Баланы мектепке дайындау: ата — анаға кеңес

0
3072

Мектепке келу— әр баланың  өміріндегі өтпелі  кезең. Оқудың басталуы оның  күнделікті тіршілігіне  өзгеріс  енгізеді. Мектепке дейінгі оқушыларға тән балалық, бейқамдық, ойынға берілу көптеген талаптар міндеттер және шектеулері бар өмірмен алмасады: енді бала әр күні мектепке баруы керек, жүйелі еңбек етуі, күн тәртібін орындауы, мектеп өмірінің ережелеріне бағынуы керек, мұғалімнің талаптарын орындау, сабақта мектеп бағдарламасы бекіткенмен шұғылдану, үй тапсырмаларын тиянақты орындау, оқу жұмысында  жақсы нәтижелерге қол жеткізу, т.б.

Осы 6-7 жас кезеңінде баланың психологиялық келбеті де жаңарады, жеке адамдық, танымдық және ақыл-ой мүмкіндіктері, көңіл-күй, қарым қатынас ортасы өзгереді. Бала өзінің жаңа жағдайын міндетті түрде сезініп, үлкен болғанына мақтанады, оған жаңа  жағдайы ұнайды. Осы кезде  ата-ана баланың сәтсіздіктеріне шыдамдылық, талпыныстарына қолдау көрсетуі қажет.

-Көптеген «болады», «болмайды», «керек», «қажет», «дұрыс», «дұрыс емес» деген ескертулер бірінші сынып оқушысының алдынан шығады. Бұл ережелер мектеп өміріне, баланың жаңа оқу іс-әрекетіне байланысты. Оның көбі баланың  тілектері мен талаптарына қайшы келеді. Осының бәріне бейімделу керек. Бірінші сыныптың көптеген оқушылары бұл қиындықты жеңеді. Психологтер айтқандай, дені сау, жан-жақты, өзіне  сенген және  басқа  адамдармен қарым-қатынас жасай алатын бала мектеп өміріне оңай ене алады.

Сонда да, мектептегі оқудың басталуы әр бала үшін өте  күшті стресс. 1-сынып оқушыларының мектепте болған бірінші аптасында ағзаның қарсы тұруы төмендейді, түс көру, тәбет бұзылады, температура көтерілуі мүмкін. Мектепке бейімделу кезеңі кейбіреулерінде бір ай, басқаларында бір тоқсан, үшіншілерінде бір оқу жылына созылуы мүмкін. Мұнда көп нәрсе баланың жеке адамдық ерекшеліктеріне байланысты.

Соған байланысты ата-аналарға жадынама

  • Баланың оқушы болуға ұмтылысын қолдаңыз. Оның мектептегі істеріне сіздің шынайы жетістіктері мен қиындықтарына шынайы қарым- қатынасыңыз жаңа орны мен іс-әрекетінің маңыздылығын түсінуіне көмектеседі.
  • Баламен балаңыз мектепке оқу үшін келеді. Баланың қателік жасауға құқы бар.
  • Бірінші сынып оқушысымен бірге күн тәртібін жасаңыз, оны орындауын қадағалаңыз.
  • Оқу машықтарын меңгерудің бастапқы кезеңінде байқалатын кемшіліктерді елеусіз қалдырмаңыз. Балада, мысалы, тіл кемістігі болса, оқудың бірінші жылында  қолға алыңыз.
  • Бірінші сынып оқушысының жұмысында міндетті түрде мадақтауға  болатын нәрсені іздеңіз. Есіңізде болсын, мадақтау мен эмоциялы  қолдау («керемет», «сен өте жақсы орындадың») адамның ақыл-ой жетістігін көтереді.
  • Егер сізді баланың жүріс-тұрысында, оқу істеріне бір нәрселер алаңдататын болса, мұғаліммен немесе  мектеп психологінен ақыл-кеңес сұрауға ұялмаңыз.
  • Мектепке келгеннен кейін балаңыздың өмірінде сізден гөрі беделді адам пайда болады. Бұл-мұғалім. Бірінші сынып оқушысының өз мұғалімі туралы пікірін сыйлаңыз.
  • Оқу оңай емес, жауапкершілікті еңбек. Мектепке келу бала өмірін өзгертеді, бірақ оны ойыннан бөлмеу қажет. Ойын жаттығуына керекті уақыт қалуы керек.

Пайдаланылған әдебиттер:

  1. Шестилетний  ребенок  вшколе Москва 1986год В.С.Мухина
  2. Первоклассники  Школьни психолог «2002» №6  Данилова Е
  3. К.В.Бардин Если ваш ребенок не хочет учиться Москва 1980год

Айтжанова Бақытгүл


ПІКІР ҚАЛДЫРУ