«Бауырсақ» ертегісі негізінде ертеңгілік

1
19832

Білім беру саласы: Коммуникация, шығармашылық.

Бөлімі:Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Бауырсақ» ертегісі

Міндеті: Ертегі мазмұнын сахналауға үйрету

Мақсаты: Бауырсақ ертегісімен таныстыру

Білімділік: Ертегі желісін  білулері

Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа  тәрбиелеу

Сөздік жұмыс: Аю, қасқыр , түлкі , қоян .

Билингвальдік компанент: Бауырсақ —  колобок ,ертегі – сказка   .

Көрнекіліктер: Үлестірмелі материялдар ,  ертегі суреттері , сайд .

Шаттық шеңбері: Үлкенге де сіз,

                                  Кішігеде сіз.

                                Ізетпенен сіздерге ,

                                Бас иеміз біз.

Тәрбиеші: Балалар менің сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Сендер ойын ойнағыларың келеді ме? Ендеше ойнымызды бастайық .

Ойын: «Жылдам тап»

Мақсаты: Қандай ертегі екенің табу .

Шарты: Төрт бала шығып, лулия шеңберінде тұрған  суретте қай ертегі екенін айтады . Енді балалар іздер «бауырсақ» ертегісін тамашалайық.

Автор : Ерте ,ерте, ертеде шал мен кемпір болыпты.

Шал: Кемпір,кемпір маған бауырсақ пісіріп берші.

Кемпір: Үйде ұн жоқ қой , бауырсақты неден жасаймын?

Шал: Қаптың түбін қағып содан екі уыстай ұн шығар.

Кемпір: Жарайды онда

Автор: Піскен бауырсақты терезе алдына суытып қояды.  Жата- жата жалыққан бауырсақ терезеден жерге домалап түсіп , кемпір мен шалдан қашып кетеді. Домалап келе жатып ол қоянды кезіктіреді.

Қоян: Байырсақ, бауырсақ мен сені жеймін,-дейді.

Бауырсақ: Мені жемеші қоян мен саған олең айтып берейін .

                     Мен бауырсақ , бауырсақ

                Мен атамнан қаштым ,

                Апамнан да қаштым.

                Ал сенен қашу қоян ,

                Қиын емес маған,-деп бауырсақ домалай жөнеледі.

Автор: Ойламаған жерден алдынан бір сұр қасқыр шыға келеді де :

Қасқыр: Бауырсақ ,бауырсақ мен сені жеймін,-дейді

Бауырсақ : Қой қасқыр!сен  мені жемеші мен саған өлең айтып берейін

               Мен бауырсақ , бауырсақ

              Мен атамнан қаштым ,

              Апамнан да қаштым.

                   Мен қояннан қаштым

              Ал сенен қашу қасқыр ,

              Қиын емес маған.

Қасқыр: Ендеше менің  саған тапсырмам бар, соны орындасаң мен сені жемеймін .

Тапсырма: Ұн неден алынады?

Автор: Ендеше біз бауырсаққа тапсырмасын орындауға көмектесейікші .

Балалар : Бидайдан.

Автор: Қасқырдан құтылған бауырсақ , домалап келе жатып , аюға жетіп тіреледі.

Аю: Бауырсақ ,бауырсақ мен сені жеймін,-дейді

Бауырсақ : Жемеші мені аю мен  саған өлең айтып берейін:

                 Мен бауырсақ , бауырсақ

                Мен атамнан қаштым ,

                Апамнан да қаштым.

                     Қояннан да қаштым,

                     Қасқырдан да қаштым.

                Ал сенен қашу аю,

                Қиын емес маған.

Аю: Ендеше менің  саған тапсырмам бар, соны орындасаң мен сені жемеймін.

Тапсырма: Ұннан жасалынатын тағамдарды атап бер?
Балалар: Бәліш ,бауырсақ ,нан , печенье , макарон.

Автор: Аю дан құтылған бауырсақ , домалап келе жатып қу түлкіні кезіктіреді.

Түлкі: Амансың ба , бауырсақ?

         Жүзін қызыл шырайлы,-дейді  құлағына .

Автор: Мақтаныштан бауырсақ әнің бастай жөнеледі.

Бауырсақ: Мен бауырсақ , бауырсақ

                Мен атамнан қаштым ,

                     Апамнан да қаштым.

                     Қояннан да қаштым,

                     Қасқырдан да қаштым.

                Аюдан да қаштым,

                     Ал сенен қашу түлкі

                Қиын емес маған.

Түлкі: Ендеше менің  саған тапсырмам бар, соны орындасаң мен сені жемеймін .

Тапсырма: Жұмбақ

              1) Қыста ақ , жазда сұр. (Қоян)

              2)Қорбаң ,қорбаң етеді,

                  Орманда ол жүреді. (аю)

Автор: Түлкі берілген жұмбақтарды дұрыс тапқанына қуанып, бауырсақты жөніне жібереді. Бауырсақ сен де енді үйіне  қайтағой. Сені атан мен апан күтіп қалған шығар.

Рефлексиялық түзетушілік: Балалар қандай ертегіні тамашаладық? Ертегіде қандай кейіпкерлерді көрдіңдер?!

 

Дүйсебаева Қатира Жалдыбаевна

Тараз қаласы №5 «Ақжелкен» балабақшасының тәрбиешісі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ