Қазақстандағы «Кіші Қазан» (ашық сабақ)

0
4895
Тақырыбы
Қазақстандағы «Кіші Қазан».
Сыныбы : 9
Мақсаты Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру барысындағы өлкедегі тоталитарлық жүйенің күшею барысымен таныстыру;Ф.И Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясының мәнін тарихи деректер арқылы түсіндіру.
Күтілетін нәтиже
  • Ұжымдастыру қарсаңындағы тоталитарлық жүйенің күшею барысымен танысады;
  • «Кіші Қазан» төңкерісінің мәнін түсінеді;
  • Топтық жұмыс арқылы кері байланысты үйренеді.
Түйінді идея «Кіші Қазан» төңкерісінің негізгі идеясын түсіну
Оқушының іс-әрекеттері Топтық, жұптық және жеке жұмыстар жүргізеді
Сабақтың типі Жаңа білімді меңгерту сабағы
Әдісі Іздену, зерттеу, топпен жұмыс
Көрнекілігі Интерактивті тақта,үлестірмелі материалдар,Қазақстан картасы, кестелер
Сабақтың барысы
Кіріспе бөлім Үй тапсырмасын сұрау. «Аквариумдағы балық» әдісі арқылы қорытындылау. Өзара бағалау.
Тұсаукесер бөлімі

1.Қазақстанда тоталитарлық жүйенің күшеюі.

2. Тәркілеу.

3. Қазақ зиялыларының «Кіші Қазан» бағытына қарсылығы.

Қазақстандағы тоталитарлық жүйенің күшеюі Ф.Голощекиннің есімімен байланысты болды.Топтастыру

Формативті бағалау
Негізгі бөлім

 «Қарлы кесек» әдісі. (15 мин). 3 топтың оқушылары өз беттерінше тапсырма бойынша дайындалады.

«Әділет» тобы: «Кіші Қазан» бағытының басталуы».

«Патриот» тобы: «Қазақ байларын тәркілеу».

«Тағзым» тобы: «Қазақ зиялыларының «Кіші Қазан» бағытына қарсылығы.

«екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалау
Қорытынды бөлім
«Қоржын салу» (10 мин). Топ мүшелері конверттегі сұрақтарға өз тақырыптарын пысықтап жауап береді.

1 топ сұрақтары

1. Ф.Голощекиннің мамандығы кім болған?

2. Ф.Голощекин «Кіші Қазан» төңкерісінің міндетін қалай белгіледі?

3. «Кіші Қазан» идеясы қазақтар үшін тиімді болды ма?

2 топ сұрақтары

1. Қазақ ОАК-і «Қазақстанның барлық еңбекшілеріне» үндеуінде нені атап көрсетті?

2. 1928 жылы Декрет бойынша орташаларға кімдер жатқызылды?

3. Тәркілеу дегенді қалай түсінесің?

3 топ сұрақтары.

1. Қазақ зиялылары «Кіші Қазaн» бағытын қалай бағалады?

2. Т.Рысқұлов Сталинге хатында не туралы жазды?

3. Ф.Голощекин саясатта қандай әдіске сүйендІ?

Қорытынды. Тест жұмысы. 10 сұрақтан. (10мин)

1.Ф.И.Голощекин ұсынған идея:

A) «ЖЭС». B) «Әскери коммунизм». C) «Кіші Қaзан».

2.1926 ж кімдерге «ұлтшыл» деген кінә тағылды.

A) Ж.Досмұхамедов, Х. Досмұхамедов

B) А.Байтұрсынов,М.Дулатов

C) С.Сәдуақасов , С.Қожановқа

3. «Байлардың шаруашылығын тәркілеу туралы » қаулы қабылданған жыл:

A) 1927 ж B) 1928 ж C) 1930 ж

4.Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышев (Бесеудің хаты): ашық хатты жазды:

A) И.Сталинге. B) Ф.Голощекинге. C) В.Ленинге.

5.Т.Рысқұлов Сталинге хатында не туралы жазды?

А)қазақ халқының мүшкіл жағдайын көрсетіп, жаздың соңына дейін қоныс аударушылардың арасында аштық пен жұқпалы аурулардың қауіпті дәрежеге дейін көтерілетінін ескертті.

B) қазақ даласындағы мүшкіл ахуал жөнінде жазды.

С) жауаптарының барлығы да дұрыс

6. 1933 жылы наурызда Сталинге ашық хат жазды :

A) Қ.И.Сәтбаев. B) Ғ.Мүсірепов. C) Т.Рысқұлов.

7.Кулактарды қудалаудың, мал-мүлкін айырудың нәтижесінде 1930-1931 ж.ж республикадан тыс жерлерге қанша адам жер аударылды

A) 6800 B) 5800 C) 4800

8. Ф.И.Голощекин қай жылы қызметінен босатылды?

A) 1927 ж B) 1932 ж C) 1933 ж

9. Ф.И.Голощекин қызметінен босатылып, оның орнына қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды?

A) Л.И.Мирзоя B) Т.Рысқұлов C) )С.Сәдуақасов

10. Қазақстан үкіметі ірі байлар жер аударылатын аудандарды нақты анықтады

A) 1927 ж 30 тамыз B) 1928 ж 30 тамыз C) 1933 ж 30 тамыз

Үйге тапсырма: §18

Критерий бойынша бағалау

Дюсегалиева Татьяна Амангелдіқызы

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ