Көркем шығарманы композициялық құрылысы жағынан талдау. С.Мұқанов «Ботагөз» романы бойынша

0
9457
Ұлттық қолөнер - эстетикалық тәрбиенің негізі
Көркем шығарманы композициялық құрылысы жағынан талдау. С.Мұқанов «Ботагөз» романы бойынша
Әуелде роман «Жұмбақ жалау» деген ат пен жылы басылып шықты. Кейін автор көпшілік оқушылардың сұрауымен және біраз өңдеу, толықтыру енгізуге байланысты кітаптың атын «Ботагөз» деп өзгертті. Мұнысы өте орынды еді. Өйткені романда бастан-аяқ айтылатын
кейіпкер, бүкіл оқиғаны, сюжетті ұстап тұрған басты бейне Ботагөз қазақ қызының бейнесі.
Алдымен «Ботагөз» романы кезінде қазақ әдебиетінің тарихында сапасы жағынан өскен әдебиеттер талабын көтере алатын, бірден-бір күрделі окиғалы, сақа туынды аталғанын айту жөн. Осы күнге дейін сан рет басылып, оқушысын тауып отырған бұл шығарма бүкіл кеңестік дәуірдегі әдебиет қорының төрінен орын алды, орыс тіліне аударылуы арқылы Кеңес Одағының көптеген халықтарының сүйіп оқитын кітабына айналды.
Өйткені роман оқушысын, біріншіден, көркем жазылған, сом соғылған туынды болуымен тартса, екіншіден, онда айтылмақ жайттар көптеген ұлттардың, әсіресе Орта Азия халықтарының барлығының дерлік басынан кешкен қиын — кыстау халдеріне ұқсауымен, яғни патшалық Ресейдің бұрын отарлы ел болып келген халықтарының көкейкесті жайын баяндауымен тартты.
Бұл сәтте айта кететін жәйт қазір романға көзқарастың өзгеруі. КСРО құлағаннан кейін большевиктер партиясының Кеңес өкіметінің романда дәріптелуі артық, қате деп танылып отыр.
Романда қазақ халқының ұлттық сипаттары: дәстүрі, әдет-ғұрпы, мінез-құлқы, қоғамдық, саяси іске араласуы және оны ұғуы, ғылым-білімге, болашаққа ұмтылуы, революцияны түсінуі және оның сонынан адал сенген пейілмен еруі, осы жолда асқан ерлік, батырлық мінездер көрсетуі романда большевиктер партиясы қойған талап тұрғысында көрсетіледі.
Оның үстіне қазақ халқының осы романда суреттелетін кезеңдегі хал жайы өз алдына бөлек, томаға-тұйық баяндалмайды, бүкіл Ресей өмірімен, ондағы алуан қырлы, мың сырлы оқиғалармен байланыстырыла айтылады. Өйтпейінше, тарихи шындық сақталмаған болар еді. Жазушы бұл шындықты берік сақтайды.
Әсіресе Ресейдегі төңкеріс қозғалыстар мен ағымдар XX ғасырдың бас кезінде Столыпин реакциясы тудырған айдау, қысымдар салдарынан кейін, жаңа өрлеулер тудырған кезеңдер, патшалық Ресейдің Германиямен соғысы, яғни дүние жүзілік бірінші соғысқа араласуы — мұның бәрі алыстағы Қазақсганда елеусіз, яки зардапсыз өтіп жатқан оқиғалар еместі. Жазушы шыншыл суреткерлікпен осындай алуан түрлі оқиғаларды қамтып, олардың құяр арнасын, негізгі желісін тапқан.
«Ботагөз» романы композициялық құрылысы жағынан үлкен үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлім «Тұңғиықта» XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ қауымын суреттеуге арналған, екінші бөлімі «Таң атарда» қазақ ауылында бай мен кедей арасындағы наразылықтың үдей түсуі, әсіресе 1916 жыл оқиғасына байланысты, патшаның маусым жарлығы салдарынан ұлт-азаттық қозғалысының тууы сөз болады, үшінші бөлімі «Күн күлімдегенде» Қазан төңкерісі кезеңін, онан соңғы азамат соғысы жылдарын қамтиды.
Сонымен, романның үш бөлімінде бас-аяғы он — он бес жылдың оқиғасы айтылады. Бірақ бұл тек Қазақстан көлемінде ғана емес бүкіл Ресей тіпті дүние жүзі көлемінде шын мәнісіндегі тарихи окиғаларға толы кезең еді.
Патшалық Ресейдің сонау отарлы аймағы Қазақстан қаймағы бұзылмастан феодалдық салт-сананың шырмауында еді. Аткамінерлер мен феодалдардың байлардың кедейлерді, жарлы-жақыбайларды қанауының шегі жоқ. Әсіресе патша шенеуніктерінің озбырлығы, болыс, ауылнайларды зорлық зомбылығы қарапайым халықты қорлауға дейін баратын.
Осындай тап қайшылығы шиеленіскен аймақта патшаның 1916 жылға маусым жарлығы, майға от құйғандай, наразылықты бірден бұрқ еткізді. Бұл жарлық бойынша қазақ және басқа шығыс халықтарынан майданға, қара жұмысқа адам алынатын болды. Біріншіден, патша 1914 жылғы дүние жүзілік соғысқа араласып, елді күйзеліске, сансыз құрбандыққа ұшыратса, екіншіден, сол жөнсіз соғысқа жаппай адам жинау туралы жарлығымен бұрын сырттай болса да, бейбіт ртырған ұлттардың ашу-ызасын келтірді.
Ауыл атқамінерлері маусым жарлығын өздерінше орындап, байлардың, би, болыстың балаларын алып қалып, оның орнына жасы толсын-толмасын, жылатып-еңіретіп кедей, жарлылардың балаларын тізімге ала бастады. Итбай сияқты болыстар өз өктемдігін баса-көктеп жүргізді. Романдағы алғашқы шиеленіс осы мәселенің төңірегінде болып, ақыры көтеріліске шыққан халық Итбайды өлтіреді, бірақ алға үлкен мақсат қоя алмаған, ұйымдасу жағын ойдағыдай келтіре алмаған жұрт жеңіліс табады. Амантай сияқты басшылары қуғынға ұшырайды.
Романның атына лайық оның ең басты кейіпкері әрине, Ботагөз. Қазақ поэзиясы мен прозасында сондай-ақ драматургияда сол кезеңде дәл Ботагөздей қазақ қызының бейнесі жасалмаған еді. Рас, ауыз әдебиеті туындыларында, түрлі аңыз, ертегілерден алынған шығармаларда, жана өмірге арналған алғаш повесть, әңгімелерде ондай кейіпкерлер болды. Мәселен, Сәкен Сейфуллиннің Айшасы, С. Мұқановтың Сұлушашы, т.б. Бірақ жаңа өмір үшін саналы күреске шығып, өмірдің ащы-тұщысын татып, қоғамдық-саяси іске белсене араласып, қазақ қызына тән сан алуан қасиетті толық көрсете алған кейіпкер — Ботагөз.
Тарихи кезеннің киын-қыстау жылдарында өсіп, ер жеткен, оқу, білім алуы да сан қилы оқиғалармен түс келетің, бірақ саналы күрескер болып қалыптасуына әсіресе тұрмыс сабағының әсері көп болған Ботагөз жаңа заман табалдырығын аттаған бүкіл қазақ әйелінің бейнесін елестетеді. Тап Ботагөздей өсіп, мықты, білікті қайраткер болып отырған әйелдер көп. Бұл Ботагөз бейнесінің кездейсоқ емес, типті бейне екенін, жалиыға ортақ, көпке тән бейне екенін аңғартады.
Жазушы Ботагөздің саналы күрескер қатарына қосылуын оқушыға бірден тартпай, кейіпкердің жаткан соқпақ жолдарымен келгенін шебер көрсетеді. Яғни ағасы Балтабектің колында өскен Ботагөз ақ пен қара қайсы, әділет пен әділетсіздік кайсы, бай ие дейді, ал соның жалшысы болып жүрген Темірбек- дейді — мүның бәрін зерделі қыз бірте-бірте біліп, көңілге тоқи біледі.
Ботагөз — жоғарыда айтылғандай, шытырман оқиғалы, сом туған, бір бүтін көркем шығарма. Айта қаларлықтай жоғары дәрежеде жазылған романның көркемдігі жайында айтар жайттар көп. Ол: сюжет, композиция, тіл, бейне жүйелері, оқиғалардың ербу, өсу, аяқталу кезеңдері сияқты, кейркерлердің сырт суреті, немесе ішкі мінез-құлқы сияқты мәселелері
Романның фабуласы, яки сюжеті қиыннан қиыстырылған. Оқиғалардың бірінен-бірі өрбіп-өніп, білгілі бір шегіне жеткен соң, шешімін тауып, заңды аяқталып отыратыны ерекше көңіл аударады. Әуелде болмашы жылғадан басталып, кейін кең арналы дариядай ұлғайып, жағасынан аса тасып барып тынады. Деңгейі (кульминация)— Амантай бастаған кетеріліс Итбайдың өлімі, күреске шыққан қалың қол, жеңіс. Міне, осыған дейінгі оқиғалар әр тараптан өрбіп келе жатады. Онын басты салалары әр кейіпкердің іс-әрекетіне, тағдырына байланысты. Ботагөздің оқуы, есеюі, Асқармен арақатынасы бір арна болып, кейін саналы күреске апарса, Амантай тобы бара-бара көтеріліске, айқасқа ұласады.
Итбай мен Кулаков әрекеттері де әуелде ашық айқын білінбегенімен, кейін ашықтан-ашық жаулық сипат алады. Негізгі екі күштің арасалмағы уақыт, мезгілге карай өзгеріп, алмасып отырады да, ақырында қатты шиеленісу, айқасу үстінде әділдік, шындық жеңіп, кара күш, әділетсіздік жеңіліс табады. Оқиғалардың бұлай ойға қонымды, ақылға сыйымды өрбіп аяқталуы жазушының алға койған мақсатының орындалуы, жоспарланған істің бітуі сияқты Шығарманың басынан аяғына дейінгі ұзақ жол, романның құрылысы яғни қаңқасы — оның композициясы болмақ. Бұл жағынан да нық қиюласқан, бір бүтін тұтасқан дүниені көреміз.
Мәселен, сюжетте баяндалатын сан алуан оқиғалар бет-бетіне бытырап жуыспай жатса, немесе эволюциялық даму орнына бірден жалаң хабарлау болса, бұл — романның композициялық кемшілігі болар еді. Сюжет белгілі мақсатты жүзге асыратын элемент яғни негізгі мазмұн, құрылыс матерйалы болса, композиция — соны құрастырудың, жолы, әдісі. «Ботагөз» романы құрылысы жағынан да мүлтіксіз шыққан. Әрбір тарау, белім бірін-бірі толықтырып, сюжетін қамтитын оқиғаларды өзара байланыстырып ұстап тұр.
Тіл ерекшелігінде айрықша көңіл қойып айтарлық нәрсе — романның қарапайым, халық тілімен жазылуы, ұғымдылығы, түсініктілігі, стильдік жағынан кедір-бұдырсыз жатықтығы, тегістігі. Көркем әдебиет шығармасы жайлы айтқанда, қарапайым тіл дегенді дұрыс ұғыну кереқ, Ол тілдің жетіспегендігі, көпшілігі, қара жаяулығы емес, кайта, жазушының көп іздену, қолғану нәтижесінде сол әдемілікті іздеп табуы, соған жетуі. Бұл оңай еңбек емес.
Көлдеңен оқушыға қиын еместей көрінгенімен, сол жатық, жұғымды тітді, яғни сөз тіркестерін ойлап табу, киыстыру үлкен шеберлікті керек етеді. Абай айтқандай, «айналасы теп-тегіс, жұмыр» келгенде ғана, сырт көзге оңай керіп еді. Қиыр-шиырсыз, әшекейлеймін деп киындатпай, кәдімгі сөйлеу тілінің мәнер, сазымен баяндалуын С. Мұқанов романдарының, әсіресе «Ботагөз» романының басты ерекшелігі. Жазушм тілі мен кейіпкерлер сөздерінен осы аңғарылады.
Әрине, кейіпкерлер тілінде даралық бар. Мәселен, Амантай тілі мен Итбай тілін онай айырып алуға болады. Сондай-ақ оқыған, білімді Асқар сөзі өз алдына басқа. Сөйтсе де, барлығына тән жалпы касиет — қарапайым сөйлеу тілінің арнасын сақтау. Жазушының өз сөзі де көбіне баяндау, хабарлау формада. Терең психологиялық талғам, топшылаудан гөрі баяндау басым. Кейіпкерлердің мінез-құлықтары, ішкі қасиеттері, іс-кимылдары, сөздері арқылы керінеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Х. Әдібаев, М. Базарбаев , З. Қабдалов , Р. Нұрғалиев «Қазақ әдебиеті» Алматы 1994 ж.
Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жоспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ