БАЛАБАҚШАМЕН ҚОШТАСУ КЕШІНЕ АРНАЛҒАН ЕРТЕҢГІЛІК

0
29137
Idea and innovation graphic against cute pupil sitting at desk

 

Жүргізуші:   Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата — ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын

 

Жүргізуші: Қымбатты қонақтар, ата-аналар, балабақша қызметкерлері! Бүгін бізде үлкен мереке.  Яғни, бұл  мереке-қуанышы  мен  қызығы  мол  балалардың «Балабақшамен  қоштасу» мерекесі. Олай болса, бүгінгі кешімізді бастаймыз.

            Бала-біздің болашағымыз. Ал әр бала ол-болашақ жарық жұлдыз. Бүгін біздің балабақшамыздан ұшқалы отырған бүлдіршіндер де  болашақта еліміздің мақтанышына айналатын жарқын жұлдыздар болатынына сенеміз. Олай болса, болашақ жұлдыздарымызды қарсы алыңыздар.

                                         (Балалар орындарына келіп тұрады)

Алтыннан ардақты

Күмістен салмақты бақшамыздың  мақтанышы- _______

Ақылына көркі сай

Біліміне өзі сай бақшамыздың алғыры- _______

 

Ай десе аузы бар

Күн десе көзі бар бақшамыздың сұлуы- _______

 

Асқан білімді болатын

Жақсы мақтау алатын бақшамыздың білімпазы- _______

 

Әдемі ән айтатын

Көңілді боп үйге қайтатын бақшамыздың көңілді бүлдіршіні- _______

Бойына жиған өнерді

Әнші, биші өнерлі  өнерпазымыз- _______

 

Отбасының берекесі

Ата-анасының еркесі- _______

 

Аспандағы жұлдыздай

Жағадағы құндыздай бақшамыздың ай-жұлдызы- _______

 

               (Мектепке баратын балалар кіріп өз орындарына келіп тұрады)

 

Жүргізуші:   Қарашы, бүгінгі күн қандай,

Қалайша қаласың нұрланбай?

Вальс билесе түлектер

Жер шары айналып тұрғандай!                        

                                        Би  «Вальс» 

 

Жүргізуші:             Өтті қызық көп күндер

Алты жасқа жеттіңдер

Барасыңдар мектепке

Бір белестен өттіңдер

Өсті міне бойларың

Өсті ақыл-ойларың

Қуанышқа ортақпыз

Құтты болсын тойларың

 

                              Балалар тақпақтар айтады 

 

Жүргізуші:  Думандатып бақшада

Қызықты той басталсын.

Балабақшатүлектері

Әдемі ән шырқасын.

 

                                        Ән «Балабақша әні» 

                      (Музыкамен Спортокус,  Кесірбек Робби мен Стефани кіреді)

Стеф: Сәлеметсіңдер ме балалар? Мерекелерің құтты болсын.

Спорт: Осында мектепке баратын балалар бар деп естіген соң сендерге ертегілер елінен қонаққа келдік.

Кесір: Иә. Мен де сендермен мектепке барғым келеді.

Стеф: Жоқ, Кесірбек! Сен мектепке баруға әлі дайын емессің.

Тәрбиеші: Иә, Кесірбек! Сені біз мектепке жібере алмаймыз.

Кесір: Неге дайын емеспін?  Неге мені мектепке  жібергілерің келмейді, мен түсінбеймін. Маған себебін айтыңдаршы.

 

Жүргізуші:  Кесірбек Робби!       Неге сен айнаға зер салып қарамайсың

Неге шашыңды дұрыстап тарамайсың

Неге таңертең беті-қолыңды жумайсың

Неге мына тырнақтарыңды алмайсың

 

Спорт:  Иә, Кесірбек! Тәрбиеші апай өте дұрыс айтады.

Неге үнемі кір болып жүресің

Неге тек  біреуге кесір тигізуді білесің

Неге мен секілді спортпен шұғылданбайсың

Неге сен ата-анаңның айтқанын ұғып алмайсың

 

Тәрбиеші апай: Иә, сен сияқты кір-қожалақ баламен ешкім де дос болғысы келмейді. Мектепке баратын балалар таза жүру керек. Олар білімді, ақылды болу керек. Біздің мектепке баратын балаларға қарашы,  қандай ұқыпты, таза.

Стеф:  Кесірбек! Тәрбиеші апай өте дұрыс айтады. Сен тағы да кесіріңді біреуге тигізіп жүрерсің, одан да бармай-ақ қой.  Тіпті сен Спортокус сияқты спортпен де айналыспайсың ғой, мектепке қалай бармақсың?

Кесір: Мен мектепке барғым келеді.

Апай: Ал сен мектепке баруға дайынсың ба?

Кесір: Иә. Міне қараңыз, мен мектепке апаратын заттарымды портфеліме салып қойдым.

Апай:Кәне, портфеліңде не бар көрейікші.  (Апай портфеліне салынған заттарды қарайды.)

Кесір:   Міне, бәрі дайын. Мынау сабақта шөлдесем ішетін суым. Мынау-кәмпит, мынау-бәліш, қарным ашқанда жеймін. Ал мынау жастық, сабақта шаршағанда ұйықтаймын, ал мынау будильник мені оятады.

Апай: Иә, керемет!  Сонда сен оқулықтарыңды қайда саласың?

Кесір:   Білмеймін.

Апай: Балалар, Кесірбек  мектепке апаратын заттарын портфеліне дұрыс салып па?  (Жоқ)

Олай болса, көмектесейік.

                                                            Ойын  «Портфель»

 

Кесір:  Балалар, мен енді түсіндім, жастықпен үйдегі төсекте ұйықтаймын, сағатты да үйге апарып қоямын, мені ерте ояту үшін. Ал бәліш пен кәмпитті сабаққа апаруға, сабақта тамақ жеуге болмайды. Бұдан былай мен енді:

Таң атқанда ұйқымнан ерте тұрамын

Тісімді тазалап, беті-қолымды жуамын

Әрқашан ұқыпты, таза жүремін

Мен енді әдепті бала боламын.

Мен де енді мектепке барамын

Оқып, білім аламын.

 

Апай:                              Мінеки Кесірбек сен енді жарадың

Мен сені мақтан тұтатын боламын.  (құшақтайды)

 

Кесірбек! Сен енді мектепке баратын болдың. Ал мектеп не үйрететінін білесің бе? (Жоқ) Олай болса, мектеп неге үйрететінін саған балалар әсем әнмен айтып берсін.

                                                             Ән «Мектеп бізге үйретеді»  

Спорт: Балалар, сендер спортты жақсы көресіңдер ме? (иә) Кәне, олай болса менімен қосылып спорттық би билеңдер.

                                         Би  «Спорт биі-флешмоб» 

Кесір: Апай, мен енді мектепке баратын болдым ғой. Олай болса мен барып мектепке апаратын заттарымды дайындай берейін.

Стеф:  Олай болса біз саған көмектесейік.

Спорт: Балалар, онда бәріміз күзде мектепте кездесейік. Сау болыңдар!  (Үшеуі кетеді)

Жүргізуші: Балалар, мен бір дыбыс естігендей боп тұрмын.

Радио:  Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Құрметті ата-аналар!  «Бақытты балалық шақ» әуе ұшағы «Нұрбөпе» балабақшасына келіп қонғалы тұр. Ертеңгілік барысында ұялы телефонды өшіріп, дабыр сөзді тоқтатып, қолдан келгенше  балалардың әр сөзін мұқият тыңдап, өнерлеріне тамсанып, қуаныштарын бірге бөлісулеріңізді сұраймыз.

                        (Ұшатын табақшадан  түсіп томпақ  кіреді) 

Жүргізуші:  Бұл кім  балалар?  (Томпақ) Дұрыс айтасыңдар.

Томпақ: Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Жүргізуші: Қош келдің, Томпақ! Біз сені көріп қуанып қалдық.

Томпақ:   Мен сендерге аспан әлемінен ұшып келдім. Мен сендерді мектепке барғалы жатыр деп естідім. Ал мектепке баратын балалар білімді, өнерлі болатынын білем.  Себебі, сендердің шырқап салған әндерің аспанға маған естіліп тұрады.  Аспаннан жерде не болып жатқанның бәрін көріп отыруға болады.

Жүргізуші:  Олай болса, саған аспанға  естіліп тұратын  «Балабақша» әнін орта топтың  балаларының орындауындағы  тыңдайық

                                            Ән  «Балабақша, қош енді»  

Жүргізуші: Томпақ!  Бүгін біздің арамызда балабақшамен қоштасып, мектепке барғалы отырған балалар бар. Сол балаларға  кішкентай топтың бүлдіршіндері ақ жол тілеп, өздерінің тамаша билерін тарту етпекші.  Соны тамашаласақ қайтеді?

Томпақ:  Әрине, тамашалайық.            

                                          Би «Современный би»  

Томпақ: Мен мына кішкентай бүлдіршіндердің биін тамашалап, риза болып кеттім. Бәрі шетінен өнерлі екен.

Жүргізуші: Бұл балалардың өнерлі боп өсуіне көп көмек берген осы балабақшаның апайлары.  Ендеше,  балдай тәтті балаларымыздың  осы балабақша қызметкерлеріне арнаған  жыр шумақтарын тыңдайық.

Орын берген бақшадан

Меңгеруші жақсы адам

Сондықтан да біз үшін

Артық өзі басқадан

Бұл бақшаның жүрегі

Бөбектердің тірегі

Ол _______ апай  ғой

Оны бәрі біледі.

 

Әдіскер бар бақшада

Талапты, әрі әдемі

_____ апайдың байқасақ

Әрбір сөзі мәнерлі

 

Бөбектерге үлгі боп

Ашты білім есігін

_______________________ апайлар

Жүректе қалар есімің.

 

Ақ халатты киеді

Аппақ болып жүреді

__________ апай тілейді

Балалар ауырмай жүрсін деп,

Денсаулығы мықты боп

Ұзақ өмір сүрсін деп.

 

Ас әзірлеп бақшада

Көңіл бөлер бақшаға

Дәмді тағам дайындау

Еңбек қой бұл қаншама

Қолы алтын аспазшылар

_________________

Ешқашан да шаршама!!

 

Гули апай біздерге

Әсем әндер үйретеді

_______ _______

Тал шыбықтай иілген

Ұл-қыздарды билетеді

Сіздерге шексіз алғысты

Айтып жүреміз үнемі

 

Балабақша-бесігім

Қайсысын айтып бітейін

Ағылшынша үйреткен ______ апайға

Алғыс айтып  кетейін.

Біздер үшін еңбек еткен шаршамай

Баршаңызға рақмет апайлар

Көмекші апай сізді де

Еске аламыз ешқашан да ұмытпай!

Жүргізуші: Иә. Бұл бақшадағы әрбір апайдың есімі балалардың жүрегінде мәңгі жатталып қалатыны сөзсіз. Әсіресе, тәрбиешілердің ерен еңбегі ешқашан да ұмытылмас. Олай болса, келесі әнімізді тәрбиеші  апайларға арнаймыз.

 

                                             Ән «Тәрбиеші»  

Жүргізуші: Қуаныштан  шаттанып
Той тойлайық алақай.
Көңілденіп шаттанып

Би билейік балақай!

Орта топтың балаларының орындауында  тамаша биді тарту етеміз. Қабыл алыңыздар.

                                                    Би «Көңілді»  

Томпақ:  Балалар,  мен  сендердің мерекелеріңе қызыққаным соншалық, уақыттың қалай өткенін де байқамай қалыппын. Рұқсат болса, мен енді аспан әлеміне қайтайын.   Ал сендер мерекені ары қарай тойлай беріңдер.

Балалар: Жарайды.

Томпақ:  Ендеше,  сау болыңдар, балалар!     (Томпақ кетеді)

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар!  Бүгін бақшамыздан ұшып бара жатқан түлектерімізге тек қана ақ жол тілеп, білім көгінде қанаттары талмай самғай берсін деген тілек айтамыз. Келесі құттықтау сөз кезегін бақшамыздың меңгерушісі Зауреш апайға береміз.

                                        Марапаттау сәті

Жүргізуші: Осымен балалар мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Келгендеріңізге көп рахмет! Сау болыңыздар!


ПІКІР ҚАЛДЫРУ