Еңбек — өмір мәні атты өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ

0
2011
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

Тақырыбы: Еңбек — өмір мәні

Құндылығы: Дұрыс әрекет.

Қасиеттері: Үнемшілдік, өз – өзіне сенімділік, ұқыптылық.

Мақсаты: Оқушыларға өмір мәні – еңбек екенін, дұрыс әрекет құндылығы арқылы түсіндіру.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларды үнемшідікке үйрету.
  2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы өз – өзіне сенімділік қасиеттерін дамыту.
  3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

Сабақтың барысы:
  1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

    1. Тәртіп.
    2. Талап.
    3. Тыныштық.
    4. Тазалық.
    5. Татулық.
      Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып — білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену».
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ — қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсі ріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқта рыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

1. №7 – сабақ. Жұмыс дәптердегі 1 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №8, Ж. Аймауытовтың шығармасынан үзіндіні оқып келу.

Сұрақтар:
1. Еңбектің адам өмірінде қандай маңызы бар?

2. Еңбексүйгіштік қасиетті қалай түсінесіздер?

3. Еңбек етуде шығармашылық, шабыт не үшін қажет?

4. Әңгімеден не түсіндіңіз?

  1. Сабақтың дәйексөзі.
Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап.

Абай Құнанбайұлы

Абай Құнанбайұлы (1845-1904) — қазақтың ұлы ақыны, философ, композитор, ағартушы, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдеби тілінің негізін салушы.

Сұрақтар:

  1. Еңбек ету адамға қажет пе?
  2. Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
  3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?
  1. Оқиға айту (Мұғалім сыйы)

Сиқырлы жүзік

Бiр кедей күнi бойы жұмыс iстеп, қатты шаршайды. Бiр арша ағашын әрең кесiп жерге құлатқанда, жоғарғы жағынан екi жұмыртқа домалап түседi де, жарылып қалады. Бiрiншiсiнен бүркiттiң балапаны шығады да, лезде өсiп, адам бойымен бiрдей болады. Екiншi жұмыртқа жарылып, одан алтын жүзiк шығады. Бүркiт қанатын қағып-қағып қалады да, кедейге:

— Ей, адамұлы! Сен менi құтқардың. Мен саған мынау алтын жүзiктi сыйлаймын. Бұл – сиқырлы жүзiк. Бiрақ жүзiктен өмiрiңде бiр ғана тiлектiлейсiң. Тiлегiң орындалған соң жүзiгiң сиқырын жоғалтып, жәй жүзiкке айналады. Сондықтан тiлегiңдi айтпастан бұрын жақсылап ойлан. Әйтпесе кейiн өкiнiп жүресiң, – дейдi.

Осыны айтып, бүркiт ұшып кетедi. Егiншi қуаныштан жүрегi жарылардай боп үйiне қайтады. Жолда зергердiң дүкенiне соғып, зергерден өз қолындағы жүзiктiң қаншатұратынын сұрайды.

Зергер:

– Екi алтындай болатын шығар, – дейдi.

Кедей қарқылдап күлiп жiберiп, бұл жүзiктiң сиқырлы екенiн, оған ешбiр баға жетпейтiнiн айтады. Зергерқаражүректi, арам адамедi. Ол кедейдi қоярда-қоймай қонаққа шақырады. Үйiнде ұйықтап жатқан жерiнде егiншiнiң жүзiгiн ұрлап алып, соған ұқсас жәй жүзiктi салып қояды. Келесi күнi кедей байғұс жөнiне кетедi, зергер есiк-терезесiн мықтап бекiтiп алып:

– Жүз мың алтыным болса, – деуi мұң екен, үстiне алтындар жауа бастайды. Зергер жанталасып, арлы-берлi қаша бастайды, бiрақ есiктi аша алмайды. Дүние қоңыз зергер алтынға көмiлiп қалады, алтындарын көршiлерi бөлiсiп алады. Ал қайырымды егiншi болса, әйелiне жүзiктi көрсетiп:

— Тәңір бiзге рақыметтi, ендi қалаған тiлегiмiз орындалады, – дейдi.

Әйелi:

— Бiз жер тiлейiк. Егiстiкке жер жетпей жүр ғой, – дейдi.

– Жоқ. Бiр жыл тырмысып еңбек етсек, жердi өзiмiз-ақ сатып аламыз, – дейдi күйеуi.

Сол жылы өнiмдерi мол болып, жер сатып алады. Егiншiнiң әйелi:

  • Ендi жүзiктен ат пен сиыр тiлейiк, – дейдi. – Соны да жүзiкте нсұраймыз ба?

Тағы бiр жыл ерiнбей еңбектенсек, оған да қол жеткiземiз, – дейдi кедей. Келесi жылы ат пен сиыр сатып алады. Әйелi тағы да:

— Бұрын сен Тәңірге жалбарынып, тiлек етушi едiң. Тәңір тiлегiндi бердi. Қазiр патша боламын, зәулiм сарайда тұрамын десең де, бәрi қолыңда. Шаршап-шалдығып жүргенше, рақатқа батып, тыныш отырмайсың ба? – дейдi.

Сонда егiншi тұрып:

Бiз әлi жаспыз, өмiрiмiз алда, бiзде қазiр бәрi бар. Жүзiктен бiр тiлек сұрасақ, сиқырын жоғалтады. Алдымызда қиын жағдайлар тап болмайтынына кiм куә? Бiздi қандай сынақта р күтiп тұрғанын қайдан бiлемiз? – дейдi. Ерлi зайыптылардың арасындағы келiспеушiлiк осымен бiтедi. Кедейдiң қоймалары жыл сайын астыққа толып, бақытты да бай-қуатты отбасының бiрiне айналады.

Сұрақтар
  1. Үйге бақыт пен байлықтың келуіне не себеп болады?
  2. Отбасында татулық пен сүйіспеншілікті орнату үшін не істеу керек?
  3. Сендер отбасыларыңда татулық, бақыт, береке мен бірлік болу үшін не істейсіңдер?
  4. Сондай отбасы туралы мысалдар айтып бере аласыңдар ма?
  5. Аңыздан не түсіндіңіздер?
  1. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар төрт топқа бөлінеді.

Тапсырма: Еңбектенген адамның өімрдегі бақытты сәтін көрсету. (сурет салу)

1 – топ «Білімділер»

2 – топ «Алғырлар»

3 – топ «Тапқырлар»

4 – топ «Ақылдылар»

6.Үй тапсырмасы.

1. «Адам көркі — еңбек » тақырыбына әңгіме жазып келу.

2. Абай Құнанбаевтың «Жиырма үшінші» қара сөзін оқып, мағынасын түсініп келу.

7.Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз…, арқамызды тіктейміз…, қолдарыңды тізеге қоюға болады…

Д е м а л….. ш ы ғ а р… (жаймен 9-10 рет) немесе 1………………2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ