Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетінің психология-педагогикалық ерекшеліктері

0
2505
Иллюстрация: Freepik.com

Резюме

В статье рассмотрены психолого-педагогические особенности развития мышления детей начальных классов.

The article discusses the psychological and pedagogical features of the development of  thinking in primary school children.

 Қазіргі  білім  берудің  жаңа  парадигмасы  нәтижеде  білім  алушылардың құндылықтар жүйесін қайта қарауға, көп білетін, тіпті оны қолдана да білетін адам ғана емес, өз әрекетін бағдарлай, дұрыс ұйымдастыра, оны қайтадан ой елегінен  өткізіп  саралай  мүмкіндіктері  мол тұлға қалыптастыру мақсатын көздейді. Мұндай тұлғаларды дамыту ерте қолға алынатын  болса, онда елдің  адами  капиталы  артатыны  белгілі.

Зерттеу  барысында ойлау әрекетін  ғылыми  түрде  классикалық философия өкілдері И.Фихте [1], Ф.Шиллинг [2], И. Кант [3], Р. Декарт [4], Дж. Локк [5] т.б. еңбектерінде танымның ерекше түрі, адамның өзінің ақыл — ой әрекетін сыртқы әлем сияқты тануы, өзін — өзі іздеуі, ойлау туралы ойлау, сананың жаңа (сараптамалық) жағдайы, білім туралы ойлау  ретінде,  ал ұлы ғұламаларымыз әл-Фараби  [6], А.Яссауи  [7],  Ж.Баласағұн  [8],  Х.Дулати  [9],  М.Қашқари [10],  А.Құнанбаев  [11] адамның  өзін-өзі  тануы  және  нені  білгісі  келетінін ұғынуы, әрбір ісіне қорытынды жасап, өкінбей өмір сүру  үшін жасайтын ой әрекеті тұрғысынан қарастырылғандығы анықталды.

Сондықтан да бастауыш сынып оқушысының ойлау қабілетін тереңірек зерттеудің маңыздылығы артатыны белгілі.

Қазіргі кезде білім беру ісінде, жеке тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, танымдық іс-әрекеті мен ой-санасын дамытып, қалыптастыру барысында білім берудің ұлттық, педагогикалық, психологиялық негізін айқындау керек.Елімізде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени өзгерістерге байланысты оқу-тәрбие процесін ұлттық сипатта ұйымдастыру- өмір талабы. Әр халықтың ұлттық-тарихи дәстүрі, оның азаматтық білім берудегі мәдениеті мен дидактикалық білімі осы оқу-тәрбие процесіне тікелей байланысты. Сондықтан біздің көтеріп отырған мәселесіміз біріншіден – ұлт, екіншіден – тәрбие мәселесі.

Ұлы ғалымдар, педагогтар Я.А. Коменский [12], Дьюи Д. [13], К.Д. Ушинскийдің [14] оқыту арқылы оқушылардың ақыл-ой кабілеттерін дамытуға баса назар аударғаны тегін емес.

В.А. Сухомлинскийдің еңбектерінде бастауыш сынып оқушыларының  ойлауын дамытудың негізгі жолы абстракциялық ойлауды ұйымдастыруға көп көңіл бөлген. Өйткені абстракциялық ойлау заттардың ерекшелігін, ұқсастықтарын және себептерін түсіндіреді – дейді[15].

Ойлау процесі объект пен субъектінің өзара әрекеті ретінде жүзеге асады. Ойлауды психологиялық тұрғыдан зерттеу дегеніміз-оның ішкі, танымдық құпия мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету, яғни ойлаудың мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету, яғни ойлаудың мәнін зерттейді, әрбір адамның өзіндік ойлау ерекшеліктерін дамытып отыруға баса мән береді.

Қазіргі психологияда ойлау ұғымына әр түрлі түсінік беріледі, ойлау дегеніміз — әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты психикалық процесс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойының талдау және біріктіру әрекеттері арқылы танылады. Ойлау – сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі. Ойлау адамның өмір тәжірибесі мен практикалық іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім процесінің шеңберінен әлдеқайда асып түседі.

Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту туралы психолог ғалымдардың Выготский Л.С.[16], Зак А.З.[17], Люблинская А.А.[18], Брушлинский А.В.[19], К.А. Абульханова-Славская[20], Н.А. Менчинская  [21]еңбектерінде көптеген пікірлер айтылған.

Қазақстандық педагог ғалымдар бастауыш сыныпты оқыту жөнінде   Караев Ж.А., Кобдиков Ж.У[22], Тұрғынбаева  Б.А.[23], Әмірова  Ә.С.[24], Нағымжанова  Қ.М.  [25], оқушылардың ойлау қабілетін дамыту туралы  Д.Рахымбек[26], Оспанбекова М.Н.[27]еңбектерінде де құнды пікірлер айтылған.

Ойлау – адам соның арқасында заттар мен шындық құбылыстарын олардың елеулі белгілері бойынша бейнелендіретін және олардың ішінде сондай-ақ арасында болатын әр түрлі байланыстарды ашатын психикалық процесс.Ойлау – аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады. Бұлардың ішінде логика мен психологияның орны ерекше.

Психология түрлі жас мөлшердегі адам ойының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы жолдарын, яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерінің заңдылықтарын қарастырса, логика – бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінен заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел, ой формаларының табиғатын зерттейді.

Дегенмен, әуелгі уақытта мектептегі жаңа жағдайға бала әлі бейімделе алмағандықтан,   оқу   үстінде   мына   сияқты   қиыншылықтар   кездеседі: Біріншіден, бала мектептің жағдайына бейімделе алмай (мысалы, белгілі уақытта тұрып, мезгілінде жатуға, сабақтан қалмауға, сабақ үстінде үнсіз тыныш отыруға үйрене алмағандықтан) қиналады. Осының нәтижесінде тез болдырып шаршауы да ықтимал.

Екіншіден, мұғалімнің өзіне тән мінезіне және құрбыларымен қалай қарым-қатынас жасауға үйрене алмағандыктан бала киналады, сыныптың мұғалімі қанша жақсы болғанымен, бала оған бата алмай, бірдеңені сұрау үшін сескенеді. Бірақ көп ұзамай бала үйреніп жатырқауын тоқтатады. Сонымен қатар, бала оқуға кіргеніне мәз болып, әке-шешелеріне еркелеп, кейде бір үлкен міндет атқарып жатқан сияқты болып, өзіне ерекше   көңіл бөлуді талап етеді. Осы кезде әке-шешелері оны көп еркелетпесе, осының өзі қиыншылықтардан бас тартпауға, қиыншылықтарды жеңуге пайдасын тигізеді.

Үшіншіден, 1-сыныпта оқушыларға койылатын талаптар  тым  жеңіл   келеді.   Тапсырмалардың     жеңіл   болуы   баланы қиыншылықпен күресуге жетелемейді, дегенмен бала оқиды. Оқығысы келуі мектептегі жағдайдың оған қызық көрінуінен. Мектепке келу қызық болып көрінгенімен, оқуға арналған баланың қажеттілігін жөнді дамыта алмайды. Осының нәтижесінде мектептің жағдайына қызығу балада бірте-бірте сөнеді де, оқуға немқұрайлы қарайтын болады. Немқұрайлықпен күресу үшін баланың оқуға ықыласын тудырып, тапсырмаларды бірте-бірте қиындату қажет. Әдетте, оқу материалы жеңіл келсе, әлі жете алмағандықтан үлгерем деуден күдер үзіп, одан бас тартатын болады. Осы екі жағдайдың екеуі де қолайсыз,   сондықтан   тапсырманың   қиындығы   оқушы   үшін   қолайлы дәрежеде   құрылуы   тиіс.   Егер   қолайлы   етіп   ықшамдау   киын   келсе, тапсырманың жеңіл болғанынан гөрі — қиынырақ келуі әлде қайда ұтымды.

Себебі азды-көпті қиындығы бар тапсырмалар баланың қиналуына. акыл-ойының алға қарай өрістеуіне жағдай туғызады. Осы үш түрлі қиыншылықтардың кездесетінін 1-сыныптың бас кезінен бастап еске алу қажет. Ал алдағы (2-3) сыныптарға келсек, мұндағы оқушылардың жағдайы бірінші сыныпта қалай оқығанына байланысты. Әдетте, баланың бәлендей объектіге кызығуы мен оның ықыласының барлығын ажырату керек. Қызығу деп — бір объектінің бір жағы сырттай біреуге ұнайтынын айтады. Қызығу көбіне аз уақытта кездеседі де, кейін сөніп кетуі ықтимал. Ал ықылас балада іштей ұмытылып іске берілуінен пайда болады.

Сондықтан, осы мәселеге 1-сыныптан мән беру қажст. Жалпы алғанда 2-3 сыныптағы балалардың көпшілігі ойдағыдай оқып кетеді. Мұның себебі, біріншіден, кіші оқушының ниеті таза, ішіндегісі тілінің ұшында болып тұрады. Екіншіден, бұлар үшін мұғалім үлкен абырой және бедел. Сондықтан, оның сөзін мүдіртпей орындайтын болады.

Оқуға «тоюды» болдырмаудың ең сенімді әдісі балалардың сабақтарда жеткілікті дәрежеде күрделі оқу-танымдық тапсырмалар алуында, тиісті ұғымдарды игеруді талап ететін проблемалық ситуациялармен ұшырасуында жатыр. Бұл шамамен былайша болады. Математика курсында сандар ұғымының маңызы зор. Ол балаларға 1-сыныпта беріледі. Олармен танысу  тәсілі мынадай. Балаларға бірнеше затты көлемі немесе саны жағынан салыстыру тапсырмасы беріледі, бірақ есептің шартында мұны тура және тікелей орындауға болмайды. Қалай істеу керек?

Бірінші сынып оқушылары бұған ұқсас есептерді шығарудың жалпы тәсілін іздеуге мәжбүр болады. Бірқатар азды-көпті сәтті әрекеттер жасап көрген соң, балалар мұғалімнің көмегімен мұндай жағдайларда өлшеу, есептеу және сан қажет екендігін анықтайды. Осылардың көмегімен шамаларды жанама түрде салыстыруды орындауға болады. Сонан кейін балалар өлшеуді және санауды үйренеді, сандар ұғымының мазмұнын түсінеді. Сондай арнаулы анықтаулар (тиісті ұғымдар қаншалықты қажет және олардың шығу тегі кандай), тәжірибе көрсетіп отырғандай, өмірлік міндеттерді шешудің өзіндік математикалықәдістеріне, осы оқу пәні сабақтарына балалардың танымдық ынтасын қалыптастыруға көмектеседі.

Балалар алдына шешілу жолдары мен құралдарын белсенді анықтауды талап ететін тапсырмалар жүйесін беру бірінші сынып оқушыларын әуел бастан-ақ ақыл-ой ізденісі саласына жетелейді, олардың алдына жан-жақты пікірлер мен тұжырымдар негізінде іс-әрекеттің табылған әдістерін негіздеу қажеттігін ашады. Осындай белсенді ойлау іс-әрекетінің арқасында балалар қажетті білім мен іскерлікті саналы түрде меңгереді.

Ойлау ерекшеліктерін таным мен ой процесінің сатысы ретінде зерттеу, ойлаудың білім мен тікелей байланысты екендігін көрсетеді.
Ойлауды дамыту – оның мазмұны мен формасын өзгерту болып табылады.

Психологияда ойлаудың үш түрі қарастырылады.

1.Практикалық іс-әрекеттілік.

  1. Көрнекі-бейнелік

3.Сөздік – логикалық.

Ойлауды дамыту процесі төмендегілерді қамтиды.

  1. Ойлаудың барлық түрлері мен формаларын дамыту /практикалық іс-әрекеттік, көрнекі-бейнелік, сөздік-логикалық/
  2. Ойлау амалдарын қалыптастыру және жетілдіру /анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, классификациялау/ т.б.
  3. Заттың мәнді белгілерін ажырата білуін дамыту.
  4. Қоршаған орта құбылыстары мен заттары, қатынастары мен маңызды байланыстарын табу.
  5. Өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеу.
  6. 6.Өз ойын анық, жүйелі, қарама-қайшылықсыз және негізді түрде баяндау.
  7. Ойлау тәсілдері мен амалдарын бір саладан екіншіге көшіре білу.
  8. Құбылыстың дамуын көре білу, негізделген қорытынды жасау
  9. Формальды логикаға негізделген ойлаудан, диалектикалық логикаға негізделген ойлауға көшу процесін стимулдау.
  10. Оқушылардың оқу және оқудан тыс іс-әрекеттерінде формальды және диалектикалық логика заңдары мен талаптарын қолдану дағдылары мен біліктіліктерін жетілдіру.

Сын есімді оқыту процесінде оқушылардың ойлауын дамыту дегенде ойлаудың барлық түрлері, формалары мен амалдарын қалыптастыру және жетілдіруді танымдық және оқу іс-әрекетінде тәсілдерінің білімінің бір облысынан екіншісіне көшіруді жүзеге асыра білуді түсінеміз.

Ойлау амалдарын қалыптастыру және жетілдіру арқылы біз оқушылардың ойлауын дамытамыз.Ойлауды дамыту критерилері ретінде оқушылардың ойлауын дамытудың қандай да бір деңгейінің жетістігін көрсететін көрсеткішті түсіндіреді.

Деңгей-ойлауды дамытудың дәрежесі, критерий – деңгейдің өлшемі.

Оқушылардың ойлауын дамыту деңгейлерін анықтау үшін, психологтар ойлауды дамытудың сегіз шартын тұжырымдайды:

Оқыту арқылы ойлаудың төмендегі сапаларын дамытуға ықпал етуге болады:

  1. Ойлаудың икемділігі.
  2. Ойлаудың тереңділігі мен кеңділігі.
  3. Ойлаудың сынилығы.
  4. Ойлаудың мақсаттылығы.
  5. Ойлаудың жалпылығы.
  6. Ойлаудың өз бетіншелдігі.
  7. Анықтылығы, дәлелдігі.

Ойлауға тән осы сипаттар оқушылардың ойлауының мәдениетін көтеруге, олардың интеллектуалдық потенциалын дамытуға көмектеседі.Ойлаудың жүйелі түрде қалыптасуы тек оқу процесінде ғана емес, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына да көмегін тигізеді. Ойлау мәдениеті жеке тұлғаның туа біткен қасиеті болып табылмайды, ол таным процесі барысында қалыптасады. Ойлау аппаратының дамуы арқылы адамның танып-білу мүмкіндігі ұлғаяды,қарастырылып отырған мәселенің түп мәніне тереңірек үңілуге мүмкіндік алады.

Ақыл-ой еңбегі мәдениеті — ойлау мәдениеті — сыншыл ойлау мәдениеті.Осылайша, оқу бағдарламаларына сәйкес білімді меңгеру оқушыдан күрделі ақыл-ой еңбегін, жақсы есті дамыған қиялды және оқуға

Оқушылардың белгілі бір бөлігі ғана өз бетінше еңбек ету және еңбек ету мәдениеті дағдыларын меңгереді. Бұл оларда өзінің жұмыс орнын қарапайым ұйымдастырудан бастап, дәл және дұрыс ақыл-ой, сонымен бірге практикалық әрекет дағдыларына дейін барлығынан көрініс табады. Олар ақыл-ой әдістерінің бірқатар қорын жинақтайды. Олардың таным әрекеті жоғарғы дәрежелі ойлау операцияларымен, ойлаудың шапшаңдығы, икемдігі, оралымдығымен, оқушылар бұрын кездеспеген жаңа, тың тапсырмаларға өзінің білімін, интеллектуалдық біліктілігі мен дағдыларын өз бетінше көшіріп қолдана алуымен ерекшеленеді.

Оқу әрекеті дағдыларын меңгермеген оқушылар өз жұмысын жоспарлап, уақытты дұрыс, тиімді пайдалана алмайды.Бұл жерде сөз ақыл-ой процестерінің сырттан басқарылуы мұғалімі тарапынан, бағдарламалық оқулықтарымен, оқытатын құралдар, электронды машиналармен жөнінде ғана емес, оқу әрекеті барысында саналы түрде өзін-өзі басқару және өзін-өзі реттеу жөнінде де болып отыр. Ал бұл үшін оқушыға оның жеке-психологиялық ерекшеліктерін, оның оқу және практикалық әрекетке қатынасын ескере отырып ықпал ету керек және оның меңгерген өзіндік жалпылама тиімді тәсілдерін меңгеруін қамтамасыз етуі қажет.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Фихте И.Г. Избранные сочинения: М.; 1961. – Т.1. — 369 с.
  2. Шиллинг Ф.В.  Система  трансцендентального  идеализма.http://filosof. historic. ru/.
  3. Кант И. О педагогике // Трактаты и письма. М: Наука,1980 — 410 с.
  4. Декарт Р. Рассуждение о методе для хорошо направленного разума и отыскания истины в науках / Сочинения: в 2 т. – М.: Мысль, 1989.Т.1. – 654 с.
  5. Локк Дж. Избранные  философские  произведения.  –  М.:  Изд-во Соцэкгиз, 1960. – Т. 1. -537 с.
  6. Аль-Фараби. Избранные трактаты. –Алматы: Ғылым, 1994 . – 446 с.
  7. Қожа Ахмет Ясауи. Диуани хикмет.– Алматы: Арыс, 2001. 11-18б.
  8. Баласағұн Ж. Құтты білік / аударған А.Егеубаев. Алматы: 1986.-52 б.
  9. Дулати М.Х.  Тарих-и  Рашиди. –  Алматы:  М.Х.  Дулати  қоғамдық қоры, 2003. – 616 б.
  10. Қашқари М.«Түрік тілінің сөздігі»: (Диуани лұғат-ит-түрік): 3 томдық шығармалар жинағы.  1-том.  /  Қазақ  тіліне  аударған,  алғы  сөзі  мен  ғылыми түсініктерін жазған А.Егеубай. – Алматы: ХАНТ, 1997. – Т.1. 30-41б.
  11. Абай Құнанбайұлы.  Шығармаларының:  2  томдық  жинағы.–  Алматы: Жазушы, 2013. – Т. 2. – 336 б.
  12. Коменский Я.И. О воспитании: для педагогов, родителей и студентов педвузов.-М.: Школьная пресса,2003.-192 с.
  13. Дьюи Д. Психология и педагогика мышления/Пер. с англ. Николаевой Н.М., под ред. Виноградова Н.Д. — М.: Совершенство, 2007. — 208 с.
  14. Ушинский, К.Д. Человек как предмет воспитания. Опыт педагогической антропологии/ // Ушинский К.Д. Педагогические сочинения в 6 т.– М. : Педагогика, 1990. –  56с.
  15. Сухомлинский, В.А. Как воспитать настоящего человека: (Этика коммунистического воспитания). Педагогическое наследиесост. О.В. Сухомлинская.–М. : Педагогика 1990. – 288 с.
  16. Выготский Л.С. Мышление и речь. — 5-е изд., исп. — М.: Лабиринт, 1999. – 351с.
  17. Зак А.З. Развитие умственных способностей младших школьников. М.: Просвещение, Владос, 2004.- 316 с.
  18. Люблинская А.А. Учителю о психологии младшего школьника: Пособие для учителя. М.: Просвещение, 1998.- 340 с.
  19. Брушлинский А.В. Психология мышления и проблемное обучение. — М.: Знание, 2002. — 96 с.
  20. Абульханова-Славская, К.А. Личностные типы мышления / К.А. Абульханова-Славская /Когнитивная психология. — М.: Наука, 2006.- 225 с.
  21. Менчинская Н.А.  Проблемы  воспитания,  обучения  и  психического развития ребенка. – М.: МПСИ, Воронеж: Модэк, 2004. — 512 с.
  22. Караев Ж.А., Кобдиков Ж.У. Оценка деятельности учащихся в условиях применения педагогических  технологий  обучения  //  Вестник  высшей  школы Казахстана. – 1998. — №5. — 82-88с.
  23. Тұрғынбаева Б.А. Педагогические технологии  как  условие  перехода к компетентностному образованию // Нач. шк. Казахстана -2006. — №1.- С.12-14с.
  24. Әмірова Ә.С.  Бастауыш  сынып  оқушыларының  шығармашылық  іс-әрекетін қалыптастырудың теориясы мен практикасы: пед.ғыл.док. … автореф. – Алматы, 2009. – 45 б.
  25. Нағымжанова Қ.М. Инновациялық  оқыту  жағдайларындағы  мұғалім қызметінің психология-педагогикалық негіздері. – Өскемен, 1999.- №9\\ 32-35б.
  26. Рахымбек Д. Оқушылардың ойлауын дамытуда абстракциялау тәсілінің алатын орны. //Ұлт тағлымы. Халықаралық ғылыми-педагогикалық басылым – Алматы, 2007. — №3. — 59-63б.
  27. Оспанбекова М.Н. ТРИЗ — технологиясы негізінде өнертапқыштыққа баулу: Әдістемелік құрал. – Алматы, 2014. — 120 б.

 

 Нұрлан М.Н, Каржаева Г.Д
«Global Education» мектебі , Шымкент, Қазақстан.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ