Балабақша –бақыт баспалдағы. (эссе)

0
1303
ҚазҰУ – Ғылымға құштар жандар үшін үздік таңдау

Балабақша –бақыт баспалдағы.

Тәрбие мен білімнің бесігі балабақшада . Сондықтанда бүгінгі таңда балабақша қызметкерлерінің жауапкершілігі арта түсуде. Балабақша табалдырығынан аттаған әрбір бүлдіршінді өркениетті тәуелсіз еліміздің тұтқасын ұқсайтын ертіңгі ел азаматтары деп сенім артамыз. Сондықтан мен өзім еңбек етіп жүрген балабақшамның әрдайым биіктен көрініп , тәрбие білім саласында айтулы жетістіктерге жетіп, сәбилердің қуаныш мекеніне айналуын қалаймын. Білім қазынасын осы балабақшада тәрбиеленуші бүлдіршіндердің бойына сіңіріп, олардың болашақтарына игі ықпал ету – негізгі міндетіміз.

«Балалар- біздің болашағымыз». Сондықтан балаларды ерекше күтіп, тәрбиелеу керек. Әсіресе ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруіміз қажет. Және балаланың үйде отырмай балабақшаға барғаны жөн. Өйткені бала сыртқа шықса , айналадағы ортаға үйренеді, мінезі тұйық болмайды, адамдармен тез араласады. Балабақша ең алдымен баланы тәртіпке жауапкершілікке үйретеді. Балаланың ойлау қабілеттерін арттыру арқылы ұрпақты жақсылыққа тәрбиелейміз. Ата- бабаларымыз айтқандай баланың тәрбиесі бесіктен басталады, яғни тәрбиенің негізі отбасынан бастау алады. Балабақша , одан кейін мектеп адамның қоршаған ортада жеке тұлға ретінде қалыптасуына көмектеседі. Ата-аналар балаларын әкеліп жұмысқа кетеді. Әке-шешесі бізге аманаттап , бізге сеніп тапсырып кеткен балаларға жауапкершілікпен қарамауға болмайды. Балалар аман қуанып жүрсе , бізге одан артық бақыт барма .

Балалар үшін балабақша — бақыт баспалдағы. Сондықтан да балабақшаның көбейгені қуанышдеп ойлаймын. Бала –біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі, келешегіміздің келбеті. Ол- әр шаңырақтың шаттығы, қуанышы, баға жетпес бақыты. Сондықтанда бала тәрбиесі-бүгінгі күннің өзекті мәселерінің бірі. «Тәрбие басы –тал бесік» дегендей , баланың дұрыс өсуі, дұрыс тәлім-тәрбиеге бейімделуі алдымен отбасына , сонан соң балабақша мен мектептегі тәрбиеге байланысты. Балалардың жақсы тәрбиеленуіне жан-жақты жағдай жасау біздің міндетіміз. Тәрбиешіге жүктелген міндет- бала бойына сіңіретін тәлімді тәрбие түрлерін оқу іс-әрекеті бойынша мазмұнды өткізу болып табылады. Тәрбиенің ұйымдастырудың ең қолайсысы мақсаты мен мазмұны бай әдіс екендігі іс тәжірибеде анықталған. Баланың сәби кезіндегі аса жауапты тіршілік әрекеттері , отырып тұрудан бастап , тамақ ішу, тазалық сақтау, бір-біріне қайырымдылық жасау, тіл үйрену айналаны танып білу балабақшадағы тәрбиеден басталып қалыптасатыны белгілі. Біздің келешегіміз –жас ұрпақ. Жас ұрпақтың тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Сондықтан болар жас ұрпақтың тәрбие жүйесінде балабақшаның орны ерекше.

Мұндағы жүргізілген тәрбие жұмыстарының нәтижесі ертеңгі күні баланың мектептегі алатын білімінің алғашқы баспалдағы болмақ. Білім алу жолындағы қажетті тәжірибені бала тек балабақшада ғана жинақтап ұштай түсетіні анық. Балабақшадағы баланың көпшілікпен бірге алған тәрбиесінің әсері оның жан-жақты болып өсуіне көп жеңілдік жасайды. Қашанда баланың тілін — бала ғана түсінеді. Сондықтан олардың өзара тәрбие ықпалдары ерекше пәрменді болып келетіндігі де өмір шындығы. Сол аянбай еңбек етіп, жас буынға сапалы білім беріп мәдениетке , ата тілін бойтұмардай қастерлейтін азамат болып өсуіне үлес қосу біздің басты мақсатымыз. Балабақша дағы тәрбие — барлық тәрбиенің бастамасы.

Қазақ халқы қай уақытта болмасын , ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры , ұлттың болашағы деп білген. Сондықтан өскелең жас ұрпақтың тәрбие мәселесіне көңіл бөліп болашақ ұрпақты саналы тәрбие беру үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, қарастыру әрбір ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін , ізденімпаздығы мен шығармашылығын талап етеді. Бала болашағы – бір отбасының ғана емес бүкіл қоғамның, халықтың тұтас бір ұлттың бүгіні мен ертеңін жалғастыратын алтын көпірі, асыл мұраты. Олай болса, бүлдіршіндеріміздің болашағы жарқын болуы үшін ерте кезден ат салысып бар күшімізді жұмсайық.

Гүлнұр Сәубетова.

«Айналайын» балабақшасының тәрбиешісі.

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ