Дулат Исабеков «Әпке» драмасына өзіндік көзқарас

0
11091
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Дулат Исабеков «Әпке» драмасына өзіндік көзқарас
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
8.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.
Сабақ мақсаты Өзіндік ой-пікірін дәлелдеу үшін драма мәтінінен алынған үзінділерді тиімді қолдануға дағдыландыру.
Бағалау критерийі көркем шығармалардан алынған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдана алады.
Тілдік мақсаттар

Оқушылар: үзінділермен жұмыс жасау, оларды өз мақсатына сай пайдалану жолдарын меңгереді.

Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология: акт, тартыс, қойылым, қақтығыс, шиеленіс, тартыс, комментарий т.б.

Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша, драмалық шығарма үзіндісіне сай …, мен … ойлаймын т.б.

Құндылықтарды дарыту Сабақ мазмұны арқылы топта жұмыс жасау, мәселенің шешімін бірлесіп іздеу, көшбасшылық сияқты құндылықтар сіңіріледі.
Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану пәнімен байланыс. Тұлғаның жеке дара ерекшеліктері.

Құқықтану пәнімен байланыс. Адамның жеке бас бостандығы, өмірі және ұждан бостандығы.

Алдыңғы білім Оқушылар алдыңғы сабақта «Әпке» драмасының кейіпкерлерімен танысты.
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер Ресурстар
Сабақтың басы

7 минут

Сабақтың ортасы

23 минут

5 минут

5 минут

10 минут

3 минут

Сәлемдесу (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде).

Оқушыларды топтарға біріктіру. Топ аттарының бүгінгі сабақ тақырыбымен байланысы

1.Өткен тақырыпты қайталап, еске түсіру мақсатында сұрақтарға жауап береді.

«5 неге?» әдісі:

1 Неге шығарма «Әпке» деп аталған?

2.Неге басты кейіпкер Әпке?

3.Неге өз бақытынан бас тартты?

4.Неге бауырлары әпкесінің қуанышына келе алмады?

5.Бауырларының келмегені неге әпкесін ренжіте алмады?

2.Жаңа сабақты меңгерту.

3.Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

1-тапсырма. Видео «Әпке» спектакльден үзінді.

«Шұғыл сұрақтар» арқылы талдау.

І.Осы үзіндіден не аңғардық?

1.Қонақтардың шақырусыз келуі.

2. Қамажайдың салмақты мінезі, қазақы болмысы, қонақжайлылығы.

3.Достардың әрекеті.

4.Жастардың әрекетіндегі ерсі қылықтар.

Сергіту сәті: «Актерлік шеберлік»

Өлең шумағын 1-топ шаттанып, 2-топ мұңайып,

3-топ әндетіп ,4-топ эмоциямен айту.

Пай, пай, Өмір!
Өтесің-ау бір күні.
Тыясың-ау қуанышты, күлкіні.
Өмір деген — бір жарқ еткен найзағай,
Өмір деген — көк аспанның күркірі.
Пай, пай, Өмір,
Өтесің-ау бір күні! (М.Мақатаев)

ІІ тапсырма. Топ мүшесінің бірі қағазға жасырылған кейіпкер атын алады, топтарға берілетін кейіпкерлер:

Қамажай, Темір, Нәзила, Омар.

Дескриптор

  • кейіпкерге қатысты мәліметтерді жүйелейді;
  • кейіпкерге қатысты дербес пікір айтады;
  • өз пікірін дәлелді жеткізеді.

Топтар «Дербес пікір айту» тәсілі бойынша кейіпкерге қатысты мәліметтерді іріктеп, жүйелейді, өзіндік пікір, дәлел, мысал, қарсы дәлел, қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысалдар келтіреді.

1. Өзіндік пікір (ой, идея); Қамажай — өте мейірімді, жаны нәзік, бауырлары үшін өз бақытынан бас тартқан жан.

2. Дәлел; Көңіліне қаяу салған бауырларын кешіре білуі, Қабенге қайырылмауы.

3. Өз пікірін айғақтайтын мысал; Қамажай. Мен сені түсінемін. Бірақ амалым не? Үйдегі төртеуі төрт азамат болмай, өз басымның қамын ойлауға хақым жоқ.

4. Өз пікіріне қарсы дәлел; Қазақстан Республикасының Конституциясында әркімнің өмір сүруге құқылы екендігін атап көрсетеді.

1.Өзіндік пікір:Тимур -КамАЗ-да бригадир болып жұмыс істейді. Тік мінезді,бұрама тілді,бірақ адал, қызу қанды, дөрекі, айналадағыларына қамқор.

2. Өзіндік пікір Омар — Қамажайдың інісі. Мамандығы жағынан ғалым, философ, көбіне ғылыми тілде сөйлейді, бірақ жаны ізгі жандардың бірі, сыпайы, адамгершілігі мол, көзілдірік тағады, бойын ашуға билетпейді, көп сөйлегенді ұнатпайды, білімді, жаны ғылымды сүйеді, лақап аты — Ом.

3.Өзіндік пікір Нәзила — Қамажайдың сіңлісі. Мұғалім болып жұмыс істейді. Мінезі — ерке, тікмінезді, тура сөзді.

ІІІ тапсырма. «Екі түрлі түсіндірме күнделігі» дәптермен жұмыс

Маған әсер еткен жері Менің пікірім

 

 

 

Интербелсенді тақта, слайд

«Әпке» 1-топ

«Мейірім» 2-топ

«Төзім» 3-топ

«Құрмет» 4-топ

МД слайд

Спектакльден үзінді 3.15-4.25м.

Сабақтың соңы

7минут

 

3 минут

5. «Бір минуттық эссе» жазу

Тақырыбы: «Мен білетін әпке…»

Оқушылар бір минут ішінде жазған жауаптарын топ ішінде сағат тілімен жылжыта отырып оқиды, өзара бағалайды.

6. Іс-әрекет рефлексиясы

Мен … жасай алдым

Мен … үйрендім

Бүгін сабақтан мен … алдым

Өмірім үшін сабақ маған … берді

• Сабақ бойы мен …

Әр оқушы жеке-жеке жұмыс жасайды, үйрену нәтижелерін сараптап ой елегінен өткізеді. Бірнеше оқушының жауабы тыңдалады.

Қорытынды:
«
…Пікірлердің таласына осылай мен жолықтым.
Бақыт адам баласына келмес оңай, соны ұқтым. Безбеймін мен баладан да, байлықтан да, жардан да,
Мансап жетпес бар адамға үлестіріп алғанда.
Үміт үзбей іздейді олар, тыңдап сол бір жақұтты,
Оны алыстан іздемегін, жүректен тап бақытты!»-
деген ақиық ақын Мұқағалидың сөздері Қамажайға
арналған секілді.
Қамажай — бақытын жүрегінен, жан-жағына шуақ боп шашыраған мейірімінен, бауырмалдығынан тапқан аяулы жан!

Үй тапсырмасы:Драма бойынша өзіңіз тақырып тауып, 70-80 сөзден тұратын эссе жазыңыз. Өз көзқарасыңызды нақтылау үшін үзінділер (цитаталар) мен аналитикалық пікірді қолданыңыз.

Дифференциация

Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау

Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. Денсаулықты сақтау технологиялары. Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары.

Сергіту сәті: «Актерлік шеберлік»

Өлең шумағын 1-топ шаттанып айту.

Пай, пай, Өмір!
Өтесің-ау бір күні.
Тыясың-ау қуанышты, күлкіні.
Өмір деген — бір жарқ еткен найзағай,
Өмір деген — көк аспанның күркірі.
Пай, пай, Өмір,
Өтесің-ау бір күні! (М.Мақатаев)

Сергіту сәті: «Актерлік шеберлік»

Өлең шумағын мұңайып айту.

Пай, пай, Өмір!
Өтесің-ау бір күні.
Тыясың-ау қуанышты, күлкіні.
Өмір деген — бір жарқ еткен найзағай,
Өмір деген — көк аспанның күркірі.
Пай, пай, Өмір,
Өтесің-ау бір күні! (М.Мақатаев)

Сергіту сәті: «Актерлік шеберлік»

Өлең шумағын әндетіп айту.

Пай, пай, Өмір!
Өтесің-ау бір күні.
Тыясың-ау қуанышты, күлкіні.
Өмір деген — бір жарқ еткен найзағай,
Өмір деген — көк аспанның күркірі.
Пай, пай, Өмір,
Өтесің-ау бір күні! (М.Мақатаев)

Сергіту сәті: «Актерлік шеберлік»

Өлең шумағын эмоциямен айту.

Пай, пай, Өмір!
Өтесің-ау бір күні.
Тыясың-ау қуанышты, күлкіні.
Өмір деген — бір жарқ еткен найзағай,
Өмір деген — көк аспанның күркірі.
Пай, пай, Өмір,
Өтесің-ау бір күні! (М.Мақатаев)

Бағалау парағы

Оқушының

аты-жөні

1-тапсырма

«5 неге?»

2-тапсырма

«Шұғыл сұрақтар»

3-тапсырма

«Өзіндік пікір»

4-тапсырма

«Екі түрлі

күнделігі»

5-тапсырма

«Бір минуттық эссе»

Қорытынды
1
2
3
4
5

 

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ