Ерлікке тағзым.

0
2199
«Күн дидарлы-Қазақстан!»

Тақырыбы: Ерлікке тағзым.

Мақсаты: Облыстық және Республикалық деңгейде өтетін 1 әскери-патриоттық форум қарсаңында және Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру.

Білімділік: Ұлы Отан соғысының батырларын, өнегелі өмірлерін жас ұрпаққа үлгі ете отырып, халқымыздың өткен тарихы, батырларымыздың ерлік істері туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушыларға қаһармандардың Ұлы Отан соғысы кезіндегі жасаған ерліктерін, тарихи тұлғалардың өмір жолдарын таныстыру арқылы аға-апаларымыздың ерлігін баяндау арқылы ой тастау, ізденушілікке талпындыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың отансүйгіштік қасиеттерін ояту, ұлы тұлғалардың өмір жолын үлгі тұтуға, ержүректілікке, қайсарлыққа, батылдыққа баулу.

Көрнекілігі: Қазақстандық батырлардың суреттері(слайд), Сталинград шайқасы туралы бейнеролик, буклеттер, кітаптар көрмесі, карта.

Сабақтың эпиграфы: «Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран»

Барысы:

Кіріспе: Оқушылар, Адамзат баласына алапат қатер төндірген соғыс отының өшкеніне биыл, яғни 2015 жылы 70 жыл толады. Осынша уақыт өтсе де жері мен намысын жауға таптатпаған жеңімпаз аға ұрпақтың ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес. Олар майдан мен тылда жанқиярлықтың, патриоттықтың, қайсарлықтың өнегесін көрсетті. Майдангерлердің жеңіске деген ерік-жігері адамзат баласын фашизмнен сақтап қалды.

«Соғыс жылнамасы»

1941 жыл, 22 маусым… Осы күні таңғы сағат 4 шамасында гитлерлік Германия әскері КСРО-ның батыс шекараларына ене бастады. Гитлердің соғыс жоспары «Барбаросса» деп аталды. Ол жоспар бойынша КСРО-ны 3-4 айда жаулап алып, оны болашақ соғыс жорықтары кезіндегі шикізат пен адам ресурсына айналдырмақ болды. Жаудың 190 дивизиясы, 4 мыңнан астам танктері, 47 мыңнан астам артиллерия және миномет қондырғылары, 5 мыңдай ұшағы, 200-дей әскери кемесі соғысқа жұмылдырылды.

1. Брест қамалын қорғау. Брест қамалының қорғанысында және шекаралас аймақтарда шекарашылар мен Қызыл армия бөлімшелері немістерге қарсы қиян-кескі шайқастар жүргізді.

2. Смоленск шайқасы. Бұл шайқас ені 650 шақырымға созылған, ішкерілей 250 шақырымға созылған майдан даласында жүрді. Маршал Тимошенко басқарған Армия басқыншыларды уақытша тоқтатты. Осы күні Ленинград қорғанысы басталды. Ол 1944 жылдың 13-қаңтарында аяқталды.

3. Мәскеу үшін шайқас. Бұл шайқас жеті айға созылды. Бұл шайқас осы уақытқа дейінгі соғыстар тарихындағы ең ірі шайқас болды. Оған екі жақтан 3 миллионнан астам адам, 3 мыңдай танк, 2,2 мыңдай артиллерия мен миномет және 2 мыңжай ұшақ қатысты. Желтоқсан айының алғашқы күнінен бастап кеңестік әскерлкер қарсы шабуылға шығып, жауға жойқын соққы бере бастады.

4. Сталинград шайқасы. 1942 жылдың екінші жартысындағы Сталинград бағытындағы ұрыстар тек КСРО-Германия соғысындағы ғана емес, Еуінші дүниежүзілік соғыстағы ең шешуші кезеңге айналды. Герман басшылығы Сталинградты басып алу үшін жанталаса алға ұмтылды. Сталинград түбіндегі қарсы шабуыл 1942 жылдың 19- қарашасында басталды.

5. Курск доғасындағы шайқас. Жаудың Курск доғасына жасаған шайқасына Қызыл армия өте қатты тойтарыс беріп жатты. Прохоровка елді-мекенінде әйгілі танк шайқасы өтті. Жау 400-дей танктен және жеке құрамынан айырылды. Бұл екінші дүниежүзілік соғыс тарихында ең үлкен танк шайқасыф болды.

6. Днепр үшін шайқас: Днепр үшін шайқаста екі жақтан 4 млн-ға жуық адам қатысты. Ал майдан шебі 1400 шақырымға созылды. Днепр үшін шайқаста 2438 кеңестік жауынгер «Кеңс Одағының Батыры» атағына ие болды.

Ұлы отан соғысы жылдары Қазақстанда жасақталған И.В.Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияның 218 батырлары Мәскеуді қорғауда тарихта болып көрмеген теңдессіз ерліктің үлгісін танытты. Панфиловшылардың арасында нар болаттай беріктік пен ержүректілік көрсеткен Бауыржан Момышұлының ерекше ерлігіне тоқталмақпыз. Қазақ халқының ардагер ұлы, даңқты қолбасшысы Б.Момышұлы басқарған бқлімшелердің көрсеткен ерліктері де аңызға бергісіз. Б.Момышұлы офицер ретінде қазақ халқының жауынгерлік қаситке тәрбиелейтін дәстүрін жоғары бағалады. Б.Момышұлы 1941 жылы Мәскеу түбінде 27 рет сәтті шайқас жүргізді. Батыр 207 рет ұрысқа қатысып, 5 рет өлімнің құрсауында қалады, 2 рет ауыр жараланады.

Бауыржан Ұлы Отан соғысында 11 ай қызыл әскер, 14 ай взвод командирі, 9 ай атқыштар полкы штабының орынбасары, 6 ай Республиканың әскери комиссиясының аға нұсқаушысы, 5 ай батальон орынбасары, 8 ай атқыштар полкінің командирі, 3 ай дивизия командирінің опынбасары, 6 ай дивизия командирі, 5 жыл әскери академияда әскери профессор болды. 1955 жылы қаруын қаламға айырбастап, азаматтық өмірге ауысқанда әдеби шығармаларымен өз биігіне көтерілді. Бауыржан атамыздың кейінгі ұрпаққа қалдырған аталы сөздеріне құлақ түрейік: «Өз ұлтын сыйламау, оны мақтан етпеу — сатқындықтың белгісі», «Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін», «Отан үшін отқа түскін», «Опасызда — Отан жоқ». Отан туралы, ерлік туралы мақал-мәтел айту.

Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін 11 600 ден астам адам, соның ішінде 497 Қазақстандық, олардың арасында 97 қазақ «Кеңес Одағының Батыры» атағын алды. 110 қазақстандық «Даңқ орденінің үш дәрежесімен» марапатталды.

(Слайдтар)

Ару қыздар, алулап от кешкендер

Сыздап тұр-ау әлі күн оқ тескен жер.

Қаласыңдар мәңгілік ел есінде

Ару қыздар, алаулап от кешкендер.

Соғыста ерлік көрсетіп аты аңызға айналған қазақ қыздары аз болған жоқ. Қандай батыр қыздарымызды білесіңдер? Олардың өмірбаяны, ерлігі туралы кім әңгімелеп бере алады?

Слайд

Ал балалар, енді алдымызда тұрған көрнекіліктерге назар аударайық(көрнекіліктер туралы қысқаша мәлімет).

Қорытынды: Бүгін әлемге қауіп-қатер төндірген сұрапыл соғыс отының өшкеніне 69 жыл уақыт өтсе де жерін жауға таптатпаған жеңіипаз аға-апалардың қаһармандық ерлктері ешқашан ұмытылмақ емес. Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне деген сүйіспеншілік пен құрмет бүгінгі және келер ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталады. Майдан батырлары сол бір қаһарлы жылдары елі мен жері, Отаны үшін жанқиярлықпен қан төксе, тылда еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін, ақ жаулықты аналар мен қыз-келіншектер күн-түн демей еңбек майданында тер төкті. Олардың қайсар рухы мен қажымас қайраты — біздің баршамыз үшін елжандылықтың, отансүйгіштік пен патриотизмнің мәңгілік өнегесі және сарқылмас қайнары.

Осындай тыныш та бейбіт өмірді сыйлаған ардагерлеріміздің алдында басымызды иіп, ұрыс даласында және еңбек майданында жеңіске теңдесі жоқ үлес қосқан азаматтарды зор құрметпен еске аламыз. Оларды еске алып, 1 минут үнсіздік жариялайық! Жеңіс мерекесі құтты болсын!


ПІКІР ҚАЛДЫРУ