Мақсаты: Балабақшамыздың да негізі мақсаты болашақта жас ұрпақты халқына қалаулы, ата-ананың мақтанышы, дені сау,сымбатты, шыныққан адамгершілігі мол азамат етіп өсіріп тәрбиелеу.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай,“Салауатты өмір салтын” үстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, парасатты, мәдениетті,дені сау азамат өсіру отбасының,балабақшаның жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян.
Соның бір шарасы “Денсаулық-басты байлық” атты спорттық шарамызға кош келдініздер.
Бүгінгі сайысқа “”,”Еркетай»мен «Күншуақ» тобы ата-аналары қатысқалы отыр. Сөз кезегін «Балбөбек»бөбекжайының меңгерушісі : Акимгалиева Фарида Файзрахманқызына береміз.
Ең алдымен сайысымызды бастамас бұрын бәріміз әңұранымызды айтайық.
Ән: «Әнұран»
Сайысқа қатысушы сайыскерлерімізді қол шапалақтап,ортаға шақырып,қане бойымызды сергіту мақсатында жаттығулар жасайық.(5мин)Топтар жеребе бойынша тандап алып екі топқа бөлінеді.
Топпен таныстыру.
“Қарлығаш” тобы :
Ұраны: Біріміз бәріміз үшін,
Бәріміз біріміз үшін,
“Бүркіт ” тобы:
Ұраны:Намысты қолдан бермейміз, бермейміз.
Жүргізуші:
Бала өсірген ата-ана,
Бала болып ойнайды,
Бала тәрбиелеген тәрбиеші,
Бала болып ойлайды- деп сайысмызды бастауға рұқсат етіңіздер.
№1.
Ойын: «Кім алғыр»(валейбол добымен)
Шарты:Белгіленген жерге дейін,допты жерге соғып,мәреден айналып келу.
№2
« Тез жеткіз»(Шаңамен)
Шарты: Тәрбиешілер екі топқа бөлініп,шанаға кезекпен белгіленген жерге дейін жетіп,кері келу керек.Қай топ бірінші болып келсе,сол топ жеңіске жетеді.
№3
Ойын: Арқан тартыс
Шарты: Екі топқа бөлініп,қолымыздағы арқанда барынша қатты өздеріне қарай тарту,қай топ белгіленген сызықтан асырса,сол топ жеңімпаз болады.
№4
«Шаңғы тебу»
Шартты: Екі топқа бөлініп,шаңғыны аяққа киіп,шаңғымен алдымызда тұрған кедергілерден өтіп шапшандылықпен тез келсе,сол топ жеңіске жетеді
Жүргізуші:
Топ болып біз жүрейік,
Ойнайықта күлейік.
Достық деген тамаша,
Міне тұрмыз жараса!
Флешмоб: Спорт әні
Ендеше жарысқа қатысқан топтарды мадақтайық.
Жүргізуші:
Жарқын,шаттық заман болсын,
Отбасымыз аман болсын.
Сыйластық пен бірлік болып,
Әрқашан орта толсын.
Бүгінгі «Денсаулық басты-байлық»атты спорттық шарамыз өз мәресіне жетті.Қатысқандарынызға көп рахмет!
«Жаңақала ауылдық округінің
«Балбөбек» бөбекжайы» МҚМК
Тәрбиешілер:Дуйсенгалиева.Ж.Г, Бақтығалиева.М.Е