І республикалық «Үздік сынып жетекшісі» олимпиадасы жалғасуда

34
12124

«SKILLS ACADEMY» мекемесі Президент қоры сыйлығының иегері Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайтында І республикалық «Үздік сынып жетекшісі» олимпиадасын ұйымдастырады. Олимпиадада сынып жетекшілерінің біліктілігін жан-жақты анықтау үшін тест сұрақтары беріледі.

Олимпиадаға қатысу

Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайты – 2017 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Ең үздік білім сайты» аталымының жеңімпазы атанды.  

Олимпиаданың мақсаты: Үздік сынып жетекшілерін тек мектеп қабырғасында ғана емес, республикалық масштабта насихаттау және оларды марапаттау.

Өткізілу уақыты: 15 қаңтардан 15 ақпан аралығы. Олимпиада бір кезеңнен тұрады. Бірінші кезең нәтижесімен жүлдегерлер анықталады. Олимпиада жүлдегерлеріне бағалы сыйлықтар (смартфон, планшет, флешка) табысталады.  

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының иегері, ең үздік қазақ тілді білім сайты Martebe.kz ақпараттық білім порталы олимпиаданың ақпараттық демеушісі және ұйымдастырушылары болып табылады.

І республикалық  «Үздік сынып жетекшісі»

олимпиадасының ережесі

  • Осы ереже І республикалық «Үздік сынып жетекшісі» олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды;
  • Олимпиада тапсырмаларын білікті жоғарғы оқу орнының оқытушылары дайындады;
  • Олимпиада 15 қаңтардан 15 ақпан аралығында www.qaztest.kz сайтында ұйымдастырылады;

Республикалық олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:

  • Сынып жетешілерінің біліктілігін арттыру;
  • Сынып жетекшілерінің оқушыларды тәрбиелеудегі рөлін айқындау;
  • Сынып жетекшілеріне педагогика және психология, тәрбие жұмыстарының теориясы мен әдістемесі пәндерінен сұрақтар қою арқылы үздік мамандарды анықтау.

Республикалық олимпиаданы өткізілуі мен тәртібі:

  • Олимпиада тапсырмалары 25 сұрақтан тұрады.
  • Тест нұсқалары екінші рет қайталанбайды;
  • Бір адам бірнеше рет тапсыра алады. Қатысушының ең жоғарғы нәтижесі есепке алынады;
  • Тестілеуден өту үшін қатысушыға 40 минут уақыт беріледі. Уақыт біткеннен кейін автоматты түрде тестілеу аяқталады.
  • Олимпиадаға төлем жасағаннан кейін ғана қатысу мүмкіндігі ашылады;
  • Тестілеудің нәтижесін қатысушы  тестті орындағаннан кейін бірден біле алады.
  • Қатысушылардың сертификаттары автоматты түрде электронды почтасына жіберіледі және жеке кабинетіндегі «Менің сертификаттарым» бөлімінде сақталады.

Олимпиада қатысушыларына қойылатын талаптар:

  • Қатысушы ешкімнің көмегінсіз тапсырмаларды өзі орындауы тиіс;
  • Жауаптың өзі дұрыс деп шешкен нұсқасын белгілегенде мұқият болғаны абзал;
  • Олимпиада барысында кері батырмасын басуға және басқа бетке ауысуға болмайды;
  • Уақытында енгізілмеген тапсырмалар үшін төлемдер қайтарылмайды;
  • Берілген сұрақтарды белгілемей алдыға және кейін шегінуге болмайды;
  • Тестілеу қатысушының іс-әрекетінен кейін аяқталып қалғаны үшін ұйымдастырушылар жауап бермейді;
  • Тест нәтижелері қайта қарауға жатпайды және аппеляциялық комиссия құрылмайды;
  • Олимпиадаға байланысты сұрақтар qaztest.kz@mail.ru  почтасына қабылданады.

 

Олимпиадаға қатысты қосымша ақпараттар

Олимпиадаға қатысу бағасы:  бір реттік тест 700 теңге, екі реттік мүмкіндік – 1300 теңге, үш реттік мүмкіндік –1800 теңге.

Олимпиаданың марапаттау рәсімі

Тесттен өткеннен кейін барлық қатысушыларға сертификат беріледі. Олимпиаданың жалпы қорытынды нәтижесі 18 ақпан күні сайтта жарияланады.

І орын – 25-22 ұпай

ІІ орын – 21-19 ұпай

ІІІ орын – 18-15 ұпай

Қатысушылардың І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары олимпиада аяқталғаннан кейін, яғни 15 ақпаннан кейінгі бір апта ішінде электронды түрде почталарына жіберіледі.

Бас жүлде алған ұстазға арнайы статуэтка және ең жоғары нәтиже көрсеткен қатысушыларға бағалы сыйлықтар (смартфон, планшет, флешка) тағайындалады.

Ескерту! Қатысушылардың жинаған ұпайы тең болған жағдайда тесттен өткен уақыты есепке алынады.

Төлем киви терминал арқылы  (Басқа қызметтер→qaztest.kz) және кез келген банк картасымен интернет банкинг арқылы жүзеге асырылады. Төлем жасау туралы түсіндірме qaztest.kz сайтының «Бейне нұсқау» бөлімінде көрсетілген.

Қосымша ақпарат алу телефоны: +7 700 978 59 22; +7 727 978 59 22

Жұмыс уақыты: таңертеңгі 9:00 ден 18:00-ге дейін.

 

Олимпиадаға қатысу

 


34 ПІКІРЛЕР

  1. Тәрбиешілерге арналған конкурстарыңыз жоқ па? Мәселен Еңбек өтілі 5 жылдан асқан .

  2. Қайырлы кеш! Конкурстар өтеді. Қазан айында «Үздік тәрбиеші» байқауы мен Пед олимпиада өткізілді. АЛдағы уақытта олимпиада өткізу жоспарлануда.

  3. Қайырлы кеш.Сіздерге тіркеліп едім қала деген жерде Курчатов деген жоқ екен жазайын десем жазылмады.

  4. Салеметсиздер ме!менің сұрағым бар еді!мысалы мен тапсырып тест 20 бб алдым. ал ІІ орын – 21-19 ұпай аралығы.Мында осы аралықта алған мұғалімдер қаншама!сонда мен орын алып тұрмын ба?алде іріктелип алына ма?өтініщ жауап жазсаныздар

  5. Сәлеметсіз бе! Ия, орын аласыз. Межелі баллды жинағандардың барлығы орын алады

  6. сәлеметсізбе? бұл сайыска 2 рет катыстым, биринши катысканда 19 бб алдым, яғни ІІ орын деп тұр, сосын тағыда мүмкіндік болғасын 2 -ші рет катыстым бирак одан 12 бб алдым, енді маған ІІ орын алғанымды береме?

  7. Тамаша екен.Ұйымдастырушыларға мың сан рахмет!Алдағы уақытта да осындай білімімді шыңдауға қатысып, әріптестерімді де тартпақпын… Жас шамама қарамастан,1тур олимпиадасына қатысып,20 бб жинадым.Рахмет!

  8. Салеметсіз бе ? Мен апайды қатыстырдым 17 ұпай алды, менің сұрайын дегенім ол апайдың почтасының нөмерін ұмытып қалыпты енді дипломды қалай алады.

  9. 18 ақпан результат сайтқа жарияланады. Содан кейін qaztest.kz@mail.ru почтасына мұғаліміңіздің аты-жөнін жазып, осы почтаға жіберуін сұраймын деп жазсаңыз, біз сізге жіберіп беретін боламыз.

  10. Сəлеметсіз бе! Берілген марапат қағаздары категория жəне тағы басқа мұғалімдердің біліктілігін арттыруға арналған құжаттарға жарамды ма?

  11. Алдағы уақытта басқада пəндік олимпиадалар оқушыларға мұғалімдерге арналып болса жақсы болар еді

  12. Сәлеметсізбе Мәртебе кз! Өкінішке орай кеш біліп кеш тапсырдым ең соңғы сағатта. 16 ұпай жинадым 15-18 үшінші орын дегенсіздер. Мен орынға іліндім бе?

  13. Сәлеметсіз бе ? сынып жетекшілер олимпиадасының қорытындысы 18 ақпан күні сайтта жарияланады дегенсіздер 20 ақпан болды ғой, қорытынды қайда?

  14. Сәлеметсіздер ме! Олимпиададан 22 ұпай жинағанмын, сертификаты келген. Дипломын қашан жібересіздер? 24 ақпан болды ғой. Қорытындысы 18.02.2018 күні шығу керек еді ғой.

  15. Сәлеметсіздер ме? Дипломдар бір апта ішінде дайын болады дегенсіздер 2 апта болды сайтқа кіреалмай отырмын диплом береді ма жоқпа

  16. Қайырлы күн! Сайт тұрақты жұмыс жасап тұр. Сіз қандай сайтқа кіріп отырсыз?! Марапат қағаздары жіберілді. Егер сұрақтарыңыз болса, Qaztest.kz@mail.ru почтасына жазыңыз

  17. Қайырлы күн! Марапат қағаздары толық жіберілді. Егер сұрақтарыңыз болса,немесе алмасаңыз Qaztest.kz@mail.ru почтасына жазыңыз

  18. мен осы байқаудан ІІІ-орын алдым, бірақ мен грамотамды көре алмай отырмын.

  19. 2019 жылы сынып жетекші байқауы қай мерзімде болады?

  20. Біз ауылда тұрамыз, мектепте инернеттің тартымдылығы төмен, қатысу үшін тіркелдім. Бүгін 22 ақпан таңертеңнен аша алмай отырмын. Кейбір уақытта жақсы тартады. Егер бүгін мүмкін болмаса 25 ақпан күні кіруге болама.

  21. Сәлеметсіз бе? мен тест тапсырып едім, маған сертификат келген жоқ

  22. Үшініш ақпанда тапсырдым

  23. Қайырлы күн! Егер почтаңызға келмесе, сіз почтаңызды қате теріп тіркелген болуыңыз мүмкін. Сіз сайтқа tulekoxag@list.ru осылай тіркеліпсіз. Сертификат жеке парақшаңызда тұрады. Бізге жұмыс уақытында жазсаңыз, сізге жаңа пароль беріп сертификатыңызды алуыңызға көмектесеміз.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ