Электронды БАҚ

0
2917
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

Айналадағы оқиғаларды хабарлап отыратын, қоғам мен үкіметті байланыстыратын сала – журналистика. Ол өмірді сипаттап қана қоймай, онда болып жатқан іс-әрекеттер жөнінде ой тастайды, қоғамға жол сілтейді, бағыт-бағдар алуына көмек етеді. Осылайша журналистика маңызды қоғамдық-саяси рөл атқарып, жұртшылыққа әлеуметтік белсенділік туғызып, шындықты ашып береді. Журналистік қызмет халықтың керегіне жауап беріп, әлеуметтік дамудың жолдарын жариялап отырады. Журналист бұл салада қоғамдық-саяси қызмет жасаудың өнерін игере біліп, әлеуметтік процестерге өз еңбегімен белсене араласады. Осы сан-саладағы көкейкесті мәселелерді қоғамға жеткізуде бұқаралық коммуникация құралдарының ішінде болжам бойынша жетекші орынға ие болатын – интернет. Ғаламтордың бірқатар коммуникация мен ақпараттық ерекшеліктеріне байланысты интернетке сүйене отыра жаңа бұқаралық ақпарат құралының түрі интернет-БАҚ дүниеге келді. Электронды БАҚ дәстүрлі БАҚ үшін үлкен жаңалық болды. Бұл сала аудиторияға деген таласты күшейтті. Негізі, электронды БАҚ қазақ журналистикасының дамуына өлшеусіз үлес қосуда. Электронды БАҚ – үлкен ғылыми ізденісті қажет ететін сала. Дәстүрлі БАҚ-тан айырмашылығы бірден байқалды. Ол ақпаратты тарату оперативтілігі мен интерактивтілігі арқылы айқындалады. Сондықтан көптеген елдердің ғалымдары жаңа бұқаралық ақпарат құралын зерттеу нысаны ретінде қарастырады.

Интернет-БАҚ-тың алғашқы нұсқасы, 1987 жылы АҚШ-та пайда болған. «The San Jose Mercury News» газеті тұңғыш рет көпшілік қауымға электронды нұсқасынмен жарияланды. Қазіргі таңда, АҚШ-тағы күнделікті басылымдардың тиражы жарты жылда қазан айынан наурыз айына дейінгі аралықта – 2,5%, ал апталық газеттердің тиражы – 3,1% азайған. Керісінше, онлайн БАҚ күннен-күнге қарқынды түрде даму үстінде. Сауалнаманы Американың газет ассоциациясы (Newspaper Association of America, NAA) 770 күнделікті, 610 апталық газеттері бойынша жүргізіледі. Ассоциация мәліметтеріне сүйенсек, АҚШ-та газет сайттарын пайдаланушылар тоқсан ішінде 56 млн. немесе интернетке кіретін адамдардың 37%-ын құраған.

Ал, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 2016 жылғы ақпараты бойынша, елімізде ғаламтор пайдаланушылар саны халықтың 72,9 %-ын құрайды, сонымен қатар 117 газет, 1294 журнал басылып шығарылуда. Ақпараттық агенттіктердің жалпы саны 193, оның 4-і мемлекеттік, ал қалған 189-ы мемлекеттік емес. Бірінші график бойынша, қазақ тілді электронды БАҚ 14%-бен соңғы орында келеді.

Еліміздің қазақ тіліндегі 104 газеті мен 34 журналының сайттары және 175 электрондыБАҚ топтастырылған. Портал қолданушылары 11 радио мен 17 телеарнаны онлайн түрде жүзеге асырады. (2014 ж. мамырдың 12). Облыста діни бағытта 6 баспасөз және 1 электронды БАҚ тіркелген.( 2014 ж. сәуірдің 23).

Ал БАҚ-тарға келсек, электрондық БАҚ-тарда қазақ тіліндегі контент 12,7 пайызға артып, жалпы 84 пайызға тең болды. Тек орыс тіліндегі контент 10,8 пайызға қысқарып, жыл соңына дейін 16 пайызға тең болды. Алайда электронды БАҚ-тардың жалпы құрылымдағы үлесі 16 пайыз ғана екен. Қалған бөлігі басылып шығатын БАҚ-тарға тиесілі, мұнда ?қазақ тіліндегі контенттің үлесі 50 пайыздан асады.

2016 жылдың соңына дейін 2,9 мың бұқаралық ақпарат құралы тіркелген (бұл 2015 жылмен салыстырғанда 11 пайызға көп деген сөз), оның 23 пайызы — мемлекеттік. Мемлекеттік БАҚ-тардағы ақпарат ағымының 71 пайызы қазақ тілінде, ал алдыңғы жылы 60 пайыз көрсеткішке тең еді.

Алайда, зерттеуге қарағанда, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жүргізген сауалнамаға жауап бергендердің басым бөлігі қазақ тіліндегі БАҚ-тарды «Қызық емес», «Өзекті емес» деп есептейді екен, сондай-ақ, «мазмұны мен мәліметі жоқ» деп қарайды екен.

Қортындылай келе, дүниежүзі халқының назары ғаламторға ауған XXI ғасырда электронды БАҚ-тың келешегі жарқын.Оның дәстүрлі газет-журналдардан артықшылығы оперативтілігінде. Өйткені бүгінде қандай жаңалықты болмасын, оқырманға электронды БАҚ-тың жылдамдығы айтарлықтай шектеусіз. Статистикаға сүйенсек, ғаламтор қолданысқа енгеннен кейінгі алғашқы 5 жыл ішінде оны 50 миллион адам қарап үлгеріпті. Радио мұндай аудиторияны 38 жылда, телевидение 13 жылда жинап үлгерген . Ал соңғы жаңалықтар бойынша, 2020 жылға қарай интернет қолданушылардың саны 5 миллиардтан асады. Бұл туралы Google-дың Ресейдегі маркетинг жөніндегі директоры Дмит­рий Куз­не­цо­в Google Think Performance конференциясында мәлімдеді.

Пайдаланылған сілтемелер:

  1. Tengrinews.kz
  2. Baq.kz
  3. Melimde.com

Қазақстан Республикасы. Ғылым және білім министрлігі
Тұран университеті. 1-курс студенті , журналистика факультеті
Бәкір Дана Галымжанқызы

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ