Биылғы жылғы ұйғарым бойынша түлектерді аттестаттау кезеңі мектепте өтетіні белгілі болып отыр. Ал жаңа форматтығы ҰБТ-ның басты принциптері бұрынғысына мүлде ұқсамайды. Биылғы жылғы ҰБТ-да оқушының логикалық ойлау қабілетіне, танымдық деректерді сараптай білуіне, теориялық талаптарды еркін талдауына мүмкіндік беріліп отыр, — дейді мамандар. Көпке белгілісі, Ұлттық бірыңғай тестілеу — жоғары оқу орындарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны.   Жаңа форматты ҰБТ-ның  ережелері:
ҰБТ — ағымдағы жылы мектеп бітіруші түлектер үшін.
Өткізу формасы: тестілеу.
Өткізілетін орны: тест өткізу пункттері.
Өткізу мерзімі: Өтініш қабылдау — 10.03-10.05.
Тестілеу — 20.06 — 01.07.
Бақылаушылар: Министрлік өкілдері.
Апелляция: қарастырылған.
ҰБТ форматы: 5 пән (3міндетті + 2 таңдауы бойынша).
Барлық тест тапсырмалар саны —120.
Тестілеудің жалпы уақыты: 3 сағат 30 минут (210 минут)
| Тестілеу пәндері | Тапсырмалар саны | Тапсырмалар формасы | Бағалау формасы | |
| 
 1 блок  | 
Математикалық сауаттылық | 
 20  | 
Берілген бес жауаптың біреуі дұрыс | 1 дұрыс жауап = 1 балл | 
| Оқу сауаттылығы | 
 20 (4 мәтін)  | 
Берілген бес жауаптың біреуі дұрыс | 1 дұрыс жауап = 1 балл | |
| Қазақстан тарихы | 
 20  | 
Берілген бес жауаптың біреуі дұрыс | 1 дұрыс жауап = 1 балл | |
| 
 2 блок  | 
  
 1 бейінді пән  | 
 20  | 
Берілген бес жауаптың біреуі дұрыс | 1 дұрыс жауап = 1 балл | 
| 
 10  | 
Көп жауаптың ішінен бірнеше дұрыс жауабы бар | Барлық дұрыс нұсқаны таңдау – 2 балл
 Бір қате (бірнеше дұрыс жауаптан 1 қате кетсе) – 1 балл 2 немесе одан көп қате – 0 балл  | 
||
|  
 2 бейінді пән  | 
 20  | 
Берілген бес жауаптың біреуі дұрыс | 1 дұрыс жауап = 1 балл | |
| 
 10  | 
Көп жауаптың ішінен бірнеше дұрыс жауабы бар | Барлық дұрыс нұсқаны таңдау – 2 балл
 Бір қате (бірнеше дұрыс жауаптан 1 қате кетсе) – 1 балл 2 немесе одан көп қате – 0 балл  | 
Жоғары балл саны: 140
Шекті деңгей балы: 50
Бейінді пәндер таңдайтын мамандыққа байланысты таңдалады
Шекті балды алмаған жағдайда, ақылы негізде оқуға түсу үшін тестілеуді қайта тапсыру қарастырылған (тамыз 2017).
            



