ХХІ ғасыр көшбасшысы (түрлі пәндер бойынша сұрақ-жауап сайысы)

1
19498
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

 

 

 

 

 

ХХІ ғасыр көшбасшысы

1-жүргізуші: Армысыздар құрметті көрермендер, әділқазы алқасы мен ұстаздар!

2-жүргізуші: «Даланың алып қоңырауы» атты Ы.Алтынсарин атамыздың 177 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған апталыққа қош келдіңіздер!

1-жүргізуші: Бүгін сіздер 8 сыныптар арасында өтетін «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалды сайыстың куәгері боласыздар.

2-жүргізуші:

Ақыл тон аңдағанға тозбайтұғын,

Білім кен қанша алсаң да азбайтұғын.

Қатарың оза шауып бара жатса,

Арқаңның ауруы не қозбайтұғын —

деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай білім сайысына құлшынып тұрған білімді оқушыларымызды ортаға шақырамыс бұрын, бүгінгі ойынның әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар: 1._________________________________________________________________

2._________________________________________________________________

3._________________________________________________________________

1-жүргізуші:

Өнер мен білімде,

Әркімнің өз жолы бар.

Сайысарлық бүгінде,

Өзіндік менің үнім бар.

Білімпаз жастар өздерін таныстырып өтсін.

2-жүргізуші:

БІРІНШІ КЕЗЕҢ

«БӘЙГЕ»

Қарап тұрмай  бәйгеге  еріңіз

Шәкірттерге  әділ  шешім  беріңіз

Жүзден  жүйрік, мыңнан тұлпар  шығарар

Бәйге, бәйге, бәйгелерді  көріңіз

дей келе  біз  келесі  кезең БӘЙГЕ  кезеңін бастайық.

1-жүргізуші: Ойынның шарты.

Төрт оқушы қатысады.
1. Әр қатысушыға 2 сұрақтан қойылады, әр сұраққа жауаптың үш нұсқасы ұсынылады.
2. Қатысушы дұрыс жауап берген әр сұраққа 5 ұпай иеленеді.
3. Жауапқа 5 секунд уақыт беріледі.

2-жүргізуші:

1-сұрақ. Нөл температурада су неге айналады?

А. Буға Б. Мұзға В. Газға

2-сұрақ.

1-жүргізуші:

1-сұрақ. Интернетпен тікелей байланыс жасайтын құрылғы. А. Модем Б.Wi-Fi В.Тарелка

2-сұрақ. Ноғай ордасының астанасы. А. Сарайшық Б.Отырар В. Тараз

2-жүргізуші:

1-сұрақ. Ең кіші планета?

А. Меркурий Б. Нептун В. Плутон

2-сұрақ. Париж сахнасында ән салған тұңғыш қазақ әншісі?

А. Роза Рымбаева Б. Әміре Қашаубаев В. Шәмші Қалдаяқов

1-жүргізуші:

1-сұрақ. Ақпараттың ең кіші бірлігі.

А. Бит Б. Байт В. МГбайт

2-сұрақ. “Оянған өлке” романының авторы.

А. Сәбит Мұқанов Б. Жүсіпбек Аймаутов В. Ғабит Мүсірепов

2-жүргізуші:

1 кезең аяқталды. Енді Ыбырай атамыздың шығармасынан өлең оқу үшін 7 «А» сынып оқушысы – Ибжарова Айзатты ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші: Рахмет, Айзат. Енді екінші кезеңіміз «Дода» кезеңін бастайық.

Мәңгі  бақи  есте  қалар

Ғажайып  бір  сайыс  болсын

Білімдірек  шәкірт  озар

Қиынырақ  сұрақ  болсын  деп біз  енді  сайысымыздың  келесі  кезеңіне  келдік.

2-жүргізуші: «Дода» кезеңінің шарттары.

4 оқушы қатысады. Бірінші кезеңде жиналған ұпай екінші кезеңде сақталады.  Екінші турда мектеп бағдарламасына сай 6 пәннен сұрақтар қойылады.
1. Қатысушыларға 6 тақырып ұсынылады. Белгіленген блок бойынша ойыншы тақырыпты өзі таңдайды. Таңдау кезегі ойыншының бірінші турда алған орнына сәйкес жүзеге асырылады.  Бірінші (соңғы) орын алған ойыншы бірінші болып  таңдайды, әрі қарай осылай кезекпен кете береді.
2. Әр тақырыптың ішінде бес сұрақ болады,  сұраққа дұрыс жауап берген ойыншының бірінші турда жинаған ұпай санына  10 ұпайдан қосылып отырады.
3. Жауап ауызша беріледі.
4. Екі тур барысында барынша көп ұпай жинаған үш ойыншы үшінші турға шығады.

Қазақ тілі

1.Заттың түрін, түсін, сапасын, көлемін білдіретін сөз табы?(сын есім)

2. Сөз құрамын зерттейтін сала?(Морфология

3. “Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман” тіркесінің мағынасын айт?    

                                (Тыныштық заман)

4.Екі не бірнеше адамның сөйлесуі?(Диалог)

5. Дыбыстың жазба таңбасы? (әріп)

 

Математика

1. 5 мысық 5 тышқанды 5 минут ұстаса, 1 мысық 1 тышқанды неше минут ұстайды? (5 минут)

2. Үшбұрыштың 3 қабырғасы берілген 10,15,7, оның периметрін тап? (32)

3. “Миллион” деген сөзді қазақ арасына жеткізген ағартушы?(Ы.Алтынсарин)

4. Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем?(аксиома)

5. Геометрияның жазықтағы заңдылықтарын зерттейтін бөлімі?   

                  (Планиметрия) 

Физика

1.     Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашты ?(Ньютон)

2.     Ток күшінің өлшем бірлігі? (Ампер)

3.     Дисперсия құбылысы дегеніміз не ?(Жарықтың спектрге бөлінуі)

4.     Дене су бетінде қандай күштің әсерінен қалқып жүреді?(Архимед күші)

5.     Қысымды қандай құралмен өлшейді ?(Барометр)

Тарих

1. Тарихтың атасы?(Геродот)

2. Рейхстагқа ең алғаш ту тіккен қазақ жауынгері кім(Р. Қошқарбаев)

3. Тұңғыш қазақ демограф ғалымы?(М. Тәтімов)

4. Адамзат қоғамы туралы ғылым?(тарих)

5. Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама қай жылы басталды?(1723 ж.)

География

1.     Әмудария мен Сырдария аралығындағы шөл ?(Қызылқұм)

2.     Экватордың жалпы ұзындығы?(40000 км)

3.     АҚШ-тың солтүстік штаты ?(Аляска)

4.     Ең терең көл? (Байкал)

5. Тайланд астанасы?(Бангкок)

Информатика

1.     Компьютердің негізгі бөліктерін ата?(Жүйелік блок, Монитор, Пернетақта)

2.     Принтердің неше түрі бар?(3 түрі бар)

3.     Вирустың кері әсерін жоятын программа ?(Антивирус)

4.     “Компьютердің атасы” деп кімді атаған?(Ч. Беббидж)

5.     Қазіргі таңда бұл адам атақты Microsoftкомпаниясының президенті ?(Билл Гейтс) 

 ҮШІНШІ КЕЗЕҢ
”ЖОРҒА”

1. Турға үш адам қатысады. Екінші турда жиналған ұпай есептелмейді.
2. Қатысушыларға мектептен тыс 4 тақырып берілген. «Салт-дәстүр», «Спорт», «Тұлғалар», «Еркін тақырып» Олардың әрқайсысында күрделілігі бойынша  бағаланатын сұрақ жасырылулы. Оған сәйкес 10;20;30;40балл беріледі.
3. Қатысушылар кезек бойынша тақырып пен сұрақ бағасын таңдайды. Таңдалатын сұрақ саны – 4, әркім өзі таңдаған сұрағына жауап береді. Ойлануға 10 секунд уақыт беріледі.
4. Сұрақтарды ойыншылар кезек бойынша таңдайды және сол кезекпен жауап береді.
5. Дұрыс жауап берген жағдайда ойыншы сұрақ бағаланған  мөлшерде ұпайға ие болады.
6. Ойыншы дұрыс жауап бермеген жағдайда, оның қарсыластары өз кезегінде қолкөтеру арқылы  дұрыс жауап беруге талпыныс жасай алады.
7. Егер екінші ойыншы дұрыс жауап бере алмаса, жауап беру құқығы үшінші ойыншыға өтеді. Ол екінші ойыншы тәрізді ойланбай жауап беруге міндетті.
8. Кез келген жағдайда сұрақта көрсетілген ұпай дұрыс жауап берген ойыншыға өтеді.
9. Турдың (ойынның) жеңімпазы болып үшінші турда барынша мол ұпай жинаған ойыншы танылады.
10. Ұпай саны тепе-тең түсетін болса төртінші тур (овертайм) өткізіледі.

Жұмбақтар   жарысы 

Келді  кезек  жұмбақты  шешуге

Жауаптарын  беруге  үш  тілдерде

Қазақ, Орыс, Ағылшынды білсеңіз

Жақсы баға шәкірт  саған несібе

Жасырылған  жұмбақтардың  жауабын  қазақ,  орыс, ағылшын  тілдеріне  аудару керек.

1. Көкке  шаншып  құйрығын,

Келеді  шауып жүйрігім.

(жылқы- лошадь- horse)

2. Ащыдан  басқа жемейтін

ыстықшөлде отаны

Шөлдесе су деймейтін.

(түйе-верблюд-camel)

3. Тастан тасқа секірген,

Ұзын салпаңқұлақты

Қойдан  маза кетірген.

(ешкі- коза- goat)

4. Екі айнасы  бар,

Екі найзасы бар.

(сиыр- корова – cow)

5. Аласа ғана бойы бар,

айналдырып киген тоны бар.

(қой- баран- sheep)

І кезең. «Бәйге»
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз, 

1. Адам қоныстанбаған материк? (Антарктика)
2. Астана қаласы қай өзенің жағалауында орналасқан? (Есіл)
3. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін ата? (Бастауыш, Баяндауыш)
4. 2,5 таяқтың неше ұшы бар? (6)
5. Жеті жарғыны қазақтың қай ханы жазған? (Тәуке хан)
6. Ең терең көл? (Байкал)
7. «Менің Қазақстаным» әнін шығарған сазгерді ата? (Шәмші Қалдайяқов)
8. Жұмысшы құмырсқа мен әскери құмырсқа айырмашылығы? (Әскери құмырсқаның басы үлкен)
9. Жылқының пірі қалай аталады? (Қамбар ата)
10. Бүркіт 30 жыл жасайды, ал тасбақа одан 10 есе артық жасайды. Тасбақа неше жыл жасайды? (300)
11. 2014 жылы Олимпиада ойындары қай қалада өтті? (Сочи)
12. Қазақша жыл санау бойынша жыл басы қай аңға берілген? (тышқан)
13. Астана қаласының символы? (Бәйтерек)
14. Астана қаласындағы Бәйтерек монументінің биіктігін айтыңыз, ол нені білдіреді? (97 метр, Астанаға көшкен жылды білдіреді)
15. Жетісу өңірінде алтын адам қай жерден табылды? (Есік)
16. Мұхтар Әуезовтың 157 мемлекет таныған ұлы шығармасын ата? (Абай жолы)

ІІ кезең. «Тіл өнер»
Келді кезек жұмбақтарды шешуге
Жауаптарын беруге үш тілдерде
Қазақ, Орыс, Ағылшынды білсеңіз
Жақсы баға шәкірт саған несібе.

1-ойыншыға:
1) Берген сауа-садақа, қасиетті… (Жұмада, пятница, Friday)

2-ойыншыға:
1) «… жылда ел жаңа» (елу, пятьдесят, fifty)

3-ойыншыға:
1)Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама. (Кітап, книга, book)

4- ойыншыға:
1)Қанатсыз құс-жапырақсыз … (ағаш, дерево, tree)

5- ойыншыға:
1) Сабыр мен … бәрін де жеңбек. (еңбек, труд, labor)

6- ойыншыға:
1)Ақылдының саусағы — …(мың, тысяча, thousand)

Осы сайысымызды қортындыласақ.:

ІІІ кезең. «Жорға»
Қойылған сұрақ есепке
Ойланып жауап іздейік
Уақытты текке өткізбей
Лезде шешіп тастайық.

1-ойыншы:
1. Реніш сөзінің антонимі? (Қуаныш)
2. Жерге ең жақын планета? (Шолпан)
3. Жердің табиғи серігі? (Ай)
4. Еліміздің мұнай өндіретін облысы? (Маңғыстау, Атырау)
5. Ресейдің Астанасы? (Мәскеу)
6. Дүние жүзінің чемпионы, балуан атамыз? (Қажымұқан)
7. Ең кішкентай жай сан? (2)
8. Құмырсқа өз илеуін ағаштың қай жағына салады? (оңтүстігіне)
9. Қозы-Көрпеш ғашығы? (Баян Сұлу)
10. Массаның өлшем бірлігі? (килограмм)
11. Ең ірі сүт қоректі? (кит)
12. Қазақстан жер өлшемі бойынша дүние жүзінде нешінші орында? (9-шы орында)
13. Ненің шұңқырын көрмейміз? (желкенің)
14. «Қырық өтірік» өлеңінде өтірік өлеңді кім айтты? (Тазша бала)
15. Дүние жүзінде ең халқы көп мемлекет? (Қытай)
2-ойыншы:
1. Қуаныш сөзінің антонимі? (Реніш)
2. Термометрге қандай металды пайдаланады? (Сынап)
3. Англия астанасы? (Лондон)
4. Қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы? (Жақсылық Үшкемпіров)
5. Қаттқан су? (мұз)
6. Кебек ғашығы? (Еңлік)
7. Килограмм қай шаманың өлшем бірлігі? (масса)
8. Ең кішкене құс? (Калибрий)
9. Ненің сүті тілінде? (сиыр)
10. Атмосфераның температурасын өлшейтін прибор? (Термометр)
11. Африкадағы құмды шөл? (Сахара)
12. Натурал санға жатпайтын сан? (0)
13. Қаймақ қандай сүттен жиналады? (пысқан)
14. Тура айтқан кімге жақпайды? (Тумасына)
15. Ауырмайтын жыртқыш? (Акула)
3-ойыншы:
1. Төмен сөзінің антонимі? (жоғары)
2. Мұздың еріген түрі? (Су)
3. Адам немен дем алады? (оттегі)
4.Франция астанасы? (Париж)
5.Абайдың неше қара сөзі бар? (45)
6. «Ақ маржан» аталатын дәнді дақыл? (Күріш)
7..Баян Сұлу ғашығы? (Қозы Көрпеш)
8. «Балбырауын» күйінің авторы? (Құрманғазы)
9.Қазақстандағы ең ұзын өзен? (Ертіс)
10. Өз заманында «Қарлығаш әулие» атанған кім? (Қазыбек би)
11.Қай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (1)
12.Қыз ұзатудағы қыздың әні? (Сыңсу)
13.Қан беруші адам? (Донор)
14. Сүйінбай қай ақынның пірі болған? (Жамбыл)
15.Операның халықаралық тілі? (Италия)

ІІІ кезең «Дода»
Мәңгі бақи есте қалар
Ғажайып бір сайыс болсын,
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын, 
— деп біз енді сайысымыздың келесі кезеңіне келдік.Ұпай саны ең ез ойыншы бірінші болып сұрақ таңдайды. Дұрыс жауап бермеген жағдайда сұраққа жауап беру қарсыластарына беріледі.

http://alashainasy.kz/userdata/%D0%91%D0%B5%D0%B7%D1%8B%D0%BC%D1%8F%D0%BD%D0%BD%D1%8B%D0%B910(14).jpg

Қазақстан 20
Шығыс Қазақстан Облысында неше «Алтын адам» табылды?
Жауабы: (екі, Берел мен Шіліктіде)
Қазақстан 30
ҚазақтанРеспубликасының алғашқы ақшасы қай жылы пайда болды?
Жауабы: (1993)

Қазақстан 40
Шығыс Қазақстан облысы Күршім өңірінің азамат соғысы кезіндегі партизан отряды қалай аталды?
Жауабы: Қызыл Қыран немесе отряд Красных Орлов

Ұлы тұлғалар 20
Жай сандардың кестесін балауыздан жасап атағы шыққан ?
Жауабы: Эросфен

Ұлы тұлғалар 30
Дүние жүзіндегі тұңғыш әйел профессор кім?
Жауабы: Мария Складовская

Ұлы тұлғалар 40
XVIII ғасырда 1-ден 100-ге дейінгі сандарды сабақ үстінде қосып нәтижесін тапқан оқушы?
Карл Гаусс

Математика 20
9 санын үш рет пайдаланып және математикалық амалдарды қолданып 10 санын шығар?
Жауабы: 9:9+9

Математика 30
Ұзындығы 12 см, ені 4 см тік төртбұрыш ауданы неге тең?
Жауабы: 48

Математика 40
Оқушы ойлаған санды 5-ке бөлсе 2 қалдық қалады, 7-ге бөлсе 1 қалдық қалады. Ол қандай сан?
Жауабы:22

Сонымен бүгінгі сайысымыздың мәресіне де жеттік.
Жансын десең маңдайыңда шамшырақ,
Жауаптарын тапсын десең сан сұрақ.
Жүрек жүрсін намысыңды қамшылап,

Жаусын бетті маңдай терің тамшылап, деп бүгінгі кешімізді аяқтағымыз келеді. Ойынға қатысқан оқушыларға үлкен рахметімізді айтамыз. Үлкен жетістіктерден көрініңіздер!

Басқа материалдар

1 ПІКІР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ