Жылдар бізді ажыратып, адамдар арамызға от салмақ болды. Бірақ уақыт пен кеңістік біздің бірге болғанымызды қалады, –
Дракула.
1
Ғасырлар тоғысында қанішерлер мен адамдар ежелден жау. Алайда қанішерлер мен адамдар арасындағы ұзақ жылға созылған жауластықтың күндердің күнінде алапат соғысқа айналатынын ешкім болжап білген жоқ еді. Жасынан барлығын соғыспен шешуге құмар адамзат баласы қанішерлерге бірінші боп соғыс ашты…
Соғыс ешкімді де аяған жоқ. Қаншама адам жақынынан айырылып, қайғыдан қан жұтты. Адамдардың ауыр қайғысы қанішерлер үшін ғанибет болды. Олар күндіз ғаяр қарғаларға, ал айлы түнде жарғанаттарға айналып, қандықасаптан қалған өлі адамдардың қанін шауқың қандыра сорды. Бірақ хадденінен асқан қанішерлердің арасында адам қанын ішпегенмен, бүткіл энергиясын биһүш қылып жұтатын қанішерлер бар болса керек…
Әкесімен бірге қанды фарағатты аралап жүрген жас Дракула кенет алыстан рауа жүзді бүлдіршінді көрді. Алты жасар қыз екі өліктің жанында фетан ағлайып (еңіріп жылап), мәдетке біреуді шақырып отыр. Қайғы мен қасіреттің мазлүміне түскен ғажиз қызды аяудың орнына Граф Фур ұлына никәрдің қанын түгін қалдырмай ішуді бұйырды. Дракула әкесінің шешіміне түбегейлі қарсы шықты. Ол қыздың қанын ішуден бас тартты.
- Әке, бұл бәйкүнә сәби ғой…
- Сары маса құрлы жоқсың ба?
- Әке, мені дұрыс түсініңіз…
- Сен маған қарсы шыққын келді ме?
- Бірақ…Әке…
- Көзінді жоғалт, – деді Граф Фур.
Дракула шарасыздықтан әкесіне көндікті. Ол бейкүнә қызды арқалап, басы ауған жаққа кетті. Кебек ұндай аппақ өңді қыз Дракуладан он жасқа кіші. Сұңғақ Дракуланың жасы он алтыда, ал пұшайман кішкентай қыздың жасы нәбірі алтыда еді. Аққұба қыздың ныспысы – Сара еді. Сара табиғатынан өте сұлу болатын. Сараның қарақаттай бұп-бұйра қара шашы өзіне жарасымды-ақ еді. Ал моншақ көздері мөлдіреп тұратын. Оймақ қызыл ерні құлпынай іспетті Сараның өзі фарфор қуыршықтан аумайтын. Қыздың арық болғаны сондай ол Дракулаға еш салмақ түсірмеді.
Қанішер бозбала қайда барарын білмей састы. Бір уақытта Дракула «Алма алыңдар! Алма!» деген біреудің жаңғырық дауысын естіді. Дракула дауыс шыққан жаққа қарай адым басты.
- Бұл – жәрмеңке ғой! Дракула, қарашы, анда цирк! – деді қыз зор қуанышпен.
Дракула өзінің адамдар қоныстанған жерге келгенін түсінді. Олар атақты Қоянды жәрмеңкесіне кепті. Қоянды жәрмеңкесі 1848 жылдан бері Қарқалы уезінде өнімді жұмыс атқарып келеді. Қарқалы казак станциясынан 52 шақырым жерде орналасқан бұ жәрмеңке жыл сайын маусым айының 15-нен шілде айының 15-не дейін өткізіліп тұрады. Алғашында небәрі 2 шақырым аумақты қамтыған жәрмеңке қазір 5 шақырымға дейін алқапты алып жатыр. Жәрмеңкеде Қоянды пошта бекетінің ғимараты, банк һәм Судья орталығы орналасқан. Дракула дәл қазір сол Судья орталығының ішінде жазаға тартылуда.
- Сонымен, соңғы рет сізден өтініп сұраймын. Сіз өз қылмысыңызды мойындаудан бастартасыз ба? – деді үкімші Дракулаға оқты көзін қадап. Дракула үндемеді. Сот Дракуланың жауабын тағатсыздана күтті.
Дракула өзі өлімнен арашалап алған қызбен жәрмеңкені аралап жүр еді қыздың қарыны удай ашып, Дракуладан жеуге бірнәрсе сұраған. Сол кезде жәрмеңкеде алма сатып тұрған көпес екі пұшайманға алма берген-ді. Дракула алманы асап жегенде көпес оның азу тістерін байқап қалып бүткіл жәрмеңкеге «Халайық! Ау-халайық! Қараңдар! Бұнда қанішер жүр!» деп айғаламасы бар ма? Қанішер деген қарғыс атқыр сөзді естіген жергілікті полиция өкілі Дракуланы сот бөлімшесіне тұтқындап әкетті. Ал ғажиз қызды балалар үйіне тапсырды. Дракула қоштасар сәтінде қызға «Мен қайтып ораламын! Естимісісің?!» деп ашына айғалады. Полиция қызметкерлері «Иә, көреміз» деп Дракуланың екі қолына кісен салып, сот үкімшісінің алдына әкелді. Міне, он алтыға енді қадам басқан Дракула адам баласын туған әкесінен құтқарып қалғаны үшін сот алдыңда жауап беріп жатыр. Сот оны жазалы деп тауып зыңданға тастады. Дракула абақтының жалғыз көз терезесіне қарап ән салды. Бұ кезде балалар үйінің терезесінің жанында Дракуланы күтіп отырған алты жасар бүлдіршін өзін бір өлімнен құтқарып қалған Дракуланың саулығын тілеп, мұңлы әуендете бастаған еді…
2
Арада талай жылдар өтті. Балалар үйінде тәрбиеленген Сара жасы он сегізге келіп бой жетті. Сара балалар үйіне келген сәтінен бастап мерекелік іс-шаралардан қалыс қалмай, концертте өнер көрсететін. Ол алғаш алты жасында күміс көмей дауысымен ән шырқап, оқытушылар мен балаларды таңғалдырған еді. Сараны көрген Опера балет театрының директоры балалар үйінің қазымыр басшысы Бипаз ханымға баланың болашағы жарқын болатынын һәм оны өзімен театрға алып кетіп, «Театр жұлдызы» тәрбиелесі келетіндігін айтқан еді ханым сәл шыдамдылық танытуын өтінді. Қыз кәмелеттік жасқа келісімен театрға аттанатын болды. Міне, сол күптен күткен сәт те келіп жетті. Сара он сегізге толды. Енді «Театр жұлдызы» атанбақ. Сара балалар үйінің тәрбиеленушілерімен қимай қоштасып, күймеге жыламсырап отырды.
- Сара, біз сені сағынатын боламыз!
- Қош бол!
- Ақ жол!
- Сенен ұлы әнші шығады! – деп балалар атты арбаның артынан жүгірді. Шайтанарба басқан жерін бұрқыратып, театрға қарай шаңдата жөнелді.
Періштелердің үні көкке жетсе керек. Сараны ертең Опера баллет театрының аса құрметті қонағының өзі тыңдамақ. Сара бар өнерін салып ән салуы қажет. Әйтпесе бар дайындығының құр бекер болғаны. Сара түнгі он екі жарымда опера баллет театрының кең залында ән шырқайтын болды. Сағат он екіге шейін ат арба опера театрына жетсе игі. Бірақ шайтанарба белгісіз қарауытқан «қонақүйдің» жанына барып тоқтады. Қарғалар қарқ етіп, келген қонақтардың басынан зымырап ұшып өтті. Сара шайтанарбадан түсіп жатып бұ қай жер екенін опера баллет театрының басшысы Саймасай мырзадан сұрады. Саймасай мырза бүгін осында түнейтіндерін айтты. Ал театрға таңсәріде жол жүрмек. Бір кезде қонақүйдің есігі аңқия ашылды. Саймасай мырза тоңғаннан ішке зып етіп кіріп кетті. Сара сыртта дағдырап тұр. Саймасайдың туған інісі әрі көмекшісі Дархан (Дархан – Сарамен құралыптас бозбала) Сараны жұбатып ішке кіруін өтінді. Сара ішін тартып қонақүйге кірді…
Қонақүй. Іші тым-тырыс. Сара, Дархан және Саймасай залда сіресіп тұр. Сара айналаға көз салды. Ірі картиналар қабырғаларға бой түзепті. «Қарашы» деді Сара Дарханды жанына шақырып жатып азу тісімен ақсия күлген қара мырзалардың суретіне таңдана қарап. Бұл – қанішер отбасының галериясы еді. Атақты Граф Фурдың үйі. Сара мен Дархан оны білген жоқ. Олар картиналарды тамашалауды жалғастырды. Әр картинаға мұқият қарады. Саймасай мырза қонақүй күтішісін іздеп кеткен еді. «Әй, мында келіндер» деп екі жасты шақырып алды. Сара мен Дархан бір-бірімен көз түйістіріп қалды да Саймасайдың қасына келді.
- Бұл – Астра ханым. Бізді қонақүйге тегін орналастыратын болды. Бүгін Қонақүй басшысының туған күні екен, – деді.
- Рас па? Шын жүректен құттықтаймын! – деді Сара. Сараның екі езуі екі құлағында. Шамасы қонақүйде тегін түнейтіндеріне қуанса керек.
- Мен де… – деді Дархан дауысын сәл шығарып.
- Оны мырзамен көріскенде өзіне бірақ айтарсыздар, – деді Астра ханым шақырусыз келген қонақтарға тіксіне қарап.
- Қашан? – деді Сара таңдана.
- Бүгін салтанатты балда… – деді Астра Ханым жоғары қабатқа көтеріліп жатып. Барлығы оның артынан сатыға көтерілді.
- Бүгін балл бола ма? Ғажап! – деді Дархан төменен жоғарыға айғалап.
Балл. Жиналған жұрт «Театр жұлдызы» мен оның сыншысын асыға күтуде. Бір кезде салтанат залында үстіне қызыл көйлек, басына қызыл долана жемісіне ұқсас бедерлі әшекей таққан бойжеткен пайда болды. Қыз сұлуығымен жұртты тәнті етті. «Өнерімен бізді тамсандыра алады ма?» десті жұрт. Заллдағы шу тыйылмағасын опера-баллет театрының безгек қаққыш бастығы Саймасай мырза Сараға қонақүй басшысын күтпей-ақ ән сала беруін көзбен бұйырды. Өйткені Астра ханым солай депті. Сара да мырзаның ишарасын ұққандай ән сала бастады.
Сара:
Бақытты боламын дедім өзінмен,
Үміт отын жағып ішімнен.
Сенің іздеген сайын менің,
Алау болып тұтанады жүрегім.
Арайлап атқан таңның сәулесімен,
Сені терезенің алдында күттім мен
Сенім ұялаттың жүрегіме,
Ғажайып дауысынды, ғажайып дауысынды
Естірту арқылы өзіме
Сен жарық, ал мен көлеңке
Қанатсыз құсы едік мына әлемнің,
Сен жарық, ал мен көлеңке
Биігіне ұмтылып едік мына жалған дүниенің
Заллда қанішерлердің қара мантиясын жамылып алған бойы аңсағай, бөрене аяқты, кең иықты да кең жауырынды, жазық маңдайлы, сүйір мұрны қалың ернімен келіскен, аққұба жүзі ай сәулесімен шағылысқан, қарауытқан қабағынан жақұт көзі жарқырай көрінетін боп-боз өңді, ұзын қара шашты, жезтырнақты, сымбатты Дракула пайда болды. Қонақүйдің құрметті де қадірлі басшысы дегендері кезінде Сараны ажал аузынан құтқарып алған, бүгінде жасы жиырма сегізге толған Дракула болып шықты.
Сыртқы тұлғасы орта жастағы ерлерге ұқсайтын Дракуланың ұзын сирақ саусақтары әртүрлі қымбат зүбәржат тастармен көмкеріліпті. Он саусағына он түрлі жүзік таққан Дракула мысықтабандап кафель баспалдақтан түскенше жұрт оған таңдана қарап қалыпты. Дракула өткір жанарымен заллды бір сүзіп шықты да қоңыр дауысымен Сараға жақындап ән сала бастады.
Дракула:
Әлемнің жауһар туындысындай,
Айналдым екі көзінен,
Ғашықпын деген сөзінді,
Ұқтым ғой мен сол бір көздерінен
Арайлап атқан таңның сәулесімен,
Таңғы рауанның лебімен,
Ыстық демінді сездім мен.
Жаңа өмірге келгендей,
Сол бір ыстық сезімді кештім мен.
Сен жарық, ал мен көлеңке
Қанатсыз құсы едік мына әлемнің,
Сен жарық, ал мен көлеңке
Биігіне ұмтылып едік мына жалған дүниенің
Сара мен Дракула:
Жарық пен көлеңке
Қанатсыз құсы едік мына әлемнің
Жарық пен көлеңке
Биігіне ұмтылып едік мына жалған дүниенің
Сара:
Сен жарық…
Дракула: Ал мен көлеңке…
Сара мен Дракула: Биігіне ұмтылып едік мына жалған дүниенің
Ән бәсен әуенмен аяқталды. Сара Дракуланы жазбай таныды. Сараның көзін жас жуып жіберді. Сара Дракуланы қатты құшақтап алды. Дракула да мойнына асылған сұлу бойжеткенді кеудесінен итерген жоқ. Қайта барынша құшақтап алды-ақ. Жұрт аң-таң. Дархан мен Саймасай самсөз тартты. Дархан ашулы. Қаны басына шауып тұр. Қызғаныш пен реніш танго биіне салып алауланып өртенуде. Сара Дракуланың жәудір жанарына бір қарады да жылы құшағына құлады. Дракула сирақ саусағын бір сілкіп баллдың аяқталғанын білдірді. Жұрт үйіне тарады.
- Сізбен танысқанымызға өте қуаныштымыз, мырза – деді Саймасай Дракулаға жағымпазданып. Дракула үндемеді.
- Дракула мені бір өлімнен арашалап қалған, – деді жанарына үйірілген жасты сүртіп жатып Сара. Дракула үнсіз қарап тұрды.
- Солай ма? Қуаныштымын. Менің ныспым Дархан, – деп қолын Дракулаға ұсынды Дархан. Дракула қолын бермеді. Тек жауап ретінде басын изеді.
- Ә…Біз ертең жол жүрейін деп жатқанбыз. Бірақ бүгін кетуіміз керек екен, – деді Саймасай мырза қанішердің қаупінен сескеніп. Ақыры ұзақ үнсіздіктен кейін Дракула жауап қатты. Дауысы қоңыр әрі зілді екен.
- Сара, менімен қалуға дайынсың ба? – деді Сараға қарап. Сара «Маған ойлану керек…Жауабымды ертең беремін» деп бөлмесіне жүгіріп кетті. Ол есігін тарс жауып алды.
Түн. Сағат тура бірді соқты. Сара керуетте ояу жатыр. Ол әрі-бері дөңбекшіп ұйықтай алар емес. Сара көзін бір ашып, бір жауып еді – біреуді байқап қалды. Сара орнынан баяу көтерілді көзін айқара ашты. Қараса әлдебіреу жанында отыр. Бұл – Дракула еді. Дракула үстіне қан қызыл бархыт халат киіп алыпты. Мойнында ерлер алқасы бар көрінеді. Дракула Сараға жымия қарады. Ол «Бақта серуендегін келе ме?» деді. Сара басын изеді. Қанішер мен бойжеткен баққа серуенге шықты. Дракула Сарасыз өткен он жылын әңгімеледі. Сара да оны асыға күткенін мәлімдеді.
- Білесің бе, дәл қазіргі сәт мен үшін өте ыстық. Бұндай сәттер әлі де көп боларына нық сенімдімін…Бірақ менің ән салуым керек-ақ. Мен уәде бергенмін. Театрда бір рет ән саламын да қайтып келемін. Ант етемін. Сенен тағы да айырылып қалғым келмейді… – деді Сара Дракуланы қатты құшақтап алып.
- Сара, Сара, – деді Дракула Сараның қос иығынан мықтап ұстап. – Сен – Дракуланың махаббатысың. Ал Дракула ешқашан өзінің махаббатының азап шегуіне рұқсат бермейді. Уайымдама. Бәрі де жақсы болады. Театрда өнерінде паш еткен соң осында қайтып ораласын. Сосын біз…біз… – деп Дракуланың айтқаны сол еді біреу оның ту сыртынан оқ атты. Сара шыңғырып біреуді көмекке шақырды. Ешкім жауап қатпады. Дракула қан атқылаған кеудесін ұстап жерге етбетінен құлады.
Театр. Сара мағмұм ән шырқады. Жұрт барабанша қол соқты. Сара театрдан шыға бергенде Дархан ғайыптан пайда болды. Ол Сараны тоқтатып мән-жайлы түсіндірмек болды.
- Тыңдашы, мен сенің амандығынды ойладым. Ол қанішер ғой. Егер ол саған бір нәрсе істегенде мен өзімді ешқашан кешірмес едім, – деді Дархан жалбарына сөйлеп.
- Жер бетінде аласапыран орнағанда сен қанішер деген адам менің өмірімді ажал аузынан сақтап қалды. Туған әкесі мына пұшайманды өлтір деп бұйырғанда ол мені тірі қалдырды. Меніңше, нағыз қанішер мына сенсің. Оған еш күмәнім жоқ. Дракула ешқашан бұндай қадамға бармас еді, – деп Сара жыламсырап сөйледі де көзіндегі жасты сүртті.
- Қанынды ішпек болғаны аздай, сананды улап үлгеріпті, – деді Дархан мысқылдап. Сара оны үнсіз тыңдап тұрды да тілге келді.
- Енді сен мені мұқият тыңда. Мен саған өлсем де тұрмысқа шықпаймын. Армандаушы да болма! Осыдан Дракула жайлы тағы бір ауыз сөз айт мен сені кісі өлтіргенін үшін абақтыға жабамын. Тек Дракуланың өлер алдында айтқан өтінішіне бола сен әлі қара жер басып жүрсің, – деп Сара күймеге отырды да Дракуланың хатын оқыды. Хатта былай деп жазылыпты:
- Жылдар бізді ажыратып, адамдар арамызға от салмақ болды. Бірақ уақыт пен кеңістік біздің бірге болғанымызды қалады, – Дракула. Сара көзіне еріксіз жас алды. Ат арба басқан жерін бұрқыратып жүріп кетті.
Дракуланың үйі. Сара дастархан үстінде әлденіп отырған Дракуланы көріп қатты таңқалды. Дракула аман екен. Сара Дракулаға жүгіріп барып мойнына асылды. Дракуланың махаббаты өзіне қайтып оралды. Дракула Сараға сөз салды. Сара қуана-қуана оның ұсынысын қабыл алды. Сара жауһар жаны жомарттықтан жаралған Дракулаға тұрмысқа шықты. Олар бақытты ғұмыр кешті.
Соңы.
Алтыншаш КУРМАНАЕВА,
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің
филология бөлімінің 2 курс студенті.