Әдемі жазу да — өнер. Бастауыш сынып оқушыларымен өткізілетін семинар-тренинг

0
3823
«Мен осындай баламын» тәрбие сағаты

Әдемі жазу да — өнер

Бастауыш сынып оқушыларымен өткізілетін семинар-тренингтің жоспары

Мақсаты: Бастауыш сыныпта көркем жазу машығын қалыптастыру, жазу ажарын қалыптастыру. Әріптерді каллиграфияға сай дұрыс салуға үйрету. Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен сәлемдесу, оқу құралдарының дайындығын тексеру
  2. Психологиялық икем /1-ден 6-ға дейінгі цифрлар арқылы сөздер құрастыру/ топ атын таңдап алу.

І топ: Көркем

ІІ топ: Ажарлы

ІІІ топ: Ұқыпты

ІҮ топ: Әдемі

Топтар атынан көркем, ажарлы, ұқыпты, әдемі жаз сөзі шығады. Бұл қай білім саласына қатысты екеніне түсініктеме беру.

Көркем жазу – гректің /каллиграфия/ сөзі — көркем, ажарлы, сұлу жазу дегенді білдіреді. Осыған орай тапсырмалар орындаймыз. Топтарға тапсырмалар беріледі

І тапсырма: «Әріп құрастыр» ойыны. Түрлі элементтерден әріптер құрастыру.

Әріптер түрлі элементтерден құралады. Егер оның бір элементі дұрыс салынбаса, әріптің жазылу ажары бұзылады.

ІІ тапсырма: «Әріптерді байланыстыр» ойыны. Тақтамен жұмыс

Әріптер бір-бірімен байланысуының  өз тәсілі бар, егер олар дұрыс байланыспаса, жазу ажары бұзылады.

ІІІ тапсырма: «Цифр мен әріпті жұптастыр» ойыны. Цифрлар таратып беріп, оларға ұқсас әріптерді тауып жұптастыру.

Тақтамен жұмыс. Тақтаға цифр, әріп, таңба  салу ажарын салыстыру

Цифрды да, әріпті де, таңбаны да дұрыс, ережеге сай салып дағдылану керек.

ІҮ тапсырма: «Алфавит ретімен  жаз» алфавит бойынша адам атауларын жазу

Топтарды марапаттау, құттықтау.

 

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

 

ТОПТАР

 

І ТАПСЫРМА

 

ІІ ТАПСЫРМА

 

ІІІ

ТАПСЫРМА

 

ІҮ ТАПСЫРМА

Қорытынды

 

Әріп құрастыру /саны/ Дұрыс байланыстыру /саны/ Цифрдың жұп әрібін табу /саны/ жылдамдығы Алфавитті көркем
«КӨРКЕМ» ТОБЫ

 

 

       
«АЖАРЛЫ» ТОБЫ

 

 

       
«ҰҚЫПТЫ» ТОБЫ

 

 

       
«ӘДЕМІ» ТОБЫ          

 

Куламетова Лайла

Қызылорды облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №249 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ