Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік

0
6714
Ұлттық қолөнер - эстетикалық тәрбиенің негізі

Жоспар

Кіріспе

I-Тарау.Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік

    1. ҚР-ғы кәсіпкерліктің дамуының жолдары (бағыттары)
    2. Кәсіпкерліктің мәні және маңызы
    3. Кәсіпкерліктің түрлері
    4. ҚР-ғы кәсіпкерліктің классификациясы

II-Тарау. Кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірибелері

2.1 АҚШ-та кәсіпкерлікті ұйымдастыру ерекшеліктері.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Нарықтық қатынастар аясында жүзеге асырылып жатқан кәсіпкерлік қызметтің мемлекет тарапында және экономика өмірінде алатын орны зор. Қазіргі экономикалық өркениетті дүниенің қрылымдық даму жүйесіндегі болашағы келтірмейтін салалардың бірі – кәсіпкерлік болып табылады.

Бүгінгі таңда республикамызда экономиканы қайта құру жолында оның негізі болып табылатын кәсіпкерлік қатынастарды дамытып, жандандыру күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі. Оның негізгі маңыздылығын ҚР-ы Президентінің «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына жолдауында: «еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір басым бағыты кәсіпкерлік» деп аталынған. Сондықтан кәсіпкерлікті дамытуды басқару еліміздің жүзеге асырып жатқан саясатының стратегиялық мәселесі болып табылады. Оның стратегиялық маңыздылығын бағалау үшін Қазақстан экономикасының мынадай ерекшеліктеріне көңіл бөлу қажет:-айқын көрініс алған шикізаттық бағыт; -қайта өңдеу өнеркәсібінің нашар дамуы; -импортқа тәуелділігі; -инфрақұрылымның нашар дамуы; -аймақтар бойынша өндіргіш күштердің біркелкі орналаспауы.

Бұл аталған біздің экономикамыздың мұндай зардаптарын шағын және орта бизнестің даму жолдарымен ғана жеңуге болады. Себебі, кәсіпкерлікті дамытудың маңыздылығы мемлекеттің экономикалық жетілуіне ықпал етуі және өндіріс, халықтың жұмыспен қамтылуына жеткілікті түрде қамтамасыз ете алуы жатады. Сол үшін кәсіпкерлік қызметті еліміздің шаруашылық қызметінің жандандырғыш күші деп білуіміз қажет. Осыған байланысты мемлекетте кәсіпкерліктің жан-жақты қолдау мен қорғау табуын тек кәсіпкерлікті дамытумен бірге оның нарықтық экономиканы дамытуда қосар үлесі де аз болмайды. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай шағын дамып отырған нарықтық шаруашылықтың бөлінбес, ажырамас бір элементі болып табылады. Кәсіпкерлік экономикалық өсу деңгейінің, ұлттық табыс көлемінің деңгейін де анықтайды.

I-Тарау.Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік

    1. ҚР-ғы кәсіпкерліктің дамуының жолдары (бағыттары)

Негізінен, қазір Қазақстанда кәсіпкерлік ісі үлкен жетістіктерге жетіп жатқан жоқ. Сөз жоқ, көптеген тиімді , дұрыс заңдар қабылданып жатыр, бірақ олардың бірі іске асса, екіншілері іске толығымен асып жатқан жоқ. Бір жағынан, осы кәсіпкерліктің дамуына көптеген кедергілер болғалы тұр, солардың бірқатарын қарастыратын болсақ, ол біріншіден бақылаушы органдар мен жергілікті әкімдер жанынан құрылған комиссиялардың үсті-үстіне тексерулер жүргізіп, кәсіпкер қызметіне заңсыз санкциялар қолданатындығы екен. Тіпті олар соттың шешімінсіз кәсіпкердің жұмысын тоқтатып тастайтын да көрінеді.

Екіншіден, жергілікті атқарушы органдар тарапынан қабылданатын қосымша шешімдер мен қойылатын талаптар;

Үшіншіден, түрлі ведомствалар мен құрылымдар тарапынан тексерулердің сансыз көптігі;

Төртіншіден, кейбір мәселелерде кәсіпкердің құқықтық сауатының төмендігі;

Бесіншіден, өзекті осы салаға бірыңғай мемлекет бақылау жасау саясатының жетіспей жатқандығы және осы сияқты көптеген кедергілер бар.

Қазақстандағы нарықтық экономиканың даму өзгешелігіне көңіл аударған кезде республикадағы кәсіпкерліктің елеулі түрде қайшылықты қалыптасуын көруге болады. Мысалы, Трансұлттық корпорация, Қаржы-өндірістік топтар сияқты ірі корпорациялар түріндегі кәсіпкерліктің тиімділігіне қарамастан оларды қысқа мерзім ішінде құру, жүзеге асыру өте қиын мәселе. Сонымен бірге, кәсіпкерліктің шағын нысандарын дамытуға кейбір ұйымдық және құрылымдық факторлар кедергі жасайды.

Кәсіпкерлікті дамытпайынша, қазіргі кездегі экономиканы қалпына келтіру мен дамыту мүмкін емес, өйткені қазірде бизнес нарықтық қатынастарда үнемі қайта өндіріп өндіріп отыратын орта болып табылады. Қазіргі жағдайда тек бизнес қана республика мен облыс экономикасын жандандыруға қабілетті. Сондықтан да кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау жасау мен ынталандыру жалпыұлттық басымдыққа айналды. Қазақстанда іс жүзінде кәсіпкерлікті қолдау және қорғау жөнінде заңдар қалыптасты, олар үнемі жетілдіруде.

«Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Үкімет қаулысымен «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі қоғамдастық-сараптамалық комиссиялар» деген түсінік енгізілді және осы аталған комиссияның қызметі мен құрамы заңды түрде бекітілді. Бұл үкіметтік емес ұйымдардың ролін күшейтуге, атқарушы өкіметтң шешімдерін дайындауға кәсіпкерді кеңінен қатыстыруға, бизнес саласында бастамашылықты дамытуға жәрдем көрсетуге және оларды аймақтағы көкейкесті проблемаларды шешуге бағыттауға мүмкіндік береді.

Қазіргі кәсіпкерлік саласындағы қолданылып жүрген заңдар нарықтық экономиканың түбегейлі талаптарына толығынан жауап беріп жүр. Осының өзі алға ілгерілушіліктің негізі бола алады. Кәсіпкерлікті қолдау әрі дамыту мәселелері жөнінде сарапшылық кеңестерінің негізгі міндеттері:

  • кәсіпкерлік саласында мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыруда консультациялық көмек;
  • кәсіпкерлікті қорғау мен дамытудың құқықтық нормаларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
  • мемлекеттік органдар мен ұйымдардың кәсіпкерлік субъектілерімен өзараіс-қимылы әрі ынтымақтастығы мәселелері жөніндегі құжаттарды дайындауға жәрдемдесу болып табылады.

Тағы да Қазқстанда қабылданған заңдарға мән беретін болсақ, 1993 жылы 10-шы наурызда ҚР Министрлер кабинеті №207 –де «Жастар кәсіпкерліктерінің республикалық фонды», ал 1993 жылдың қыркүйек айының 15-нде «кәсіпкерлік орталығының құрылу тәртібі» жайлы заңдар қабылданған. Содан кейін біраз жылдар өтп, көптеген экономикалық және заңдық өзгерістер болды. Көптеген бизнестің кәсіпкерлері пайда болды.

Қазақстан кәсіпкерлерінің 10-форумында берілген Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысы бойынша Орталық және Жергілікті атқарушы органдар 2003 жылғы 1 қаңтар – 1 қазан аралығында салық төлеушінің өтініші оларды жүргізу үшін негіз болатын салық тексерістерін, ыңғайласпа салық тексерістері мен хронометраждық зерттеулерді, қылмыстық әрекеттер мен әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесу мақсатында заңнамаға сәйкес жүргізілетін тексерістерді, сондай-ақ конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіпті, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын, Қазақстан Республикасының халқының санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқаты туралы заңнамасы нормаларын бұзуға бағытталған іс-әрекеттерді болдырмау үшін жүргізілетін тексерістерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді тоқтатсын деген қаулы қабылданған. Және осында айта кететін басты мәселе – осы тоғыз ай ішінде кәсіпкерлік қызметтен Республикалық бюджетке 29953 млн. тенге табыс түскен.

Бұл әрине өте жақсы көрсеткіш, бірақ осы мораториядан кейін мемлекеттегі кәсіпкерлік жағдай бұрынғы қалпына келді. Яғни ол міндетті түрде салық төлеу, мемлекет тарапынан қысым көру және тағы да басқа жағдайлар. Осыған байланысты мысал келтіретін болсақ, кәсіпкерлердің көпшілігі қосылған құнға деген салық мөлшерлемесі шамадан тыс жоғары деп санайды. Соның нәтижесінде кәсіпорындар өздерінің өнімдеріне деген бағаны төмендету мүмкіндіктерінен айырылып, өндіріс көлемін қысқартуға мәжбүр болғандықтан, ондағы жұмыс орындары да азайып, жұмыссыздық өседі. Қосылған құнға деген салықтың салмағы тұтынушыларға өседі, олардың қабілеттілігін төмендетіп қана қоймай, бағаны өсіруге итермелеу арқылы инфляцияны күшейтеді.

Шет елдік тәжірибе

Дамыған елдердің көпшілігінде экономикалық өсудің шешуі бір факторы бизнесті жан-жақты дамыту болып табылады. Олардағы кәсіпорындардың жалпы санының ішінде фирмалардың үлесі 80 – нен 99 пайызға дейінгі мөлшерді қамтып, елдің жалпы ұлттық өнімінің 50 пайызға жуығын өндіруді қамтамасыз етіп отыр. Кәсіпорындардың шаруашалақты жүргізуге икемділігі – ғылыми – техникалық прогрестің негізгі бір қозғаушы күшіне айналған.

Мысалға, Жапонияда концерндер мен басқа да ірі кәсіпорындар Жапония экономикасы «айсбергінің шыңы» ғана деп айтуға болады. Бұл жерде бизнес өзара бәсекеге түсіп қана қоймай, сонымен қатар қызмет ету саласын бөлісу негізігде бірін-бірі толықтырып отырады. Жапонияда бірқатар салаларда, атап айтқанда, аяқ киім, тігін және галантерея өндірісінде, дәрі-дәрмек құрастырушы бұйымдармен конструкциялар өндіруде, бөлшек саудада қызмет көрсету саласында өндірістік және тұрмыстық техникаларды жөндеп, қалпына келтіруде бизнес басым орын алады.

Әсіресе соңғы кезеңдерде АҚШ-та да бизнес кеңінен дамып отыр. Ол жұмыскерлер саны 50 адамға дейінгі фирмалардың жиынтығы болып табылады. Бұл фирмалар американдық барлық барлық фирмалардың 99 пайызын құрайды. Бұлардың негізгі бөлігі ұсақ, көбінесе жанұялық немесе жеке кәсіпорындар. Мұндай фирмалардың 87 пайызында саны 20-дан аспайтын, ал 80 пайызында 10-нан аспайтын адам жұмыс істейді. АҚШ-та фирмалар жалпы ұлттық өнімнің 40 пайызын өндіреді, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіпте — 21 пайыз, құрылыста 80, ал көтерме саудада – 86, қызмет көрсету саласында – 81 пайыз.

АҚШ экономикасында олар ғылыми-техникалық прогресс саласына жататын барлық жаңалықтарды жасаудың, игерудің және өндіріске енгізудің тең жартысына жуығын қамтамасыз етеді.

Германияда кәсіпкерліктің басты сипаттамасы – ең алдымен меншік құқы мен кәсіпорынды тікелей басқарудың бірлігі болып табылады. Екінші сипаттама – кәсіпорын қызметінің айшықтылығы, оның көлемінің шектеулігі, қожайын мен жұмыскер арасындағы өзіндік ерекше қатынас сипатын білдіріп, өндірістің түпкі нәтижесі үшін екі жақтың да бірдей мүдделілігін, ынталылығын тудырады. Үшіншіден, кәсіпорын өмірінде басқарушы ролінің ерекше маңыздылығы : ол шаруашылықтың нәтижелігіне тек қана мүлік иесі болғандықтан ғана емес, сонымен бірге оның өзінің де өндіріспен де тікелей айналысып, оны ұйымдастыруға барлық жағынан қатысуынан көрінеді.

Төртінші – істі жанұялық негізде жүргізу, яғни кәсіпорын қызметін нәтижелі ұйымдастыруға, жүргізуге атадан балаға мұра ретінде машықтану. Бесіншіден – кәсіпкерліктің тағы бір сипатты белгісі ретінде кәсіпорынды қаржыландыру мәселесін айтуға болады. Егер алыптар қажетті ресурстарды негізінен капитал нарығы арқылы алатын болса, ал кәсіпорындар банктердің аздаған несиелеріне арқа сүйейді, сондықтан да олар үшін қаржыландыру мәселесі басты проблема болып табылады.

Кәсіпкерліктің барлық кешенді ішкі және сыртқы проблемалары олардың өз күшімен шешілуі мүмкін емес. Германияда бизнесті мемлекеттік қолдау жүйесінің негізінде жатқан басты принцип — өздігінен, мүмкіндігінше, өз бетінше дамуды барынша ынталандыратын көмек беру болып табылады. Бағдарламаның мақсаты – бизнестің тиімділігімен бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Осыған байланысты мынадай шараларды атап өтуге болады. Фирмалардың позицияларын нығайтуға байланысты — картельдік құқық. Картель қызметін қадағалаушы ведомство кәсіпорындардың кооперациялануына жеңілдік жасайды.

Бизнеске қолдау жасаудағы құрылымдық-саяси шаралардың тағы бір бөлігі меелекеттік тапсырмаларды бөлуге қатысудағы олардың құқықтың жағынантеңдігін қамтамасыз ету. Тағы салық салудағы жеңілдіктер. Германияның жаңа аймақтарында қазіргі кезде кеңінен пайдаланылып жүрген бұл жұмыстың 3 түрі бар: 1. амортизациялық аударымдардың арнайы нормалары; 2 пайданың салқ салынбайтын резервтерін жасау; 3 салық ведомстволары төлейтін инвестициялық үстемелер.

Қаржы жағынан қолдау. Федералды үкімет тарапынан берілетін салыстырмалы түрде пайыз ставкасы төмен және жеңілдік жағдайын пайдалана отырып, ақшаны қайтаруға мүмкіндік тудыратын несиелер – бизнес үшін айтарлықтай қамқорлық болып табылады. Жаңа жұмыс орындарын ашу мен экономиканың аймықтық құрылымын жақсартуға ынталандыратын арнайы несиелерді жергілікті үкіметтер береді. Инновациялық салаға көмек.

Ол көмектің ұйымдық формалары әралуан: индустриалды және ғылыми парктер, жұмыс бабына қарай бөлмелер бере алатын, ақпараттық банктерге енуге, консультацияларға, капиталдарға қатысуға рұқсат беретін мүмкіндіктері бар инновациялық орталықтар. Бизнес саласында инновацияны мемлекеттік қолдау олардың ғылыми мекемелермен бірлесіп жұмыс істеуіне көмектесу, қажетті ақпараттық және консультациялық инфрақұрылымды жасау, технологияны алуды жеңілдету ғылыми қызметкерлерді жәрдемдесу жұмыстары арқылы іс жүзіне асырылады.

Кәсіпкерлер мен менеджерлердің білімін жетілдіруге көмек. Кәсіпкерлерді оқыту жаңа кәсіпорын құрушылар үшін арнайы семинарларды тұрақты түрде өткізіп тұратын сауда-өнеркәсіптік палаталар жүйесінде жүргізіледі. Ақпараттардың маңызды көзі ретінде сыртқы сауда және нақты белгілі бір елдердің рыногына шығу жөніндегі проблемалар бойынша ұйымдастырылатын кездесулерді атауға болады.

Консультациялық қызмет. Мемлекеттік органдар, бір жағынан кәсіпкерлерге арнайы мамандардың қызметі арқылы кһөмек көрсетеді; екінші жағынан, жеке консультация жүргізген жағдайда фирмалардың ол үшін жұмсайтын шығындарының айтарлықтай бөлігін өтеуді өз мойнына алды.

Енді біз осы шет елдік, атап айтқанда, германиялық тәжірибені өзіміздің отандық кәсіпкерлік проблемаларын шешуге қолдану мүмкіндіктері жөніндегі мәселелерді қарастыруымыз керек. Ол өз алдына жеке қарастыруды қажет ететін мәселе. Соған қарамастан, біздің ойымызша, аталған мәселелер біз үшін творчестволықпен ой елегінен өткізуді және соның негізінде пайдалы ұсыныстар жасауды талап етеді.

    1. Кәсіпкерліктің мәні және маңызы

Кәсіпкерлік ұғымының тарихи орта ғасырдан басталады. Тіпті сол кезеңдерде саудагерлер, қолөнершілер, үгіттеушілер бастаушы кәсіпкерлер ретінде болған. Орта ғасырларда «кәсіпкер» деген термин одан да бұрынғы «антрепренер», яғни француз сөзі «делдалдық» екі мағынада қолданылды: 1) түрлі мереке мен музыкалық көріністі ұйымдастырушы; 2) өндірістік немесе құрылыс жобаларын басқарушы. Ал «кәсіпкерлік» ұғымын ең алғаш ХVIII ғасырдың басында ағылшын экономисі Ричард Контильон (1680-1734жж) енгізген. Ол «кәсіпкер» деп нарық жағдайында әрекет жасайтын адамды айтқан.

Егер «кәсіпкерлік» терминінің эволюциясының қалай қалыптасқанын қарастыратын болсақ:

1723ж : Парижде басылып шыққан «коммерцияның жалпылай сөздігінде» ең алғаш «кәсіпкер» ұғымы, яғни «обьектіні өндіру немесе құруда өзіне міндеттеме алатын адам» пайда болған;

1725ж.: Р. Контильон : кәсіпкер – ол нарық жағдайында тәуекел етуімен байланысты іс-әрекеттер жиынтығын жүзеге асыратын адам;

1776ж.: Адам Смит, кәсіпкерлік – кәсіпорынның меншік иесі;

1797ж : К. Бодо, кәсіпкер – ол белгілі бір жүзеге асырылатын іске жауапкершілігі бар адам;

1803ж : Ж.Б.Сей, кәсіпкерлік – екі өндіріс факторлары еңбек пен капиталдың тәуекел жағдайындағы шығармашылық үйлесуі;

1876ж : Ф. Уокер, кәсіпкер — ол өзін ұйымдастырушылық қабілеттілігі мен пайда табатын адам;

1934ж : И. Шумпетер, кәсіпкер – ол инновациялардың көзі және дамудың қозғаушы күші, новаторлар;

1964ж : П. Друкер, кәсіпкер — белгілі бір мүмкіндіктерден мейлінше көп пайда түсіретін адам;

1975ж : А. Шапиро, кәсіпкер – ол әлеуметтік экономикалық механизмдерді ұйымдастырушы.

Қазіргі кездегі кәсіпкер деп – пайда табуға бағытталған және тауарларға ( қызмет, өнім) сұранысты қанағаттандыру арқылы өз атынан жүзеге асыратын жауапкершілікті, инициативті қызметті атқарушы азаматтар.

Бұл тұрасында ҚР-дың Азаматтық Кодексінің 10-ші бабында: «меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға ( жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттындыру арқылы пайда табуға бағытталған ынталы қызмет» және ол кәсіпкердің өз атынан, оның тәуекелдері мен мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады делінген.

Кәсіпкерліктің бірнешінеше анықтамаларын қарастыру негізінде бұл ұғымның негізгі құрамдас бөліктерін атауға болады:

  • жауапкершілік, тәуекел, инициатива;
  • жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау;
  • құралдарды іске асыру еркіндігі;
  • жаңа шешімдерді,идеалдарды іздеу.

Жоғарыдағы кәсіпкерліктің құрамдас бөліктері менеджмент фукнкцияларымен байланыстыеркіндігін көтеруге болады. Сонымен, кәсіпкерлік дегеніміз – ол жеке бизнесті ұйымдастыра білу және осы жеке бизнесті жүзеге асырумен байланысты функцияларды табысты, тиімді түрде іске асыру болып табылады.

Жалпы кәсіпкерлік қатнастарды қарастырудың алғашқы сипаты – олардың субьектісі мен обьектісі. Кәсіпкерліктің субьектісіне экономикалық қызметке қатысушы түрлі мүшелерді, алдымен жеке дара индивиттерді жатқызамыз, содан соң кәсіпкерлік қызметті бір топ адамдар жүзеге асыратын ұйымдар, яғни акционерлік қоғамдар, кооперативтер, шаруашылық серіктестіктер.

Ал кәсіпкерліктің обьектісі – ол адамның белгілі бір қызметі, нақты жағдайда: новаторлық, жаңашылдық, ерекше мағынадағы өндіріс, айырбас, бөлудің әртүрлі факторларын қосу. Кәсіпкерліктің соңғы нәтижесі — өндірілген өнім мен қызмет.

Сонымен қатар, кәсіпкерлікті процесс ретінде қарастыруға болады, ол төрт сатыдан тұрады:

  • жаңа идеяларды іздестіру мен бағалау;
  • бизнес-жоспарды құру;
  • қажетті ресурстарды іздеу;
  • құрылған кәсіпорынды басқару.

Бұл аталған сатылар бір –бірімен тығыз байланысты. Бірінші кезеңде , барынша көп табыс келтіру — кәсіпкерліктің ең қозғаушы факторы. Кәсіпкерлер өзіне тиімді өзгерістер, яғни жұмыстарына жаңалықтарды енгізеді, мақсаты – пайда табу. Нарыққа жаңа тауар ұсынған алғашқы фирма оларды белгілі бір уақытқа дейін баламалы құннан жоғары бағамен сатады. Міне осы қабілет әдеттегіден ерекше шешім қабылдау қабілетін және іске шығармашылықпен қарау іскерлік әлемде жоғары бағаланады.

Екінші кезеңде, ең күрделі мәселе – бизнес-жоспарды құру методологиясы жатады, яғни өзіне нарық сигменттерін қосатын, оның көлемін және негізгі сипаттамаларын, маркетинг жоспарларын, өндіріс және қаржылық жоспарларды қамтамасыз ету.

Үшінші кезеңде, ең бастысы қандай ресурстар қажеттігін нақты бағалау; бастапқы деңгейден қайталама деңгейді ажырата білу; ресурстар жетіспеушілігімен байланысты теріс зардаптады бағалу жұмыстары жүзеге асырылады.

Төртінші кезеңде, пайда болған кәсіпорынды басқару. Ол нақтыланған өнім стилінің басқарушысынан тұрады, ұйымдық құрылым құруды ұйымдастыру, табыстың шешуші тетіктерін және де әлсіз жақтарын табу арқылы қызметтің бағалануы арқылы шешім қабылдаудан тұрады.

Кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізу тәсілі ретінде бірнеше негізгі белгілері бар. Оның ішінде ең негізгілердің бірі – шаруашылық субьектілерінің еркіндігі мен тәуелсіздігі. Олардың егемендігі нарық механизмі әрекетін қамтамасыз ететін тәртіп қалыптастырады. Жалпы бизнестің негізгі талабы – экономикалық іс-әрекеттердің әртүрлілігіне қарай іздеу мен таңдау еркіндігі.

Әрбір қызметші өзі істей алатын еңбекпен айналысуға құқығы бар. Алайда қандай еркіндік болмасын көптеген жағдайлармен шектелген, олар сыртқы ортамен субьектілер әрекетінің нәтижесінен шығады. Дегенмен, кәсіпкерлік қызметтің басты шарты – барлық мүмкіндіктер деңгейі тұрғысынан шешім қабылдау өзбеттілігі мен еркіндігі болып табылады.

Кәсіпкерлікке тән тағы бір сипат шаруашылық жүргізудегі тәуекелге баруы. Тәуекел – жоспар немесе болжауды қаратырылған нұсқалармен салыстырғанда табыс ала алмау немесе зиян шегудің ықтималдылығы. Шаруашылық тәуекелді негізінде мүмкін болатын және шығындар мен нәтижелердің ара – қатнасы жатады.

Кәсіпкерлік қызметтің келесі белгісі – ол толық экономикалық жауапкершілік және бұл мүліктік және кәсіпкердің өз атынан жүзеге асырылуы. Кәсіпкерлер өз міндеттері бойынша өзіне тиесілі бүкіл мүлкіне жауап береді. Сонымен қатар, өзіне тиесілі өндіріс құралдарын тиімді пайдалану; қоршаған ортаны ластамау; өндірістің қауіпсіздік ережелерін бұзбауға; санитарлық гигиеналық нормаларды сақтауға міндетті кәсіпкерліктің жүзеге асырушыларының ерекше белгілері ретінде жаңашылдық; шығармашылық ізденіс; жауапкершілік; іскерлік этикет әрекеттері; жеке қабілеттер мен қасиеттерін жатқызуға болады. Міне осы қабілет — әдеттегіден ерекше шешім қабылдау қабілетін және жағдайға шығармашылықпен қарау іскерлік әлемде жоғары бағаланады және нәтижелі сипатта болады.

Кәсіпкер – қызметінің сферасына байланыссыз өз қабілеттерін келесі функцияларды орындау арқылы жүзеге асырылады:

  • нарықты зерттеу арқылы төлем қабілеті сұранысы бар тауарлар мен қызметтерді іздеу;
  • тауарды өндіру немесе қызмет көрсету үшін қажетті ресурстарды бағалау;
  • төмен бағалы ресурстар нарығын іздеу;
  • бизнесті жаңа техника, технология және менеджмент негізінде ұйымдастыру және оларды басқару;
  • маркетингтің қазіргі заманғы принциптерін пайдалану арқылы тауарлар мен қызметтерді сату, тарату;
  • табыстарды тұтыну және жинақтау қорлары арасында, т.б. бөлу.
    1. Кәсіпкерліктің түрлері

Кәсіпкерлік қызметті әр түрлі міндеттемелері мен белгілері бойынша сыныптауға болады, бірақ теория мен практикада келесі белгілері бойынша классификациясы қалыптасқан: меншік формасы бойынша, заңдылығы, аймақ көлемі, түрлі аймақтарға таралуы, құрушылар қүрамы, айналым көлемі, персонал саны, табыстылық деңгейі мен осу қарқыны, жаңалықтарды пайдалану деңгейі және т.б.

Меншік формасына келетін болсақ нарықтық экономикада кәсіпкерлік негізінен 2 формада:

-мемлекеттік;

-жеке меншік формаларында дамып келеді. Жеке меншік:

-индивидуалды;

-коллективті формаларда көрініс табады.

Заңдылық белгілері бойынша кәсіпкерлік:

-заңды;

-заңсыз;

-алдамшы кәсіпкерлік болып бөлінеді.

Алғашқы түрлері бойынша біздің түсінігіміз бар, ал алдамшы кәсіпкерлікке анықтама беріп кетейік. Бүл кәсіпкерлік түрі азаматтарға, үйымдарға, мемлекетке залалын тигізетін, кәсіпкерлік және банктік қызметпен айналысу мақсаты жоқ, мақсаты: несие алу, салықтан босатылу, басқа да мүліктік пайда алуды және заңсыз қызмет түрін жасыру үшін қүрылған коммерциялық үйым.

Қызметінің түрлі аймақтарға таралуы бойынша:

-жергілікті;

-үлттық;

-халықаралық;

-әлемдік;

-аймақтық болып бөлінеді.

Қүрылтайшылар қүрамы бойынша:

-әйелдер;

-жасөспірімдер кәсіпкерлігі болып бөлінеді.

Көптеген елдерде әйелдер және жасөспірімдер кәсіпкерлігінің дамуына қолдау көрсетумен айналысатын ассоциациялар қызмет етуде. Мысалы, Ресейде Ресей кәсіпкер әйелдер ассоциациясы құрылған.

Даму қарқыны мен табыстылық деңгейі және түсімділігі бойынша кәсіпкерлік ұйымдарды:

-қарқынды өспелі;

-даму қарқыны бәсең;

-жоғары табысты;

-рентабелділігі төмен үйьшдар деп жіктейміз.

Өзінің қызметінде инновацияларды, жаңалықтарды, жаңа технологияларды, жаңа тауарларды өндіру мүмкіншіліктерін әрдайым іздестіру, жүмыстарды атқару, қызмет көрсету, жаңа өткізу нарықтарын жаулау, өндіріс факторларын жаңадан комбинирлеу негізінде жаңа сүраныс пен үсыныстың қалыптасуы прогрессивті маркетингтің инновациялық менеджментін қолдануда кәсіпкерлік қызмет шығармашылық-іздестірушілік, өнімді белгілі әдістер мен белгілі еңбек өнімдерін ұдайы өндіруге бағытталған және т.б. болады.

Өз ісінің құрылтайшылар көлеміне байланысты

-жеке кәсіпкерлік .

-колективті кәсіпкер болып бөлінеді .

Жалпы персоналдық тізімі, жарғылық капиталдағы басқа да субъектілер үлесі бойынша: шағын кәсіпкерлік. Егер кәсіпкерлер ұйымды құруда Қазақстандық құрылтайшылармен бірге шетелдік құрылтайшылар болса, ондай кәсіпкерлік «біріккен» деп аталадыі

Құру механизміне, құрылтайшылар санына, қызмет ету және басқару процесіне байланысты: жай және күрделі кәсіпкерлік үйымдар деп аталады.

Коммерциялық кәсіпкерліктің қызмет алаңы болып тауарлы биржалар және сауда үйымдар деп аталады .

Тауарлы биржа-бүл сатып алушымен үлгілермен ертеректе жасалған тауардың минималды партияларын алдын ала тексермейтін көтерме тауарлы нарықтың көп түрлілігі. Тауарлы биржада коммерциялық делдалдар мен олардың қызметкерлері бірлесіп келісілген ережелер бойынша сауда операцияларын жүргізу үшін өз еріктерімен бірлеседі.

Бүл биржаның мақсаты- еркін бәсекелестіктің басқару механизмін қүру және оның көмегімен сүраныс пен үсыныстың өзгеруі есебінен нақты нарықтық бағаларды анықтау. Тауарлы биржа- стандарттармен сатылатын

жалпы алмастырушы тауарлардың түрақты қызмет атқарып отыратын көтерме нарықтың едәуір жетілген формасы.

Тауарлы биржалар келесі функцияларды орындайды:

-сауда келісімдерін жасауға делдалдық қызмет көрсету;

-тауарлы сауданы, сауда операцияларын реттеу және сауда дауларын шешу;

-бағаға әсер ететін факторлар, бағалар жағдайы туралы мәліметтер жинау;

Тауарлы биржалар ашық және жабық болуы мүмкін. Жабық биржадағы саудаға тек брокерлер- сатушы мен сатып алушы ортасына түсетін биржалық делдалдар қатыса алады, ал ашық биржадағы саудаға барлық азаматтар қатыса алады.

Кәсіпкерлік қызметтің ерекше түрі болып қаржылық кәсіпкерлік табылады. Оның қызмет аясы- айналым, баға алмасулар. Қаржылық қызмет өндірістік және коммерциялық, сонымен қатар жеке де болуы мүмкін .

Қаржылық кәсіпкерліктің негізгі қызмет алаңы болып коммерциялық банктер мен қор биржалары табылады.

Коммерциялық банктер- бүл коммерциялық үйымдарды төлемді негізде несиелейтін, ақшалай салымдарды қабылдаған және де басқа есепті операцияларды клиенттер тапсырмасымен орындайтын акционерлік типтегі қүрылым. Коммерциялық банктің табыс көзіне депозиттік және қарыз қүралдарының пайыздық ставкаларының айырмасынан түскен түсім жатады.

Коммeрциялық банк операциялары 3 топқа бөлінеді:

-пассивті;

-активті;

-коммиссиялы-делдалдық;

Қор биржасы- капитал мобилділігінің жоғарлауына әсер етіп, активтердің нақты қүнын шығаруға септесетін ылғи қызмет атқарып тұратын, үйымдасқан-әрленген бағалы қағаздар нарығы түсіндіріледі. Қор биржасының қызмет ету принцип! үсыныс пен сүранысты оперативті реттеуге негізделген.

Қор нарығында бағалы қағаз катировкасы жүргізіледі. Олар биржадан өтетін барлық бағалы қағаздар үшін сатып алушылар мен сатушылар биржаларының бағамдары бойынша әрдайым арнайы мамандармен бағаланып отырады. Ағымдаға бағамдар әрдайым арнайы формулалар

бойынша есептеліп, биржалық белсенділік индексін алуға негіз болып, сол уақытта белгілі акцияларды сатып алуға болатындығын корсегеді.

Сондай-ақ айта кететін бір жайт мемлекеттік-монополистік капитализм жағдайында бағалы қағаздарды сатуда биржа рөлі біршама төмендеді. Мүның басты себебі бағалы қағаздарды сатудың үлкен үлесін өздеріне шоғырландырған мықты несие-қаржылық институттардың қүрылуы болды. Бағалы қағаздарды сатуда мемлекеттік облигациялар-ң ұлғаюы да әсер етті.

«Консультант» сөзі латынның «кеңес беруші» дегенінен шыққан. Бұл сөз белгілі бір салада өз мамандығы бойынша сауалдарға кеңес беруші маман екенін түсіндіреді. Шетелдік практикада басқару сұрақтарына коммерциялық ақылы кеңес беру «консалтинг» деп аталады.

Нарықты экономикалы өнеркәсібі дамыған елдерде консул ыациялық қызмет формасындағы интелектуалды капиталға салымдар жаңа жабдықтар мен озық технологияға салымдарға қарағанда тиімдірек деп есептелінеді.

Консалтінгтік қызметтер ауызша бірлік кеңестер формасында болуы мүмкін. Бірақ олар жиі-жиі консалтингтік жобалар түрінде үсынылып, келесі негізгі этаптардан түрады:

-проблеманың анықталуы;

-жобаның шешімдерін дайындау;

-жобаның жүзеге асырылуы;

Қорытынды этап жоба көлеміне тәуелді, бірнеше айға созылуы мүмкін. Кеңес беру әдістері әр түрлі болуы мүмкін, неғүрлым кең қолданылатын 3 түрі бар:

-эксперттік;

-үрдістік;

-баулашы;

Экспертік кеңес беруші- консалтингтің неғүрлым белсенді емес формасы. Мүнда кеңес беруші өзі диагностика жасап, шешімдерді дайындап оларды ендіру туралы түсінік береді, ал клиент кеңес берушіні қажетті ақпараттармен қамтамасыз етеді.

Үрдісті кеңес беруде- кеңес беруші фирма мамандары жобаның дайындалуының барлық кезеңдерінде клиентпен озара белсенді қызмет атқарады. Оган өз идеяларын айтуга мүмкіндік береді.

Баулушу кеңес беруде мамандардың басты мақсаты идеялардың тууына, шешімдердің табылуына қолайлы жағдай дайындау арқылы барлық . теоретикалық және практикалық ақпараттарды үсынады.

Өндірістік кәсіпкерлікті кәсіпкерліктің жетекші түрі деп айтуға болады. Мүнда өнім, тауар, жүмыстар, қызметтер, белгілі рухани қүндылықтар жасалады.Бірақ нақ осы қызмет аясы нарықтық экономикаға өтуде: шаруашылық байланыстар-ң құлауы, материалды-техникалық жабдықтардың бүзылуы, өнім өткізудің күрт төмендеуі, кәсіпорынның қаржылық жағдайының нашарлауы секілді негативті өзгерістерді бастан өткерді.

Өндірістік қызметпен айналысқысы келген әр кәсіпкер ең алдымен қандай тауар өндіруді және қандай қызмет түрін көрсеткісі келетінін анықтап алуы тиіс. Содан соң бүл кәсіпкер маркетингтік зерттеугу кошеді. Тауарға сүранысты анықтау үшін ол тікелей түтынушылырмен, тауарды сатып алушылармен, когерме және бөлшек сауда үйымдарымен байланысқа түседі. Бүл келіссөздерің формальді аяқталуы болып кәсіпкермен келешек тауар сатып алушы арасында жасалған келісім шарт табылады. Мұндай келісім шарт кәсіпкерлік тәуекелділікті минимумдауға септеседі.

Өндірістік кәсіпкерліктің келесі сатысы өндіріс факторларын жалға алу немесе иемдену. Өндіріс факторлары қатарына: өндірістік қорлар, жүмысшы күші, ақпарат және т.б. жатады. Өндірістік қорлар өз кезегінде негізгі және айналым қорларына бөлінеді.

Негізгі өндіріс қорларына: қүрылыс, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш жіне реттеу қүралдары, өндірістік инвентарь және басқада негізгі қорлар.

Өндірістік айналым қорларын шикізаттар, негізгі және көмекші материалдар, жанармай және энергетика ресурстары, күны аз тез тозатын қүралдар және ремонтқа қажетті бөлшектер қүрайды.

Қаржы қүралдарына және оның есебі кәсіпкерлік істі жүзеге асыру ақшалай шығындармен байланысты өндірістік кәсіпкерлік қызметте ақшаға жалпы қажеттілікті мынандай формуламен есептеуге болады:

Акг= Аж+Ам+Ажқ+Аа+Ақк, мүндағы: Аж-жалдамалы жүмысшыларга төленетін еңбек ақы. Ам-шикізат, материал, жабдықтаушы онімдер және т.с.с. кететін ақша.

Ажқ-жұмыс құралдарын сатып алу, қолдануға жұмсалатын ақша.

Аа-керекті ақпараттарға жұмсалатын ақша.

Ақк-ұйымдар мен тұлғалардың көрсеткен қызметін төлеуге кеткен ақша.

II-Тарау. Кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірибелері

    1. АҚШ-та кәсіпкерлікті ұйымдастыру ерекшеліктері.

Бүкіл дүние жүзінде шағын және орта бизнестің экономика құрылымындағы үлесі жоғары. Сол кәсіпкерліктің даму деңгейіне елдің экономикалық дамуының өсуі тәуелді болады. Әсіресе соңғы кезеңдерде АҚШ-та шағын кәсіпкерліктің кеңінен дамуы орын алып отырғандығы байқалып отыр. АҚШ-та шағын бизнеске жұмыскерлер саны 50 адамға дейінгі шағын және орта фирмалардың жиынтығына тең формалар болып табылады. Бұл фирмалар американдық фирмалардың 99% қамтиды. Бұлардың негізгі бөлігі ұсақ, көбінесе жанұялық немесе жеке кәсіпорындар.

Мұндай фирмалардың 87% саны 20-дан аспайтын, ал 80% 10-нан аспайтын адамдар жұмыс істейді. 1980 жылдардың аяғында АҚШ-та шағын фирмалардың өсуі сандық және сапалық жағынанда ерекше байқалады. Мысалы үшін тек 1988 жылдардың өзінде ғана 1млн. шағын кәсіпорындар пайда болса, ал 1999 жылы 1,3 млн. шағын фирмалар құрылды. Мұның алдындағы жылдары жыл сайын 600 мыңға жуық қана шағын кәсіпорындар өмірге келіп отыратын болатын. АҚШ-та шағын және орта фирмалар жалпы ұлттық өнімнің 40% өндіреді, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіпте 21%, құрылыста 80%, көтерме саудада 86%, қызмет көрсету саласында 81% құрайды.

АҚШ экномикасында олар ғылыми – техникалық прогресс сферасына жататын барлық жаңалықтарды жасаудың, игерудің және өндіріске енгізу тең жартысына жуығын қаматамасыз етеді. Өндіріске жұмсалған әрбір доллар шығынға олар ірі кәсіпорындармен салыстырғанда орташа есеппен алғанда 17 еседен көп ғылыми жаңалықтар енгізуде. Шағын инновациялы өндіріс мұнда ғалымдар және инжинерлер, сол сияқты тапқырлардың еңбегінде ұйымдастырылады.

Бүгінгі таңда жыл сайын құрылатын 600-700 мың фирмалардың 1/8 бөлігін ғылыми-техникалық жаңашылдық өндірісінде мамандандырылған, сонымен қатар, АҚШ-тың инновациялық саясатының негізгі бағыттарының бірі – ол қаржы түсімдерін реттеу болып табылады. Ол екі бағытта құрылады:

  1. бюжеттен мақсатты бағытталған субсидияландыру арқылы;
  2. қаржыландыру үшін жеке капиталдарды тарту;

Бұл бағытты іске асыруда АҚШ-та шағын бизнестің әкімшілігі

( ШБӘ) құрылған және ол шағын кәсіпкерлікке қаржылық, консультациялық, материалдық көмектеседі, кәсіпкерлерді оқыту мен дайындауды жүзеге асырады. Шағын бизнес әкімшілігі шеңберінде АҚШ-та келесі бағдарламалар жүзеге асырылады:

  • халықаралық саудаға көмектер;
  • зерттелу мен жобаларды жасауға көмектері және қаржыландыру;
  • ұлттық кәсіпкерлікті дамыту;
  • әйел кәсіпкерлерге жағдай жасау;
  • ардагер — кәсіпкерлерге көмектер;

Сонымен қатар, АҚШ-та шағын кәсіпкерліктің субьектілеріне қаржы ресурстарын қамтамасыз ету келесі бағыттарды қарастырады:

  • шағын кәсіпкерлікті инвестициялауды компаниялардың конкурстық негізде несиелермен қамтылуы;
  • қарыздар мен несиелер негізінде мемлекеттік іс ұсынылуы (ШБӘ 25 жылға дейін 750 мың долларға дейінгі саудалар береді;
  • қошаған ортаны қорғауға байланысты шағын бизнесті қаржыландыру ( бұл жағдайда ШБӘ максималды деңгейі бір млн. доллар мөлшерінде сауда береді).

Сонымен қатар, АҚШ-та қолдау жұмыстары шағын кәсіпкерлік субьектілеріне салықтық жеңілдіктер берумен ерекшелінеді. Мысалы, табысы 50 мың доллар кәсіпорындарға 15% салық мөлшерлемесі бекітілген, 70 мың долларға дейін табысы бар шағын фирма салық нормасы 25 %; ал ең жоғарғы мөлшері 34%. Барлық федералды ведомоствалар мен 12 шағын бизнесті дамыту мекемелерінің 100млн. долларлық бюджетінен шағын ғылыми зерттеу фирмалар қызметін қаржыландыруға өздерінің 1,25% қаржы ресурстарын бөлуге міндетті болып табылады.

Өтпелі кезең экономикасында шағын кәсіпкерлік мәселесі дамыған мемлекеттер тәжірибелерін талдау маңызы өседі. Дамыған капиталистік мемлекеттердің тәжірибелерге талдау көпшілігінде шағын және орта фирмалардың жалпы жұмысбастылықтағы үлесінің артуын көрсетеді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Сонымен, мен курстық жұмысымда көптеген мәселелерді қарастырып шықтым. Алдыма қойған мақсаттар мен міндеттерді іске асырдым, яғни кәсіпкер терминіне анықтама бере отырып, оның түрлерімен формаларын білу кәсіпкерге өзінің ісін дұрыс істеуге сонымен қатар экономикалық және заңды шешімдерді тиімді қабылдауға мүмкіндігі болатынын қарастырып өттім.

Осы кәсіпкерлікке байланысты қабылданған заңдарға сүйене отырып, олардың дұрыс іске асу жағдайына тоқталдым.

Еліміздің кәсіпкерлік қызметіндегі кездесіп жатқан қиыншылықтарды және олардың шешу жолдарын, сонымен қатар оның дамуына әсер ететін факторларды және кәсіпкерлік қызметті дамыту жолдарын, сонымен қатар шет елдік, әсіресе оның ішінде Германия Федеративті мемлекет пен Америка Құрама Штаттарының кәсіпкерлік қызметін қарастырып, отандық кәсіпкерлеріміздің деңгейімен салыстырдым.

Осы кәсіпкерлікке байланысты қабылданған заңдарға сүйене отырып, олардың дұрыс іске асу жағдайына тоқталдым.

Пайдаланылған әдебиеттер көздері

  1. Под ред. Жатканбаева Е. Б. «Малое предпринимательство» , Алматы 2001 г.
  2. Казахстан и мировой опыт рыночной трансформации, Арынов Е. М. – 2003 ж.
  3. Ғылыми-практикалық халықаралық конференция материалдары боиынша; Алматы – 1999 ж. және 2001ж.
  4. Жатқанбаев Е. Б. «Основы смешанной экономики» Алматы-1992 г.
  5. Катенова С.Д. «Факторы и особенности развития малого предпринимательство» (Материалы международной научно – практической конференции Алматы КазГУМО 1999 г.)
  6. Назарбаев Н. А. «Қазақстан — 2030» Алматы 2002 г.
  7. «Вестник предпринимателя» 2004г.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ