Халық валюта қатынастары

0
2184
Гомотетия және оның қасиеттері

Кіріспе

І Халық валюта қатынастары және валюта жүйесі

1.1. Валюталық қатынастар мен валюта жүйесінің түсінігі

1.2. Валюта бағамы және оның қалыптасуына әсер етуші факторлар

1.3. Валютаның бағамын реттеу туралы қазіргі теориялар

ІІ Халықаралық валюта қатынастарының құқықтық аспектілері

2.1 Қазақстан Республикасы валюталық жүйесінің түсінігі мен белгілері

2.2 Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргізу ережелері және реттеу органдары

Қорытынды

Пайдаланған әдебиетер

1. Валюталық жүйелер және валюталық қатынастардың ұғымы

Халықаралық валюталық қатынастар – бұл ұлттық шаруашылық қызметтерінің нәтижелері мен өзара алмасуына қызмет ететін және дүниежүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері – вексель ісі түрінде Ертедегі Грецияда пайда болған. Олардың келесі даму кезендері Лиондағы вексель жәрменкелері мен басқа да Орта ғасырлық Еуропадағы сауда орталықтары болды, онда есеп айырысулар вексель арқылы жүргізіледі. Халықаралық қатынастардың одан әрі дамуы өндіргіш күштерінің өсуімен, дүниежүзілік нарықтардың құрылуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен байланысты болды.

Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай-ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатысты халықаралық экономикалық қатынастарға делдал болады.

Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.

Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда-бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық –экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық–заңдық тұрғысынан қарағанда- белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шегінде валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік құқық формасы.

Тарихта мынадай валюталық жүйенің типтері қалыптасқан: ұлттық, дүниежүзілік, аймақтық.

Басында елдегі ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресурстарды қалытастыруға және пайдалануға, халықаралық айналымды жүзеге асыруға көмектесетін валюталық-экономикалық қатынастар жиынтығы ретінде ұлттық жүйе пайда болды. Ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи қалыптасқан және халықаралық құқық нормаларын ескере отырып ұлттық заңдылықтармен бекітілген, елдегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы. Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі бола отырып, өзінше дербес және ұлттық шекарадан шыға алады. Ұлттық валюталық жүйенің ерекшелігі ел экономикасындағы сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесімен анықталады.

Ұлттық валюталық жүйе мен дүниежүзілік шаруашылықтың даму негізінде қалыптасқан және мемлекет аралық келісім-шарттармен бекітілген халықаралық валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы‑дүниежүзілік валюталық жүйе өзара ажырамастай байланысты.Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелердің мұндай байланыстығы олардың біртұтас екендігін білдірмейді, себебі олардың міндеттері, қызмет етуі және реттеу шарттары, жекелеген елдер экономикасын және дүниежүзілік шаруашылыққа ықпал етуі әр түрлі болып келеді.

Дүниежүзілік валюталық жүйені ұлттық жүйемен байланыстыратын, яғни валюталық қатынастарға қызмет көрсететін және реттейтін, мемлекет аралық валюталық реттеулерде және валюталық саясатты шоғырландыруда негіз болатын ұлттық банктер болып табылады.

Дүниежүзілік валюталық жүйені мемлекеттік-құқықтық ұйымдастыру формасы жетекші елдердің мүдделігімен және дүниежүзілік аренадағы күштердің орналастырылуымен, өндірістің және дүниежүзілік сауданың дамуымен анықталады.

Ұлттық және дүниежүзілік валюталық арасындағы байланыс пен айырмашылықтар, олардың элементтерінен байқалады.

Егер ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға –елдің ақша бірлігіне негізделген болса, ал дүниежүзілік валюталық жүйе –бір немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе халықаралық есептесу бірліктеріне негізделеді.

Резервтік валюта − халықаралық төлем және резерв құралы функциясын орындайтын, басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды анықтауға базалық қызмет ететін, валюталар бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын алдыңғы қатарлы елдердің айырбасталған ұлттық валюталарының ерекше категориясы.

Резервтік валюта мәртебесін алудағы алғышарттар:

-дүниежүзілік өндірісте, тауарлар мен капитал экспорттарында елдердің билік ету позициясы;

— жоғары тиімді байланыс жүйесі бар несиелік-банктік мекемелердің дамыған торабы;

-басқа елдерде оған деген сұранысты қамтамасыз ететін, халықаралық айналымдағы валютаның еркін айналымдағы және валюталық шектеудің болмауы.

Резервтік валюта мәртебесі эмитент-елдің экономикасына белгілі бір міндеттемелерді жүктейді; осы валютаның тұрақтылығын қолдап отыру қажеттігі, сауда және валюталық шектеулердің болмауы, девальвация жүргізбеу. Сонымен қатар, ұлттық валютаны резервтік дәрежеге көтеру ұлттық шаруашылық үшін төлем балансының тапшылығын ұлттық валютамен автоматты түрде пайызсыз және мерзімсіз халықаралық несие алу жолымен жабу мүмкіндіктері түрінде бірқатар артықшылықтар береді.

Халықаралық есептік ақша бірлігі – валюталық паритет пен валюталық бағамды белгілеу, халықаралық талаптар мен міндеттемелерді өлшеу үшін шартты бірлік ретінде пайдалылатын валюталық бірлік. Қазіргі уақытта халықаралық экономикалық қатынастарға қызмет ету үшін шартты дүниежүзілік несиелік ақша типтері ретінде СДР және ЭКЮ қызмет етеді.

Бұл халықаралық активтер қолма-қолсыз халықаралық есеп айырысуларда елдерінің арнайы шоттарына жазбаша жазу жолдарымен: СДР –Халықаралық валюталық қорда, ЭКЮ- Еуропалық қауымдастыққа ынтымақтастық валюталық Еуропалық қауымдастыққа ынтымақтастыққа валюталық Еуропалық қорында пайдалынылады. Олардың шартты құны валюталық қоржынға кіретін валюталардың орташа өлшемді құнын және бағамдарын өлшеу негізіде есептеледі.

Валюталық «қоржын» 1973 жылы наурыз айынан бастап өзгермелі бағам режимін енгізумен байланысты банктерді және халықаралық валюталы-несиелік ұйымдарда қолданылады. Осы топтағы валюталар саны, олардың құрамы және валюталық компоненттердің мөлшері орташа өлшемді баға мақсатына байланысты белгіленеді.

Валюталардың орташа өлшемді құны, топқа кіретін валюталардың АҚШ долларына қатысты нарықтық құнының сомасында есептеледі. СДР халықаралық есептесу бірлігінің негізін құрған валюталық қоржын бес валютадан тұрады ( 1.011991 ж.жагдай бойынша): АҚШ доллары -40%,неміс маркасы-21%, жапон йені -17%, француз франкі-11%, фунт стерлинг-11%.

Елдің экономикалық және валюталық жағдайларына байланысты анықталатын валюталардың конверсиялар дәрежесі валюталық жүйенің келесі бір элементін сипаттайды.Басқа да ұлттық валюталарға еркін айырбасталатын, ақша бірліктері ретінде еркін конверсиялатын валюталар болады.1978 жылдан бастап халықаралық валюталық қорлар мынадай ұғымдар енгізетін енгізген болатын:

  • «еркін пайдалынатын валюта», яғни халықаралық есеп айырысуларда және валюталық нарықтардың негізгі операцияларында кеңінен қолданатын;
  • валюталық шектеулері бар, жартылай конверсияланған елдердің валюталары;
  • валюталар айырбасына тыйым салынған, елдердің конверсияланбайтын валюталары.

Валюталық паритет- бұл валюталық бағамның негізгі болып табылатын және заңды түрде бекітілген екі валюта арасындағы шекті қатынасты білдіреді. ХВҚ Жарғысы бойынша валюталық паритет СДР негізінде белгіленеді.

Ұлттық валюталық жүйенің шегінде ХВҚ арқылы мемлекетаралық реттеу обьектісі болып саналатын валютамен жасалатын операцияларға шек қою, яғни валюталық шектеу енгізілуде.

Халықаралық ақшалай талаптар мен міндеттемелерді мемлекеттік реттеумен байланысты бейнелейтін және жекелеген елдің немесе барлық елдердің төлем қабілетін сипаттайтын-халықаралық өтімділік валюталық жүйенің элементі болып табылады.Халықаралық валюта өтімділігінің құрылымына шетел валютасы, алтын, Халықаралық валюта қатынастағы резервтік позиция, СДР және ЭКЮ-дағы шоттар кіреді.

Халықаралық несиелік құралдарды пайдалану ережелерінің регламенттеуі және халықаралық есеп айырысулар жүйелік халықаралық нормаларға ( Женева вексельдік және чектік конвенция, 1930 ж) сәйкес жүзеге асырылады.

Валюталық жүйенің институтциональдық құрылымы ұлтаралық және мемлекеттік деңгейде реттеледі.

Аймақтық валюталық жүйелердің пайда болуының себептерінің біріне, жаңа валюталық орталықты құру және оны дүниежүзілік валюталық жүйе аумағына қосу жатады. Аймақтық валюталық жүйе — валюталық бағамдардың ауытқуын азайту және интеграциялық процессті ынталандыру мақсатында бірлестікке мүше елдердің валюталық қатынастарын мемлекеттік-құқықтық ұйымдастыру формасының және экономикалық интеграция шегінде валюталардың қызмет етуімен байланысты қалыптасатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады (Еуропалық валюталық жүйе, 1979 ж. наурыз).

Валюталық жүйенің даму кезеңцері өндірістің, дүниежүзілік нарықтың, халықаралық еңбек бөлінісінің, дүние-жүзілік шаруашылықтың дамуымен байланысты болып келеді.

БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ өнеркәсіптік революциядан кейін алтын монометаллизмі базасында алтын монета стандарты формасында қалыптасты. 1867 ж Париж келісімі алтынды дүниежүзілік ақшалардың жалғыз формасы ретінде мойындады. Ұлттық және дүниежүзік валюта және ақша жүйелері біріктірген болатын, себебі ақша дүниежүзік нарықта төлемге массасы бойынша қабылданды. Алтын стандарты өндірісті, сыртқы экономикалық байланыстарды, ақша айналысесеп айырысуларды реттеуші ретінде рольін атқарады.

Кейіннен классикалық алтын монета стандарты өзін түсіріп алды, ол шаруашылықтың шаруашылық байланыстарына сәйкес келмеді. 1914 ж валюталық шектеу енгізді. Бірінші дүниежүзілік соғыс тұсында пайда болған валюталық былықтан соң, алтын және жетекші валюталарға негізделген мемлекет аралық алтын девиз стандарты құрылды.

ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ 1922 ж Генуэз конференциясындағы мемлекетаралық келісімімен құрылды. 30 елдің ақша жүйесі алтын девиз стандартты базасында қызмет етті. Ол кезеңдерде резервтік валюта мәртебесі ресми түрде бір валютаға бекітілмеді, бірақ та фунт стерлинг пен АҚШ доллары жетекшілік танытты.

ҮШІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ 1994 ж Бреттон-Вудстағы ( АҚШ ) валюта-қаржы конференциясында рәсімделді. Қатысушылары 44 ел болды, ХВҚ Жарғысы бекітіліп, онда дүниежүзілік валюталық жүйенің мынадай қағидалары анықталды:

  • алтынға және екі резервтік валютаға ( АҚШ доллары және фунт стерлингке) негізделген мемлекетаралық алтын девиздік стандарттың жүйесі белгіленеді. Бұл жерде алтын девиз стандартты халықаралық қатынаста сақталып, ал ақша жүйесі айырбасталмайтын несиелік ақшаларға негізделді.

Бреттон-Вудс келісімі бойынша алтынды пайдаланудың төрт негізгі формасы қарастырылды: валюталардың алтындық паритеті және олардың Халықаралық валюталық қорда есепке алынуы, халықаралық есеп айырысулардың қалдығын жабатын ақырғы құрал және халықаралық валюта өтімділігінің компоненті. АҚШ долларын алтынға теңестіру және

оны шетелдік орталық банктерде 31,10352 г (1934 ж.) тең 1 тройцк унциясы үшін 35 доллар ресми бағада айрбастау жүзеге асырылып, іс жүзінде долларлық стандарт орын алды;

  • валюталық саясат және валюталық шектеулік халықаралық келісім-шарттарға бағынды;
  • валюталық париттер алтынмен немесе АҚШ долларымен бейнеленді, паритетті өзгерту тек қана Халықаралық валюталық қордың рұқсатымен іске асты;
  • валюталық бағамдардың режимі белгіленді ( +/- 0,75%-паритеттен ауытқуға болады ).

60-жылдардың аяғынан бастап, үшінші дүниежүзілік валюталық жүйе құлдырады. Төртінші дүниежүзілік валюталық жүйенің қағидалары Кингстонда (Ямайка) 1976-1978 жж. ХВҚ-ға мүше елдердің келісімімен рәсімделді. Онда Халықаралық валюталық қор Жарғысына түзетулер енгізілді. Ямайка валюталық жүйесінің негізгі қағидасы мыналар:

— СДР стандарты енгізілді, бірақ іс жүзінде долларлық стандарт сақталды, себебі доллар СДР жүйесіндегі есеп айырысуларды көбірек пайдаланды (валюталық «коржындағы» доллардың үлесі — 40%, ресми валюталық резервтерде — 60%-ға жуық). Бірақ Халықаралық валюталық қорға мүше елдерге валюталық паритеттерін кез келген валютада белгілеуге кұқық берілді, соның негізінде көп валюталы стандартқа өту заңдастырылды;

— алтынды демонетизациялауға заңды түрде тыйым салынды: ресми баға, алтындық паритет алынып тасталып, доллардың алтынға айырбасталуы тоқтатылды;

— валюталық бағамдар режимін таңдауға құқық берілді (1973 ж. 6 наурыздан бастап өзгермелі бағамдар жүйесі енгізілді);

— ХВҚ арқылы мемлекетаралық реттеу күшейді.

Сонымен дүниежүзілік валюталық жүйенің дағдарысқа ұшырауы ескі жүйені құлатуға және оны жаңамен ауыс-тыруға әкелді. Жаңа валюталық жүйені құруда үш кезенді бөліп қарауға болады: 1) жаңа валюталық жүйені құру, алғышарттарын қалыптастыру, қағидаларын анықтау; 2) құрылымдық біртұтастығын калыптастыру, құруды аяқтау, жаңа жүйенің қағидаларын біртіндеп іске қосу; 3) біртұтас және элементтері өзара байланысқан толыққанды қызмет ететін дамыған дүниежүзілік валюталық жүйені құру.

Ямайка валюталық жүйесіне қарсы Еуропалық экономикалық кауымдастық елдері 1979 жылы наурызда валюталар бағамын тұрақтандыру және инфляция деңгейін кысқарту жолымен Еуропадағы экономиканың өсуін қолдау мақса-тында Еуропалық валюталық жұйесін құрды. Бұл жүйе ЕВЖ мүше елдердің валюталық бағамдарының айырмасын бағалауға арналған ЭКЮ еуропа валюта бірлігіне негізделді. ЭКЮ-дің нарықтық құнының есебі 2-кестеде берілген.

Еуропалық валюталық жүйе мүше елдердің ресми алтын-доллар резервтерінің 20% біріктіре отырып, алтынды ЭКЮ-ді жартылай қамтамасыз ету үшін пайдаланады. Валюталық ба-ғамдардың режимдері бойынша мүмкін болар қатынастар валюталардың бірлесіп өзгеруі негінде өзара ауытқу шегінде белгіленген, жаңа мүшелер үшін ±6% және басқа жағдай-ларда ± 2,25%. Еуропаның Орталық банктері белгіленген ауытқулар шегінде интервенция жүргізеді. 1987 жылдан бастап маргинальды және интермаргинальды интервенциялық стратегия жүргізілуде, маргиналдық интервенцияның шектері диаграммада көрсетілген.

Еуропаның экономикалық жүйелері мен монетарлы саясатының жақындасуы, экономикалық билікті көпұлтты институттарға беруі, ЕВО шеңберінде келісім-шарттарды реттеу және жүйелендіру барысы 1988 жылы Еуропалық валюталық жүйесін құрудың алғышарттары болып табылды.

Одақты құрудың мақсаты — ЕО шегінде тауарлар, көрсетілген қызметтер мен капиталдардың еркін қозғалысы; ақша саясатына, интервенцияның шекарасын қалпына келтіруге, валюталар арасында тұрақты өзара катынас белгілеу, капиталдар нарығын ырықтандыруға қатысты бірігіп шешімдер қабылдау.

ЕВО 12 елінің мемлекеттерінің басшылары Еуропалык одақ жөнінде жоба дайындап, оған 1992 жылы 7 ақпанда кол қойылды және оны Маастрихт келісім-шарты деп атады. Келісім-шартта болашақ экономикалық және ақшалай одаққа катысты ережелер жинағы жасалып және бұрынғы ЕО келісім-шарттарына толықтырулар мен түзетулер енгізілді.

Келісім-шартта мемлекеттердің Еуропалық валюта одағына кіру критерийлері анықталды:

— инфляция деңгейі үш тұрақты қатысушы елдің орташа инфляция деңгейінің 1,5%-нан аспауы тиіс;

— бюджет тапшылығы да өте өлшеусіз болмауы керек;

— ЕВО-ға мүше болған екі жыл ішінде валюта қысымға және девальвациялануға ұшырамауы тиіс,

— ұзақ мерзімді пайыз мөлшерлемесі үш тұрақты елдің орташа деңгейінін 2%-нан аспауға тиіс.

Сонымен қатар, қатысушы елдердің ақша саясатын анықтайтын, оның шарттарын жасайтын, вапюталық операцияларды жүзеге асыратын және валюталық резервтерді қолдап отыратын, Еуропалық Орталық банк пен қатысушы елдердің орталық банктерін қамтитын орталық банктердің жүйесі құрылды.

Қазақстан Республикасы Халықаралық валюталық қорға мүше бола отырып, дүниежүзілік валюталық жүйелердің бірден-бір қатысушысы болып саналады.

2. Валюталық нарықтар

Валюталық нарықтар уақтылы есеп айырысуларды жүзеге асыруды, валюталық қаражаттарды біршама тиімді пайдалануын, валюталық операцияларға қатысушылардың валюталық бағамдар айырмасы түрінде пайда алуын, валюталық тәуекелдерді сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеуді, валюталық саясатты жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ішкі және халықаралық төлем айналымына кызмет етеді.

Халықаралық есеп айырысудың өзіндік ерекшелігі барлық елдер үшін жалпыға бірдей қабылданған төлем кұралының болмауында. Сондықтан да сыртқы сауда, көрсетілген қызметтер, несиелер, инвестициялар, мемлекетаралық төлемдер бойынша есеп айырысудың қажетті шарты сатып алу-сату формасында бір валютаны екінші біріне айырбастау болып табылады.

Валюталық нарықтарда шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс ең алдымен сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін валюталық түсім алған экспортерлардан; сатып алған тауарлары мен көлік және кеме компанияларынан алынған қызметтері үшін төлемдерді төлеуде импортерден; сондай-ақ көрсеткен қызметтері үшін фрахты, сақтандыру сыйақысы, брокерлік және банктік комиссия түрінде валюталар алатын сақтандыру қоғамдары мен банктерден; дивидент төлеуге, займды, несиені және оған есептелген пайызды және т.б. қайтаруға міндеттемесі бар занды және жеке тұлғалардан туындайды.

Сонымен, валюталық нарықтарда валюталық операцияларды жүргізуге халықаралық сауда мен оған байланысты көрсетілген қызметтер және халықаралық капиталдар мен несиелер қозғалысы негіз болып табылады.

Валюталық нарықтар — сұраныс пен ұсыныс негізінде ондағы айналатын валюталарға сауда-саттық жүргізілетін ресми орталықты сипаттайды. Қазіргі валюталық нарықтарда мынадай ағымдарды бөліп қарауға болады:

— шаруашылық байланыстардың интернационалдануы негізінде валюталық нарықтардын интернационалдануының күшеюі;

— байланыстың жана жүйелерін пайдалану;

— әлемнің барлық бөліктеріне тәулік ішінде үздіксіз операцияларды жасау;

— банктердің корреспонденттік шоттары бойынша жазбаша түрде негізделетін валюталық операцияларды жүргізу техникасын біртұтастандыру;

— коммерциялық валюталық мәліметтермен салыстырғанда алыпсатарлық және арбитраждық валюталық мәмілелер көлемін ұлғайту.

Валюталық операциялардың көлеміне, сипатына және пайдаланылатын валюталар тобына қарай қазіргі валюталық нарықтар халықаралық, аймақтық және ұлттық (жергілікті) болып бөлінеді.

Халықаралық валюталық нарықтар ірі дүниежүзілік қар-жы орталықтарында шоғырланған. Олардың ішінде: Лондондағы, Нью-Йорктегі, Франкфуртна-Майнедегі, Париждегі, Цюрихе, Токио, Сингапурдағы, Гонконгтағы валюталық нарықтарды бөліп айтуға болады. Бұл нарықтарды халықаралық төлем айналымында кеңінен колданылатын валюталармен операциялар жүзеге асырылады.

Аймақтық және жергілікті нарықтарда белгілі бір кон-вертирленетін валюталармен операциялар жүргізіледі. Оның қатарында сингапур доллары, сауд риалы, кувейт динары және т.б. бар.

Ұлттық валюталық нарықтар деп, ережеге сәйкес, халықаралық операцияларды жүргізуге маманданбаған, өз клиенттеріне (олардың қатарында компаниялар, жеке тұлғалар және банктер болуы мүмкін) валюта бойынша қызмет көрсететін сол елдің аумағында орналасқан банктердің жү-зеге асыратын операцияларының жиынтығын айтады.

Сонымен қатар, ішкі ұлттық нарықтағы операцияларға жекелеген компаниялар арасында жасалатын операцияларды, жеке тұлғалар арасындағы операцияларды, сондай-ақ валюта биржасында жүргізілетін операцияларды да жатқызады. Жоғарыда келтірілген сипагтамаға қарап, Қазақстанда ұлттық нарықтың жұмыс жасайтынын айтуға болады. 1997 ж. операциялар көлемі USD-1124735 мың, DЕМ — 11165 мыңды құрайды.

Сол немесе басқа елдің ішкі валюталық заңдылықтарының ырықтандырылуына байланысты ресми валюталық нарық «қара нарықпен» толықтырылуы мүмкін. «Қара нарықтың» болуы барлық ТМД елдерше тән сипат. Қазақстанда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің жүргізетін саясаты, айырбас орындарының көптеп ашылуы пайда массасын өсіру үшш банктер арасында бәсекені ұлғайта отырып, «көше» нарықтарында валютамен сауданы азайтуға және соның нәтижесінде «қара нарықтың» әрекет ету аясының қысқаруына экелді.

Институтциональдық көзқараспен қарағанда, валюталық нарык банктер, банкирлер үйін, брокерлік фирма және Ір; корпорациялардың жиынтығын білдіреді.

Қалған банктер мен брокерлік фирмалар өздершщ валю-талық операцияларын ірі коммерциялық банктердщ жетекші-лік етушен, ережеге сәйкес олардың қарамағында жүзеге асырады. Валюталық нарықтардағы валюталық мәмілелердің 95%-ға дейіні банктер мен брокерлік фирмалардың үлесіне келеді. Мұндай сызба, валюталық нарықты банкаралық нарық тәрізді сипаттауға мүмкіндік береді.

Валюталық операцияларды жүргізуге кұқылы банктер өкілетті немесе девиздік банктер деп аталады.

Девиздік банктердің валюталык нарықтағы операцияларға қатысу дәрежесі көп факторларға: банк шамасына, оның беделіне, шетелдік бөлімдер және филиалдар тораптарының даму дәрежесіне, жүргізілетін халықаралық есеп айырысулар көлеміне, телекс, телефон және т.б. байланыс жүйелерінің жагдайына, банк саясатына байланысты.

Әдетте, валюталық операциялар банктер арасында тікелей жүргізіледі (телекс немесе телефон бойынша), бірақ кейбір елдерде (Скандинавия елінде) Орталық банк өкілде-рінің валюталық нарыққа қатысушылармен кездесетін валю-талық биражалар сақталған. Мұндай жағдай Қазақстан Рес-публикасында да әрекет етеді, яғни Қазақстан қор биржасында аптасына 2 рет валютамен сауда жүргізіледі.

Нарықтың қатысушы барлық мүшелерін екі негізгі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа пассивті қатысушылар, яғни оларда валюталық операциялар жүргізу қажеттілігі әр кез-дерде туындайды да, баға белгіленімін білу үшін олар басқа банктерге өтініш жасайды (маркет-юзерлер). Активті қатысушылар (екінші топ) өздеріне баға белгіленімін білуге өтініш жасайтын банктер үшін бағаны белгілейді (маркет-мэйкерлер). Осы қатысушылар арасында әлемнің барлық жерлеріне таралған бөлімше тораптары және үлкен дилерлер штаты бар 20-ға жуық банктер ерекше бөлінеді. Бұл банктер 100 млн. АҚШ долларындағы (мәміленің стандартты сомасы — 5 немесе 10 млн.) ірі сомаға мәміле жасай отырып, валюталық нарықка маңызды ықпал етеді.

Дүниежүзінің тек өте ірі банктерінде валюталық де-партаменттер және валюталық операциялармен айналысатын білікті дилерлер бар. Өз клиенттерінің тапсырмаларын ғана орындайтын және валюталық операцияларды өз қаражаттары есебінен жүргізбейтін, халықаралық валюталық нарықта жұ-мыс жасайтын банктерге, өздерінің клиенттері мен банк арасындағы делдалдык ролді жетістіктермен атқару үшін, валюталық операциялар туралы жалпы түсінігі бар банктік қызметкер болса жеткілікті.

Мысалға, 2000-ға жуық бөлімшелері мен кеңсесі бар, бірақ та үш бөлімінде ғана (Франк-фурт -на-Майнеде, Дюсельдорфта және Гамбургте) халықаралық банкаралық валюталық нарықта операциялар жүргізетін валюталық департаменті бар Германияның ірі коммерциялық банкі — Дойче Банкті алуға болады. Қалған бөлім-шелері валюталық операцияларды шектеулі сомалар бойын-ша, Дойче Банктің үш бөлімшесінің бірінің «Сименс» каналы арқылы берілетін бағамдар бойынша жүргізе алады.

Банктердің басқа да топтары ірі, бірақ азырақ дивер-сификацияланған банктер болып табылады. Әдетте, олар бір, екі-үш валюталармен операциялар жүргізуге маманданады және стандартты сомаларға баға қояды. Күнделікті жұмыс-тарында бұл банктер брокерлік фирмалардың қызметтерін пайдаланады.

Брокерлік фирмалар 30%-ға жуық валюталық операцияларға қызмет етеді және сол банкпен жұмыс жасайтын нақты брокер тұлғасында, екі банкінің арасында — валюталарды сатушы және сатып алушы банктер арасында делдал ролінде де жүреді.

Брокерлер делдал ретінде бола отырып, клиенттерден брокерлік комиссиялық ақы алады (брокер арқылы сатылған немесе сатып алынған әрбір миллион доллар үшін 20 АҚШ доллары), ол төлемді халықаралық тәжірибедегідей сатып алушы мен сатушы тең бөледі және онда котировка қосылмайды, әр ай сайын тікелей брокерге төленіп отырады.

Брокер мәміле жасайтын және баға белгілейтін өзінің банк-клиенттеріне толық тәуелді. Брокер арқылы жұмыс істеудің айтарлықтай артықшылығы мыналар: котировка про-цесінін үздіксіздігі және брокер белгілейтін кез келген баға-мен мәміле жасау мүмкіндігі, мәміле жасағандағы құпиялық және өз бағасын ұсыну мүмкіндігі. Дилер мен брокердің арасындағы іскерлік ынтымақтастық тек өзара түсіністік, сенім және сыйластық болғанда ғана мүмкін және ол тығыз өзара қатынас негізінде қалыптасады.

Банктердің валютамен жасалатын операциялары клиенттердің есебінен де, сондай-ақ өздерінің есебінен де жүзеге асырылады.

Шетел валютасы халықаралық төлем айналымында әдетте ақшалай белгілер түрінде болмайды, ол банктік және несиелік айналыс кұралдары формасында — шетел валютасына сәйкес телеграфтық және пошталық аударым, чек, тратта түрінде болады.

Аударымбұл басқа елдегі банк-корреспондентіне өзінің клиентінің өтініші бойынша және оның есебінен теле-графтық немесе пошталык аударым (бұйрық) непзінде белгілі бір ақша сомасын шетелдік алушыға (бенефициарға) төлеу туралы банктің бұйрығы. Аударым барысында банк екі операцияны бір уақытта жүзеге асырады: өз клиентіне ұлттық валютаға шетел валютасын сатады және шетел валюта-сын шетелге аударады. Бұл жерде телеграфтық аударым жасау барысында есеп айрысуды жеделдетеді және арнайы код қолдану арқылы қорғауға кепіл береді.

Банктік чекшетелдік банк-корреспондентке чекті ұстаушының ағымдық шотынан белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы банктің жазбаша бұйрығы. Экспортер, ондай чекті ала отырып, оны өзінің банкіне сатады.

Банктік вексельосы елдің банкінің шетелдік банк-корреспондентке берген траттасы (аудармалы векселі). Им-Портерлер өздерінің банктерінен бұл вексельді сатып алады және оны олардың экспортерлеріне (несие берушілеріне) жіберу арқылы өздерінің борыштык міндеттемесін өтейді. Ал осы елдің банкінің міндеттемесі мерзімі жеткенде вексельді төлеуді өзінің корреспондентінің шотын қажетті валюталык қаражаттармен қамтамасыз ету болып табылады.

Бұл жерде чектер мен тратталарды тек қана банктер емес, сондай-ақ сауда және өнеркәсіптік фирмалардың, жеке тұлғалардың бере алатынын да есте сақтау кажет.

Несиелік айналыс құралдары халықаралык төлем айналымынан алтын мен шетел валюталарын ығыстырып, әр түрлі елдердін банктері арасында корреспонденттік қатынастардын дамуына және шетел валютасында ағымдағы корреспонденттік шоттарды жүргізу тәжірибелерінің таралуына қатты ықпал етті. Бұл өз кезегінде операцияларды қолма-қолсыз түрде жүргізуге, есеп айырысуларды жеделдетуге және айналыс шығынын азайтуға мүмкіндік жасайды.

Халықаралық есеп айырысулардың сызбалы механизмін былай беруге болады: тауарды (қызметті) экспорттаушы сат-қан тауары (қызметі) үшін импорттаушыдан алған шетел валютасына жататын чек, аударым және басқа да төлем құжаттарын өз елінде коммерциялық банкіге сата отырып, оның орнына экспорттық өндіріс үшін қажетті ұлттық ва-лютаны алады.

Коммерциялық банк өзінің шетелдегі банк-корреспондентіне бұл төлем құжаттарды жібереді де төлеу-шілер мен борышқорлардан, жіберілген құжаттар бойынша валюталық қаражаттарды төлеуін талап етеді. Алынған шетел валютасындағы соманы шетел банкі экспортер банкінің кор-респонденттік шотына түсіреді. Халықаралық есеп айыры-сулардың осындай механизмі қолма-қол ақшаны пайдалану-сыз, қарама-қарсы талаптарды өзара есепке алу жолымен банк-корреспонденттер арқылы сыртқы экономикалық опера-циялары бойынша барлық есеп айырысуларды жүзеге асы-руға мүмкіндік береді.

3. Валюталық бағам және валюталық «қоржын»

Валюталық жүйенің маңызды элементі — валюталық бағам болып табылады. Оның пайда болуы: тауарлар мен көрсетілген қызметтердің халықаралық саудасы барысында, капитал және несиенің қозғалысында валюталармен өзара айырбастың қажеттігінен; дүниежүзілік және ұлттық нарық-тардағы бағаларды, сондай-ақ үлттық немесе шетелдік валю-таларда бейнеленген әр түрлі елдердің құндық көрсет-кіштерін салыстыруға; банктер мен фирмалардың шетел валютасындағы шоттарын уақтылы қайта бағалап отыруға байланысты негізделеді.

Валюталық бағам — бұл бір елдің ақша бірлігінің басқа бір елдердің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы. Әрбір елдің ұлттық валюталарын салыстыру олардың өндіріс және айырбас процессінде пайда болатын объективті құндық қатынастарына негізделеді. Валюталык бағам валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуші көптеген факторларға байланысты өзгереді.

Бағамның қалыптасуына ықпал ететін үш факторлар тобын бөліп қарауға болады:

саясисаяси тұрақтылық, валюталық заңдылықтардың ырықтандырылуы, валюталық саясат және т.б.

экономикалық, халықаралық тәжірибеде анықталатын экономикалық тікбұрыштың шыңы сияқты: экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және инфляцияның төменгі қарқы-ны (жылына 10%-ға дейін), жұмыссыздықтың төменгі деңгейі (жылына 8%-ға дейін), дүниежүзілік нарықтағы теп-теңдік;

психологиялық: жаппай сұраныс, негізгі капиталды тәуекелден қорғануға ұмтылыс және т.б.

Валюталық бағамның дамуы жай тауар өндірісінен қа-зіргі дүниежүзілік шаруашылыққа қозғалыстың тарихи процесін көрсетеді.

Монометаллизм тұсында — алтын немесе күміс — валюталық бағамның базасы монеталық (алтындық) паритет болып табылды, яғни ол, әр түрлі елдердің ақша бірлік-терінің олардың металдық құрамына байланысты арақаты-насын сипаттайды. Ол валюталық паритет ұғымымен сәйкес келеді. Алтын монометаллизмі тұсында валютаның бағамы алтын паритетіне сүйенді (валюталардың шекті қатынасы олардың ресми алтындық құрамына байланысты) және стихиялы түрде алтын нүктелерінің шегінде оның айналасында ауытқып отырды.

Алтын нүктелерінің классикалык механизмі тек екі жағдайда жүзеге асты: алтынды еркін түрде сатып алу-сату және сыртқа шығару. Валюталык ба-ғамның ауытқу шектері паритеттің 1%-нан асқан жок және қажетті валютада ауыстыру мақсатында алтынды шетелге тасымалдау шығындарымен анықталды.

1930-1933 жж. фунт стерлинггің алтындық құрамы 7,32 г болса, ал АҚШ долларыныкі -15 г. Бір фунт стерлингт34 монеталық паритеті былай анықгалды: 1ф.ст.= 7,32000/1,50416=4,86 доллар. Фунт стерлингтің ең төменгі бағамы (Англия АҚШ-тың пассивті төлем балансы тұсында) монеталық ритеттен оның аударым құны — 0,05 долл. шегергендегі со-маға теңесті. Фунт стерлингтің төменгі алтындық нүктбсі 1ф.ст.=4,86+0,5=4,81 (долл.). Валюталық бағамның осы нүктесіне жеткен кезде АҚШ-қа алтынньщ кетуі басталды. Жоғары алтындық нүктеге жеткен кезде (Іф.ст.—4,86 долл. +0,5 долл.=4,91 долл.) АҚШ-тан алтынның келуі байқалды.

Валюталық бағам алтын нүктелерінің шегінен шығып кете алмады, себебі осы нүктелерге жеткенде борышқорлар үшін, тауарларды ұлттық валютаға сатып алып, ал алтынды сыртқа шығарған тиімдірек болды. Алтын стандартын алып тастағаннан кейін, алтын нүктелерінің механизмі істен шықты.

1971 жылы долларды алтынға ресми бағасы бойынша аусытыру тоқтатылғаннан кейін, валюталардың алтьіндық құ-рамы және алтын паритеттері сандық түсінікке айналды. ХВҚ оларды 1975 жылдан жариялауды тоқтатты. Валюталық бағамның негізі ретінде алтын паритетінен завды түрде бас тарту Ямайка валюталық конференциясымен рәсімделді.

Бұл жағдайда валютальік бағамның қалыптасу ерекшелігі мынада: валюталар өзінің Кұндық көрінісін алтында емес, яғни алтын нарығында стихиялы түрде болатын нақты баға ауқымы, несиелік акдіалардың салыстырмалы құны арқылы болуында.

Валюталық бағам валюталық паритет шеңберінде ауыт-қиды. ХВҚ-ның Жарғысы бойынша 1978 жылдан бастап, ва-люталық паритет СДР немесе ЭКЮ-да валюталық «қоржын» базасында бекітілді.

Валюта бағамдарының динамикасы ақша бірліктерінің сатып алу қабілеттеріне, инфляция қарқынына, сұраныс пен ұсынысқа ықпал ететін төлем балансының жағдайы, пайыздық мөлшерлеме деңгейіндегі айырма; валюталық нарық қызметтері мен алыпсатарлық валюталық операциялар, валю-талық бағамды мемлекеттік реттеу, дуниежүзілік нарықтағы валютаға деген сенімділік дәрежесіне байланысты.

Жалпы алғанда валюталық бағамның қозғалысының бағыттарын анықтайтын факторларды үш топқа бөлуге болады: фундаментальды, техникалық, қысқа мерзімді күтпеген факторлар.

Фундаментальды факторлар орта мерзімде әрекет ететін ұлттық экономиканың жағдайының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері болып табылады. Әдетте олар, ұлттық статистикалық органдармен жарияланатын макроэконмикалық статистиканың мәліметтерін білдіреді. Мынадай негізгі факторлар бар: сатып алу қабілетінің паритеті бойынша валюталық бағам, жалпы ұлттық өнім, нақты пайыз мөлшерлеме-сінің деңгейі, жұмыссыздық деңгейі, инфляция, төлем балансы, өнеркәсіптік өндіріс индексі, іскерлік оптимизм индексі.

Техникалық талдаубұл бағамды жүргізу графигін (чарт) талдауды сипаттайды. График-чарттардың келесідей типтерін ажырата білу керек: сызықты, кесінді графиктері, жапон шамдарының «крестиктер-ноликтер» графигі. Валюталық бағамның қозғалысы толқынға ұқсас болып келеді және онда бір жерде жоғарласа, екінші бір жерде төмендеу байқалады.

Қысқа мерзімді күтпеген факторлар валюталық бағам динамикасына маңызды түзетулер енгізуі мүмкін. Оларға мыналар жатады: төтенше оқиғалар (форсмажор) оқиғалар, саяси оқиғалар, саяси лидерлердің сөздері, валюталық инвестиция.

Валюталық нарыққа қатысушылардың арасындағы валюталық операциялар валюталары айырбастаусыз және олардың пропорцияларын анықтаусыз жүзеге аспайды. Бір валютаны басқа валютаға айырбастау деп шетел валютасын ұлттық валютаға немесе басқа валюталарға сату немесе сатып алу, ал оларды айырбастау пропорциялары валюталық котировка арқылы анықталады. Валюталар котировкасы айырбасқа ұсынған екі акдіа бірлігінің қатынасын анықтауға мүмкіндік береді.

Көптеген елдерде валюталық бағамды бекіткенде жанама баға белгіленімі қолданылады. Ол мынадай мағынаны береді: шетел валютасының белгісінің бір сомасы (мысалы, 1, 10, 100, 1000 бірлік), ұлттық валюталық сәйкес сомасының өзгерісін көрсету үшін қолданылады (мысалы, 1 USD=76,212 КzТ). Жаңа баға белгіленімін көп колданбайды. Бұл жағдайда негіз ретінде ұлттық валютаның бірлігі болады. Бұл баға белгіленімі көбінесе Ұлыбританияда қолданылады (мысалы, 1 GBР=1,5860 USD).

АҚШ-тың ішкі айналысында жанама баға белгіленімі неміс маркасына қатысты колданылады.

Валюталық баға белгіленімінің түрі валютаның жағдайына, оның курстық деңгейіне әсер етпейді, өйткені валюталық бағамның мәні өзгермей тек формасы ғана өзгереді.

Әр валюта бойынша сұраныс пен ұсынысты салыстыру жолымен банкаралық бағамды анықтаудан және тіркеуден тұратын баға белгілеу процедурасы фиксинг деп аталады. фиксинг негізінде егер банк валютаны сатса, сатушының бағамы бекітіледі, ал егер валютаныы сатып алса, сатып алушының бағамы бекітіледі.

Мысалы, 1,9430/50 неміс маркасы АҚШ-тың 1 доллары , үшш баға белгіленімі — банк клиенттен 1 долл. 1,9430 неміс маркасына сатып алуға және 1 долл. 1,9450 неміс маркасына сатуға мүмкіндігі бар.

Сатушы және сатып алушы курстарының арасындағы айырма банктің шығындарын жабу үшін қолданылады және банк табысын құрайды. Бұл айырма маржа немесе спред деп аталады да, валюталық нарықта болатын нақты жағдайы және валюта статусына, мәміле көлеміне, компанияның неме-се банктің статусына байланысты өзгереді.

Банкаралық валюталық нарықтардағы операциялар ха-лықаралық төлем және резерв құралы болып табылатын АҚШ долларына қатысты жасалынады.

Сауда-өнеркәсіп клиентурасы үшін валюталар котиров-касы банкімен кросс-курс негізінде бекітіледі. Кросс-багам бұл екі валютаның, олардың үшінші валютаға қатысты есеп-телінетін бағамнан шығатын қатынасын білдіреді (көбінесе АҚШ долларына).

Франция банкінің клиенті үшін неміс маркасының сатып алу бағамын анықтау қажет. Бұл үшін банк сату бағамы бойынша неміс банкісінен АҚШ долларына неміс маркасын сатып алады: АҚШ-тың 1 долл.=1,6600 неміс маркасымен, бірақ ол сатып алушының бағамы бойынша алдын ала фран-цуз франктерін АҚШ долларына сатады: АҚШ-тың бағамы бойынша 1 долл.=5,6110 француз франкі. Осылайша, 1 неміс маркасы =3,380 француз франкі — сатушы бағамы (Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің валюталық бағад 5,6110/1,66 = 3,380).

Сатушылар және сатып алушылар бағамдары реси бюллетеньдерде жарияланады. Көбінесе баға белгілеу кесі лерівде соңғы бағамдар жарияланады (соңғы валюталь мәмілелер бойынша).

Баға белгілеу кестесінде көрсетілген бағамдар — бұл телеграф аударымдарының бағамдары. Басқа төлем кұрал-дарының бағамдары пошта аударымының, мерзімді траттаның және банкнотаның бағамынан арқашан жоғары болатын телеграф аударымының бағамы негізінде анықталынады.

Телеграфтық аударымдарда шетел валютасы банкпен тура сол уақытта немесе келесі күні төленеді, бұл бағам өзгерісіне байланысты пайда болатын валюталық шығындарды болдырмауға көмек береді. Банк-корреспонденттер арнайы бағамдарды қолданғанда, өздерінің клиенттеріне аударым жа-сағанда валюталық қателерді болдырмауға мүмкіндік береді.

Чектің бағамы телеграф аударымының бағамынан төмен, өйткені осы төлем құжатын бір елден екінші елге әуепош-тасымен тасымалдау үшін қажетті күндерге пайыз шеге-ріледі. Бұнда банк чек бойынша төлемді, тек бұл төлем құралын беріп, шетел банкісі, банк-корреспондент инкассоға алғанда жасайды. Чектің бағамы тратта бағамынан жоғары болады, өйткені тратта бағамын анықтағанда оның төлеу мерзімі, кепілдемесі және төлем валютасы ескеріледі.

Мерзімді траттаның бағамы телеграф бағамы негізінде вексельді сатып алғаннан бастап, оны өтеуге дейінгі күндер үшін пайызды шегергенге тең. Пайыздар көбінесе осы чекте жазылған валютада сол елдің мөлшерлемесі бойынша анық-талады: егер тратта алдыңғы қатарлы сауда векселі болса, пайыздар эмиссионды банктің есептік мөлшерлемесі бойынша аныкталады; егер тратга банктік акцепт болса, ресми мөлшерлемеден төмен болатын нарықтық мөлшерлеме бойынша анықталады.

Шетел валюталарының бағамы пошталық аударымдардың бағамына сұраныс пен ұсынысқа байланысты жақындайды. Сатып алу кезінде банкноталардың бағамы чектен төмен бағаммен, ал сату кезінде жоғары бағаммен бекітіледі. Банкнота бағамының мөлшеріне банкноталарды жолда сақтанды-румен байланысты шығындар әсер етеді (чектер тасымалдау кезінде сақтандырылмайды). Нью-Йорк валюта нарығында негізгі төлем құралдарының бағамдары келесідей түрде құрылады: телеграфтық аударылым — 4,866 АҚШ доллары 1 ф.ст. үшін, пошталык аударым — 4,861, чек — 4,861, ұсыныл-ған кезде өтелінетін вексель — 4,861 және вексель (3 ай) -4,825 АҚШ доллары — 1 ф.ст. үшін.

Валюталық мәмілелердің түрлеріне байланысты агымдагы және мерзімді (спот және форвард) бағамдары болады. Ағымдағы валюталық мәмілелерді жасағанда валюта айыр-басы сол сәтте ағымдағы валюта бағамы бойынша жүзеге асады. Мерзімді валюталық мәмілені жасағанда валютаны айырбастау алдын ала белгіленген мерзімде бекітілген фор-вард бағамы бойынша жүзеге асады. Форвардты бағамды ағымдағы бағамға сыйақыны қосқанда немесе одан жеңілдікті алып тастағанда табамыз.

Валюталық нарықта валюта сыйақы немесе дисконт бойынша оның күтілетін динами-касына, сол немесе басқа валюталардың халықаралық пайыздық мөлшерлемелерінің деңгейіне байланысты баға бел-гіленеді. Егер валюта жеңілдікпен мерзімге баға белгіленсе, онда оның форвардты бағамы ағымдағыдан төмен және керсінше болады.

Құбылмалы және тұрақты валюталық бағамдар. 1973 жылдан бастап дамыған елдер валюталарды өзара айырбастаудағы тұрақты қатынастардан бас тартып, валюталық нарықтарда сұраныс пен ұсынысқа байланысты еркін орын алатын «құбылмалы» бағамдарына ауысты. Валюталық нарықтардағы фактілердің тұрақты болмауына байланысты, дамыған батыс елдердің валюталары көп өзгереді, ол бір ай ішінде 5-10 пайыз болуы мүмкін.

Мұндай «кұбылмалы» валюталық бағамдардың өзгерістері халықаралык есепті жүзеге асырғанда көптеген қиындықтар туғызады. Осыған байланысты кейбір елдер валюталық топтар құрып, өздерінің валюталары арасындағы тұрақты қатынасты орнатады. Еуропада мұндай топ, Еуропалық валюталық жүйе болып табылады (ЕВЖ), ол 1979 жылы құрылды, оған батыс Еуропаның 10 елі кіреді (Германия, Франция, Италия, Нидерландия, Дания, Ирландия, Бельгия, Люксембург, Испания). Осы елдер-дің валюталық бағамдары бекітілген тұрақты бағамдардан 21,25%-дан артық ауытқымайды.

Ағымдағы бағамның жоғары немесе төменгі ауытқуы шектеріне жеткен жағдайда ЕВЖ-ге мүше мемлекеттер бекітілген шектерде бағамды ұстау үшін валюталық интервенция және тағы басқа шаралар қолданады; егер бұлар көмектеспесе ұлттық валюталық ресми ревалвациясы немесе девальвациясы жүргізіледі. Кейбір дамушы елдер өздерінің ұлттық валюталарын дамы-ған батыс валюталарына немесе халықаралық валюталық бірліктерге «байлауға» тырысады. Қазіргі кезде 30-дан аса ел өздерінің ұлттық валюталарын АҚШ долларына, 13-і француз франкасына, 10-нан көбірегі СДР-ге «байлайды».

Валюталық бағамдардың көптігі. Кейбір мемлекеттер-де операцияның әр түрі бойынша қолданылатын ұлттық валюта бағамдарының бірнеше түрі бар. Бельгияда 2 бағам колданылады: біреуі — коммерциялық, екіншісі — қаржылық операциялар бойынша. Дамушы елдерде валюталық бағам-дардың көптігі белгілі тауарларды экспорттық қолдау үшін және импорттық кейбір түрлерін шектеу үшін қолданылады.

Айырбас валюталық бағамдардан басқа статистикалық және экономикалық талдау кезінде қолданылатын есептеу бағамдары бар. Оған жататын орташа бағам — сатушы және сатып алушы бағамдарының арифметикалық орташасы. Шын мәнінде айтсақ мұндай бағам жоқ, бірақ оның мөлшері күнделікті ақпарат құралдарында жарияланады.

Батыста көптеген валюталық багамдардың индекстері тараған. Көптеген валюталық бағамы бірдей өзгеруі мүмкін болғандықтан, жеке ақша бірліктерінің басқалармен салыс-тырғанда арзандау (қымбаттау) дәрежесін анықтау мәселесі бар. Валюта бағамдарының өзгеру дәрежесін өлшеу үшін арнайы индекстер есептелінеді, олардың негізінде валюталық «қоржындар» болады.

Валюталық «қоржындарды» қолданудың бірден-бір сфе-расы осы елдің сыртқы экономикалық қатынастарында үлкен орын алатын, мемлекеттердің валюталары жатқызылатын, сәйкес қоржынға қатысты бағамның динамикасын көрсететін тиімді валюталық бағамдардың индекстері болып табылады. Оған кіретін валюталар құрамына байланысты бұл индекс-тердің динамикасы халықаралық валюталық нарықтардағы валюта бағамдарының бірдей емес мөлшерде өзгеруіне байланысты әр түрлі болады.

Көбінесе валюталық бағамдардьщ индекстері тауарлар-дың бәсекелестік қабілеттіліктеріне әсер ету, ұлттық ақша бірлігінің бағамдарының өзгерісіне әсер ету, сондай-ақ елдің сауда және төлем балансына әсер етуін бағалау үшін қолданылады. Сондықтан осы индекстердің валюталық «қоржын-дарының» құрылымы осы елдің импорты мен экспортын бөлуді сақтандыру және осы елмен саудада негізгі сауда әріптестерінің үлес салмағын көрсетеді.

АҚШ долларының валюталық бағамдарының тиімді индекстерінің ішіндегі біршама белгілі болып табылатын-дарына ФРЖ-нің Директорлар кеңесінің индексі, «Морган гэранти траст» және ХВҚ индексі жатады. Соңғысын үнемі Халықаралық валюталық қор доллар үшін ғана емес, сондай-ақ барлық ірі валюталық нарықтар үшін де есептейді. 18 валютадан тұратын валюта «қоржыны» индексі төлем балан-сының сәйкес ақша бірліктердің бағамдарының өзгерістеріне ықпал етуін есепке ала отырып құрылған.

Валюта бағамдарының ағымын талдау барысында номи-налдық және нақты валюталық багамдардың индексі кеңінен қолданылған. Соңғылары, әдетте валюталық бағам өзгерістерінің бәскелестік қабілетке әсерін тереңірек оқып білу үшін, оның ішінде валюталар инфляциялық құнсыздануға ұшыраған жағдайда пайдаланылады.

Нақты валюта бағамының индексі сәйкес келетін екі елдің ішкі бағаларындағы өзгерістерге қатысты түзетілген валюта бағамының индексін білдіреді. Аталған индекс бәсекелестік қабілетке ықпал етуші ақшалай факторларды көрсетеді, себебі ол инфляциямен байланысты, сол немесе басқа елдердің экспортерлерінің бәсекелестік қабілетіне катысты нашарлауын және жақсаруын есепке алады. Нақты валюта бағамы индексінің дефляторы ретінде ішкі бағаның өсу индексін немесе шығынның элементтерін, мысалы, жұмыс күшін төлеуге кететін үлесті шығындардың индексін пайдаланалы.

Соған сәйкес, нақты тиімді валюта бағамының индексі аталған топқа жататын елдердігі олардың өзгерістері бойын-ша сол елдің ішкі бағаларының (шығындар) өзгеруіне қатысты түзетілген тиімді валюта индексін білдіреді.

Қазіргі кездегі АҚШ долларының тиімді бағамының индексі номиналды және нақты түрде есептеледі.

Қорытынды

1. Валюталық жүйенің басты элементі — валюталық бағам. Валюталық бағамның қалыптасуына ықпал ететін факторлар қатары анықталған. Шетел валюталарының бағам-дарының әр түрлі түрлері мен баға белгіленімдері берілген.

2. Валюталық нарықтарды валюталық операцияларды жүргізудің негізіне халықаралық сауда, сонымен байланысты көрсетілген қызметтер және капиталдар мен несиелердің халықаралық козғалысы жатады. Валюталық нарықтар валютаға деген сұраныс пен ұсыныс негізінде валюталарды сатып алу-сату операциялары жүргізілетін ресми орталықты біл-діреді. Валюталық операцяилардың көлеміне байланысты валюталық нарықтар халықаралық, аймақтық және ұлттык болып бөлінеді.

3. Валюталық нарықтардың қатысушыларын екі басты топқа бөледі: пассивті, валюталық операцияларды жүргізу қа-жет болғанда басқа банктерден және брокерлік фирмалардан баға белгіленімін білгісі келетіндер; активті баға белгіленімін сұрағандар үшін банктерге бағаны қоюшылар.

4. Шетел валютасы халықаралық төлем айналымында ен бастысы банктік және нсиелік айналыс құралдары — телеграфтық және пошталық аударымдар, чектер, тратталар түрінде болады. Әр түрлі елдердін валюталарының салыстырылуы олардың өндіріс және айырбас процесінде қалыптасатын оъективті кұндық қатынастарына негізделеді.

5. Валюталық бағам — басқа елдің ақша бірлігіне қатысты сол елдің ақша бірлігінің бағасы. Ол занды түрде бекі-тілген валюталық паритет шеңберінде ауытқып отырады.

6. Валюталардың баға белгіленімі айырбас үшін ұсынылған екі ақша бірлігінің шекті қатынасын анықтауға мүмкіндік жасайды. Валюталық баға белгілеу түрі валютаның жағдайына, оның бағамының деңгейіне әсер етпейді, өйткені валюта бағамының мәні қалады, ал оның формасы өзгереді.

7. Сауда-өнеркәсіптік клиенттер үшін валюталар баға белгілеу кросс-бағам негізінде бекітіледі, ол екі валютаның өзара қатынасының үшінші валютаға қатысты анықталуын сипаттайды.

Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жоспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ