Әдеби тілдегі ауытқулар.

Әр xалықтың өзіне тән ана тілі болады. Бүгінгі қоғамда тілдің маңызы өте зор. Қазақ тілінің ақсаңдап келе жатқаны мәлім. Қазіргі таңда тілімізге жаңадан енген, яғни,  неологизмдер өте көп. Олардың әрқайсына бір аудармадан беріп қойды. Бірақ, жаңа сөздерді аудармасымен қолдынып жүрген ешкім жоқ. Аэропортты әуежай дедік, самолётты тік ұшақ дедік. Енді балконды қылтима дедік. Тілді өзімізге-өзіміз қиындатып тастадық. Сонан соң, еліміздегі басқа ұлт өкілдері қазақ тілін білмейді деп ренжейміз. Қазақтың өзі білмейтін аудармаларды, басқа ұлт қайтсін? Халықтың алдында жүрген әзілкеш Тұрсынбек әзілдерін ауызекі тілде, бәріне түсінікті түрде жеткізеді. Айлықты зарплата, тетікті кнопка, кезекті очередь деп айта береді. Бірақ оған тисіп жатқан, дұрыс айтпадың деген ешкім жоқ. Барлық елде бірдей айтылатын Дүниежүзілік сөздер бар. Мысалы, студент, туалет деген сияқты. Ол Америкада да студент, Россияда да студент. Бірақ біздің ақылды аудармашыларымыз бұл сөзге де аударма тауып үлгеріпті. Студентті тәлімгер деді. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс деп айтып келеміз.

Құр айтқаннан пайда жоқ сірә , мемлекет төрінде отырған дөкейлеріміздің өзі шұбарланып ,шала қазақ болып отырғанда .Тіліміздің алдыға жылжуға мүмкіндігі болмай отыр. Мысалға бір орысты кіргізып жіберсек қалың қазақ ішіне, онда бәрі қазақша үйрету орнынна тағы да бәрі керісінше орысша сөйлей бастайдыӘй айналайын қазағым не болды сонша бұратылып .

Тіл тағдыры — ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Әрбір адам өз ана тілін білу және мемлекеттік тілін меңгеру міндетті деп налыймыз да, қазақ қазақпен қазақша сөйлессін деп талай рет сынадық та, талқыладық та. Осы тақырыпқа байланысты талай бағдарламалар да түсірілді, ақын-жазушыларымыз да шырылдады. Бірақ бұл бізге не берді? Пайдасы жоқ тек жарнама боп қалғандай  ма қалай өзі.

Қоғамның жылжып өзгеруіне байланысты тіл де дамып өзгеріп отырады. Сонда тілімізді дамыту үшін не істеуіміз қажет? Менің ойымша, жастарға тіл тигізіп, ұрса берудің орнына басқа жолдарын қарастыру керек. Ең алдымен жас бүлдіршіндерге көп көңіл беру керек деп санаймын. Балалар не жақсы көреді? Магазинді дүкен дедік. Бірақ дүкен деп айтатындар саусақпен санарлық. Магазин деген де дүниежүзілік сөз ғой. Оны да аударып не таптық? Әрине, магазиндерде сататын сағыз, тәттілерді күніге алады. Сол тәттілерінің ішіне қазақтың мақал-мәтелдерін, жаңылтпаштарын, жұмбақтарын жазып шығарсам ба деген жоспарым бар. Үзілісте, далада бір-біріне айтып, жасырып тілдері шұлдырамай, «ң» -ды да тез үйреніп аларына күмәнім жоқ. «ң» демекші, өз байқағаным бойынша кішкентай балалардың, кішкентайларды қойшы, ересектердің өзі «ң»-ға тілі келмейді. Соны мойындаудан да ұялмайтындарын қайтесің?! Қазір теxнология заманы, еліміз бұл жағдайдан да құр алақан. Қазақтар шығарған (қытайдың қазақтары) «зерде» дегее жалғыз қазақша телефон бар. Оны да ешкім менсінбейді. Қазақ тілінде пайда бола бастаған жастардың q pop стилінің жақсы жағын айтар бослақ, қазақ тілінің дамуына да біршама үлес қосып жатыр. Не бастайын деп, іс жасайын десең, біреуге ұнамаса басып тастау, сынағанда дес бермейміз! Кінәні ең бірінші өзімізден іздеп көрсек қайтеді?


ПІКІР ҚАЛДЫРУ