“Динамика”, “Сақталу заңдары” тақырыптары бойынша бақылау жұмысы

0
1629

Мұғалімнің көрсетілімдік тәжірибесі  әртүрлі есеп, тапсырма,  тәжірибе, дидактикалық материалдармен, ғылыми-көпшілік әдебиетті пайдалана отырып, тарихи және қызықты есептерді шығарумен жалғасын табатыны белгілі. Ұстаздарға көмек ретінде төмендегі есептерді ұсынамыз.

1-нұсқа

1. Әрқайсысының күші 250 Н болатын күштердің тең әсерлі күшін табу
керек. Бірінші және екінші күштердің, екінші және үшінші күштердің
арасындағы бұрыштар 60°.
Жауабы: FR = 500 Н.

2. Массасы 2,5 кг ағаш жүкті горизонталь бет бойымен бірқалыпты тартады.
Егер үйкеліс коэффициенті 0,2 тең болса, онда жүкке әсер ететін үйкеліс
күші қандай?
Жауабы: Fүйк = 5Н.

3. Массасы 500 г денені 4 м/с бастапқы жылдамдықпен жоғары қарай
лақтырғанда, дененің максимал биіктікке көтерілуі кезіндегі ауырлық
күшінің жұмысы неге тең? Дененің кинетикалық және потенциалдық
энергияларының өзгерісі ше?
Жауабы: А = – 4 Дж; ∆Åк = –4 Дж; ∆Åр = 4 Дж.

4. Қатаңдығы 200 кН/м сымды 0,5 мм-ге созу үшін оның ұштарына қандай
күш түсіру қажет?
Жауабы: F= 100 Н.

2-нұсқа

1. Әрқайсысының күші 300 Н болатын екі күштің теңәсерлі күшін табыңдар.
Олардың арасындағы бұрыш 90°.
Жауабы: FR = 300 2 .

2. Трактор массасы 20 кг бөренені көпір салынып жатқан орынға дейін
сүйреп апарды. Егер трактордың тарту күші 2 кН болса, онда үйкеліс
коэффициенті неге тең?
Жауабы: μ = 0,01.

3. 5 м биіктіктен еркін құлаған массасы 3 кг дененің жерден 2 м биіктіктегі
кинетикалық және потенциалдық энергияларын табыңдар.
Жауабы: Åк = 90 Дж; Åр = 60 Дж.

4. 100 Н күштің әсерінен 1 мм-ге созылған сымның қатаңдығы қандай?
Жауабы: = 105 Н/м.

Пайдаланылған әдебиет:
1. Физика, әдістемелік нұсқау 10-сынып. Д.М.Қазақбаева, Ж.Ж.Абжалелова


ПІКІР ҚАЛДЫРУ