Бүгін менің туған күнім, ой , бәле-ай!

1
5169

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын.Ол 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның туған күні жөнінде екі түрлі ақпарат бар. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Екінші ақпарат: ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз.» Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші ту­ған күніне байланысты мынадай сөз айта­ды: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпан­да дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен». Азан шақырып қойылған аты – Мұхаммедқали.  Әкесі қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері – Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады . Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады.

Хронология

  • 1948 – 49 ҚазМУ-дың филология факултетінің студенті;
  • 1948 – оқуын тастап, Шибұт ауылында ауылдық кеңестің хатшысы;
  • 1949 – көктемде жары Лашынмен отау құрады;
  • 1949 – “Советтік шекара” газеті ақынның “Қырман басында”, “Қойшы бала – Әкітай” деген өлеңдірін жариялады;
  • 1950 – Алматыдағы Шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне оқуға түсіп, көп ұзамай тұрмыстық жағдайына байланысты оқуын тастайды;
  • 1954 – Қарасаздың бастауыш мектебінде орыс тілі мұғалімі болып тағайындалады, осы жылы ақынның үш өлеңі “Әдебиет және искусство” журналында жарияланды;
  • 1957 – Республикалық радионың диктор қызметін атқарады;
  • 1960-62 – “Советтік шекара” газетінің бөлім меңгерушісі;

1963-1965 – “Мәдениет және тұрмыс” журналында жұмыс істейді;

 

Бүгін менің туған күнім, ой , бәле-ай!

Мына адамдар неге жатыр тойламай?!

Банкет жасап берер едім өзім-ақ,

Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай.

 

Мына дүние неге жатыр үндемей?!

Алаулатып тойдың шоғын үрлемей.

Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып,

Мынау-шапан,

Мынау-атың мін демей.

 

Мына жұртқа жақпады ма әлденем?!

Бекер өмір сүргенімбе, әлде мен?

Халқым, сенің қасиетіңді білем деп,

Босқа өмір өттіме екен әуремен?

 

Айтамын деп қуаныштың, мұңымды,

Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды?!

Мен бәрібір, өзіңменен бір болам,

Өзегіне тепсең-дағы ұлыңды.

Тойланбаса тойланбасын, не етейін.

Той көрмей-ақ, сый көрмей-ақ өтейін…


ПІКІР ҚАЛДЫРУ