Cызық пен штрих. Бейнелеу өнері пәнінен сабақ жоспары

0
4821
Гомотетия және оның қасиеттері
Сабақтың тақырыбы
Cызық пен штрих

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сурет салуға, түстерді ажырата алуға, берілген тапсырмаларды

дұрыс орындай алуға үйренеді

Мағынаны тану

Сурет салу үшін не керек деп ойлайсыңдар?

-бейнені қайда саламыз? (қағазға)

-бейнені кетіру үшін не керек? (өшіргіш)

-бейнені безендіріп әрлеу үшін не керек?

(штрихтау, бояу)

-компоновка дегеніміз не? (қағаз бетіне бейнеленетін

затты үйлесімді орналастыру).

пропорция дегеніміз не?

(бейнеленетін заттардың үлкенді-кішілі бөлігінің

арақатынасын салыстырып белгілеу).

-жарық дегеніміз не?

(бейнеленетін заттардың күн сәулесі түскен бөлігін атаймыз).                                                                                                    -көлеңке дегеніміз не? (заттардың бетіне

жарық түспеген бөлігі. Яғни ол меншікті көлеңке деп

те аталады. Бейнеленетін заттың көлемі және формасы

жарық пен көлеңке арқылы беріледі).

Оқушылар жаңа сабаққа көшпес бұрын, өткен сабақты

есімізге түсірейік. Өткен сабақта біз құмыраны,

гипстік розетканы, т.б денелерді  бейнеледік.

Оларға қандай штрихтар қолдандық?

Өткен сабақта не ұқтық?

Өткен сабақты қорыту  ретінде  «Заттың суретін аяқтау»

ойынын ойнап жіберейік.

Дидактикалық ойын: «Заттың суретін аяқтау»     

Мұғалім үшбұрыштың суретін тақтаға іледі, әртүрлі геометриялық  фигуралардың басқа бөліктерін оқушыларға таратып береді.

Оқушылар соларды белгілі бір заттың бейнесіне ұқсатады. Ол геометриялық денелерге  қатысты болуы тиіс. (мысалы: үйшік)

Жаңа сабақ
Сызық пен штрих арқылы түрлі заттарды бейнелеп, әр алуан
көңіл күйді білдіруге болады.

Біз бейнелейтін заттардың бәрі де көлемді, ал қағаз беті жазық.

Сонда біз жазықтықта бейнелеген заттарды көлемді етіп
көрсетуге қалай қол жеткіземіз.

Көлемді заттарды түзу сызықтармен штрихтасақ, онда олар мына құмыралар сияқты жазық болып көрінеді.

Орыс суретшісі М. Врубельдің сызық пен штрихті пайдаланып,
жұмыс істеу тәсіліне назар аударайық.
Әрбір штрих заттың пішіні мен көлемін ғана емес,
сондай-ақ материалдың ерекшелігін де көрсетеді.
Біз графиннің шыныдан, шам қойғыштың металдан жасалғанын
әрі ауыр екенін және терезенің ағаш жақтауларын анық байқаймыз.
Әріп те суреттің бір түрі. Себебі олар белгілі сызықтардан құралады,
ал сызықтар өте әсерлі бола алатын сендер білесіңдер.
Әркімнің өз қиялына қарай әріп жазуда да сурет салғандай әсерлеуге болады.

Үйге тапсырма Жұмысты аяқтау
Бағалау Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.
Кері байланыс

 

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ