БОЛАШАҚ ФИЗИКА МҰҒАЛІМІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ДАЙЫНДЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

0
4173

Аннотация.
Мақалада болашақ физика пәні мұғалімдерінің кәсіби-әдістемелік дайындығын дамыту жолдары мен мәселелері қарастырылған.
Кілт сөздер: Білім, ақпарат, педагогика, физика, мұғалім, әдістеме, кәсіби, студент.                Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында болады. Ендеше біз халыққа білім беру және дамыту, оларды реформалау ісін барынша қарқынды жолға қоюымыз керек» деп, ұстаздардың білім беру жүйесіндегі басты бағытын айқындап берді. Еліміздің білім беру жүйесі әр баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуында маңызды мәселелерді шешудің түрлі жолдарын қарастыруды көздейді. Себебі, әр баланың адам болып қалыптасуында маңызды орынды алатын өркениетті қоғамымыздағы негізгі сала — білім беру жүйесі. Жалпы білім берудің ұлттық деңгейдегі басты мақсаты — Қазақстан Республикасын әлеуметтік , экономикалық, қоғамдық – саяси өміріне белсене араласуға дайын, құзіретті тұлғаны қалыптастыру. Соңғы жылдары қоғамның ашықтығы мен ондағы қайта құрулар, еліміздің экономикасын дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Себебі, әлемнің жетекші елдері білім беру мақсатын, мазмұны мен технологияларын, оның нәтижесіне қарап бағалайды. Осыған байланысты, білім берудің негізгі мақсаты, оқушылар мен студенттердің алған білім, білік және дағдыларының негізінде, өзін-өзі дамытуға, мағлұматтарды өз бетінше табуға, талдауға және ұтымды пайдалануға, өз ісін дұрыс атқаруға үйрету болып табылады [1]. Әдістемелік дайындық болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығының ажырамас бөлігі. Оның кәсіби қызметінде атқаратын іс-әрекеттерінің әдістемелік аспектілеріне сәйкес, шешетін оқыту міндеттерінің ерекшеліктеріне байланысты, өзіндік маңызға ие. Физиканы оқытудың кез келген сатысында, ғылыми білімдердің интеграциялануы мен әртүрлі педагогикалық ахуалдарда, оның арнайы міндеттерін, принциптерін, мазмұнын, формалары мен әдіс-тәсілдерін айқындау мен тағайындау арқылы оқытудың тиімді жолдарын талдау, анықтау және негіздеумен қамтамасыз ету әдістемелік дайындықтың басты функциялары болып табылады. Бұл жерде, мұғалімнің кәсіби дайындығының әдістемелік аспектісінің міндеті оқыту жолдарын негіздеу және таңдаумен шектелмей, оқушыларды оқу-танымдық үдерістің сан-алуан әдіс-тәсілдеріне үйрету және олардың іс-әрекеттерін ғылыми тұрғыда ұйымдастыру. Хабаршы №1- 2015ж. 29 Студенттердің кәсіби-әдістемелік дайындығының негізгі компоненттері: бағыттылық, сәйкес білім, білік пен дағдылардың жиыны, дамыған логикалық ой-өріс пен сана-сезім, тұлғаға тән қабілеттер мен қасиеттер, іс-әрекеттерді атқару тәжірибелерінен құралады. Осы аталған компоненттерді қалыптастыру мен дамыту болашақ мұғалімін әдістемелік дайындаудың басты мақсатын құрайды. Оқыту заңдылықтарының негізін қарастыруда, біз оны жүзеге асырудың, білім беру жүйесінің әртүрлі сатыларына және оның негізгі міндеттеріне (оқу курсы, жеке тарауды өтудің әдістемесі, кәсіби дайындық дәрежесін дамыту жүйесі және т.б.) тәуелділігі ескерілетін деңгейлерден тұрады:
 оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың әдістері мен формалары;
 қарастырылатын оқу материалының құрылымы мен мазмұны;
 оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың құрылымдық сипаты;
 оқу курсының мақсаттары мен негізгі міндеттерінің құрылымы. Қазіргі кезеңде, болашақ физика мұғалімін дайындау барысында, осы деңгейлер жүйесін жүзеге асыру, негізінен, студенттердің оқу-танымдық іс- әрекеттерін ұйымдастырудың әдістері мен формалары деңгейінде жүзеге асырылады. Бұл, әрине, мұғалімді кәсіби-әдістемелік дайындауды тиімді ұйымдастыруға ықпал ететін объективті және субъективті факторлардың көп түрлілігін, көп жақтылығын есепке алуда жеткілікті емес. Мұғалімді теориялық және әдістемелік дайындау үдерістерінің интеграциялануы, оны кәсіби іс- әрекетке дайындаудың вариативтілігін, жоғарыда аталған деңгейлердің барлығында жүзеге асыруға мүмкіндік береді [2, 143 б]. Педагогикалық оқу орындарында болашақ физика мұғалімінің дайындығының трансформациялануын, философиялық, педагогикалық және психологиялық идеялар мен заңдылықтардың негізінде іске асыратын, басты педагогикалық құралдар мыналар болып табылады:  болашақ физика мұғалімін кәсіби-әдістемелік дайындауда, оның оқу — танымдық іс-әрекетінің циклдік принципін жүзеге асыру;  оқу мазмұнына, физика мұғалімінің кәсіби қызметке дайындығын қамтамасыз ететін, әдіснамалық білімдер мен біліктерді енгізу;  арнайы және әдістемелік пәндердің құрылымын анықтауда, теориялық және кәсіби-әдістемелік білім, біліктер мен дағдылардың сатылығы мен қалыптасу мерзімін, оқу курсының қатаң сызықты кұрылуына жол бермейтін, оқу материалының маңыздылығы мен күрделілігінің біртіндеп артып отыруын қамтамасыз етілуін ескеру;  оқытудың әрбір сатысының міндеттерін айқындау және оны орындау арқылы болашақ мұғалімдердің аналитикалық, шығармашылық және рефлексивтік қабілеттерінің дамуын қамтамасыз ету. Физика мұғалімінің кәсіби-әдістемелік дайындығын жүзеге асыру бір-бірін өзара толықтыратын идеяларын пайдалануға; студенттердің белсенділігі мен дербестігін өзіндік жұмыста қолданылатын әдіс-тәсілдердің негізінде дамытуға; оқу материалының мазмұнын беруді және оны ұйымдастыру формаларын таңдауды ғылыми негізде жүзеге асыру есебінен студенттердің оқу-танымдық іс- әрекетін, олардың келешек мектепте атқаратын кәсіби қызметіне адекватты ұйымдастыруға; болашақ физика мұғалімінің кәсіби бағытталуын анықтайтын және жүзеге асыратын мотивациялық шеңберін кеңітуге негізделеді. Болашақ физика мұғалімін кәсіби дайындауда студенттердің белсенді әрі жемісті оқу-танымдық, шығармашылық іс-әрекетпен айналысуын қамтамасыз ететін, оқу-танымдық және әдістемелік тапсырмалар мен жаттығулар жүйесін Хабаршы №1- 2015ж. 30 құру, теориялық білімдерін кеңейтуді мақсат тұтатын, оларды еркін қолдануға үйрететін арнайы курстар мен семинарлар ұйымдастыру саналады. Педагогикалық университтерде болашақ физика мұғалімін кәсіби қызметке дайындаудың әдістемелік құраушысының жетекші функцияларының қатарына мыналарды жатқызуға болады:  болашақ физика мұғалімінде кәсіби қызметіне ізденімпаздық, шығармашылық көзқарас қалыптастыру (мотивациялық-құндылық функциясы);  физика мұғалімінде өзінің кәсіби қызметін тиімді, әрі табысты атқаруға қажетті іргелі теориялық, кәсіби-әдістемелік және әдіснамалық білімдер мен біліктер кешенін, жиынын қалыптастыру (оқыту, бақылау және әдіснамалық функциялар);  болашақ физика мұғалімінің сана-сезімін, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру (дүниетанымдық функция);  физика мұғалімінің, іздену-эвристикалық, оқу-зерттеу деңгейлеріндегі, практикалық кәсіби іс-әрекет, қызмет тәжірибесін қалыптастыру (кәсіби- практикалық функция). Осыларға сәйкес физика мұғалімін кәсіби қызметке дайындаудың әдістемелік жүйесінің құрылымы, шартты түрде мынадай негізгі үш компоненттен: мақсаттардан; құралдардан және алынған нәтижелерден құралуы тиіс. Педагогикалық оқу орындарында болашақ физика мұғалімін кәсіби- әдістемелік дайындау жүйесінің мақсаттары, олардың иерархиялық кұрылымын бейнелейтін, компоненттік құраушылары мен өзара байланыстары тұрғысынан ашылуы тиіс. Мақсаттардың құрамын анықтауда, іс-әрекеттік келістің талаптары жетекші деп саналып, қалыптасатын іс-әрекеттердің терминдері арқылы тұжырымдалуы тиіс. Бұл кезде, мақсаттардың амалдық құраушылары ретінде физика мұғалімінің теориялық, кәсіби-әдістемелік дайындықтарының элементтері алынады. Бірақ іс-әрекеттердің жеке элементтерін жүзеге асыру белгілі білімдер мен біліктер жиынын игеруді талап ететіндіктен, олардың тізімі іс-әрекеттердің түрлері мен элементтерін нақтылайды. Кәсіби-әдістемелік іс-әрекеттердің элементтері мұғалім, оқушы және информацияның арасындағы өзара әсерлесулердің мүмкін болатын түрлерімен анықталады. Бұл жерде физика мұғалімінің келешекте атқаратын қызметінің мынадай негізгі түрлері: оқу-әдістемелік жұмысы, окушылардың танымдық, ізденімпаздық іс-әрекеттерін ғылыми тұрғыда ұйымдастыруға бағытталған және өз бетінше білімін толықтыруы мен өзіндік оқу-зерттеу жұмыстары қарастырылуы тиіс. Физика мұғалімінің кәсіби кызметке дайындығын дамытудын әдістемелік жүйесінің негізгі мақсаттарының құрамына, оларға өзінің ұстаздық қызметін жемісті атқаруға қажетті физикалық білімдер мен біліктер; физика сабақтарын және оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарының сан алуан түрлерін еркін қолдануды жүзеге асыруды және оны әдістемелік негізде дайындауды игеруін қамтамасыз ететін, оқу-әдістемелік білімдер мен біліктер жиыны; физиканы оқытудың көп функционалды арнайы кұралдары (физикалық оқу эксперименті, физикалық есептерді шығару әдістері, оқушылардың оқу-танымдық, ізденімпаздық және шығармашылық іс-әрекеттерге жұмылдырудың әдіс- тәсілдері, жолдары және т.б.); физика мұғаліміне өз пәнінің материалдық базасын құруы мен дамытуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ұйымдастыру — әдістемелік біліктері мен дағдылар жиыны; мұғалімге, оқушыларды физиканы оқыту үдерісінде өз жұмысының нәтижелеріне сай адекватты сезінуін қамтамасыз ететін оқу-танымдық және шығармашылық білімдер мен біліктер; оқытудың әдістерін, тәсілдері мен құралдарын ғылыми негізде жетілдіріп отыру Хабаршы №1- 2015ж. 31 және оқу үдерісінде туындаған түрлі ахуалдарда оларды сауатты қолдануға мүмкіндік беретін арнайы біліктер енгізілді [3, 102 б].
Физикалық білім берудің барлық түрлерінде мысалы, лабораториялық жұмыстарды орындауда студенттердің әрекеті мазмұнды-практикалық және кәсіби іс-қимылдардан құралады. Сабақ барысында студенттер білімін бекітумен, толықтырумен қатар өздерінің іс-әрекетін саналы, бағытты түрде ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін (байқау, өлшеу, эксперимент нәтижелерін статистикалық өңдеу, талқылау, қорытынды жасау және т.б.) бірінен соң бірі жалғасып келетін іс-қимылдар арқылы игереді, солардың негізінде, зерттелетін құбылыс туралы мәлімет алады, мақсатқа жеткізетін көп жолдың ішінен тиімдісін анықтайды. Іс-әрекет жасаудың осындай микротәсілдері, студенттің кәсіби дайындык деңгейін дамытудың қажетті элементтері түрінде қалыптасады. Сонымен қатар, практикум кезіндегі студенттің оқу-танымдық іс-әрекетінің тиімділігі, оның мұғаліммен, топтағы студенттермен, лаборанттармен пікір алмасуларының сапасымен де анықталады. Олай болса, болашақ физика мұғалімінде кәсіби іс-әрекетті орындауға дайындықты қалыптастыруды, оған мақсатты түрде, өзара байланысқан әсер етулер арқылы жетуге болады. Ол үшін:
 белсенді тәрбиелік жұмыстар жүргізу арқылы, олардың кәсіби кызметіне қызығушылығын арттыру, мотивациясын тудыру;
 пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру арқылы кәсіптік міндеттердің шарттары мен мазмұнын айқындайтын білімдер жүйесін құру;
 сөзбен және көрнекті құралдармен келешек қызметінің ерекшеліктерімен таныстыру;  студенттердің оқу-танымдық іс-әрекеттерін тиімді ұйымдастыру мен жаттығуларды пайдалану негізінде, оларды қажетті біліктер және дағдылармен қаруландыру;
 студенттердің келешек қызметіне өзін-өзі дайындауын қадағалау, икемдеу [4, 169 б]. Кәсіби даярлауды ұйымдастыруда студенттерде оқуға, білімге деген оң көзқарас қалыптастыруға үлкен ықпалын тигізетін шарттарды (игерілген білімнің теориялық және практикалық маңыздылығы мен оқытудың жақын және қашық мақсаттарын түсіну, оқу материалының жаңалығы мен мазмұнын біртіндеп өсіріп отыру, информациялық танымдық қарама-қайшылықтары бар ахуалдар, проблемалық мәселелер тудыру және т.б.) жүзеге асыру маңызды роль атқарады. Студенттердің кәсіби дайындығын қалыптастыруға арналған жұмыстарға, оқытудың іс-әрекеттік келісінің негізінде ұйымдастырылатын, олардың танымдық, ізденімпаздық, шығармашылық және әдістемелік іс-әрекеттеріне басты назар аудару керек. Әрине, бұлар болашақ физика мұғалімінің келешекте атқаратын іс-әрекеттеріне адекватты болатындай таңдалуы керек. Студенттердің жоғарыда келтірілген іс-әрекеттерді игеруі, оқытушының тікелей басшылығымен жүзеге асырылады. Мысалы, Н.В.Талызина /5/ осы мәселелерге қатысты зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы, студенттердің, оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру жолдарын анықтады. Егер іс-әрекет бұрын әлеуметтік тәжірибеде қолданылмаған (объектіленбеген) болса, оны объектілеудің бірнеше жолдары болады: 1. Теориялық — эксперименттік жол. Бұл жол, шешілетін мәселеге ұқсас мәселелерді теориялық талдаулар мен оқыту практикасында туындайтын Хабаршы №1- 2015ж. 32 қиындықтарға анализ жасау негізінде, модель құрудан басталады. Оқытудың келесі сатыларында құрылған модель дәлденеді. 2. Осындай есептерді, мәселелерді шешу барысындағы алдыңғы қатарлы оқушылардың іс-әрекеттерінде туындаған қиындықтарды талқылау мен талдау. 3. Психологиялық талдау арқылы, бұрын шешілген, ұсынылғанға ұқсас ахуалдарды шешудің тиімді жолдарын анықтау. Оқу үдерісін басқару концепциясының жетекші қағидалары ретінде мыналарды алуға болады: 1. Оқу, оқушыда оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттарынан туындайтын сапалық қасиеттер мен қабілеттерді дамытуды жүзеге асыратын, жеке және коллектив атқаратын іс-әрекеттердің сан алуан түрлерінің жүйесі; 2. Дәстүрлі оқытуда басқару негізінен іс-қимылдардың параметрлері арқылы, яғни, оқушыға белгілі іс-қимылдар жүйесін беру жолымен іске асырылды. Қазіргі кезеңде, психологиялық тұрғыда дұрыс басқару деп білім алушының іс-әрекеттік мұқтажын, мотивтері мен мақсаттарын өтейтін дамыту шарттарын құру мен мүмкіндіктерін жасауды айтады; 3. Оқу процесінде, оқытушымен немесе оқытушы жүйемен құрылған, оқушы атқаратын іс-қимылдардың тізбелілігі қатаң сақталуы тиіс. Бұл тізбектілік білім алушымен неғұрлым көп анықталса, басқару соғұрлым икемді болады. 4. Басқарудың тұлғалық дәрежесі деп білім алушының оқытудың мақсаттылығы мен оқу процесіндегі өзінің іс-әрекетін құрудағы дербестік дәрежесі аталады. 5. Оқушының дамуы ең тиімді жүретін оқу, оны қиындык шегінде оқыту. Сондықтан, оқу процесін басқаруда оқушының ішкі потенциалы мен мүмкіндігіне сүйену керек. 6. Оқытуды (оқытушының іс-әрекеті) басқару жүйесінің негізіне оқушының іс-әрекетінің прогностикалық моделі қойылуы қажет. Біз, болашақ физика мұғалімдерінің жоғарғы оқу орнындағы оқу- танымдық іс-әрекеттерінің мынадай: репродуктивтік (студент әртүрлі физикалық және оқыту-тәрбиелеу мәселелерін қарастыруға арналған оқу-танымдық, әдістемелік тапсырмаларды орындауға ықылас білдірмейді, талаптанбайды, олардың физикалық құбылыстарды, теориялар мен заңдарды түсінудегі немесе оқу процесін ұйымдастырудағы маңыздылығын түсінбейді); информациялық — репродуктивтік (студент оқу-танымдық, әдістемелік тапсырмаларды ішінара орындайды, бірақ олардың мәнін жеткілікті дәрежеде түсінбейді, психологиялық-педагогикалық және физикалық білімдерін жүйелі толықтырмайды, оқу-танымдық әдіс-тәсілдерді, білімі мен біліктерін қарапайым мәселелерді шешуде ғана қолдана алады); іздену-эвристикалық (студент берілген физикалық, әдістемелік тапсырмаларды орындайды, физикалық және педагогикалық құбылыстарды дұрыс түсінеді, бірақ игерген білімдерін, біліктері мен дағдыларын оқушыларды дамытуда жеткілікті дәрежеде еркін қолдана алмайды); оқу-зерттеу (студент оз бетінше білімін, білік-дағдыларын кеңейтіп және толықтырып отырады, оларды кез келген мәселелерді шешуде қолдана алады, білім алудың жаңа технологияларын игеруге тырысады) деңгейлері болады деп санаймыз. Физика мұғалімінің кәсіби дайындығының қалыптасу динамикасын, студенттердің репродуктивтік және шығармашылық іс-әрекеттерінің ара қатынасын зерттеу негізінде талдау, олардың кәсіби қабілеттерін дамытуды тиімді, нәтижелі технологияларын айқындауға мүмкіндік берді. Біз, Хабаршы №1- 2015ж. 33 студенттердің кәсіби дайындық деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін көрсеткіштерді (даму деңгейі, нақты кәсіби міндеттер мен мәселелерді табысты шешу мүмкіндігі, жоғары педагогикалық мектепте білім алуда кәсіби дербестікке жетуі, келешек кәсіби қызметіне бейімделу процесі және басқалары) болашақ физика мұғалімінің кәсіби даярлаудың сапасын көтеруді болжауға болады. Олардың оқу-танымдық, кәсіби-әдістемелік іс-әрекеттерін мақсатты, жоспарлы ұйымдастыруға және қолданылатын технологиялардың тиімділігін анықтау үшін пайдаландық. Физика мұғалімінің кәсіби дайындығының белгі-шарттарын тағайындау проблемасы арнайы пәндер мен оның әдістемесін оқыту процесін оптимизациялаумен тығыз байланысты. Мұнда күрделі динамикалық жүйелерде байқалатын өздігінен реттелу процесін, яғни, синергетикалық заңдылықтарды пайдалану жақсы нәтижелерге әкелуі тиіс. Педагогикалық жүйеде жүретін процестердің кішігірім өзгерісі күтпеген күрделі жағдайлар тудыруы мүмкін. Бұндай ахуалдар оқушылардың іс-әрекетін басқаруда үнемі кездеседі. Екінші жағынан, жүйедегі осы өзгерістер, оны орнықты ұстау үшін қандай күйді таңдау қажеттігі жөнінде белгілі информация берді. Демек, оқу-процесінде туындаған ахуал, кез келген уақыт мезетінде, оны құрайтын элементтердің өзара әсерлесуімен анықталатын, егеменді процесс ретінде қарастырылады. Бұл болашақ мұғалімде жаңа білімдер мен біліктер қалыптастырады, оның жаңа сапалық күйге ауысуын қамтамасыз етеді, кәсіби- әдістемелік дайындығын дамытады. Іс-әрекеттің белсенді түрлендіруші сипатының ықпалынан педагогикалық процестің жекелеген элементтерінің өзара ұйымдасқан, үйлескен қимылдарының нәтижесінде, жүйеде бұрынғы байланыстардың қайта құрылуы мен жаңа байланыстардың түзілу процесі жүреді. Бұлар тізбекті түрде жаңа құрылымдардың пайда болуына әкеледі. Студенттің жоғары үйлесімді, когерентті іс-қимылы педагогикалық жүйені құрайтын жеке элементтердің өзара іс-әрекеттермен, оның әртүрлі иерархиялық деңгейлерінің арасында сақталған, өңделген, берілген, түрленген және қабылданған информация алмасулардың негізінде жүзеге асады. Шын мәнінде, күрделі ашық жүйелерде информациялық деңгейлер иерархиясы орын алады. Бұл кезде педагогикалық жүйе дами отырып әртүрлі күйлерде бола алады, олай болса, оның субъектілеріне қандай күйді таңдау қажеттігі туралы информация керек. Олай болса, жүйенің әрі қарай даму қарқынының артуы мен баяулауы оны қабылдау сапасына тығыз байланысты. Кәсіби іс-әрекеттер кезінде жүйелердің немесе оларды құрайтын элементтердің арасында жүретін информациялар әлеуметтік маңызды ерекше функционалдық қасиетке ие. Себебі, ол субъектінің дамуында, тұлға болып қалыптасуында, өзін- өзі басқаруы мен жетілуінде үлкен роль атқарады. Студенттің ой-өрісі кеңейген сайын, кәсіби дайындығы артқан сайын, оның алдында, бірнеше жолдың қиылысында тұрған саяхатшы сияқты, әртүрлі мүмкіндіктер тұрады. Бұл кезде, олардың екеуін де бифуркациялық нүктеде тұр деп айтады. Мысалы, студенттің табысқа жетуі, оның өзіне қандай міндет қойғанына байланысты. Субъект игерген білімін өзінің бұрынғы тәжірибесімен салыстырады, оның ерекшеліктерін есепке ала отырып пайдаланады, жаңа білім құрудың құралы ретінде немесе басқа жаңа білім алуды қамтамасыз ететіндей түрлендіреді. Нақты айтқанда, барлық кезенде екі стационар күй: білім мен білімсіздік бір мезгілде қатар пайда болып отырады. Осы күйлердің бірі таңдалса бастапқы Хабаршы №1- 2015ж. 34 информация екі еселеніп отырады, яғни, шешім қабылданған мезетте алғашқы бірмәнсіздік (білімсіздік) жойылады. Ғылыми зерттеу жұмысының негіздеуге арналған философиялық- әдіснамалық, психологиялық-педагогикалық талдау, бізге болашақ физика мұғалімінің кәсіби дайындығын дамытудың құрылымын, құралдары мен мазмұнын анықтауға, оған қойылатын талаптарды тағайындауға және соның негізінде, оның әдістемелік жүйесін құруға сонымен қатар, студент-физиктердің кәсіби қызметке дамыту мен қалыптастырудың технологияларын таңдауға және оның белгі-шарттарын айқындауға мүмкіндік берді. Әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан- 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, 2012.
2. Земцова В.И. Формирование методической готовности учителя в педагогическом вузе. (В сб подготовка кадров в педагогическом институте). – Орск, 1993. –250 с. 3. Ивахнова М.Л., Есенова М.И., Ильясов Н.И. Совершенствование дидактической подготовки учителя в процессе изучения спецпредметов. Методические пособие. – Алматы: КазПи им. Абая, 1989. – 102 с.
Сырым Ж.С. – педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор,
Кажмуханова Г.Ш,Шаңова Ж.Р.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ