Қазақ халқының қалыптасу үдерісінің аяқталуы

0
5394
Пәні: Қазақстан тарих Мектеп:
Күні:  Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 7 Қатысқандар саны:  Қатыспағандар саны: 
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3 А XIII – XV ғасырдың І жартысындағы Қазақстан
Сабақ тақырыбы

Қазақ халқының қалыптасу үдерісінің аяқталуы

Зерттеу сұрағы: Ұлы Дала мұрагері – қазақ халқы қалай қалыптасты?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.1.1.4 – «қазақ» этнонимінің мағынасын түсіндіру
Сабақ мақсаттары
  • Қазақ халқының қалыптасу тарихын білу;
  • Қазақ» этнонимінің мағынасын қазақ халқының қалыптасуымен байланыстыру арқылы сипаттау; «Қазақ және Алаш терминдерінің шығу тарихы» туралы зерттеу жүргізеді;
  • Қазақ» атауының шығу тегі туралы бірнеше ғылыми пікірлер жазылған сұрақтарға жауап береді, деңгейлік тапсырмаларды орындайды;Кескін картаға үш жүздің аумағын және өз руының қай жүзге кіретінін белгілейді.
Бағалау критерийлері
  • Халық болып қалыптасуы үшін қажетті кем дегенде 5 шартты атайды.
  • «Қазақ» атауының шығуы жөнінде 3-тен кем емес пікірді атайды.
  • Дерек негізінде қазақ халқының қалыптасуына әсер еткен ру-тайпаларды анықтайды және «Қазақ және Алаш терминдерінің шығу тарихы» мағынасын ашады.
  • Ұлыжүз, Орта жүз және Кіші жүз аумағын картада белгілейді. Өз руының қай жүзге жататынын анықтайды.
Тілдік мақсаттары

Оқушылар оқыған ақпаратты өз сөзімен баяндайды

-Тақырып бойынша мәтінмен жұмыс жасайды

-Өз білімін кестеге түсіре алады

Пәнге қатысты лексика мен терминология

сақ, моңғол, түркі, этнос, этоногинез

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

— Дерекке сүйене отырып айтсақ …

— Ш. Уәлихановтың пікірі бойынша …

— «Қазақ» атауының шығу тегі туралы деректерге тоқталсақ, …

— Біздің тобымыздың пікірі бойынша…

— Келесі себептер/факторлар әлеуметтік/экономикалық/ саяси/ мәдени болып табылады, себебі, …

Бұл оқиға /өзгеріс маңызды болды / айтарлықтай, өйткені…

Құндылықтарды

дарыту

Зайырлы қоғам және жоғары руханият

Тарихтың,мәдениет пен тілдің біртұтастығы.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет көздері арқылы сабаққа қажетті материалдар қарастыру

Интерактивті тақтаны қолдану «Learning Apps.org»

Пәнаралық байланыстар География, әдебиет.
Бастапқы білім 6.1.1.3 – ежелгі және ортағасырлар тарихының оқиғалары арасында байланыс орнату арқылы қазақ халқы қалыптасуының негізгі кезеңдерін біледі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

10- мин

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеу, 3 топқа бөлу, көңіл-күйлерін реттеу.. Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Қасындағы жұбымен амандасу

МЕН— бас бармағын түйістіреді

САҒАН— балаң үйрек саусағын түйістіреді

БАРЛЫҚ – ортаң терек саусағын түйістіреді

ЖАҚСЫЛЫҚТЫ-шылдыр шүмек саусағын түйістіреді

ТІЛЕЙМІН— кішкене бөбек саусағын түйістіреді

1-топ: Қазақ 2-топ: Алаш 3-топ: Үш жүз деген сөздердің мағынасын ашу.

Ж:/ (жеке жұмыс) Алдынғы білімге тоқталу

1 тапсырма: «Балық қаңқасы» әдісі арқылы қазақ халқының қалыптасу тарихын түсіндіру. Пробелмалық сұрақтар: 1. Қазақ этноним сөзінің шығу ерекшелігін анықта. 2. Қазақ халқының қалыптасуына не ықпал етті? 3.Қазақ хандығын құруға кімдер мүдделі болды?

Қорытынды ой

Шешу жолдары

Қазақ халқының қалыптасуы

Дескриптор:

  • Қазақ халқының қалыптасу тарихын біледі;
  • «қазақ» этнонимінің мағынасын қазақ халқының

қалыптасуымен байланыстыру арқылы анықтайды.

ҚБ:/(Қалыптастырушы бағалау)ауызша мaдaқтау арқылы

Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінгі күнге дейін. 5 томдық. І том. Атамұра, 2010

Сабақтың ортасы

25 мин

 

Тақырыпқа шығу: Зерттеу және талдау

2 тапсырма: (Б) Берілген ұғымды қалай түсінесіздер? «Ұлы Дала елі» — Тәуелсіздігінің айнымас символикаcы,мемлекеттік күш-қуаты, Отанымыздың көп этникалық халқының бесігі, айрықша мәртебесі, халқымыздың кеңпейіл дархандығы.

Б: Learning apps.org программасы арқылы «Галереяда ой шарлап» оқушыларға суреттер , карта көрсетіп,

Т. осы суреттер мен тақырыптың арасындағы байланысты табу….

Картинки по запросу алаш атауының шығу тарихы C:\Users\user\Desktop\Без названия.jpg Картинки по запросу алаш атауының шығу тарихы Картинки по запросу алаш атауының шығу тарихы

М. Бұл тапсырманы әңгіме түрінде өткізуге болады. Алаш ұғымының қазіргі заманда әртүрлі атауларда кездесетіндігін айта келіп, көрсетілген суреттер бойынша сұрақ қойыңыз:

— Мына суреттерге қарап ертеден «қазақ» сөзінің синонимі болған «Алаш» атауы қазіргі заманда қандай мағынада қолданылады деп ойлайсыз?

— Осы суреттер мен тақырыптың арасындағы байланысты табыңыз ?

ЖЖ. (Жұптық жұмыс) Мәтіннің мазмұнымен таныстырып,мәтіндегі негізгі ойын анықтату мақсатында «Оқылымға саяхат» әдісін қолданады.

3 тапсырма: Т. Ғылыми пікірлерді авторларымен сәйкестендіріңіздер. Қандай пікірлерді көбірек қолдайсыздар?

Кестеде «Қазақ» этнонимі туралы деректерді сәйкестендіру..

Ғалымдар «Қазақ» сөзі туралы пікірлер
1 В.В. Радлов A.«Қазақ сөзінің мағынасы тәуелсіз, ерікті адамдар»
2 Ш.Ш.Уалиханов B.«Қазақ күшті, мықты, шабытты дегенді білдіреді»
3 Ш.Құдайбердіұлы C.Бастапқыда ол ерiктi, еркiн деген мағынада қолданылды.
4 Б.Кәрібаевтың D.«Қазақ өз алдына ел болып еркін жүрген халық» қазақ – түркi сөзi
5 А. Н. Бернштам E. «Бұхар қонағы» атты шежіресінде қазақтар арба үстінде адам таңғалатын қазақ үйлерін тіккен, сондықтан қазақ сөзінің шығуы да қасағ атауының шығу төркініне жат емес
6 Ибн Рузбихан F.«қазақ» сөзі кас — пи мен сақ тайпасының бірігуінен пайда болған деп тұжырымдайды.

 

Жауаптары

1 2 3 4 5 6

ҚБ:/ Білім баспалдағы.(Оқушылaрғa сaбaқ үдерісінде тaпсырмaлaрды орындaудaғы ұтымды тұстарын айта кетіп, жaуaпқa ризa болғaндa «Керемет! Жарайсың! Тaмaшa!» деген сөздермен мaдaқтaп отырaмын )

4 тапсырма: М)«Қазақ жүздерінің пайда болуы» бойынша шағын шолу жасау. Берілген тұжырымға тоқталу.

Ш.Уәлихановтың зерттеулері бойынша «Қазақ жүздерінің құрылу себебі, олар көшіп қонып жүрген жерлерінде өз құқықтарын қорғау үшін одақтар құрған. Ол одақ «қазақ жүздері».

Б)Картамен жұмыс. Кескін картаға үш жүздің аумағын және өз руының қай жүзге кіретінін белгілейді.

Дескриптор: Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз аумағын картада белгілейді

Өз руының қай жүзге жататынын анықтайды.

ҚБ:/(Қалыптастырушы бағалау)ауызша мaдaқтау арқылы

Оқулық, суреттер, дәптер

Қалыптастырушы бағалау жүргізіледі

Қазақстан тарихы 7(6) Н.С.Бакина,

Н.Т.Жанақова

Алматы Атамұра 2017

160 бет

http://e-history.kz/kz/scorm/course/148)

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Қазақ шежіресі /Дайындаған С.Дәүітов. – Алматы: Жалын, 1993.

Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінгі күнге дейін. 5 томдық. ІІ том. Атамұра, 2010

Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. — Астана, 2008.

https://ds04.infourok.ru/uploads/ex/129c/00033363-7eb659e7/310/img9.jpg

Сабақтың соңы

5 мин

Тақырыпқа қайта оралу:

Ұлы Дала мұрагері – Қазақ халқы қалай қалыптасты.

Интерпретация

СІЗ ӨЗ ШЕЖІРЕҢІЗДІ БІЛЕСІЗ БЕ ?

өз руының қай жүзге кіретінін белгілеу

Кері байланыс: «Таразы» әдісі

ТАРАЗЫ

таразы  суреті

Мен үшін таныс және оңай болды

Мен үшін қиын және қажет болды

 

F:\аплл.gif

Саралау –оқушыларға қалай

көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай

міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сыныптық талқылау барысында оқушылардың сұрақтарды түсіну деңгейі анықталады, сын тұрғысынан ойлау, тарихи деректермен және белгілі бір фокусқа бағытталып жұмыс жасау дағдылары дами бастайды.

Оқушылар өзара критерийлер арқылы бағалайды.

Мұғалімнің кері байланысы.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Сабақ барысында оқу міндеттері толығымен ашылды. Жоспар бойынша барлық тапсырмалар орындалды. Сыныптағы оқушылардың ақпаратты қабылдау деңгейлеріне қарай саралауда сыни тұрғыдан ойландыратын сұрақтар қойылды.Сабақ жоспарынан үлкен ауытқулар болған жоқ. Тек оқушылар білімдерін мәлімдеу барысында уақытты үнемдемейді. Сабақ уақытын тиімді пайдалануды арттыру керек.

Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Ғылыми пікірлерді авторларымен салыстыра түсіндіру тиімді болды. 2: Кескін картаға үш жүздің аумағын және өз руының қай жүзге кіретінін ұтымды көрсете алды..

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: уақытты тиімді қолдану..

2: Сөздік қорларын молайту мақсатында көбірек қосымша деректермен жұмыс жасау..

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Оқушыларға суреттер арқылы тапсырмалар бергенді қажет деп ойладым. Себебі,көру арқылы қабылдайтын оқушылар да болды.

Жұптық және топтық жұмыстар оқушылардың бірлесіп жұмыс жасау (бірін бірі тыңдау, өз пікірін білдіру, дәлелдер келтіру) дағдыларын жетілдіруге әсерін тигізді.

 

Шымкент қаласы №80 мектеп-лицейі

Айтураева Лаззат Салибековна


ПІКІР ҚАЛДЫРУ