Кәмелетке толмаған жастар өз істерінің құрбаны ма, әлде себепкері ме?

0
4385
«Орамалды» бойжеткеннің «КНБ қызыметкері мені зорламақ болды», — деген инстаграмдағы ашық мәлімдемесі елді шулатты…
«Баланы жастан, қатынды бастан», — деген халық даналығы бекер айтылмаған болса керек. Бала кезінен дұрыс тәрбие мен ата – ана қамқорлығында өскен балалардың өзін жалғыз сезіну комплексіннен аулақ блатыны сөзсіз.
Әкесіз не шешесіз өскен балалардың «жылу іздеймін» деген оймен жаман істерге барып жататыны белгілі. Ал, ата – анасы бар балалырдың қылмысқа баруының басты себебі неде болуы мүмкін?
«Менің әке – шешем жақсы адамдар, бірақ жұмыстың көптігінен үйге тым кеш қайтады. Ал, мені мектепке күтушім апарып алып келетін. Мен ата – анаммен ойнап басқа балалар секілді уақыт өткізгім келеді. Бірақ олардың мен үшін еңбек ететінін білемін», — дейіді жасөспірім Аяулым. Асқар таудай әкесі мен аяулы анасының өзіне көңіл аударғандарын қалаған ол, өзінен 8 жас айырмашылығы бар жігітпен не бәрі 15 жасында көңіл қосады. 23 жасар жігіттің күтуге шамасы жетпей қызды алып қашқан. Жағдайды естіген қыздың отбасы бірден полицияға арызданған, сот экспертизасының зерттеуімен жастардың жыныстық қатынасқа түскені анықталған. Жігіттің үстінен «кәмелетке толмаған қыз баламен жыныстық қатынасқа түсті», — деген айып тағылып отыр.
Ақтөбеде 15 жасар қыз бала мен 17 жасар боз баланың үлкен махаббаты үлкен дауға ұласты. Ата – аналарынан қарсылық болғандықтан, екі ғашық бірнеше рет үйден қашып, кейіннен жастар табылып 17 жасар жігіт қамауға алынған. Оған «кәмелетке толмаған жасөспірім мен жыныстық қатынасқа түсті», — деген айып тағылған. Боз баланың абақтыда отырғанына жарты жылдан асты. Қыз арызданбағанын және өз еркімен шешім қабылдағанын алға тартады. Полицияға арызданған қыз баланың анасы өз ісіне өкініп, арызды қайта алмақ болғанымен іс сотқа жіберіліп қойған. Дәл осындай ұқсас жағдай Орал қаласында да орын алды. 15 жасар қыз 29 жасар дәстүрлі емес ағымдағы жігітке күйеуге тиіп кеткен. Дегенмен іс сотқа жетпеген, себебі қыздың анасы шағымын қайтарып алып, қазының сот медициналық сараптамасын жасатуына түбегейлі қарсылық білдіруде.
Еліміздегі соңғы статистикалық мәліметке жүгінсек, 2013 – 2017 жылдар аралығында жасанды түсік жасату көрсеткіштерінің айтарлықтай өзгеріске түспегенін байқауға болады. Яғни 2016 жылы 78,8 мың, 2017 жылы 80,3 мың жасанды түсік тіркелді. Ал былтырғы статистикалық дерек көпшілік назарына әлі ұсынылған жоқ.
Облыстар арасында Түркістан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан өңірлері ұятты тізімнің алдына шықса, Алматы мен Астана қалалары ең жоғары көрсеткішті көрсетіп отыр (8,4 — 8,2 мың). 15 пен 18 жас аралығындағы жас­тарда түсік жасату осы жылдар ішінде 100 мың адамға шаққанда 0,3 мыңнан келсе, 19-34 жастағы әйелдердің түсік жасатуы соңғы жылдары сәл төмендеген (2013 жылы – 12,7 мың, 2017 жылы – 8,6 мың).
Әр түрлі көрсеткіштер бойынша әлемде тек 8,4 % -дан 35% -ға дейінгі зорлау оқиғалары полицияда тіркеледі. Ал жәбір көрген адамдар әртүрлі себептермен болған оқиғаға арызданбайды. Яғни, олардың шынайы санын анықтау өте қиын. Түсінгендеріңіздей, біз бұл материалда тіркелген құқықбұзулықтар бойынша сараптама жасаймыз. Шыны керек, ресми статистика да көңіл көншітпейді.
ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметі бойынша 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 120-бап «Зорлау» 1130 құқықбұзушылық және 121-бап «Сексуалдық сипаттағы зорлық – зомбылық әрекеттері» бойынша 320 құқықбұзушылық тіркелген. Осылайша, ҚР-да 2018 жылы зорлау бойынша 1450 жағдай тіркелген (олардың 1132-і әйелдерге қатысты, 231-і балаларға қатысты).
2019 жылдың алты айында елімізде 647 зорлау жағдайы тіркелді (ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметі). Жарты жыл ішінде қылмыстың осы түріне барған адамдар саны 405-ті көрсетеді.
«Тұлпар Тальго» пойызында зорланған қыз жайлы іс дүрбелең тудырды: зорлықшыл – жолсеріктер 2,5 жылға сотталған. Құқық қорғаушылардың, танымал тұлғалардың, әлеуметтік желілерді қолданушылар мен саналы ақыл иелерінің ойынша — бұл өте жеңіл жаза.
Осындай статистикалық оқиғаларға қоса, Қаскелең қаласында «хиджабтағы» бойжеткеннің «КНБ қызыметкері мені зорламақ болды», — деген instagram парақшасындағы ашық мәлімдемесі елді шулатты.
«Мен Умирзакова Айя Руслановна, КНБ қызметкері Нарымбаев Сабыржан Мейрамхановичтің «зорлауға әрекеттену» қылмыстық ісі бойынша жәбірленушімін.»
«2020 жыл, 11-і мен 12-ші құркүйекке қарасты түнде автокөлік салонында мені зорламақ болды. Бұл іс Алматы осылысы, Қаскелең қаласы, Қарасай аудандық ішікі істер департаметінде тіркелген. Мен такси тоқтатып, үйіме қайтпақ болғанмын. Көлікте тағы бір адам болды. Жүргізуші алдымен ол клиентті кейін мені жеткізіп саламын деді. Алғашқы жолаушыны жеткізіп салғаннан соң, басқа бағытқа бұрып тағыда бір ісім бар деді, мен қарсылық танытып, қорыққандықтан анама хабарласа бастадым. Ол телефонды көріп тартып алды. Мені орамалды қыздар сендер лассыңдар деп балағаттай бастады. Қорыққандықтан есікті қағып қарсыласа бастадым, ол ашуланып кетіп мені айдалаға алып барып тисе бастады. Басымдағы орамалымды жулып алып, тағы да балағаттады. Мені өлтіріп, көміп кетемін деп қорқытты. Көлікке бір зат алуға үңілген кезде мен қаша жөнелдім. Ол мені қуып жетіп тепкілеп, ұра бастады. Біраз қарсыласып тағы сытқып шықтым сол сәтте біздің жаққа бір машина келе жатырғанын көріп, ол қашып кетті. Көліктегі жолаушылар тоқтап мені жақын маңдағы РУВД-ға алып барды. Осы оқиғаны айтып отырған себебім, мені ол кісілер қорқытты, сотта сені кінәлі етеміз деді. Жұмыстан да шығарып жіберді. Салдарынан психологқа барып, үйден шықпайтын дәрижеге жеттім. Мені қолдап билік өкілдерінің мені естігендерін қалаймын, кінәлі жазасыз қалмаса деймін», — деп жан айқайын жеткізеді.
Соңғы карантин кезінде тұрмыстық зорлық – зомбылық пен қоса қоғамдық көлік қолданушылардың арыз – шағымы күрт өсіп кеткен. Оның ішінде автобус ішінде адамнің көп болуын пайдаланған ер азаматтардың жас қыздардың денесін сыйпалау, такси көлігіндегі харасменттер, яғни танысуға әрекеттеу, жеке бас шеңберін бұзу. Зорлауға әрекеттену, ұрлық және тағыда басқа құқықбұзушылық қылмыстары тіркелген.
Шет ел мемлекеттерімен салыстырғанда әйел теңдігі немесе харасментпен күресу жағдайлары Қазақстанда тым әлсіз болып отыр. Еске сала кетейік бұндай оқиғалар тек ересек азаматтардың арасында ғана емес, сондай – ақ мектеп оқушыларының арасында да көптеп кездеседі. Мәселең, Түркістан обылындағы мектеп жасар ұл баланы жоғары сынып оқушылары зорлаған. Ал, карантин кезінде интернет арқылы мектеп жасар балаларының порно ойындары мен сайттардан видео қараулары күрт жоғарлап кеткен.
Елімізде 20% кәмелет жасқа толмаған 15 – 17 жас аралығындағы бойжеткендердің алғаш жыныстық қатынасқа түсетіндігін «Аман – саулық» қоғамдық қоры мәлімет береді. «Аман – саулық» қоғамдық қорының призеденті Бақыт Түменова жасөспірімдерге мектеп қабырғасынан бастап «жыныстық қатынас мәдениетін» түсіндіру керек деп санайды. БҰҰ әлуметтік мәселелер жөніндегі комитеті осыдан 10 жыл бұрын еліміздегі білім ошақтарында репродуктивті денсаулық пен контрацепция әдістерін түсіндіретін арнайы пән енгізу туралы ұсыныс жасаған екен. Алайда бұл бастама сол күйі қолдау таппай қалған. Ал, дін қызметкерлері жасанды түсік жасатып қоймай оған апармаудың жолдарында қарастырғанымыз дұрыс дейді.
Жас ерекшеліктерге қарамастан әр адам өз ісі үшін жауапты…
Хайдарова Сара Есмағамбетқызы 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ