Елдос Тоқтарбай: «Балалар неге өз жастарына сай әндерді орындамайды?»

0
1570

Балалар  неге  өз  жастарына  сай әндерді орындамайды?

\r\n \r\n\r\nӨткенде  балалар  күні  қарсаңында  аудандық  мәдениет  үйінде   аудан  көлеміндегі  шығармашыл  балалар  фестивалі  өтті. Аталмыш  әлгі  фестивал 6 номинация  бойынша  өтілген  еді. Біз де  осы  мезетте  студенттік  кезеңнің  үшінші  курсын  аяқтап, туған  елге  келіп жатқан едік. Мәдениет  бөліміндегі  жолдас  жігіт  маған өнер саласында  жүргенімді айтып, «Жас әнші балалар»  номинациясына  төрелік  етуге  шақырып  қоймаған соң, шарасыз  бардым.  «Сырт  көз сыншы» дегендей, көңілге  кірбің  түсірген  байқаудағы  кемшіліктерді  Сіздермен  бөліскім  келді. Мектеп  жасындағы  35  үміткер  қатысқан  байқаудағы  жас  әншілердің  көбі үлкен  сахналарда  орындалып  жүрген  әндерді  бірінен соң  бірін  орындасын  кеп… «Ақ гүлдер»,  «Ақ бантик»,  «Үш  қоңыр»,  «Айқаракөз»,  «Балқадиша»,  «Ақжайнақ», «Үш Меркі»  әндері  осы  балаларға  арналған  ән бе? Жоқ, әрине. Ендеше, неге  мектеп  қабырғасындағы  жеткіншектер  осы  сықылды  әндерді  айтуға құмар?  Жә, айтсын делік, бірақ, бұл  әндердің  диапозоны  мен  тембрі  жоғары, қиын  әндер  емес пе? Сахна шығып ап, дауысы  жетпей  тұрған  кіл жасөспірімдерді  аяйсың ақ… Осы  байқауда  кеткен  өрескел  қателікті үш  жағдайда  кеткенін  дәлелдесек:\r\n\r\n1)Ұйымдастыру  комитеті  байқаудың  ережесін  дұрыс бекітпегіндігі; байқауға  қатысушылардың  жас мөлшері ескерілмегіндігі; орындалатын  әндерге  талаптардың  жоқтығы.\r\n\r\n2) Үміткерді  даярлаған  жетекшісінің  немқұрайлығы; кәсіби өз ісіне  сауатсыз  қарағандығы; баланың  жас мөлшеріне  сай  ән  таңдамағандығы.\r\n\r\n3)Үміткердің  ата-анасының  баланың  дайындығын  үйде  тексермеуі, тексерген күннің  өзінде  әннің  мағынасы  мен  мәнін  аңғармауы.\r\n\r\nБұл – бірінші  рет  кездесіп  отырған  мәселе емес. Мысалы, Ұлттық  арнадағы «Айгөлек»  жобасын  тамашалап  отырсаңыз,  сондағы қатысушы жасөспірімдер  де  өз  жасына  сай  ән таңдау  жағынан  ақсап  тұрады… Сонда деймін ау, біздің  қазақ  балаларына  арналған  ән жоқ па? Жоқ, бар! Керісінше, кейінгі  жылдары  көрнекті  балалар  ақындарының   көптеген  өлеңдеріне  ән жазылып  жатыр…  Соларды  неге орындамасқа!\r\n\r\nЕлдос  ТОҚТАРБАЙ\r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ