Қазақстан Республикасының Конституциясы

0
4334
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Ж о с п а р

Кіріспе

І тарау. Қазақстан Республикасының Конституциясы

1.1 Конституция мемлекеттің негізгі заңы

1.2 Конституция – қоғамдық қажеттлік заңдар жинағы

ІІ тарау. Қазақстан тәуелсіз демократиялық мемлекет

2.1 Қазақстан Республикасы егеменді тәуелсіз мемлекет

2.2 Қазақстан Президенттік республика

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазаққстан тәуелсіздігін алғаннан кейін егеменді ел ретінде өз ата заңын өзінің төл Конституциясын құруы тиіс болды. Әрине Конституция жобасы алдыңғы қатарлы дамыған елдердің үлгілерімен, сонымен қатар шет елдерден заңгер практиктер консультанттар келіп көмектесті. Қазақстан өз конституциясын 1993 жылы қабылдады, бірақ уақыт сынында жаңа заман талабына сай конституция қабылданды. Қазақстан ата-заңының мәнін ашып көрсету мәні мен мағынасы ең өзекті мәселе болып табылады.

    1. Конституция – мемлекеттің негізгі заңы

Біз ортақ тарихи тағдыр біріктірген, қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттік құра отырып өзімізді теңдік және татулық мұраттарына берген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып дүние жүзілік қоғамдастыққа лайықты орын алды тілей отырып жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып осы конституцияны қабылдаймыз деп басталады еліміздің ата заңы.

Адам қоғамыныцң заңсыз өмір сүре алмайтыны белгілі, ал, қоғамның барлық өмір аяларында болып жататын құбылыстардың бәрін заңмен басқару үшін қажетті нормативті актілердің саны қанша болуы керектігін ешкімде дәл тауып айта алмас еді. Дамыған демократиялы елдерде әрекет ететін заңдар мыңдап саналады. Сол заңдардың бәрінің бастау алар негізі – Конституция болып табылады. Өркениетті қоғам конституциялық заңдылыққа бағына отырып дамиды.

Мемлекет түрлері көп болса да олардың бәріне ортақ белгілері болады. Конституцияда мемлекеттің құрылымы түрлері (унитарлық, федерация немесе конфедерация) мемлекетті басарудың (монархия әлде республика) формалары анықталады. Мемлекеттің негізгі құқықтары, бостандықтары мен міндеттері көрсетіледі. Мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретінде Конституция бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі болып табылады. Өзге номативтік актілердің бәрі конституциялық ережелеріне негізделіп қабылданады. Сондықтанда оның басқа нормативтік актілерінде кездеспейтін өзіне тән белгілер болады.

Конституция (латын. Constitutio – құрылу өнім ) қоғамдық және мемлекеттік органдар жүйесін олардың түзілу реттілігі мен қызметін азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттің негізгі заңы. Конституцияның мәні мемлекеттік негізгі заңдылық мүдделерін халықтың шын мәніндегі еркіне сай келуімен және құзіреттілігімен айқындалады.

Конституцияны жасауға саясатшылардың, философшылардың, әлеуметтанушылардың, құқықшылардың, мәдениеттанушылардың, тарихшылардың, экономистердің, өзге де мамандық иелердің және қарапайым халықтың бірнеше ұрпағы қатысады. Оның жасалу үрдісі кейде ондаған жылдарға созылуы мүмкін. Сондықтан мемлекеттілік даналықтың жинақталған нысанының көрінісі ретіндегі конституцияны қабылдау аса зор жауапкершілікті қажет етеді.

Бүкіл қоғамның тағдырын айқындайтын негізгі заң болғандықтан конституцияға өзгеріс енгізу реттілігі де өте қатаң және ондай әрекет жиі қайталана бермейді. Батыстың классикалық демократиялы кейбір елдері жүздеген жылдар бойы конституцияларын өзгертпей орнықты өмір сүріп келеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясында халық ұғымына барлық ұлттық топтарды түгел қамтитын тұтас әлеуметтік саяси құбылыс ретінде түсіндіреді. Халық әлеуметтік таптарға, топтарға бөлінбей сонысымен қоғамда бейбітшілікті сақтауда маңызды роль атқара алады. Конституция адамдарды мүліктік жағдайларына қарай алаламайды. Түрлі әлеуметтік топтардың ешқайсысын жатқапшықпайды,өзін халықтың белгілі бір ғана тобының заң шығарушылық акті деп танымайды.

Конституция мемлекетті әлеуметтік деп яғни бүкіл халықтық бір тобының есесінен оның екінші бір тобына артықшылық бермейді. Мемлекет халықтың барлық топтарына олардың әлеуметтік жағдайына сәйкес қамқорлық жасауға тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциясы түрлі әлеуметтік топтардың құқықтарына шек қоймай, тұтас халықты конституциялық – құқықтық қатынастардың субъектісі деп таниды.

Көп ұлтты Қазақстан қоғамының жағдайында «халық» деген ұғымға қазақ ұлтымен қатар барлық ұлттық диаспоралар чмен этностар өкілдері де кіреді. Қазақ ұлты мемлекеттік, яғни бүкіл халықтық әлеуметтік базасының ұйытқысы болғанымен , оған айрықша құқықтық әлеуметтік экономикалық немесе мәдени артықшылықтар берілмейді.

Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін артықшылық деп санауға болмайды. Өйткені ол қазақ тілінің табиғи құқығы. Егер Қазақстанның мемлекеттік мәртебесі болмаса, онда ол тілді қолданушылардың құқығы табанға тапталған болып шығар еді.

Қазақстан Республикасының Конституциясын жасаушы халық деп танылуы оның мазмұндық мәнін ашып береді. Сондықтан да Қазақстан Респуббликасының халқы осы Конституцияны қабылдаймыз деген сөздермен басталады. Қазақстан халқының референдумда қабылданды.

Қазақстан халқы Коституцияны қабылдаған соң бірден-бір субъектісі болғанынан оның құрылтайшылық сипаты туындайды. Халық мемлекеттік биліктің қайнары болуымен де дербестіктің шын мәніндегі кепілі. Қазақстан халхы мемлекетті осы Конституция арқылы құрды, Оның басқару және құрылу нысандарын әлеуметтік экономикалық құрылысының негіздерін адам мен азаматтың мәртебесін анықтады.

Қазақстан Республикасының конституциясына өзгерістер мен толықтырулар республикалық референдум арқылы енгізілуі мүмкін.Былайша айтқанда, халық конституцияны қабылдап қана қоймайды, ол конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселерді де шешеді, референдум өткізу жөнінде шешімді Президент қабылдайды. Егер Президент Конституцияға өзгертулер мен түзетулер енгізу мәселесін Президенттің қарауына беру туралы шешім қабылдаса, онда референдум өткізілмейді. 1998 жылы Конституцияға өзгертулер мен түзетулер енгізу осылай жүзеге асты.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 9 бөлімнен,98 баптан тұрды. Жалпы ережелер деп аталған І бөлімде Қазақстан Республикасының саяси сипаттамасы қызметінің түбегейлі ұстанымдары көрсетілген Президенттік басқару нысаны құқықтың қолданылуы айқындалған идеологияның және саяси алуандылық меншікке қатысты қағидалар тұжырымдалған. Қазақстан Республикасының Конституциясында «Мемлекеттік биліктің бірден- бір бастау халық» деп жарияланған.

Адамның құқықтары, бостандықтары мен міндеттері, азамат және азаматтыққа байланысты ережелері «Адам және азамат» деп аталған ІІбөлімде жинақталған берілген.

1.2 Конституция –қоғамдық қажеттілік заңдаржинағы

Қазақстан өз мемлекеттік тәуелсудігіне ие бслғаннан кейін егемен мемлекетпен оның азаматтарының өміріне тірек болатын барша құқықтың негізін қайта құру қажеттігі туды. Осы бағытта қыруар жұмыс істелді. Мемлекетті басқару, эконмика,әлеуметтік саяси өмір, мәдениет, құқықтық тәртіпті сақтау, елді қорғау, сыртқы саясат салаларын ретейтін көптеген заңдар мен жарлықтар қабылданып, жүзеге асырылуда.

Сол заңдарды сапалы және тиімді жасауға заңгер ғалымдар мен заңдер практиктер қатысып, олар халхаралықұйымдар мен шетел мамандарының беделді сарапшылығынан өткен болатын мысалы, қазақстан республикасының канституциясын бүкіл халық талқылап, республикалық референдумда қабылдады.

Сонымен қатар демократия мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына негізделген құқықтың мемлекетті азаматтардың құқықтық санасын қалыптастырмай олардың қоғам мен мемлекет алдында да өз міндеттерін түсінбей, қоғамдық өмірдің маңызды жақтары заң арқылы ретке келтірмей құру мүмкін емес. Сондықтан заң білімін насихаттаудың, халықтың тұрғыдан тәрбиелеудің үлкен маңызы бар.

Қазақстан Республикасы Президенттің 1995 жылы маусымның 21-де қабылданған Жалпыға құқықты оқытуды жүзеге асыру шаралары туралы қаулысының зор саяси маңызы бар Мектеп жасына дейінгі құқықыты оқыту және құқықытық тәрбие мәселесінің қажеттілігі мемлекеттік маңызы бар дәрежеге көтеріліп отыр. Құқықты оқыту, мен құқықтық тәрбие берудің маңыздылығы Қазақстан халқының алында қалып отырған тарихи мақсатына — құқықтық мемлекет қажет ол қоғам өмірінің демократизациялауға, адамгершілікке баулыуға, адамдардың жағдайына, ұлтына, мүліктік жағдайына, қызметіне жынысына т.с.с. белгілеріне қарап кемсітуді жоюға бағытталады.

Жаңа құқықтық қоғамды адамның дамуына, оның барлық қабілет мүмкіндігін өзінің және қоғамының игілігі үшін паьйдалануға бағыттауы керек. Міне осындай құқықтық жүйе Қазақстан Республикасы өз егемендігін иеленіп, тәуелсіз болғаннан бастап қалыптаса бастады. Бірнеше жыл дербес өмір сүру нәтижесінде Қазақстан Республикасында көптеген заңдармен құқықтық норм алапр қабылданып, олар адамдардың өмірінің түрлі салаларын реттеуге бағытталады.

Үш жылда Қазақстан Республикасының екі жаңа конституциясы жасалып, олар бұрынғы мемлекеттік мезанизмді өзгертіп, жаңа мемлекеттік және қоғамдық құрылысты жасаулы, жеке меншікті енгізу, жаңадан адамдардың құқықтарымен босатндықтарын белгіледі, түрлі ұлттар арасында жаңа қарым – қатынастар бастады.

Барлық қабылданатын зауыттардың басқа да нормативтік актілердің басым көпшілігі тікелей немесе жанамалап азаматтарға жеке адамға туғаннан бастап қатысы бар. Заңдарда нәрестелерді, мектеп жасына толмағандарды, оқушылардың, студенттерді, жұбайларды, жұмыскерлерді, әскери қызметкерлерді ата-ананы, мүгедектерді, зейнеткерлерді, кедейлерді, жұмыссыздарды т.б. қорғайтын құқықтық нормалары бар.

Демек әсарлеп айтқанда заң адамының өмірімен қпатар жүреді. Оның өмір сүруне лайықты жағдай туғызып отырады. Әрбір адам өзіне қажетті, құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет.

Бұл мәселенің екінші жағы бар: заң адамға міндеттер жүктейді. Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы, керек, олардың өміріне денсаулығына ар – амысына қол сұқпауы керек. Адамның қоғам мен мемлекет алдында міндеттері бар: мемлекетті қорғау, салық төлеу мемлекеттік рәміздерді құрметтеу оларды мүлтіксіз орындау қажет.

Әрине бірде-бір адамның елдегі қолданылып жүрген барлық заңдарды білу мүмкін емес. Дегенмен, күнделікті өмірге қатысты бар заңдарды қағидалардың жалпы нұсқауларын білген жөн. Ол үшін құқықты тануды жастайынан баяндау жақсы мен жаманды айыра бастаған кезінен жүргізген жақсы. Заң игілікті жақсы істерді, пайдалы әділ-әрекеттерді жасауға рұқсат береді.

Сонымен қатар жаман зиянды әділетс із әрекеттерге тиым салады. Мұндай сабақты адам күнделікті өмірден стихиялы түрде алып отырады. Бірақ мұндай білім адамның заң туралы маңызы бар екені туралы тұтас ой жүйесін қалыптастырмайды. Заңдар туралы, адамның құқықтары туралы жүйелендірілген білімді адам тек оқу барысында ала алады, сондықтан осы игілікті жұмысты неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым тезірек құқықтық сана қалыптасады.

Мемлекет пен құқық негізін оқыту алдында міне осындай мақсат қояды. Қазақстан Республикасының мектеп оқушыларының басты борышы Қазақстан дербес мемлекет болғаннан бергі жасалған заңдарды оқып – үйрену.

Оларды тану Қазақстанда қандай мемлекет құрылып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді, азаматтардың қандай құқықтары мен бостандықтары бар екенін, адамның заңды мүддесіне нұқсан келтірілсе, оларды үйренудің пайдасы сонда болады, егер біріншіден мұғалімнің заңның не екенін, олардың әлеуметтік маңызы қандай екенін, олардың әлеуметтік маңызы қандай екенін, заңның талаптары мүлтіксіз орындалғанда қоғамда қандай зиян келетінін түбегейлі білсе, екіншіден оқушылар зор ынта – қыласпен заңдардың мәнін мазмұныны ұғуға, түсінуге тырысулары қажет. Бұл да әрине жеткіліксіз.

Заң туралы алған білімді, заңның идеяларын өз жеке басының ой – жүйесіне сана – сезіміне айналдыру керек. Сөйтіп әр адам өзінің өміріні, іс — әрекетін заңдар талаптарына сай, сәйкес жүзеге асырулары қажет. Сонда ғана құқықтық білімнің жеке адам үшін, қоғам және мемлекет үшін пайдасы болады.

Кейбір заңдар көп жылдар бойы өзгермейді, ал кейбір заңдар өздерін өмірге келтірген жағдайлардың өзгеруіне байланысты өзгереді. Тұрақты заңдардың қатарына алдымен қылмыстық заңдар жатады, олар ондаған жылдар бойы қолданылады.

Мысалы, кісі өлтіру, ұрлық, тонау, әйелді зорлау. Мұндай жеке адамға қарсы қылмыстар барлық қоғамдарда да қылмыс болып саналады және оларға қатаң жазалар қолданылады. Ал мүліктік қатынастарды реттейтін заңдар әлдеқайда икемді. Бұл жағдай әсіресе бір экономикалық формациядан басқа құрылысқа көшкенде айқын байқалады. Қазақстан қоғамы соцализмнен нарықтық қатынастарға ауысуда. Осы көшуді қамтамасыз етуде заңның орны ерекше.

Сондықтан экономикалық қатынастарды өзгертуге бағытталған көптеген заңдар жасалуда. Бұл заңдарды оқып үйренудің маңызы зор, себебі өте күрделі өмірлік жағдайда жол табуға көмектеседі, сөйтіп адамның өміріін жеңілдетеді.

Қазақстан Республикасының азаматтарды құқықтық тәрбиелеу үшін шаралар қолданылуда. 1994 ж. Қазақ және Орыс тілдерінде «Қазақстан мемлекеті құқығының негіздері» атты оқулық жарияланды. Оның көптеген мәселелері, түсініктері, заңдарды талқылаулары әлі де болса күшінде. Әрине бұл оқулықтағы мәліметтерді оқығанда 1995 жылғы Қазақстанның Конституциясы, басқа да заңдардың енгізген өзгерістерін білу қажет екенін ойдан шығармау мәселелерін оқығанда осы тұңғыш дайындалған және мектеп, колледж, техникум оқушыларныа арналған хрестоматиялық көмегі тиеді.

Қазақстан Республикасы алдына демократиялық мемлекет құруды мақсат қылып қойып отыр. Мұндай мемлекет құрудың негізгі шарты – барлық азаматтарды ұлтына қарамай тек құқықты негізде біріктіру. Осы интернационалдық идеяға сүйене отырып, Конституция «Халық» деген ұғымды қолданады. Саяси – құқықтық мағынада «Халық» деген мемлекет көлемінде саяси әрекеттерге қатысуға қақысы бар барлық кәмелетке жеткен Қазақстан азаматтарының жиынтығы.

Қазақстан Республикасы – зайырлы мемлекет. Елімізде түрлі діни бірлестіктер әрекет етеді. Олар азамттардың діни сезімдерін қанағаттандырады. Қандай дінге сенгісі келсе де азаматтардың өзі еркінде тіпті ешбір дінге сенбеуге де қақылы. Дін мемлекеттен ажыратылған. Оның мәні мынада біріншіден, мемлекет қандай да болсын діни ілімді уағыздауға жол берілмейді үшіншіден Республикамызда дінге сүйенген саяси партиялардың ұйымдастырылуына және қызметіне тиым салынған.

Қазақстан халқы өз алдына жоғары мәртебелі мақсат қойып отыр. Ол құқықтық мемлекет құру. Бұл мақсатқа жету өте қиын. Құқықтық мемлекетте заң бір әлеумттек топтың емес, халықтың шынайы еркін білдіреді. Мұндай мемлекетте заңның әр әрпі, рухы үстемдік етеді. Барша мемлекетте адамдар ең жоғарғы дәрежедегі лауазым иелерінен қатардағы азаматтраға дейін заңдардың бүкіл халықтың мүдделі, игілігі үшін жасалып, қолданылатын заңдар адамдарға қажет қоғамдық тәртіпті орнататынын, адамдарға отбасын құрып, өсіп — өнуге, өзі қалаған жұмыспен шұғылдануға, өздерін еркін сезінуге, қоғам ісіне қатысуға жағдай туғызуға керек екенін түсіну қажет.

Сондықтан да азаматтар, лауазым иелеруніе заңдардың талаптарын мүлтіксіз сақтауларыа қажет. Сонымен бірге азаматтар өздерінің бұзылған құқықтарын қарауға заң жүзінде үйренлері керек. Ол үшін сотта да әділ және адал қызмет істеп, азаматаррдың бұзылған құқықтарын кімнен болса да қорғай алулары керек.

Конституцияда айтылғандай Қазақстан Республикасында әлеуметтік мемлекет құрылуда. Әлеуметтік мемлекетте Конституция, заң халықты таптарға, ерекше әлеуметтік топтарға бөлмейді. Мемлекет халықтың барлық топтарына қамқорлыө жасалды: шаруаларға, жұмысшыларға, қызметшілерге, мұғалімдерге, ғалымдарға, оқушыларға, аналарға, зейнеткерлерге жетімдерге т.с.с әрине әрбір мемлекет әрбір әлеуметтік топтың ерекшеліәктерін ескеріп, тікелей көмекке мұқтаждарға тиісті қаражат бөледі.

Себебі еңбекке қабілетсіз, хал – жағдайы төмен дамдарға мемлекет тарапынан ерекше қамқорлық қажет. Мемлекеттің әлеуметтік сипаты оның жастарға, мүгедектерге, зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларына қалай қамқорлық жасап олардың адамға лайық өмір сүруіне жағдай туғызуына қарап анықталады.

2.1 Қазақстан Республикасы егеменді тәуелсіз мемлекет.

1991 ж. желтоқсаында Советттік Социалистік Республикалар Одағы ССР Одағы құрамына кірген Одақтас республикалар егеменді тәуелсіз және дербес мемлекеттер құрды.

Советтік Социалистік Қазақ Республикасы жойылды. Оның аумағында Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды.

Қазақстан Республикасы құрылған кезден бастап бірталай құқықтық актілер қабылданып, олар жаңа мемлпекеттің заңды негізін қалай бастады. Оларға жататындар Қазақ ССР-ң мемлекеттік егемендігі туралы Деклорация, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң, 1993 ж жіне 1995 ж. Конституциялары. Аталған Конституциялық актілер Қазақстанның тәуелсіздігін, дербестігін жариялап, демократиялық, құқықтық мемлекет құру турлы ойларды алға салады.

Қазіргі уақытта негізгі құқықтық құжат Қазақстан Республикасының 1995 ж. Конституциясы. Ол тәуелсіздік кезінде қабылданған Констиуциялық зағңдардың қағидаларын тұжырымдап бір арнаға салды. Оның негізгі ережелері мыналар:

1. Халықтың билік етуі жарияланды. Қазақстан Республикасының Констиуциясы бойынша мемлекеттік биліктің бірден – бір қайнар көзі халық. Халыққа негізінен мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын анықтау құқығы емес, сонымен қатар Қазақстанмен тағдыры тығыз байланысты басқа ұлттар топтары. Қазақстан халқы дауыс беру арқылы (референдум) талқылау арқылы сондай-ақ тікелей және жанамалап Парламент депутаттарын сайлау арқылы мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелерін шешуге қатысады. Халық тікелей мемлекет басшысын президентті сайлайды.

2. Егеменді және тәуелсіздікті жариялау Қазақстан Республикасының Конституциясында егемендік пен тәуелсіздіктің негізгі белгісі деп аталған. Оларға жататындар: өзінің аумағының болуы, оның тұтасытығы, қол сұғылмауымен бөлінбеуінің жариялануы, өзінің дербес жоғары және жергілікті мемлекеттік органдарының болуы, өзінің дара азамттығының болуы, Халық, Парламент, Президент және Үкімет қабылдайтын Заңдарының болуы, Қазақстан Республикасының дүние жүзі мемлекеттері жүйесінде терезесі тең жағдайда болуы. Тәуелсіздік егемендік деген Қазақстан көрші мемлекеттерден, басқа елдерден тәуелсіз.

3. Қазақстан Республикасының Констиуциясы адам және азамат құқықтарының артыөшылығын, басымдылығын баянды етеді. Оған дәлел Констиуцияның адам және азаматты алдыңғы қатарға қоюы. Констиуцияның баптарының 1/3 адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына арналған.

Әрине қоғамдағы демократизм және адамгершіліктің деңгейі Констиуцияда жариялануымен ғана анықталмайды оларды пайдаланып, жүзеге асыра алатындар азаматтарға жағдайлар туғызу керек. Ол үшін мемлекет органдары, лауазым иелері заң жүктеген өз міндеттерін қалтқысыз, адал орындаулары қажет.

Осы кітапта мемлекет органдарының лауазым иелерінің міндетіне байланысты заңдардан үзінділер берілген сонымен қатар әрбір адам көптеген құқықтармен қатар әрбір адам көптеген құқықтармен бостандықтарға ие бола отырып, қоғам, мемлекет, басқа адамдар алдында міндеттері де бар екенін түсінуі қажет.

Егер барша адамдар өздерінің құқықтары мен бостандықтарын пайдаланумен қатар әдептік және құқықтық міндеттерін де орындаса, сонда ғана шын мәнінде құқықтармен бостандықтардың бар екеніне туралы айтуға болады.

4. Констиуцияда адамдардың ұлтына қарамай құқықтары мен бостандықтарының тең екендігі баянды етілген. Қазақстанда көптеген ұлттардың қкілдері тұрады. Ұлттардың теңдігі туралы ой Констиуцияның барлыө қағидаларына лайықты орын алған. Барлық ұлттардың өкілдері өз тілін пайдалана алады, ана тілінде де оқи алады.

Мемлекеттік қызметке ұлтына қарамай барлық азаматтар істей алады. Оқуға шектейтін ешқандай кедергі жоқ. Констиуцияда айтылғадай әр адам өзінің қлтын анықтауға, көрсетпеуге немесе көрсетуге еркі бар. Осының барлығы ұлттар арасындағы келісімді нығайтуға, саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазақстан Республикасының Констиуциясы – мемлекетіміздің негізгі заңы. Ол мемлекет өмірінің негізгі мәселелерін заң жүзінде ресмилендіреді. Оған жататындар – адам мен азаматтың негізгі құқықтары, бостандықтары мен міндеттері, мемлекеттің құрылымы және қоғамның экономикалық негізі.

Конституция заңдардың басқа да мемлекеттің құрылымы: кез – келген заң, Презиеденттің жарлығы, үкіметтің қаулысы, министрліктердің бұйрығы, жергілікті мемлекет органдарының шешімдері тек қана Констиуцияның негізінде, оның қағидалары ойлары және принциптерімен сәйкес қабылдануы қажет, оларға қайшы болмаулары қажет.

Егер олар Констиуцияның қағидаларына, нормаларына қайшы болса, олар Констиуцияға жат деп танытып, күші жойылады. Конституцияның нормаларын, ережелерін, мүлтіксіз сақтау талаптары тек қана мемлекет органдарына, лауазым иелеріне емес, сонымен қатар азаматтарға олардың бірлестіктеріне де қойылады.

Қазақстан Республикасының Констиуциясы мемлекетіміздің егемендігі мына белгілермен сипатталады: Қазақстан мемлекетінің тарихи қалыптасқан аумағы ба. Қазақстанның аумағы бес мемлекеттермен шектес: Ресеймен, Қытаймен, Өзбекстанмен, қырғызыстанмен және Түркменстанмен. Мемлекетіміздің аумағы біртұтас және оған қол сұғуға болмайды.

Мемлекетіміздің аумағы біртұтас және оған қол сұғуға бюолмайды. Мемлекетіміздің аумағына басқа мемлекеттің қол сұғуы агрессия деп аталады. Агрессияны халықаралық құқық айыптайды. Констиуцияда жарияланғандай Қазақстан басқа мемлекеттермен тату, көршілес, олардың ішкі ісіне араласпау, дауларды келісім арқылы шешу, бірінші болып қарулы күштерді қолданбау саясатын жүргізеді.

Республикаға қарсы агрессия бола қалған күнде немесе сырттан тікелей қауіп төнсе, Президент республиканың барлық аумағында немесе кейбір жерлерде соғыс жағдайын енгізіп, ішінара немесе жалпы әскерге шақыруды жариялайды.

Егемендіктің маңызды белгісі – оның мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының болуы. Заң шығару қызметін жүзеге асыратын, жоғарғы билік, орган – Қазақстан Республикасының Парламенті.

Парламент екі палатадан: сенат пен мәжілістен құралады. Парламенттің негізгі қызметі- заң шығару.

Қазақстан мемлекеті ежелгі қазақ жерінде құрылды. Демек қазақ ұлты осы аумақта бұрыннан өмір сүріп келе жатқан этнос болғандықтан мемлекеттің сол ұлттың атымен аталуы табиғи және заңды жағдай. Қазақ тілін бірден бір мемлекеттік тіл деп тануда түсінікті.

Қазақ тілі қазақтар Ресейге қосылғаннан бастап мемлекеттік тіл болудан қалған еді. Соның салдарынан бұл тілден саяси – құқықтық түсініктер мен терминдер пайдаланудан сырт қалды. Басқа ұлттардың тілі кемсітілді. Орыс тілі мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін — өзі басқару орындарында ресми түрде пайдаланылды.

Қазақстан Республикасының Констиуциясы ұлтына қарамай барлық азаматтарға тең құқық бере отырып, олардың бірігіп, тату тұруына заңдық негіз құрды. Сондықтан Қазақстан Республикасы- бүкіл халықтық мемлекет. Бұл жағдай Констиуцияда жазылған, мемлекеттің оның органдарының қызметінің принциптерінде анық айтылған.

Біріншіден мемлекет, оның органдары қызметінің атқарғанда қоғамдық татулықпен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге талаптануы керек.

Қазақстан Республикасы алдына демократиялық мемлекет құруды мақсат қылып дамып отыр.

Мұндай құрудың негізгі шарты – барлық азаматтарды ұлтына қарамай тең құқықты негізде біріктіру. Осы интернационалдық идеяға сүйене отырып, Констиуция «Халық» деген ұғым қолданады.

Демократияның бір көрінісі – азаматтардың қоғамдық бірлестіктеріне мемлекет органдарының заңсыз қол сұғуына тиым салу. Қоғамдық бірлестіктерді азаматтар түрлі мақсатпен құрады. Өздерінің саяси, әлеуметтік, рухани, мәдени діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін.

Әрине қоғамдық бірлестіктерді азаматтар түрлі мақсатпен құрады. Өздерінің саяси, әлеуметтік, рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін.

Әрине қоғамдық бірлестіктер Констиуцияны, заңдарды сақтауы қажет. Олар әлеуметтік ұлттық діни, нәсілдік арандатушылықпен айналыспауы қажет. Олардың жұмысы мемлекеттің қауіпсіздігіне, констиуциялық құрылысты өзгертуге Қазақстан аумағының тұтастығына қарсы бағытталмауы керек.

2.2. Қазақстан — президенттік республика.

Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылғандай ол біртұтас Президенттік басқару жүйесіне негізделген мемлекет. Қазақстанның біртұтастығы – оның әкімшілік – аумақтық бөлшектерден құрылатындығы, автономияға бөлінбеуіі. Әкімшілік – аумақтық құрылым туралы Қазақстанның тарихи және қазіргі замандағы ерекшеліктерін бейнелейтін ерекше негізгі заңы бар.

Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, оның жоғары лауазымды тұлғасы. Қазастанның Президенті Конституция бойынша жоғары лауазымды тұлға болғандықтан Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етеді, былайша айтқанда түрлі ұлттық топтар арасында, әлеуметтік топтар арасында, әлеуметтік топтар арасында алауыздық болмауына қамқорлық жасайды.

Президент – адам мен азавматтық құқықтары мен бостандықтарына кепіл болатын тұлға. Президент Парламент қабылдайтын заңдаарға қол қояды, егер заңдар конституцияға сайкес келмесе қайта қарау үшін кері қайтарады. Егер парламент заң қабылдау құқығын уақытша Президентке тапсырса, ол заңдарды өзі қабылдай алады. Сонымен қатар Конституцияда көрсетілген жағдайда Президент заң күші бар жарлық қабылдай алады. Президент Парламентті міндеттерін орындауға қабілеті жетпес де өзі тарқата алады, Президент Үйкіметтің құрамын бекітеді және де оны орнына түсіре алады.

Айтылғандардың барлығы елімізде Президенттік басқавру жүйесі қалыптасқанның айғағы.

Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік билікті бөлу принципін бекітті. Мемлекеттік билік үш буынға бөәлінеді:

Заң шығаратын, атқарушы және сот. Заң шығару қызметімен шұғылданады.

Атқарушы билікті жүзеге асыратын Үкімет. Ал сот илігін жүзеге асыратын жоғарғы сот облыстық, аудандық соттар Аталған органдар біртұтас мемлекеттік биліктің буындары болып саналады. Мемлекеттік биліктің әр буыны өз қызметін дербес жүзеге асырады, атқарады және басқа буындардың қызметіне араласуы керек.

Ондай жағдай қызметіне араласпауы керек. Ондай жағдай бола қалған күнде тежемелік әрі тепе –теңдік жүйесін пайдалану қарастырылған. Парламент Үкіметті орнына түсіру мәселесін қоя алады, ол Президент Парламентті тарқата алады.

Орасан зор жұмысты мемлекеттің атқару органдары атқарады. Оларға жататындар: үкімет, министрліктер, мемлекеттік комитеттер, жергілікті әкімәшілік (облыстық, аудандық, қалалық, ауылдық, селолық) зң қорғау органдары.

Қазақстанда президенттік лауазым КСРО-ң ыдырауы қарсаңында енгізілді. Қазақ КСР жоғарғы кеңесінің 1990 жылңы сәуірідегі сессиясының ұйғаруымен қазақ КСР-і президенті қызметін тағайындау туралы заң қабылданды. Ол заң бойынша президентті жоғарғы Кеңес сайлауы тиіс болды.

Президент (лат Ipaesidens – алда отырған, бастаушы) басқарудың республикалық формасындағы елдердің сайланып отыратын мемлекет басшысы. Парламенттік республикаларда президентті парламент немесе оны ерекше алқасы сайлайды, президенттік республикаларда тура және жанама сайлау арқылы халық сайлайды.

Заң мемлекеттік жоғарғы органдар жүйесіндегі президенттің орнын анықтады. Алғашқыда президенттің өкілеттігі біршама шектеулі болды. Жоғарғы Кеңес барлық мәселелер бойынша заң қабылдады, президентті қайта сайлай алады. Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігін алғаннан кейінгі кезеңде президенттің өкілеттігі күшейтіледі.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы еліміздің президенттік басқару формасындағы мемлекет деп, Президентті мемлекет басшысы деп жариялады. Дүниежүзі елдерінің көпшілігінде қабылданғанай біздің республикамызда да мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну ұсмтамына негізделіп құрылды.

Президент Парламент қабылдаған зәаңға қол қояды. Президенттің ерекше өміртайым заңды қабылдамай, әлі жетілдіріп, пысықтай түсу үшін Парламентке қайтара алады.

Вето (латынның reto- тиым саламын) ежелгі Рим империясында Рим магистратының өзге магистраттардың жарлықтары мен әрекеттеріне тиым салуы, мемлекет басшысының заңды орган қабылдаған заң жобасын әрекетке қосудан бастарту құқығы. Мұндай ерекше құқық әдетте, мемлекет басшысына беріледі.

Президент Парламенттің келісілімен Премер – министрді және Республикалық банктің төрғасын тағайындайды. Президент Парламент Сенатының келісімімен республиканың Бас прокурон және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын тағайындайды.

Президент халықаралық келіссөздер жүргізетін және халықаралық шарттарға қол қоятын құқығы бар. Ол шарттар Парламент бекіткеннен кейін заң күшіне енеді. Бұл халықаралық шарттарға заңды күш беру (патрификация) деп аталады.

Парламенттің қызметіне Президент, Президент қызметіне Парламент әсеретіп отырады.

Президенттің құзіретіл.

Пфрезидент атқарушы илік тармағына Үкіметке, жергілікті атқару органдарына тікелей ықпал етеді. Президент!

  • премер – министр лауазымына адам ұсынады
  • үкіметтің құрылымын анықтайды
  • министрлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
  • министрлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
  • министрлерді, мемлекеттік комитеттерді құрады және таратады;
  • үкімет мүшелеріне ант қабылдайды;
  • үкіметтің ерекше маңызды мәселелер жөніндегі отырыстарына төрағалық етеді;
  • мәжіліске заң жобаларын енгізу жөнінде үкіметке тапсырма береді;
  • үкімет шешімдерінің күшін жояды немесе тоқтата алады.

Президент жергілікті атқарушы органдардың жұмысына да басшылық етеді. Ол облыстық әкімдерді тағайындайды және жұмысынан босатады. Қажет болған жағдайда әкімдердің шешімін тоқтата тұрады. Әйкімдер Президенттің облыстардағы тікелей өкілі болғандықтан Президенттің алдында жауапты. Президент әкімдермен кеңес өткізеді, олардың жергілікті жердегі жұмысы туралы заңдарды қалай орындап, өз міндеттерін қалай атқарып жатқандары жайлы есептерін тыңдайды.

Президенттің сот билігіне де қатысы бар: ол Жоғарғы Сот Кеңесін құрып, оның төрағасы болады. Жоғары Сот кеңсі Жоғарғы Сот төрғасын сайлайды. Жоғарғы Сфот Судъяларының кондидатураларын қарап, оларды Сенаттың сайлауына ұсынады. Ал облыстық соттардың төрағаларын, облыстық алқаларының Президент Жоғарғы Сот Кеңесінің ұсынысымен бекітеді. Алайда Президенттің сот органдарын жасақтауға тікелей қатысы оның судъялардың қылмыстық және азаматтық істерді қарауына әсер ете алмайды. Судъялар сот істерін қараған кезде ешкімге тәуелді болмай , тек қана заңға бағынадыв.

Президенттің басқа да өкілеттері болады. Солардың бірі – мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелері бойынша референдум (бүкілхалықтық дауыс беру) өткізу құқығы. Референдум — халықтың мемлекетті басқару іңсіне тікелей қатысуының бір түрі.

Референдум (латынша referendum – хабарлауға тиістінің бәрі) мемлекеттік құқықта сайлаушылар корпусының конституциялық, заңдық және басқа ішкі – сыртқы мәселелер бойынша түпкілікті шешім қабылдады.

Конституциялық болғанда конституция немесе оған енгізілген өзгерістер бүкілхалықтық дауысқа салынады.

Өзінің өкілеттілігін пайдалана отырып Президент жарлықтар мен өкімдер шығарады. Президент шығарған жарлыхқтарының нормативтік емес түрлері болады. Нормативтік деп аталатын жарлықтарда құқық нормалары, яғни мемлекеттік органдардың өкілеттерін, азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын міндеттерін айқындайтын ережелер жинақталады.

Президент мемлекет басшысы болғандықтан елдің ішінде де халықаралық қатынастарда да елдің ішінде де халықаралық қатынастарда халық пен мемлекет атынан сөйлеуге құқықты. Сондықтан Пврезиденттің абыройы ары, қадірі қорғалады. Халықтың қалаулысы ретінде Президент халық мүддесіне қызмет етеді. Сол себептенде, ол сайланғаннан кейін, қызметіне кіріспестен бұрын халыққа ант береді.

Конституцияның Президент бөліміндегі баптары.

40-бап. І. Қазақстан Республикасының Президенті Мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын ақындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін жоғарғы лауызымды тұлғаа.

2. Республиканың Президенті – халық пен мемлекеттің билік бірлігіінің, Конституцияның маңыздылығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.

3. Республика Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және үкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.

41- бап. 1. Қазақстан Республикасының Президенттен Конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды.

2. Республика Президенті болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын, отыз бес жасқа толған және алпыыс бес жастан аспаған мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады.

3. Республика Президентінің кезекті сайлауы желтоқсанның бірінші жексенбісінде өткізілді және ол мерзімі жағынан республика Парламентінің жаңа құрамын сайлаумен тұспа –тұс келмеуі керек.

4. Республика Президентінің кезектен тыс сайлауы конституцияның 48- бабының 1 –тармағында белгіленген жағдайлармен мерзімдерде өткізіледі.

5. Егер сайлаушылардың елу процентінен астамы дауыс беруге қатысқан болса, сайлау өткізіледі деп есептеледі. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентінен астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледі. Егер кандидаттардың бірден – бір көрсетілген дауыс санын ала алмаса, қайтадан дауысқа салады. Оған көп дауыс алған кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысу сайлаушылардың көбісінің дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледі.

42- бап. 1. Қазақсан Республикасының Президенті: Қазақстан халқына адал қызймет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқытары мен бостандықтарына кепілдік теруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіне жүктелген мәртебелі мінідетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін деп халыққа берген сәттен бастап қызметіне кіріседі.

2. Ант беру қаңтардың екінші сәрсенбісінде салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының Конституциялық Кеңес мүшелерінің, Жоғарғы Сот Судъяларының сондай –ақ Республиканың бұрынғы Президенттерінің бәрінің қатысуымен өткізіледі.

Президент кезектен тыс сайланған ретте ант беру сайлау нәтижелері жарияланған күннен бастап біп ай ішінде өткізіледі.

3. Республика Президентінің өкілеттілігі жаңадан сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскен кезден бастап, сондай –ақ Президент қызметінен мерзімінен бұрын босатылған немесе келтірілген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады.

Республиканың бұрынғы президенттерінің бірінің, қызметінен келтірілгендерден басқасының, қазақстан Респубикасының экс – Президенті деген атағы болады.

Қорытынды

Қазақстан өз мемлекеттік тәуелсіздігіне ие болғаннан егемен мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тірек болатын барша құқықытық негізін қайта құру қадеттігі туды. Осы бағытта қыруар жұмыс істеді. Мемлекетті басқару , экономика, әлеуметтік саяси өөмір, мәдениет, құқықтық тәртіпті сақтау, елді қорғау, сыртқы саясат салаларын реттейтін көптеген асырылуда.

Сол заңдары сапалы және тиімді жасауға заңгер ғалымдар мен заңгер практиктер қатысып, олар халықаралық ұйымдар мен шетел мамандарының беделді сарапшылығынан өткен болатын Мысалы: Қазақстан Республикасының Конституциястывн бүұкіл халық талқылар, республикалық референдумда қабылдады.

Сонымен қатар демократия және азаматтардың құқықтарывмен бостандықтарына негізделген құқықтық, мемлекетті азаматтардың құқықтық санасын қалыптастырмай толардың қоғам мен мемлекет алдында өз міндеттерін түсінбей, қоғамдық өмірдің маңызды жақтарын заң арқылы ретке келтірмей құру мүмкін емес. ЧСондықтан заң білімін насихаттаудың халықты құқықытық тұрғыдан тәрбиелеудің үлкен маңызы бар.

Пайдапланған әдебиеттер

1. Қазастан мемлекеті мен құқығының негіздері Хрестоматия Алматы, «Атамұра» 1996 жылы.

2. Қазақ ССР тарихы 1989 жыл Алматы, бестомдық 4 – ші том.

3.Ж.Таймағанбетов Қазақстан тарихы Алматы, 1998 жылы. Дай пресс

4. Егемен Қазақстан, (№ 144 номер) 2003 жыл.

5. Егемен Қазақстан № 15 номер 2003 жыл.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ