Әдептілікке үйренейік. Сөз

0
2794
Гомотетия және оның қасиеттері

Пән: Сауат ашу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы

Күні: Сынып: 1 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы Әдептілікке үйренейік. Сөз
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру (мұғалім көмегімен) 1.1.1.1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну 1.1.5.1 түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдана білу 1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.
Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: суреттен көріп тұрғандарын айтады. Тыңдалған өлеңде не туралы екенін айтады. Әріп элементтерін дұрыс байланыстырады. Жазу жолын сақтайды, көркем жазады.

Көптеген оқушылар: Тыңдау арқылы өлеңнің не туралы екенін біледі. Диалог түрінде этикет сөздерді қолданады.

Кейбір оқушылар: өз ойын оқиға желісін сақтап жүйелі түрде жеткізеді. Өлең шумақтарын суретпен сәйкестендіреді. Өлең шумақтарына байланысты өз пікірін айтады, дәлелдейді.

Тілдік мақсаттар

Қайырлы күн! Сау болыңыз! Көріскенше!

Сыпайылық, сыйластық, әдептілік сөздері

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: ауызша сөйлеу, өз көзқарасын білдіру және талқылау.

Талқыланатын мәселелер:

  • Өлеңде қандай әдептілік ережелері ұсынылған?
  • Сен осы ережелерді орындап жүрсің бе?
  • Қалай орындап жүрсің?
  • Үсті-басың таза болу үшін не істейсің?
  • Мектепке кешікпеу үшін не істейсің?
  • Үлкендердің көңілінен шығу үшін не істейсің?

Әдепті болу үшін не істей аласың?

Құндылықтарды дарыту
Кішіпейілділікке, әдептілікке, ізеттілікке, сыпайылыққа, үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Пән аралық байланыстар Дүниетану, көркем еңбек
Бастапқы білім Сөз, сөйлем, мәтінді ажыратады.
Сабақ барысы
Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Сабақтың ортасы

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар?

«Шаттық шеңберін» құру. Әдемі әуеннің ырғағымен оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызып, өлең жолдарын қайталату: Жарқырап күн де ашылды,

Күн нұры түгел шашылды.

Қайырлы күн қонақтар

Біз әдепті баламыз

Қайырлы күн ұстазым

Біз көңілді боламыз.

  • Балалар, өлең жолдарында қандай бала боламыз дейді ?
  • Әдепті баламыз.
  • Ендеше, балалар, бүгін біз не туралы әңгімелеседі екенбіз?
  • Бүгінгі сабағымыз мынандай әдемі суреттер арқылы басталады.
  • Өздеріңе ұнаған суретті таңдап алыңдар?
  • Осы суреттердің мазмұнына сай топқа бөлініп отыра қалыңдар?

Жақсы қасиеттер бейнеленген сюжетті суреттер арқылы балаларды топқа бөлу. (Амандасып жатқан адамдар, үлкенге орын беру, үлкенді жолдан өткізу)

(МК) Суретпен жұмыс. Сурет арқылы жаңа сабақ мақсатын анықтау.

  • Алдарыңда жатқан суреттерге көңіл аударайықшы!
  • Бұл суреттердегі баланың іс-әрекеттері жайында не айтасыңдар?
  • Үлкен адаммен амандасты, орын берді, жолдан өткізді, яғни бұл қандай бала екен?
  • Әдепті бала.
  • Ендеше біз бүгін әдептілік жайында әңгімелесеміз.
Мұғалімнің ауызша бағалауы (Жарайсың! Өте жақсы! Керемет!)

М. Хакімжанованың өлеңін нақышына келтіріп мәнерлеп оқып беру.

Бөбектерім, оқы, ойна

Оқу білім саған пайда.

Кітабымның шетін жыртып,

Сияменен бояп қойма.

Қолыңды жу, тырнағыңды ал

Мұрныңды сүрт орамалмен

Кешігіп қалмай мектепке бар

Алысып жүрме балалармен.

Ата-ана, мұғалімге

Қарсы келмей әдепті бол.

Өтірік айтпа, үйрен шынға

Тілейтінім сенен сол.

(МК) «Сұрақ тудыру» тәсілі бойынша өлең мазмұнына байланысты сұрақтар қою:

  • Өлең не туралы?
  • Өлеңде қандай әдептілік ережелері ұсынылған?
  • Сендер осы ережелерді орындап жүрсіңдер ме?
  • Қалай орындап жүрсіңдер? Мысал келтіріп көріңдерші…

деген сұрақтар қою арқылы өлеңде айтылған әдептілік ережелерін оқушылардың өз іс-әрекеттеріне сүйеніп айтып беруіне ықпал жасау.

1 – тапсырма. (Ұ) Өлең желісі бойынша берілген суреттердің ретін анықта.

ҚБ «Конверт» тәсілі арқылы өзін-өзі бағалайды, әр топтан 3 оқушы шығып, конвертке бағалауларын және жұмыстарын жинап шығады.

2 – тапсырма. Өлеңмен жұмыс.

І топ: Өлеңнің мазмұнын әңгімелеп бер.

ҚБ «Жауабын толықтыр» тәсілі бойынша бағалау:

  • Сендер әңгімені қалай толықтырар едіңдер?
  • Тағы айтарларың бар ма? Неліктен олай ойлайсың?

ІІ топ: Мәтінде неше сөйлем барын анықта.

Бағалау критерийі: білім алушы

  • Сөз, сөйлем, мәтінді ажыратты.
  • Мәтіндегі сөйлемдердің санын анықтады.
Дескриптор:
  • Мәтін мен сөйлемді ажыратады.
  • Мәтіндегі сөйлемдердің санын анықтайды.

Мұғалім бағалау критерийі бойынша бағалайды.

ІІІ топ: Сызба бойынша әдептілікке байланысты сөйлем құрастыр. Ол сөйлемде неше сөз барын анықта.

(ҚБ) «От шашу» тәсілімен бағалау.

Сергіту сәті. Музыка әуенімен билеу. «Қара жорға»

3- тапсырма. (Ж) Сурет бойынша жұпта бір-біріңе сұрақ қой және жауап бер.

ҚБ Геометриялық фигуралар арқылы бағалау.

Дәптермен жұмыс.

(МК) Дәптердегі жұмысты орындату:

– дәптер бетіндегі суреттерді бояу;

– әріп элементтерімен таныстыру, оларды жазуға үйрету.

(ҚБ) Әдемі жазған балаларды жұл дызшамен бағалау.

Әр оқушыға жеке-жеке суреттер беріледі.

Сигналдық белгілер:

түсіндім

сұрағым бар

түсінбедім

Сюжетті сурет

«Сауат ашу» дәптері №1, 9- бет

Түрлі-түсті қарындаш

Сабақтың соңы

Қорытындылау.

«Сұрақтарды жауаптармен толықтыр» ойынын ойнату.

– Үсті-басың таза болу үшін не істейсің?

– Мектепке кешікпеу үшін не істейсің?

– Үлкендердің көңілінен шығу үшін не істейсің?

  • Әдепті болу үшін не істей аласың?

«Сөйлемді аяқта» ойыны арқылы сабақты қорытындылау.

«Мен әдепті баламын, өйткені… » (балалар өз ойларын айтады.)

Кері байланыс: «Жетістік баспалдағы» тәсілі бойынша өзін – өзі бағалау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың

материалды меңгеру деңгейін

қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс:

денсаулық жәнн қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс,құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Өлең желісі бойынша берілген суреттердің ретін анықтауда қабілетті оқушылар ретін анықтап, себебін дәлелдейді. Өз ойларын еркін жеткізеді.

Сызба бойынша сөйлем құрауда көптеген оқушылар сөйлем құрап, сөз санын анықтады.

Өзара бағалау, өзіндік бағалау, мұғалімнің комментарийлері арқылы бағалау. «Конверт» тәсілі арқылы өзін-өзі бағалайды, әр топтан 3 оқушы шығып, конвертке бағалауларын және жұмыстарын салады. Сол бойынша бағалаймын.

-Топтық жұмыстағы жауаптарын тыңдаймын.

-Жеке жұмысты өз бетінше қалай орындағанын байқаймын.

-Сұрақтарға жауап бергенде тыңдаймын.

Сергіту сәті және белсенді іс-әрекет түрлері кезінде денсаулық сақтау элементтерін қолдану, қауіпсіздік шараларын ескеру.

Баға қоюдағы академиялық әділдік, яғни, бір-бірін сын көзбен бағалауға тәрбиелеу.

Сабақ бойынша рефлексия оқушылар қарқын көрсетіп, өз ойларын еркін жеткізді.

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылы
«Қ.Дамитов атындағы орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Черьязданова Индира Касымхановна

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ