі ой елегінен өткізіп, екшеп алады. Міне, қазақ баспасөзінің ақпарат қызметінің даму тенденциясы қандай? – деген сауал төңірегінде де әр түрлі пікірлер тоғыстырып, ой елегінен өткіздік. Мұндағы біз жетістігінен әлі де кемшілігі басым болып тұрған қазақ тележурналистикасы бірнеше нақты қағидаларды ескеруі шарт екендігін ұғамыз.
Біріншіден, әлемнің озық телекомпанияларының «ақпараттық қызмет» тәжірибесін өз сұрыптауынан өткізуі арқылы, олай дейтініміз (қоғамдық саяси өміріміз бен мемлекеттік стратегиямыз тіпті, менталитетімізге де нұқсан келтірмейтін) ақпарат беру әдіс- айлаларын үйренуіміз керек. Екіншіден, қазақ тележурналистері демократиялық қоғамның заңдылықтарын меңгеруде аса мұқияттылық пен ыждаһаттылық танытқандығы жөн. Қазақ баспасөзінің мүддесін қорғаудағы басты рөл атқарушы «ана тіліміз» екені белгілі. Ғаламат ақпараттар тасқынының ғасыры атанған қазіргі заман талабынан шыға алмай жүрген қазақ баспасөзіне айтылар сын да, жасайтын ұсыныстар да жетерлік….. әр салаға мамандану, қозғаған мәселесінің түбіне жеткенше толыққанды, жан – жақты журналистік зерттеу жүргізу, сол істе техниканы жете меңгеру, шапшаңдық пен қабілеттілікті арттыру сынды әлі де ақсап жатқан тұстарымызды екшеу келешектің еншісіне міндеттеліп отыр.
Қысқасы, дүниеге техникалық жаңалық, хабар жеткізу құралы ретінде келген теледидар ең жас өнер саласына айналғанын көріп отырмыз. Жалпы қазақ баспасөзінің қоғамдағы атқарар рөлі мен қасиеті жайлы айтылған пікірлер өте көп. Сонымен қатар, бүгінгі тәуелсіздік таңы ақпараттық бағдарламалардың бағын ашты. Табиғатынан өмірдің алғы шебіне жүретін, қоғамның ой санасын қалыптастыруда, шындықты, әділдікті қорғауда атом қуатындай күш –қайраты бар ақпараттық бағдарламалар қоғамда өз орнын тапты. Бүл жерде айтпағымыз әр хабардың бойындағы жылт еткен жаңалықты елеусіз қалдырмай, жинақтап, шығармашылықпен игергенде ғана, қөркемдік ізденіске кең жол ашылады. Қазақ тележурналистеріне тағы бір ескертетін жай — түпкіліктілікті сақтай білу –теледидар бейнесінің бірінші және бағалы қасиеті екені.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ