Ажалдан құтқарған асыл сөз (ашық сабақ)

0
1831
Collaborative lesson planning: Maximizing the influence of lesson study
Аты-жөні Сарина Галия Асылбековна
Мектебі, қаласы «№4 ЖОББМ» КММ, Шалқар қаласы
Сабақтың тақырыбы Ажалдан құтқарған асыл сөз
Сабақтың мақсаты Ойға түрткі болу арқылы халық шығармаларындағы адамгершілік қасиеттерді насихаттау, оқушы үнін басты назарда ұстау.
Сабақ формасы Топтық, ұжымдық
Сілтеме Нұсқаулық
Оқыту нәтижесі Ойлау туралы ойлану арқылы халық шығармаларының ғибраттық өсиет сөздерінің молдығымен ерекшеленетінін түйсінеді.Ата-баба асыл мұрасын қадір тұтуға үйренеді.
Түйінді идеялар Ертегілер оқушы қиялын ұштайды, адамгершілікке тәрбиелейді.
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс – әрекеті ресурс

Сабақтың кезеңдері.

І.Қызығушылықты ояту:

А)Ертегі кейіпкерлері арқылы топқа бөлу

Ә)Топ ережесін құру

1.Сабақтан кешікпеу

2.Ұйымшыл, ынтымақта болу.

3.Уақытты үнемдеу

4. Тақырыптан ауытқымай, ойды нақты жеткізу

5. Өзгенің пікірін аяғына дейін тыңдау

6. Өз тобы үшін жанкүйер болу

Б) Жұмбақ зат

-Мына қораптың ішінде не бар ойлайсыңдар?

Ашып көрсету

Бұл жолақтардың мәнін сабақтың соңында білетін боламыз

«Алтын балта» ертегісінің кейіпкерлері (бай, кедей) арқылы топқа бөлінеді

Оқушылар ойы тыңдалады

Интерактивті тақта
ІІ. Мағынаны тану
  1. «Сиқырлы сөз»тренингі.Сыртқы мотивация

-Жаныңыздағы сыныптас құрбыңыздың бойындағы жағымды қасиеттерді айта аласыз ба?

-Cыныптасыңыздың бойындағы жағымсыз қасиеттерді айта аласыз ба?

-Сізді мақтағанда қандай әсерде болдыңыз?

-Ал қандай сөздер көңіліңізге қаяу түсірді?

Интерпритация: Сөздің құдыреті бар.Қазақ халқы ежелден сөз қадірін білген,сөзге тоқтаған.Ұрпағына « ойнап сөйлесең де ойлап сөйле» деп үлкен міндет жүктеген. Аңдамай сөйлесең, ауырмай өлесің, қадір-қасиетің кетеді, елге күлкі боласың деп ескертіп, сөз құдыретін асырып отырған.

  1. «Жанұя»әдісі

Екі топ ертегі мазмұнын бір-біріне түсіндіріп, толықтырады.

  1. «Автор орындығы»әдісі

Осы ертегінің қыр-сырымен таныс, ертегіні құрастыруға себеп болған, ертегі мазмұны бойынша толық мағлұмат алу үшін халық ауыз әдебиетін насихаттаушы-зерттеуші ғалымды автор орындығына шақырамыз

  1. «Сөз құдыреті» бейнекөрініс

Балалар, мұндай жағдайлар ертегі немесе аңыздарда ғана емес, өмірде де кездеседі.

-Қалай ойлайсыңдар, бұл адам қандай сөздер жазды?

Интерпритация: Сөзің өзгерсе, әлемің де өзгереді.

  1. «Тосын жағдай»

І топ Хан

ІІ топ Қойшы

-Хан мен қойшы арасындағы қиын жағдайға тап болған әрекетті қалай өрбітер едің?

 

  1. Ертегіге кешенді талдау
  2. Сенің пікірің мен үшін маңызды

-Сусыз жерде суды қалай табуға болады?

-Екі адам арасындағы сыйластық пен келіспеушілік неден туындайды деп ойлайсың?Қазіргі таңда осындай жағдайлар кездесе ме?

Әр топтағы білім алушылар пікірі тыңдалады.

І жолақты жапсыру мүмкіндігі

Әр топ жаңа тақырыпты өзбеттерімен оқып шығады және ертегі желісі бойынша жоба қорғайды. Тірек сұрақтары арқылы өз ойларын ортаға салады

ІІ жолақты жапсыру мүмкіндігі

Ертегі неліктен «Ажалдан құтқарған асыл сөз»деп аталған?

Басқаша қалай атауға болады?

ІІІ жолақты жапсыру мүмкіндігі

Ағылшын тілі пәні мұғалімі Л.Жиенбаева көрініс бойынша түсінік береді

Әр топтанбір оқушы шығып, шығарма мазмұнын өз қалауымен өрбітеді

ІV жолақты жапсыру мүмкіндігі

Жанр түрі: ертегі

Ертегінің түрі: қиял-ғажайып

Авторы: халық

Тақырыбы: Ажалдан құтқарған асыл сөз

Негізгі идея: Адам бойындағы жақсы қасиет

Көнерген сөздер: хан,уәзір

Оқушылар пікірі тыңдалады

V жолақты жапсыру мүмкіндігі

Постер, маркерлер

орындық

бейнесюжет

сахналау

ІІІ. Рефлексия

«Асыл сөз десерті» әдістемесі

  1. Адамға келген он пәленің тоғызы тілден
  2. Оқу инемен құдық қазғандай
  3. Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді
  4. Ең тәтті де-тіл, ең ащы да-тіл

«Бір ауыз сөз» әнін тыңдату

Мәңгілік ел логотипі мазмұны

Мәңгілік ел идеясы

Екі топқа тарелкеге салынған заттар әкелінеді.Білім алушылар зат арқылы мақал-мәтел құрастыруы қажет

VІ жолақты жапсыру мүмкіндігі

Бір-бірімен қабаттаса келген сызықтардан біз байланыстардың беріктігін, мызғымас достықты, және түсіністікті көре аламыз. Ол ағалар мен әпкелердің, әкелер мен балалардың, сыныптас құрбылардың, еліміздегі барлық адамдардың қол алысуын білдіріп тұр. Сондықтан бірлескен іс-әрекеттің нәтижесінде тапсырмаларды сәтті орындадық. Белгінің маңыздылығы –бірлікте, демек, куаттылықта және сенімділікте

Бағалау Жұлдызшалар арқылы бір-бірін бағалау постер

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ