Бала психологиясының негіздемесі

0
1512

Балалардың қасиеттерін анықтау және дамыту бастауыш мектептің басты міндеті болып табылады. Бастауыш мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу мазмұны баланы мектеп жағдайына дайындауды қамтамасыз етуі қажет.

Баланы мектепке психологиялық тұрғыда дайындау ата-аналар мен бастауыш сынып мұғалімдерінің бірлестігінің негізінде табысқа жететін мәселе және бұл болашақ мектеп табалдырығын атттайын деп тұрған бүлдіршінлерді де толғандырады.

Көпшілік ата-ана бала мектепке барғанша хат танып және жазу, санау машықтарын игеріп барса, жеткілікті деп ойлайды. Бірақ бұл баланың мектепке барған соң өте жақсы оқып кетуінің негізгі кепілі болып саналмайды.

Оқу, санау, жазу машықтарын игеріп барған санын баланың өзі, кейде ынтасы түсіп оқуға қызығыушылығы болмайтын кездері болады. Оның негізгі себебі, сабаққа зейінін шоғырландыра алмай, селқос, салдыр-салақ, оқу материалдарын қалай болса-солай тыңдайтын, үй тапсырмасын өз бетінше орындау кезінде логикалық ойлауы, есте сақтауы, таным процестері өз дәрежесінде толық дамып, жетілмегендіктен, яғни оқу әрекетін меңгермеген деп есептелінеді.

Сол себепті балалардың танымдық белсенділігін, зейінділігін, пайымдауын, талдап салыстыру, жалпылау мен рекше белгілеріне қарап ажырату дағыдларын қалыптастырудың олардың қабілеттерін диагностика негізінде анықтап және оларды дамытудың маңызы ерекше.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ