Ғаламның жұмбақ сырлары: қазақ танымы

0
3692

Қазақтың XV ғасырдағы дала жиһангері атанған, ұлы ғүлама, қараүзген шипагер Өтейбойдақ баба осылай анықтама бере келе, әрбіріміздің жеке жұлдызымызда өмірлік тағдырымыз немесе «Маңдайдағы үш әріп» жазулы екенін ескертеді. Сонымен бірге «Пенделік жеке жүлдыздар» сегіз түрлі болатынын дәлелдеген. Олар: Оң иық жүлдыздар, Ондық жұлдыздар, Оң маңдай жұлдыздар, Құбыла маңдай жұлдыздар, Сол маңдай жұлдыздар, Солдық жұлдыздар, Сол иық жұлдыздар, Арт, шүйде жұлдыздар («Ш.Б.». 108-6).

Өтейбойдақ бабамен қатарлас өмір сүрген, аты әлемге мәшһүр ғұлама ғалым, мемлекет басшысы, жұлдызшы Ұлықбек болды. Ұлықбектің өзінің азан шақырып қойған аты – Мұхаммед Тарағай (1394-25.Х.1449). Ұлықбек төрт жасынан атасы Ақсақ Темірдің бақылауында болып, жаугерлік шайқаста да он жасқа дейін бірге болды. Ол Ақсақ Темірдің баласы Шахрухтың жеті баласының үлкені еді. Ұлықбек он жасында Түрік сұлтанының елшісі болса, он бес жасында Семізкенттің (Самарқан) тағына отырып, оны қырық жыл басқарды. Өмірінің соңғы ширек ғасырын ол жұлдыздарды анықтауға арнады. Ұлықбектің Самарқандағы соғыс кезінде бұрын жабылып қалған ғылыми обсерватория-сын 1908-1922 жылдардағы қазуда тауып, зерттеп кейін Өзбекстан елі оны бұрынғы қалпына қарап жөндеп, мұражай жасады. Бұл обсерваторияда жұбайым Түймекүл екеуміз Самарқанға барғанда 1978-1979 жылдары болдық. 1994 жылы обсерваторияда үшінші рет болдым. Менің байққағаным, обсерватория биік төбеге орналасқан. Төбеден төмендеп қайтадан сыртқа көтерілу үшін 36 баспалдақ жасалған. Ұлықбек төменнен жоғарыға әр баспалдақпен өрлей отырып, өзінің қолдан жарты шар тәрізді ағаштан иген аспабымен оның ірі он екіге, кішілеу отызға т.б. ұсақ бөлікті белгісі бойынша жұлдыздарды бақылаған. Сөйтіп Ұлықбек Евклид пен Птолемей дәуірінен кейінгі аспан әлемін зерттеген бір ғана адам болып тарихта қалды. Геометрияда – Евклидке, ал астрономияда Птолемейге бара-бар ғалым Ұлықбек болды. Ұлықбек бір жылды 365 күн 6 сағат 9 минут 15 секундтан тұрады деп тұжырымдады. Оның уақытты есептеу дәлдігінің қазіргі космостық анықтау дәлдігінен бір екі секундтық айырмашылығы бар. Ұлықбек өзінің көмекшілері Қазин-Заде, Руми, Ғиясуддин Жәмшид, Мәулен Қашани, Әли Құбшымен бірге «ке-те» арқылы аспандағы 1018 жұлдыздың орналасуы мен қозғалысын анықтады. Болашаққа жол ашты. Кейін Ұлықбектің «Жұлдыздар кестесін» Н.Коперник, Д.Бруно, Г.Галилей, И.Кефлер т.б.-лар пайдаланып, өз ілімдерін дамытты.

Ұлықбектің «Жұлдыздар кестесі» еңбегі Еуропа елінің назарына ілінді. 1665 жылы Оксфордта, 1843 жылы Лондонда басылып шыққан Ұлықбек-тің «Жұлдыздар кестесі» еңбегі Азиядан шыққан ұлы астрономды әлем ғылымы алдында абыройға бөледі. Ұлықбек бұл жетістікке жетуде өзі ұстаз санайтын Омар Һаям, Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Әли Ибн-Сина, Әбу Райхан Бируни еңбектеріне құрметпен қарап, өзінің ұлы мақсатына жетуіне пайдалана білді. Қысқасы, ғұлама жұлдызшы Ұлықбек өз баласы Әбдуллатифтен жеңіліс тауып, тағын оған берген соң Меккеге мінәжат етуге қажылыққа аттанады. Ұлықбек пен үлкен ұлы Әбдуллатиф ортасына от салған Қожа Ақырар (Мәуренахр) пен Шайхулислам Багауддин Омар (Қорасан) бастаған жалдамалылар орта жолда, Ұлықбекті о дүниеге ат-тандырды. Сол замандағы кейбір бас кесерлерді бүгінде «әулие» деп жүргендерге таң қаласың? Шындық бәрібір жеңеді. Ұлықбек бабаның жұлдызы о дүниеде де жарқырай берсін.

Бір заманда өскен, бірі Самарқанда, екіншісі Жетісу өлкесі Шалкөденің Айғайтасында туып, қатарласа ғылымға үлес қосқан Өтейбойдақ пен Ұлықбектің ғылыми жұлдызнамаларының дөлдігі бізге де, келешек ұрпақ-қа да үлгі бола бермек.

Жұлдызшы ол болашақты болжаушы ғана емес. Ол құбылыстың өзгерістерге дер кезінде баға беруші де. Жұлдызшының айтқандары дәл кел-меуі де мүмкін. «Жалған көріпкелдер» сияқты таза жұлдызшы еместер барын да білген жөн. Қазір елдің көбі апталық, жылдық «Жұлдыз-жорамалға» қарап, жұмыстарын бастап, тағдырын болжай-тынды шығарды. Бұл нақты емес. Көбі сәйкес келмейді. «Жұлдыз-жорамалды» құрастырған да «Жұлдызшы» емес, жай еріккендер. Олар мықты болса, осы жорамалы арқылы не табысқа жетті? Ешқайсысы да айта алмайды. Бұл босқа басың-ды қатырып, «мәдениетті сиқырлаудың» түрі ғана. Мен өзім ежелден-ақ осы күнгі болжаушы, көріпкел, құмалақшы т.б. тағдыр болжағыштарға сенбеймін. Бұл осы саланың киелі өнерін жоқ деу емес, осы өнерлерге бейіммін дегендердің сауатсыздығы мені катты ойландырады.

Қазір әлемді таңғалдырып жүрген біздің бабаларымыз Ұлықбек пен Өтейбойдақтан кейін туған, француздың көріпкел-жұлдызшысы Мишель де Нострадамус болса, ол өзінің көз алдындағы трансқа шығу арқылы болжап жазды. Ал жұлдызшы ретінде Нострадамус болашақка дәлдік берген емес. Көріпкелдігі аркасында Нострадамус болашақты болжай білді. Осыдан-ақ, Азия мен Қазақстанда «Жұлдыз-намаң ілімі Еуропа мен басқа елдерде бұрын дамығанын білеміз.

Халқымыз жыл қайыру, жыл басы, апта аттары, ай аттары, мүшелі жас деген атауларға ежелден көңіл бөлді. Сөйтіп, осы атауларға өзіндік ұлттық атауларын бекітті. Бұл жөнінде XV ғасырдағы жазылған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян кітабы толық жауап береді.

Қазақта жыл басы Наурыз айының (марттың) 22-нен басталады. Он екі жыл бір айналғанда бір мүшел толады. Жыл қайыруының он екі атауы бар. Жыл басы – Тышқан. Енді осы кестенің көне және жаңа атауына мән берейік.

 

 

  1. ЖЫЛ ҚАЙЫРУ

Өтейбойдақша көне тілде аталуы.    Қазақша қазіргі атауы.

 

1. Сумақты Тышқан
2. Маңғаз Сиыр
3. Айбар Барыс
4. Секем Қоян
5. Сумаң Жылан
6. Тұлпар Жылқы
7. Иртек Ұлу
8. Шопан Қой
9. Мешін Мешін
10. Айтақ Ит
11. Шақырауық Тауық
12. Қорысқы Доңыз

(166-бет. «Ш. Б.»). Немесе казіргі жыл атауы:

 

П. Жыл аты

 

 

ЖЫЛДАР:                        
1. Тышқаи 1876 1888 1900 1912 1924 1936 1948 1960 1972 1984 1996 2008 2020
2. Сиыр 1877 1889 1901 1913 1925 1937 1949 1961 1973 1985 1997 2009 2021
3. Барыс 1878 1890 1902 1914 1926 1938 1950 1962 1974 1986 1998 2010 2022
4. Қояи 1879 1891 1903 1915 1927 1939 1951 1963 1975 1987 1999 2011 2023
5. Ұлу 1880 1892 1904 1916 1928 1940 1952 1964 1976 1988 2000 2012 2024
6. Жылан 1881 1893 1905 1917 1929 1941 1953 1965 1977 1989 2001 2013 2025
7. Жылқы 1882 1894 1906 1918 1930 1942 1954 1966 1978 1990 2002 2014 2026
8. Қой 1883 1895 1907 1919 1931 1943 1955 1967 1979 1991 2003 2015 2027
9. Мешін 1884 1896 1908 1920 1932 1944 1956 1968 1980 1992 2004 2016 2028
10. Тауық 1885 1897 1909 1921 1933 1945 1957 1969 1981 1993 2005 2017 2029
11. Ит 1886 1898 1910 1922 1934 1946 1958 1970 1982 1994 2006 2018 2030
12. Доңыз 1887 1899 1911 1923 1935 1947 1959 1971 1983 1995 2007 2019 2031

 

Міне жыл аттары және оны қайыру кестесіне қарасақ ата-бабаларымыз бір халал мен бір харамнан жыл атауларын теңестіргенін көреміз. Ертедегі ата-бабаларымыз туған жылына, айына, күніне, мезгіліне (тәуліктік) қарай, жаңа туған баланың мінез-құлқын, кім болатынын, оның қандай азаматтық борыш аткаратынына дейін біліп болжаған.

Мәселен, қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқа-былұлы (1388-1485?) пенделік тіршілік жұлдызы мынандай сипаттама беретінін ескертеді.

Тақ жылдың тақ айының тақ күні туылғандар жұлдызы құбылада –маңдай жұлдызы;

Жұп жылдың жұп айының жұп күні туылғандар жұлдызы артта – шүйде жұлдызы;

Тумақ ай туғаннан он бесіне толғанға дейінгі жұп жыл, жұп ай, жұп күнде туылғандар жұлдызы – солдық немесе сол иық жұлдызы;

Тумақ айдың он бесіне толғанға дейінгі тақ жыл, тақ ай, тақ күні туылғандар жұлдызы – оңдық немесе оң иық жұлдызы;

Дөңгелек айдың кішіреюіне байланысты ай соңына дейін тақ жыл, тақ ай, тақ күні туылғандар жұлдызы – құбыла немесе оң маңдай жұлдызы болмақ.

Оң маңдай жұлдызы оразды, жиырлы болмақ. Артынша, сол маңдай жұлдызы кежігулірек болмақ.

Тумақ айдың тақ жыл, тақ ай, тақ күні он бесіне толғанда туылғандар ең бақытты, дәулетті болып, ел билемек. Артынша, туылғандар өте нашарлау болмақ.

Маңдай жұлдыздар мен шүйде жұлдыздардың еркегі болсын, ұрғашысы болсын, еркегі мен еркегі болсын, ұрғашысы мен ұрғашысы болсын, үлкені мен кішісі болсын бір-біріне өле-өлгенше өш, қас болмақ. Өштігі өз түбіне жетпек!

Маңдай жұлдыздары мен оң маңдай жұлдыздылардың сыйластық, сырластықтығы күшті, бірі үшін бірі өлуге пейіл, тіпті бірінің жолында бірі өледі. Тірі жүрсе ел ауызына ілінерлік жарасым таппақ.

Шүйде жұлдыз бен оң иық жұлдыздылардың сыйласым, сырласымдылығы жақсы болса да, маңдай жұлдыз бен оң маңдай жұлдыздыларға жетіңкіремейді.

Оң жұлдыздар мен сол жұлдыздылардың сырласым, сыйласымы жарастық таппайды. Кереге басы пәле болумен өмірлері өтпек. Бірақ, бір-біріне қастық жасауы, жасамауы аздау болмақ.

Маңдай жұлдыздар мен сол маңдай жұлдыздылардың сырласым, сыйластығы жақсы болса да, кикілжіңсіз өтпейтіні кемде-кем болмақ.

Шүйде жұлдыздылар мен сол иық жұлдыздылардың отасымдылығы жақсы деуге болмайды.

Аралық жұлдыздылар отасымдылық, сырластық, сыйластық, шығысымдылық құбылмалылығы мол, арпалыстық бас қатырымдылығы өзгер-мелі, құйқылжымалы болмақ.

Міне, осыдан үнемі айтатын «Жұлдызы қарсы» деген халықтың даналық сөзі пайда болған. Әсіресе бүл шартты алғаш үй болатын жас жанұялылар білген шарт болмақ.

 

Көбінесе жанұя тұрақсыздығы осы жеке жұлдыздарын білмей қосыл-ғандықтан болады.

Әрқашанда оң жұлдыз адамдар бақытты болады. Барлық ісі алға ба-сады.

Маңдай жұлдыздылардың өзара ұштаспалылығы күшті, алдыңғы өмірі ойпыл-тойпыл, өмірінің соңғы кезінде Пайғамбар жасынан кейін өте-мөте бағы жанады.

Шүйде жұлдыздылар бейнетті де, азапты да көп тартады.

Сол иық жұлдыздылардың сорлауы да тез, бағы жануы да оңай, аумалы-төкпелі жағдайда болмақ.

Күндіз дәл түсте туылған кімде-кім болса да ел билейді. Қара қылды қақ жаратын әділ болмақ. Майқы би осы уақытта туылыпты.

Әр адамның нақ туылған уақытын білмесе (мезгілдік) оны былай анықтайды. Жазда таңертең құбылаға қарап тік тұрғанда, көлеңкесі табан айналасынан қарыстан аспаған болуы, кыста бітістік жарымнан, көктем мен күзде тұлғаның үштен бірінен аспаған болуы шарт. («Ш. Б».». 109-6.)

Енді кімде-кім өзін жылдың қай мезгілінде туылғанын білемін десе, көрсеткен нұсқауға сай өзін-өзі анықтай алады.

Енді тәуліктік мезгіл бойынша туылғандарға Өтейбойдақ баба былай анықтама береді. Таңертең күнмен таласып туылса, ғұмыры ұзақ болмақ. Алла біледі. Намазшамнан бұрын туылса жетімдік бейнетін көп тартады, опасыз, кекшіл болмақ. Түн ортасынан аса туса, ғұмыры қысқалау болмақ.

Әр адамның жұлдызы оның денсаулығының, реңінің және мінез-құлқының өлшемі болып табылады. Мәселен, шүйде жұлдыздылар ұстамалы және созылмалы науқасқа кіріптар болмақ. Кеудеден ауыр науқас жабыспақ. Бұл екеуі де сырқаттық бейнетке шыдамсыз, уайымшыл болмақ.

Оң жұлдыздар көбінесе ішкі және жүрек ауруына көбірек кіріптар болмақ.

Сол жұлдыздар тоңғыш, мұздағыш, ұзын бойлы, тамақсау, сырқатқа шыдамды келеді бірақ өлместікпен өзінің өлгенін жаны мұрнының ұшына келгенде сезбек. Осы шартты әр адам білген абзал. Оның өзіңіз үшін қажеттігін білген жөн.

Жұлдызына қарай тамыр соғуын, сол арқылы науқастың да жұлдызын тамырға жүйрік шипагер нақ тапкан.

Ал жұлдызыңыздың тағы бір белгісі тұлғалық бітімге қарай болады. Мәселен:

Оң маңдай жұлдыздылар қызыл шырайлы, етженді келмек. Біздің «Сызданғыш», тәкаппар жан дейтініміз, міне, осындай жұлдыздылар болмақ.

Шүйде жұлдыздылар ақ құбаша, қара сұр келмек. Көп сөзді жаны сүймейтін болмақ. Кейбіреулері төтенше суырылған сөзуар, сөзшең келмек.

Оң жұлдыздылар қара торы, уайымшыл, қорқақ, көзі үлкен, ойы жинақы, іске қунақы, өзіне-өзі мықты, бірақ қытықшыл болмақ.

Сол жұлдыздылар шикіл сары, тез арып, тез семіретін, қызылаш, тер­шең, көп жөтелгіш, тершең келмек.

Тағы да сырқатқа байланысты: оң маңдай жұлдыздылар сырқатқа төзімді, ойламайтын, қорықпайтын тәуекелге бел байламы тез болмақ.

Сол маңдай аралық жұлдыздылар сырқаттан корқатын, шошитын, үрейі ұшатын уайымшыл, науқасын тез сезгіш, тамырын ұстатуға құмар, шипа емге құштар келеді.

Сол иық аралық жұлдыздылар өте қызғанғыш (сенім-сіздеу) келеді. Олар науқас болғанда тамырын ұстатқанымен сеніңкіремейді. Емге де, айтқанға да күдіктенеді, әркімге бір көрініп, тамырын ұстатып, ішірткі ішіп, оны да місе тұтпай, көрінген шипагерін өсектеп немесе өзіне-өзі ем дарулап аласұрып, өзіне өзі ажалынан бұрын көрін қазбақ. Мұндайлар алакеуде, әпербақандай болмақ.

Оң иык аралық жұлдыздылар іске мығым, сырқаттық науқасқа біршама шыдамды, шипалық емі қонымды, тез жазылғыш келеді.

Міне, осылай жалғаса беретін, жеке басымыздың жұлдызына байланысты тұжырымдарды оқып таныса бергіңіз келеді. Өтейбойдақ бабаның бұл «Шипагерлік баянындағы» жазылған «Жұлдызнамалык болжамы» қазақ халқының «жұлдызнамалық ілімінің» XV ғасырдан бұрын, мүмкін б.э.д. де негізі болған ба деген ой тудырары анық. Оның ғылыми жұлдыздық кестесі де халқымыздың астрономия ғылымы саласындағы деңгейін әлемдік сатыға шығарып тұрғанын көреміз. Амал қанша, «Шипагерлік баянның» бестен төрт бөліміне жуығының өртеніп кетуі, «Жұлдызна-малық кестенің» деңгейіне әсер еткені шындық. «Орнында бар оңалар» дегендей, жоғымыздың табылуын Алла нәсіп етсін.

  1. Аптаның күн аттарының ерекшелігіне де қазақтың жұлдызшылары өте жоғары сипаттағы танымдықпен қараған. Енді соны салалап көрейік.

 

Көне тілде

(Өтейбойдақша) аталуы

 

Планетасы

 

Қазіргі аталуы

 

1.      Бақтал

2.      Баттал

3.      Сақтал

4.      Жақтал

5.      Аттал

6.      Ғаттал

7.      Мереке

 

 

Сатурн

Күн

Ай

Марс

Меркурий

Юпитер

Шолпан

 

Сенбі

Жексенбі

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

 

Он сегіз мың ғаламды Алла тағала алты күнде жаратқан. Ал жұма мереке деп белгілегендіктен, ол мұсылмандар үшін демалыс (мереке) күні болған (165-бет).

Енді осы апта күндеріне байланысты, Өтейбойдақ баба былай дейді:

—   Сенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі күні туылғандар опалы, милы, толғамды, ұстамды болмақ. Жанашырлы келмек. Ұйықтамаға кіріптар болатындар көп кезігеді.

— Сейсенбі, жұма күні туылғандар ата-анасына опалылығы аз, жақсылығы мен қайырымдылығы кездейсоқтық ғана болмақ. Сырқаттануы сирек, дүниеге онша қызықпайтын, әңгүдік, сырқатты елемейтін, тіпті науқас-танудың не екенін білмеуі де мүмкін.

—   Жексенбі, дүйсенбі күндері туылған маңдай жұлдыздылар оңай-оспақ сырқатпен науқастанбайды. Ыстықтық, суықтық деңгейдегі науқастарға ұшыруы тез болады («Ш.Б.». 110-бет).

Өзіңіздің туған күніңіз немесе қазіргі және болашақ ұрпағыңыздың туған күні бойынша да адамның психологиясын анықтауға болатынын білген де артық емес.

  1. Ата-бабаларымыз бір жылды он екі айға бөліп, оның атауын берді. Жыл басын Ергеу (Наурыз) айы деп белгіледі.

III. АЙ АТТАРЫ

Көнеше (Өтейбойдақша) аталуы        Қазіргі жаңа атауы

 

1. Ергеу Наурыз
2. Көктеу Көкек
3. Мезгеу Мамыр
4. Көзгеу Маусым
5. Шілдеу Шілде
6. Тамызық Тамыз
7. Дәндеу Мизам (қыркүйек)
8. Соқтау Қазан
9. Күйек Қараша
10. Қауыс Желтоқсан
11. Ығыс Қаңтар
12. Қаңтар Ақпан

 

Көне ай аттарын да білу, ата-бабаның көне тарихына құрмет болмақ.

 

  1. МҮШЕЛ ЖАС

 

Ата-бабаларымыз туған күннен бастап, өсіп-өркендеуде қауіпті жылдар деп, мүшел жылды ерекше атаған. Бұны мүшел жас деп те атайды. Мүшеліге байланысты Өтейбойдақ бабаның «Шипагерлік баянында»:

Мүшел тектеп құшқаны он екі жыл,

Он үш жастық қосылғы мерзеттік қыр.

Мақұлұқат атауымен айтылғанмен,

Түпкілігі пенделік мінездік сыр.

Кейбіреулер шенеуді шелдей көріп,

Елді арбап, кеудесін көрсетіп жүр.

Миың болса басыңда көзің жеткіз,

Ата-баба атына келтірме кір,-

деп қисынын таппағы шарт дей келе, мүшелі жас жәй уақытта да, науқас-танса да қауіпті екенін, одан сақтануды ескертеді («Ш.Б.». 174-6).

Алғашқы мүшел – он үш жас, бұл адамның балалық шағы. Одан кейінгі 25 жас – жігіттіктің алғашқы сатысы, 37 жас – адам өміріндегі ең басты мүшел, 49 жас – бұл адамның даналыққа аяқ басатын кезеңі, 61 жас – адамның даналығы артып, өзінен туған балаға сын көзбен қарап, өзі де тәубеге келетін кезең. Бұл мүшеліге толған адам кәрілікті мойындауға аз да болса, көңіл бөледі. 73 жас – бұл мүшел кәріліктің мойынға мініп, аяғын тұсап, отырса – тұруы, тұрса – отыруы мұң, жатса ұйқы жоқ, адамның діңкесі құрып «айхай, жас кезім-ай» деп көкірегі қарс айырыла күрсініп, дөңбекшіп барып ұйықтайтын кезең. 85 жас – бүл мүшел де адамның айдай басы қатып, өзінен кейінгілерге бала құсап ұрсып, жеген тамағын жеген жоқпын дейтін өкпелегіш кезең. Сол үшін де халық «күлсең кәріге күл, бұл жасқа жеткен де бар, жетпеген де бар» деген. Бұдан ары 97, 109 т.с.с. болып мүшел жас жалғаса береді.

Адам пендесіне ризық теруіне сай, несіптік ризықтық мүшел жас – 25, 37, 49, 61, 73 жас болып есептелінген. 13, 85, 97, 109 т.с. жасты – еркелік мүшелік жасқа есептеп, күнәсіз жасқа балаған. «Қартайшақ бір балалық, туылғанда нақ балалық» (Ө.Т.»Ш.Б.». 172-бет) деп бағалады. Ал 61 мен 73 жас жарты күнәлік деп есептелінді.

Өтейбойдақ баба, егер жас айырмасы үш жастан аспаса – тумалас, бес жастан аспаса – құрбылас немесе замандас деу керек депті.

Әр адам мүшелі жасқа толған сайын садақа беруді, елге қайырымды болуды, ата-баба әруағына дұға оқытуды білгені дұрыс. Құдай жолында жесір-жетімдерге құдайы тамақ беріп, әруақтарына дұға арнап окыту сауаптың сауабы болмақ.

Алла тағаланың «Сақтансаңдар мен де сақтаймын» дегеніндей, сақ болыңыздар.

Жұлдыздар құдіретін білген көшпенді халык өздеріне тән жұлдызнамалық кестесін жасап отырды. Қазір біз Балық дәуірінен ақыл-ой дәуірі Суқұйғыш дәуіріне қадам тастауға жақындап келеміз. Ақыл-ойдың құдірет жұлдызы арам пиғылдардың бәрін жарық сәулесімен күйдіріп жоғалтпақ. Арам ниеттер күрып, оңкей таза ниетті ақыл-ой иелері омірге келмек. Сондықтан да, мына сан ғасырлық көшпенділердің тәжірибесі негізінде жасалған жұлдыз-намалық кестені де білген артықтық етпейді.

 

АДАМНЫҢ ТУҒАН КҮН ЖҰЛДЫЗНАМАСЫ

(Қосымша)

 

Адамның туған жылы

Доңыз

Тышқан

Барыс

Қоян

Жылан

Жылқы

Мешін

Тауық

Ұлу

Қой

Сиыр

 

Жан жұлдызы

 

Сейсенбі

Сенбі

Жұма

Бейсенбі

Сәрсенбі

Дүйсенбі

Сәрсенбі

Құдірет жұлдызы

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Сейсенбі

Жұма

Жексенбі

Жұма

 

 

 

 

 

Киелі қатер жұлдызы

 

Сенбі

Жұма

Сәрсенбі

Сейсенбі

Бейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Шешімі: Туылған жыл бойынша сол адамның қүдірет, жан, қатерлі жұлдыздарын (күндерін) көріп-білуге болады.

Мәселен: Қой жылы туылған адамның Құдірет жұлдызы – Жексенбі. Бұл күні Қой жылдылардың бақыты биік тұрады. Істеген ісі алға басып, еңбегі жемісті болады. Сәрсенбі күні олардың киелі (қатерлі) жұлдызы қарсы тұрғандықтан әр нәрсеге абай болғаны абзал. Бұл күні жазатайым қатерге ұрынып қалуы да мүмкін.

Ескеретін бір нәрсе Өтейбойдақ баба жыл қайыруында 5-мүшел атауы Жылан, б-мүшел атауы Жылқы, 7-мүшел атау Үлу болып келеді де, кейінгі жыл атауының орны ауысады. Кейінгі жыл атауында 5-мүшел атауы Ұлу, 6-мүшел атауы Жылан, 7-мүшел атауы Жылқы. Бүл екеуі жөнінде де екі түрлі айтыс болғандықтан («Түркістан» 15-21 көкек, 1998 жыл), екі жыл қайыру кестесін де ұсындық. Қайсы дұрыс, қайсы бұрыс ғалымдарымыз анықтай жатар демекпіз.

Қазақтың бүрынғы ақын-жырауларының және ұлы жазушыларының шығармаларын зер сала оқысаң, кейбір жұлдызнамалық болжамдарды кездестіреміз. Бұны зерттеу әрине алдағы жұмыс жоспарына енері анық.

Көне дәуірдегі қазақ халқының ауа-райын болжау жөніндегі жеке халықтық танымы мен көне замандағы ғылыми танымдық болжамның ұксастығын біз Өтейбойдақ бабаның «Шипагерлік баян» кітабынан таба аламыз. Мәселен: Өтейбойдақ баба: «Саһап, Гүршік (Үркер, Темірқазық) апат жұлдызы болмақ. Әгәр шаңқиып көтеріліп алса, өте-мөте көктемде ақсүйек жұт болмақ. Әгәр көбінесе нұрсызданса, жаз тез шығып, ел тез сергімек.

Бұл екеуі тағы да күнбилік (елбасы) жұлдызы болып саналады. Бұл күнби пейілінің кеңдігін, тарлығын, әділеттілігін, әділетсіздігін де көздемек», – дейді («Ш.Б.». ІІІ-бет). Бұл жерде Алла тағала өзінің екі жұлдызы арқылы (Саһап, Гүршік) елбасы ниетіне қарай, өзінің қаһарын да және жақсылығын да көрсететінін ұлы ғұлама, діни философиялық таным тұрғысында түсіндіреді. Жақсы елбасы ел ырысы екенін дәлелдейді.

Енді ауа райын халық өз танымы бойынша ертеде былай болжапты. Егер Тоғыс кезінде Үркер мен Ай бір-біріне алыс болса, қауіп болады деп сақтанған. Егер Үркер мен Ай жақын орналасса, жақсылыққа жорыған.

Бір жылда Үркер мен Ай 13 рет тоғысады. Ең ауыр тоғысы Ақпан айын-дағы Ақырап екен. Егер жаңа Ай шалқайып туса, ол айда ауа райы малға жайсыз болады. Ал Ай тік туса, жайлы болады деген. Күн құлақтанып шықса, не боран, не аяз болады. Күн құлақтанып бататын болса, ауа райы жылынады. Осыған байланысты Қазактың «Ертеңгі күн құлақтанса, еліңді жау шапқандай қорық, кешкі күн қүлақтанса, келінің ұл тапқандай қуан» — деген дана сөзі туса керек.

Егер қыс айларында бұлт желге қарай көшсе, кешікпей қар жауады. Егер бұлт тұтасынан ыдыраса ауа райының бұзылайын дегені, ал ол шетінен кесіліп ыдыраса ауа райы оңалайын дегені.

Жұт болар жылы өрістен қайтқан қойлар аузына бір-бір шөп тістеп қайтады екен. Көктем айларында болған құбылыс күз айларында, жаз айларында болған қүбылыс қыс айларына ұқсас келіп, күнбе-күн қайталанады.

Сол сияқты көк жиектен будақ бұлт өркештене көтеріліп, кешікпей көрінбей кетсе, қатты жел тұрып, қақаған аяз болуы мүмкін. Егер будақ бұлт өркештенген қалпында көтеріле берсе, аттың кара қапталынан келетін қар жауады деп дайындалған.

Егер қыста түйе ернін жыбырлатса, жылқы оқыранып жұтынар бол­са, онда кешікпей-ақ түйе мен жылқы қар суын ішеді. Яғни, көктем ерте шығады деген. Егер қой тұяғымен төсін қасыса, қар қалың түседі.

Егер қой тісін қайраса, кешікпей боран болады. Егер қой қорасына еркін кірсе, жыл жақсы болады. Халық наурызда жауып жатқан қар үстіне құмалақ шашу арқылы көктемнің ерте, не кеш шығатынын болжап білген.

Егер құмалақ қар үстінде кідіріп қалса, көктем кырық күн кеш туады. Егер құмалақ қарға бармақ бойы батып кетсе, көктем ерте туады деген.

Халық арасындағы есепшілер есептерін күн мен түн теңелген екінші тоғыс-мизамынан бастап жүргізген, Мизам туған күні түйе басын құбы-лаға беріп, төрт аяғын төрт жаққа керіп, жайылып ұйықтаса, ол жылы қыс жайлы болады. Егер түйе мизам туған күні бір жағына ықтап жайсыз жатса, ол жылы қыс катал болады деп жорыған.

Бұл халықтық ауа райын болжау әдісін бүгінгі күнгі әрбір жеке қожа-лық иелері біліп алса, өзінің малын да, егінін де және басқадай жеміс-жидек өнімдерін де, табиғаттың тілсіз жауынан алдын ала аман сақтап қала бермек.

Енді делилік үнді көріпкелі, жұлдызшы Жугали Жоши туралы «Труд» газетінде жарияланған (27 тамыз 1996 жыл) Андрей Смирновтың ма­қаласына тоқталайық. Андрей осыдан 25 жыл бұрын естіген адамын іздеп тауып, кездесуге келіседі. Ол атақты жұлдызшы үнді Жугали Жоши еді. Ол менімен кездескенге дейін менің туған жерімді (ендігі мен бойлығын) және туған күнімді минутына дейін дел хабарлауымды сұрады. Ж.Жоши әйелім туралы да осындай мәлімет сұрады. Кездесу басталды. Ж.Жоши жұлдызшы-лықты әкесі мен атасынан қабылдағанын, одан арғы тегінде барын, тұқым қуалап келе жатқанын айтты. Жоши мырза атасы Неру мен Индира Ганди отбасыларының жеке сәуегей жұлдызшысы болғанын айтады.

Осыдан мыңдаған жылдар бұрын әлдекімдердің құрас-тыруымен жазылған, көне санскрит тіліндегі кітапты Жоши маған көрсетті. Ол кітаптық колжазбаға 700 жылдай болыпты. Ол сөйтіп менің берген өзім жөніндегі мәліметтер бойынша анықтай отырып: – «Сіз наурыздың 8-жұлдызында таңғы сағат 3,30 да туыпсыз. Ал әйеліңіздікімен онша айырмасы аз. Егер сіз туған уақытыңызды білмесеңіз, біз жазбалар арқылы анықтаймыз деді. Сөйтті де менің тағдырыма ұқсас бір жұлдызнаманы оқыды. Сұмдық, өткен өмірімді толық оқыды. Солай болса да, мен аз кідіріс бердім. Ол жұлдызнаманы бір минут кейін жылжытып оқи бастады. Сол оқығанды мен дәл өткен өмірім деп қабылдадым. Бұнда не жазылған десеңіз, балалық шағым, денсаулығым, окыған жылдарым, әкемнің қайтыс болуы, үйленуім, негізгі проблемалар және ірі-ірі оқиғалар – қысқа-кысқа, бірақ өте дәл келтірілген. Сөйтіп 46 жыл өмірімді қайталай келе, енді өзім әлі көрмеген өмірімді тізбектеп оқыды. Өткеннен өтіп, ауысып, болашақты болжау неткен ғажап. Артынан менің зайыбымның тағдырнамасын оқып, екеуміздің жұбайлық өміріміздің картайғанға дейінгісін оқыды. Қысқасы ерлі-зайыпты екі тағдырнама да дәл келді. Бұл неткен ғажайып? Артынан маған Жоши сары жақұт тасы бар, ал әйеліме көкшіл мөлдір асыл тасы бар жүзік сатып алуға кеңес берді,- дейді Андрей Смирнов мырза. Біз бұдан не ұқтық? Әрине үлкен жұлдызнамалық құпия ертеде дамығанын, Қазағым-ның «Бәрі де пешенемізге жазулы» деген данышпандық даналық сөзін, жұлдызшының жұлдызнамасы арқылы дәлелдеп отырмыз. Мүмкін біздің де ата-бабаларымыз да осындай «құпия тағдырнамалық» кітаптың иегерлері болған шығар. Майқы би бабадан басталатын алғашқы халықтық, арты нағыз ғылыми теориялық іске айналған қазақтың киелі өнерінің ең тазасы, шоқтығы биігі – жұлдызшылық өнердің дамып өркендеуіне мүмкіндік ту-ғызып, жолына ақ тілеу тілейтін уақыт жеткен сияқты. Қысқасы, жұлдыз-шылықтың қарапайым халықтық болжауынан баста­латын белгісін, Өтей-бойдақтай қазақтың бағына туған жарық жұлдызы ғылыми жарқыратса, келешек ұрпақ одан ары жарқырата беруіне Алла тағала нәсіп етіп, қуат берсін.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ