Эпителиалдық ұлпа немесе эпителий

0
3954
Ұлттық қолөнер - эстетикалық тәрбиенің негізі
Жоспар
I.Кіріспе:

1.Эпителий ұлпасына түсінік

II.Негізгі бөлім:

1. Эпителийдің классификациясы

2. Целомдық эпителий

3. Бір қабатты куб пішінді эпителий

4. Көп қабатты эпителий

5. Бездік эпителий

III.Қорытынды

Эпителиалдық ұлпа немесе эпителий

Эпителиалдық ұлпаны шекаралық ұлпа деп те айтады. Эпителий деген термин гректің екі сөзінен құралған « Эпи » — үсті және « телий » — еміздікше яғни еміздікше лерді жауып тұрады деген ұғымды білдіреді. Дәнекер ұлпалар еміздікшелерінің үстінде орналасқан ұлпаны эпителий деп атап, бұл терминді алғаш рет Рюйеш қолданған.

Эпителий дененің барлық сыртқы беті мен серозалық қабықшаларды қаптайды және организмнің көптеген бездерін құрайды. Эпителиалдық ұлпа клеткалардан – эпителиоциттерден тұрады. Эпителийге мына төмендегі белгілер тән:

  1. Эпителий – организмді сыртқы немесе ішкі ортадан бөліп тұратын және олармен байланысты қамтамасыз ететін шекаралық ұлпа.
  2. Эпителийдің клеткалары қабат құрап орналасады.
  3. Эпителиалдық ұлпаның негізгі массасын клеткалар құрайды.
  4. Эпителий үнемі сыртқы ортаның әсерінде болады, соған байланысты олардың регенерациялық (қалпына келу) қабілеті жоғары.
  5. Эпителиалдық клеткалардың құрылысы полярлы келеді. Базальдық және апикальдық бөліктері құрылысы мен қызметі жағынан бірдей болмайды. Мысалы ішектің эпителиалдық клеткаларының апикалық бетінде микробүрлер болады, ішкі торлы аппарат ядроның үстіңгі аймағында орналасқан, ал клеткалардың базальдық бөліктерінде микробүрлер мен торлы аппараттың элементтері болмайды. Эпителий клеткаларының полярлы болуы олардың шекарада орналасуына байланысты.
  6. Эпителий базальдық мембрананыңүстінде жатады. Базальдық мембрананың үстінде жатады. Базальдық мембрана эпителий клеткалары мен оның астындағы дәнекер клеткаларының тіршілік әрекеттерінің әсерінен пайда болады және осы екі ұлпаны, бір жағынан, бірін – бірінен бөліп, екінші жағынан, оларды біріктіріп, біртұтас комплекс құрайды. Эпителийдің қоректенуі базальдық мембрана арқылы диффузиялық жолмен қамтамасыз етіледі.
  7. Эпителийде нерв талшықтары көп болады, ал қан мен лимфа тамырлары болмайды. Эпителийдің негізгі қызметі өзінің астында орналасқан дәнекер ұлпасын қорғау. Сонымен бірге кейбір жағдайларда белгілі эпителиалдық клеткалар секрет бөлу және сіңіру функцияларын да атқарады.

Эпителийдің классификациясы

Эпителиалдық ұлпалардың шығу тегіне, құрылысына және атқаратын қызметіне негізделген олардың түрлі классификациясы бар.

Морфологиялық классификация

Эпителийдің құрылысы ерекшелігіне негізделген. Бұл классификация бойынша эпителийлерді бір қабатты және көп қатарлы болып бөлінеді. Эпителийлерді клеткаларының пішініне қарай жалпақ, куб пішінді, цилиндр тәрізді деп ажыратады.

Онто және филогенетикалық классификация

Эпителийлер классификациясының бұл түрін, олардың белгілі бір ұрықтық жапырақшадан шығу тегін еске алып Н. Г. Хлопин ұсынған. Ол эпителийлердің төмендегі типтерін ажыратқан:

  1. Эктодермадан пайда болатын эпидермалық эпителий (жабындылық эпителий, тері бездері, ауыз қуысының эпителийі, сілекей бездері);
  2. Энтодермадан дамитын энтодермалық эпителий (ішектің, бауырдың, ұйқы безінің эпителийлері);
  3. Мезодермадан пайда болатын цело – нефродермалық эпителий (жыныс бездерінің, бүйректің эпителий мен мезотелий);
  4. Нерв түтігінің бастамасынан дамитын эпендимо – глиялық эпителий (эпендима);
  5. Мезенхимадан түзілетін эндотелий. Эпителийдің соңғы екі түрін зерттеушілердің көпшілігі эпителийлер қатарына жатқызбайды. Жұлын каналы мен ми қарыншаларының астары – эндотелийді дәнекер ұлпасына жатқызуды орынды деп санайды.

Функциялық классификация

Жануарлардың көпшілігінде эпителийдің мына типтерін ажыратуға болады.

  1. Жабушы тері эпителийі;
  2. Кілегей қабықшалардың эпителийі;
  3. Дененің екінші қуысын астарлап тұратын серозалық қабықшаларының эпителийі (плевралық, перикардиялық және құрсақ қуыстарының);
  4. Ішкі органдардың паренхимасының эпителийі (альвеолалық, бүйрек, эпителийі, гонодалар мен бездердің эпителийі т.б)

Целомдық эпителий

Эпителийдің бұл түрі адам мен сүтқоректілердің өкпе альвеолаларының, серозалық қуыстардың және серозалық қабықшалардың бттерін астарлап тұрады. Серозалық қабықшалар мен қуыстар эпителийінің целомдық деп аталуы ол дененің екінші қуысы немесе целомды астарлап тұратындығына байланысты. Мезодерманың туындысы болғандықтан, мезотелий деп аталады.

Мезотелий – жалпақ клеткалардың жұқа қабаты. Клеткаларының жиегі тегіс болмай, ирек ө ирек болып келеді. Олардың кейбірі екі немесе үш ядролы. Электрондық микроскопиялық зерттеу мезотелий клеткаларының бетінде микробүрлердің болатынын анықтады. Мезотелий шын мағынасындағы эпителийдің қатарына жатпайды. Біріншіден, олардың клеткаларының ішкі ортада орналасуына байланысты полярлылығы нашар байқалады. Екіншіден, мезотелий клеткаларының ішкі ортада орналасуына байланысты полярлылығы нашар байқалады. Екіншіден, мезотелий клеткаларының өзара байланыстары жеңіл үзіледі.

Бұл қасиет эпителийлерге тән емес. Мезотелийдің қалпына келуі оның клеткаларының көбеюінің нәтижесінде жүреді. Мезотелийдің басқа ұлпалардан пайда болмайтыны және оларға айналмайтыны бұның жоғары дәрежеде мамандалғанын көрсетеді. Мезотелий клеткаларының арасында десмосомалық контактілер болады. Мезотелийдің ерекше қасиеттерінің бірі оның клеткаларының дене қуысына түлеп түсетіндігі. Мезотелий клеткаларының фагоцитоздық қабілеті бар. Мезотелий дене қуысы мен ұлпалар арасында «сероза – гематолимфалық тосқауыл» түзеуге қатысады. Ішкі мүшелер бірімен – бірі қосылып,

Бітісіп – жабысып қалмауына және олардың орын ауыстырып қозғалуына мезотелий қолайлы жағдай туғызады. Мезотелийдің физиологиялық регенерация қабілеті өте жоғары.

Бір қабатты куб пішінді эпителий

Сирек кездесетін эпителийдің түрі. Бұның негізгі функциясы – ылғал беттерді қорғау.

Бұл кезде секрет бөлу немесе сіңіру қызметтерін атқармайды.

Осы эпителийдің барлық клеткалары біріне-бірі ұқсас. Кейбір бездердің өзектерінде кездеседі. Көпшілік жағдайда бір қабатты цилиндр тәрізді эпителий өзгеріске ұшырап, қорғау қызметтерімен бірге секрет бөлу және сіңіру функцияларын да атқарады.Секретор-лық және сіңіруші клеткалардан тұратын бір қабатты цилиндр тәрізді эпителий ішекті астарлайды. Сондықтан оны ішек эпителийі деп атайды. Ішектің түрлі бөлімдеріндегі эпителиалдық. клеткалардың құрылысы бірдей емес, жалпы алғанда оларды екі топқа бөлуге болады:

  1. Ішектің қуысындағы қорытылған өнімдердің сіңіруін қамтамасыз ететін клеткалар.
  2. Шырыш бөлетін (бокал тәрізді клеткалар) секреторлық клеткалар. Ішек эпителийі- нің сіңіруші клеткаларын жарық микроскоппен қарғанда сызылған жұқа қабатпен қапталғанын көруге болады. Осы белгісіне қарап, оны щеткалық көмкерме деп аталған. Электрондық микроскоп бұл құрылымның плазмалемманың өсінділерінен түзілгенін анықтайды. Әрбір өсіндінің көлденең өлшемі 0,1 — 0,2 мкм, ал ұзындығы 1 – 3 мкм. Осы ультромикроскопиялық құрылымдар микробүрлер деп аталған. Эмбриондық клекаларда олар аз болады. Жіктелу процесі кезінде микробүрлердің саны көбейеді олар ішек эпителийінің сіңіру бетін 25 – 30 есе арттырады. Iшек қабырғасындағы ас қорытылуында жиналған түрлі заттар адсорбцияланады, кейін пиноцитоз арқылы клетканың цитоплазмасына түседі.

Қоректік заттарды сіңіруге қатыса отырып, бұл эпителий ас қорыту жолындағы бактериялардың дене ішіне әтуіне кедергі болады. Сонымен бірге осы ұлпа ішектің қабырғасын ас қорыту ферменттерінің қорытушы әсерінен қорғайды. Ащы және тоқ ішектердің эпителиалдық астарының бір қабатты цилиндр тәрізді клеткаларының арасында клеткаларды механикалық және химиялық зақымдардан қорғайтын шырыш бөлетін бір клеткалы бездер болып есептелетін көптеген бокал тәрізді клеткалар кездеседі.

Ішек эпителий клеткалары мен базальдық мембрананың арасындағы байланыс жеңіл үзіледі. Ас қорыту жолының арасындағы байланыс жеңіл үзіледі. Ас қорыту жолының үздіксіз қозғалысы мен эпителийдің үдемелі жұмысы клеткалардың тез тозуына әкеліп соғады. Ішек эпителийінің құрамында көбею қабілетінен айырылмаған крипталарда орналасқан, шала жіктелген клеткалар болады. Бөлінудің нәтижесінде пайда болған жас клеткалар өліп, түлеген клеткалар орнын басады. Ішек эпителийінің барлық клеткалары 30 – 36 сағаттың ішінде жаңарады.

Көп қабатты эпителий

Көп қабатты эпителий сіңіруді тиімді қамтамасыз атқара алмайды. Сонымен бірге көп қабатты құрылым секрет бөлу қызметіне нашар бейімделген. Сондықтан көп қабатты эпителийдің бетіне секрет оның астында орналасқан бездерден келеді де өзінің өзектері арқылы оның бетіне ашылады. Сонымен, көп қабатты эпителий негізінде қорғаныш қызметін атқарады.

Көп қабатты эпителийдің мүйізденбейтін және мүйізделуші деп аталатын екі түрі бар.

Көп қабатты мүйізденбейтін эпителий

Бұл эпителий механикалық әсерге ерекше қатты ұшырайтын ылғал беттерге тән. Ылғалға қажет сұйық, эпителийдің астында орналасқан борпылдақ дәнекер ұлпасында болатын бездерден келеді. Эпителийдің бұл түрі ауыз бен өңештің ішкі қуысын, қынапты, көздің мүйіз қабығының бетін, тік ішектің артқы бөлігін астарлайды. Эпителийдің осы түрінде клеткалардың үш қабаты болады: базальдық қабат, көп бұрышты немесе қанат тәрізді клеткалардың қабаты, жалпақ клеткалардан тұратын үстіңгі қабат.

Базальдық қабат негізгі мембрананың үстінде орналасқан митоз жолымен жедел көбейетін цилиндр тәрізді клеткалардан тұрады. Базальдық қабаттың клеткалары базальды немесе негізгі мембранаға арнаулы құрылымдармен бекіген. Клеткалардың ортаңғы қабаты немесе көп бұрышты клеткалар қабаты десмосомалармен жабдықталған жіңішке өсінділермен байланысқан көп бұрышты клеткалардан тұрады. Клеткалардың арасында эпителиалдық клеткалардың қалың қабатының қоректенуін қамтамасыз ететін ұлпалық сұйық ағатын клеткааралық кеңістіктер болады. Көп бұрышты клеткалар қабатының клеткалары Гольджи аппаратының көмегімен клеткааралық цемент деп аталатын затты синтездейді. Көп қабатты мүйізделмейтін жалпақ эпителийдің үстіңгі қабаты жалпақ клеткалардан түзілген, солардың ең үстінгілері оқтын – оқтын түлеп түсіп отырады. Түлеп түскен клеткалардың орнын төменнен жаңа клеткалар басады.

Көп қабатты мүйізделуші эпителий

Тері эпителиі өзінің құрылысы жағынан алуан түрлі. Омыртқалыларда тері эпителиі көп қабатты, омыртқасыздарда бір қабатты болады.

Тері екі қабаттан тұрады: терінің өзі немесе дерма деп аталатын дәнекер ұлпалық бөлік пен эпидермис делінетін эпителиалдық қабаттан. Мүйізделген көп қабатты эпителий құрылысы мен қасиеттері түрліше қабаттардан тұрады. Осы аттардан үш зонаға біріктіруге болады. Ең тереңгісі базальдық мембрананың үстінде жататын цилиндр тәрізді эпителиалдық клеткалардың бір қатарынан тұратын базальдық қабат.

Бұл қабаттың клеткаларының базальдық бетінде базальдық мембранаға кіріп тұратын саусақ тәрізді өсінділер болады. Осы өсінділер арқылы бүкіл эпителиалдық қабат базальдық мембранаға бекиді.

Базальдық қабаттың клеткаларының клеткааралық кеңістікке қараған бетінде көптеген микробүрлер болады. Базальдық мембрана арқылы дәнекер ұлпасынан диффузиялық жолмен эпителийге келген қоректік затты бірінші болып осы қабаттың клеткалары қабылдайды. Базальдық қабаттың клеткалары жедел бөлінеді және жаңадан пайда болған клеткаларының негізгі массасы үстінде орналасқан қабатқа ауысады. Базальдық қабаттың үстінде көп бұрышты немесе қанат тәрізді клеткалардың 4 – 8 қабаттары орналасқан. Бұлардың жинағы көп бұрышты клеткалардың қабатын құрайды. Бұл қабатты базальдық қабатпен қосып, өсуші қабат дейді. Өсуші зонаның клеткаларының қабаттары дәнді және жылтырақ клеткалардың зонасына ауысады. Терінің бетіне жақын біршама қалыңдығы бар мүйізденіп өлген клеткалар зонасы жатады. Көбею қабілеті базальдық клеткаларда ғана сақталған. Эпителийдің тіршілігінде бұл клеткалардың маңызы үлкен. Бетіндегі қабаттардың үздіксіз түлеп түсетін клеткаларының орны осы клеткалар арқылы толады.

Дәнді зона жалпақ клеткалардың 3 – 4 қатарынан тұрады, жылтырақ қабатты клеткалардың 2 – 4 қатарын құрайды. Дәнді клеткалардың цитоплазмасында кератоглиалинның ұсақ дәндері пайда болады. Жылтырақ қабатта кератоглианинның дәндері қосылып, гомогендік массаны құрайды. Мүйіз қабатта кератоглиалин кератинге айналады. Теріде кератин маңызды рөл атқарады. Денемізді кеуіп – қурап қалудан, механикалық зақымданудан және микробтардың енуінен қорғайды.

Бездік эпителий

Эпителий организм бездерінің негізгі массасын құрайды. Бездегі эпителиалдық клеткалардың қызметі – организм тіршілігіне қажет заттарды клеткаларда түзіп, олардан бөліп шығару. Бездер организмде секрет бөлу қызметін атқарады. Олардың көпшілігі – бездік эпителийдің туындысы. Бездердің көпшілігі қалыптасқан жеке органдар (мысалы, ұйқы безі, ірі сілекей бездері, қалқанша без). Басқалары органдардың бөлігі болып саналады (мысалы, асқазанның бездері).

Бездер экзокриндік және эндокриндік болып бөлінеді. Экзокриндік бездер секрет түзүші немесе бездік бөлімі мен шығарушы өзектен тұрады. Экзокриндік бездердің классификациясы осы бөлімдерінің құрылысына негізделген. Эндокриндік бездер тікелей қанға түсетін гормондарды бөледі. Эндокриндік бездердің классификациясы осы бөлімдерінің құрылысына негізделген. Эндокриндік бездер тікелей қанға түсетін гормондарды бөледі. Эндокриндік бездер бездік клеткалардан тұрады және олардың шығару өзектері болмайды. Бұларға жататындар гипофиз, эпифиз, қалқанша және қалқаншаның қонсы бездері, бүйрек үсті бездер, ұйқы безінің Лангерганс аралшықтары т.б. жатады. Осылардың бәрі организмнің эндокриндік жүйесін құрайды. Экзокриндік бездер сыртқы ортаға яғни эпителиймен астарланған органдардың қуыстарына немесе терінің бетіне шығарылатын секреттер бөледі.

Экзокриндік бездер экзоэпителиалдық және эндоэпителиалдық болып ажырайды. Бездік клеткалардың тобы эпителийден астындағы ұлпаға өтсе, ондай бездік экзоэпителиалдық деп аталады. Мысалы, тері, сілекей және май бездері, бауыр т.б. Ал эпителиалдық бездер клеткалардың комплексі астарлаушы ұлпаға өтпей, эпителиалдық клеткалардың қабатында қалса, ондай бездерді эндоэпителиалдық дейді. Мысалы, адамның көмекей үсті шеміршегі эпителийінің сілекей клеткаларының тобы.

Экзокриндік экзоэпителиалдық бездер бір клеткалы және көп клеткалы болуы мүмкін. Экзокриндік экзоэпителиалдық бір клеткалық бездер омыртқасыздарда кең тараған: турбелляриларда, немертинде, сақиналы құрттарда, моллюскаларда. Экзокриндік экзоэпителий алдық көп клеткалы бездер организм бездерінің негізгі массасын құрайды – сілекей, көз жасы, тері, май бездері, бауыр, ұйқы безінің экзокриндік бөлігі.

Экзокриндік экзоэпителиалдық көп клеткалы бездер өзегінң құрылысына қарай жабайы және күрделі бездер болып бөлінеді. Жай және күрделі бездер түтік тәрізді, альвеолалық (көпіршік) және түтікше – альвеолалық болып бөлінуі мүмкін. Тармақталмаған бір ғана өзегі бар безді жабайы без дейді. Егер өзектің тармақталған жүйесі болса, ондай бездер күрделі болады. Көптеген күрделі бездер өте үлкен келкді, оларды органдар деп атауға болады (бауыр мен ұйқы безі). Экзокриндік эндоэпителиалдық бездер бір клеткалы және көп клеткалы болуы мүмкін.

Секреттің химиялық құрамы әр түрлі болады. Осыған байланысты экзокриндік бездерді белоктік, сілекей, аралас (белокты — сілекейлік) және май бездері деп бөледі. Бездік эпителийдің клеткалары базальдық мембрананың үстінде жатады.

Секреторлық эпителиалдық клеткалардың пішіні түрліше болады. Секрет бөлуші клеткалардың клеткааралық кеңістігі біршама үлкен. Секреторлық клеткалардың ядросы ірі, хроматинді көп және ядрошығы да үлкен болып келеді. Секрет бөлуші клеткалардың бәріне эндоплазмалық тор мен Гольджи аппараты жақсы жетілген және митохондриялар көп болады. Бездік клеткалардың құрылысы полялі келеді.

Секретті түзу тәсіліне қарай мерокриндік, апориндік және голокриндік бездер деп ажыратылады.

Мерокриндік бездерде секрет клеткалардың ішінде түзіледі де мембранамен қоршалған көпіршік түрінде клетканың бос бетіне бөлінеді. Секрецияның бұл түрінде плазмалық мембрананың тұтастығы сақталады, цитоплазманың көлемі кемімейді (бокал тәрізді бездер, асқазан бездерінің клеткалары, ұйқы безінің экзокриндік бөлігі жатады).

Голокриндік бездерде секреция процесі кезінде клетка толықтай бұзылып, өліп, ікі құрылымы секретке айналады.

Апокриндік бездерде секрет түзілу кезінде цитоплазманың үстіңгі бөліктері бөлініп, секреттің құрамына кіреді. Секрецияның бұл типі құстың жұмыртқа жолының эпителталдық клеткаларына, сүтқоректілердің тер бездеріне және сүт бездеріне тән.

Эпителий дененің барлық сыртқы беті мен серозалық қабықшаларды қаптайды және организмнің көптеген бездерін құрайды. Эпителиалдық ұлпа клеткалардан – эпителиоциттерден тұрады.

Эпителиалдық ұлпалардың шығу тегіне, құрылысына және атқаратын қызметіне негізделген олардың түрлі классификациясы бар.

Морфологиялық классификациясы – эпителийдің құрылыс ерекшелігіне негізделген. Бұл классификация бойынша эпителийлерді бір қабатты және көп қабатты деп бөлінеді.

Бір қабатты куб пішінді эпителий – организмде сирек кездеседі. Ол нанлық жыныс безін қаптайды, бүйректің жұмсақ затының жинаушы түтіктерін, бездердің ұсақ өзектерін астарлап тұрады. Қалқанша бездерінде байқалады. Бүйрек каналшықтарының эпителийінің бос бетінде микробүрлер болады.

Көп қабатты эпителий сіңіруді тиімді қамтамасыз атқара алмайды. Сонымен бірге көп қабатты құрылым секрет бөлу қызметіне нашар бейімделген. Сондықтан көп қабатты эпителийдің бетіне секрет оның астында орналасқан бездерден келеді де өзінің өзектері арқылы оның бетіне ашылады. Сонымен, көп қабатты эпителий негізінде қорғаныш қызметін атқарады.

Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жоспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ