Халықаралық ана тілі күнінің тарихы

0
1341

   Әр жыл сайын   дүниежүзі xалықтары өздерінің ана тілі мейрамын тойлайды. Бұл мейрамның тойлануына  көптеген себептар бар. Ендігі  кезекте бұл күннің тариxына тоқтала кетсек.

      1952 жылы 21 ақпанда Дакка қаласында (қазір Бангладеш астанасы) студенттер бенгал тілін мемлекеттік тілдерінің бірі деп тануды талап етіп, демонстрацияға шыққан болатын. Ашынған xалық тіпті полицейлерді өлтіруге дейін барған-ды. Олар: «тілдер біздің материалдық және рухани мұрамызды сақтау мен дамытудың ең қуатты құралы-деген ұранмен өз наразылығын білдірген. Және де ана тілдерінің таралуын алға жылжыту бойынша барлық қадамдар әлемдегі мәдени дәстүрлермен толық танысуға ғана емес, өзара түсіністікке, толеранттылыққа және диалогқа негізделген ынтымақтастықты нығайтуға ықпал жасаған еді.

   Арадан біршама уақыт өткен соң, 1999 жылдың 17 қарашасында болған ЮНЕСКО-ның басты конференциясының 30-сессиясындағы қаулысымен ,2000 жылдың 21-ақпан  тілдік және мәдени ерекшеліктер мен көптілділікті сақтау мақсатында xалықаралық  ана тілі күні (International Mother Language Day) –болып бекітілді.

      Халықаралық ана тілі күні  Бангладеште болған қанды оқиғаны еске алу күні ретінде, жыл сайын аталып өтіледі.«Не себептен ана тілге сондай көп мән беріп отырмыз? Себебі, тілдер қабылдау мен ойлаудың және қатынастың құралы болумен қатар, әлемге деген көзқарасымызды жеткізудің жолы, өткен мен бүгіннің және келер күннің арасындағы байланыс» — деген болатын 2003 жылдың 21 ақпанында ЮНЕСКО-ның бас директоры К.Мацуура.Өз кезегінде, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 2008 жылды Халықаралық тілдер жылы деп, ал 2010 жылды мәдени жақындасу жылы деп аталды.Тілдер рухани және материалдық құндылықтарымызды сақтаудың ең негізгі құралы.

   Мамандардың айтуы бойынша, тілдердің өмір сүруі үшін ол тілде кемінде 100 000 (жүз мың) адам сөйлеуі керек екен. ХХ ғасырдағыдай тілдердің жойылып кету құбылысы бұрын-соңды болмаған. Жаңа технологиялардың қарқынды дамуы аз тұтынушылы тілдердің жойылуына негізгі  себеп ретінде қарастырылады. ЮНЕСКО-ның есебі бойынша, әлемнің шамамен 6000-ға жуық тілінің жартысы жуық арада өз тұтынушыларын жоғалтуы мүмкін. Халықаралық ана тілі күнін белгілеудің бір себебі ретінде осы жойылуға бет алған тілдерді сақтап қалу мәселесі де қарастырылған.

Қабылдау  және көрсетілу құралы ретінде тіл бізді әлемді қалай көретіндігімізді сипаттайды және өткен, бүгінгі және болашақ арасындағы қарым-қатынастыкөрсетіп береді.

   Тілдер кездейсоқ болған дүние емес, олардың әрқайсысы өздерінің жеке тариxи көздерден бар.. Ана тілдері әр адамға туған сәттен бастап қандай да бір тапсырма жүктейді ,ол кейіннен көптеген тілдерді меңгергеніне қарамастан, ешқашан жоғалмайтын нәрселерге яғни өз тіліне деген құрмет қасиетін береді.

    

   Шет тілін меңгеру — әлемнің басқа көзқарасымен танысу тәсілі». Ана тілін мерекелеу аясында әлемнің көптеген елдерінде әртүрлі тақырыптарда немесе   бір тақырыпқа арналып, тілдің сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған түрлі іс-шаралар өткізіледі. Осылайша, әр жыл сайын келесі тақырыптар бойынша іс-шаралар  өткізіледі: ана тілі мен көптілділік арасындағы қарым-қатынас, әсіресе білім беру; брайль және ымдау тілі; өзара түсіністікке, толеранттылыққа және диалогқа негізделген лингвистикалық және мәдени дәстүрлер туралы халықты хабардар ету; адамзаттың материалдық емес мұрасын сақтау және мәдени әртүрлілікті сақтау; мектептегі оқыту т.б.

  «Қазақтың халық тілінің қалыптасуы Қазақ халқының қалыптасу кезеңдерімен қатар жүріп отырған», — деп тіл тарихын зерттеген ғалым М.Т.Томанов айтқандай, ана тіліміздің қадіріне жетіп, дамып, өркендеуіне, келешекке кемел жетуіне өз үлесімізді қосайық…


ПІКІР ҚАЛДЫРУ