«Қиындық» сөзінің орнына қолданылатын тұрақты сөз тіркестері

0
5518

Фразеологизм (тұрақты сөз тіркесі) — семантикалық (ішкі мағыналық) жағынан бір-бірімен байланысқан сөз тіркестерімен сөйлемдердің ортақ атауы.  Martebe.kzақпараттық білім порталы назарларыңызға тұрақты сөз тіркестерін ұсынады.

«ҚИЫНДЫҚ КӨРУ» (ҚИЫН КЕЗ) сөзінің орнына қолданылатын тұрақты сөз тіркестері

Азап астында

Ақ табан шұбырынды, алқа көл сұлама (тарихи)

Ат басына күн туу

Ащы-тұщының дәмін тату

Балапан басына, тұрымтай тұсына

Басына зобалаң туу

Басына іс түсу

Дүние астан-кестен болу

Дүние азабын көру

Дүние төңкерілу

Ер етігімен су кешу

Жалаң аяқ жар кешу, қызыл аяқ қар кешу

Жаны алқымға келу

Жан <жay> алқымнан алу

Жастанғаны жапырақ, төсеніші топырақ /жаугершілік заман/

Жау жағадан алу

Жегені желім, ішкені ірің

Ит өмір

Кеудесімен құм сызу

Көзінен жас кетпеу

Көзінің жасы кеппеу

Көрген күнін итке берсін [бермесін]

Күні бір уыс болу

Күні қараң

Қара аспан тақау

Қара аспан төңкеріліп түскендей

Қара күн туу

Қардан кебіс, мұздан құcay кию

Қилы кезең

Қилы-қилы заман болды (қарағай басын шортан шалды)

Қиын қыстау кезең //шақ

Қиын қыстау кезең [шaқ]

Қиын қыстау күн кешу

Қолымен күл [от] көсеу

Қырық күн қырғын, мың күн сүргін

Қысылтаяң уақыт

Қысым көру

Маңдайы күнге күю

Маңдайы тасқа тию

Мұз арқалап, күл төгу

От кешіп, мұз тесену

Отқа да, суға да түсу

Отымен кіріп, күлімен шығу* ( тәуелді болу)

Өзегі өртену

Өкшеге батқан шөңге

Өмір өткелінен өту

Өмірі өту

Өмірдің ащы-тұщысын көру

Өмірден [тұрмыстан] соққы көру

Өмірден тепкі жеу

Сормаңдай болу

Сұр кезең

Сын сағат ( тарихи)

Тісті тіске қою

Таңы атып күні шықпау

Тақияда тамтығы қалмау ,

Тақсыретін тарту

Taқым бұрау, тар қыспақ көру

Таңы атып күні шықпау

Tap жол тайғақ кешу

Тар заман

Тауда жүріп, таста өсу

Тауқыметі мойнында

Тауқыметі өту

Тауқыметін арқалау

Тепкіні көру

Толарсақтан су [саз] кешу

Тісті <тiciн> тіске қою

Шаруасы күйзелу

Шымбайына бату

Ыстық-суықты көру

 

Пайдаланылған әдебиеттер: Смағұлова Г. / Мағыналас фразеологизмдер сөздігі,- Алматы: «Елтаным баспасы», 2010 жыл.

 

Ұсынған: Алима Ғалымова

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің магистрі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ