Күшті қалай өлшейміз?

0
2350
Гомотетия және оның қасиеттері

Аты –жөні:Шонова Алина

Пәні: Жаратылыстану

Күні:3.05.2019ж

Сынып: 2

Мектеп: №9 жалпы орта білім беретін мектеп

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Күшті қалай өлшейміз?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.5.1.3 — қозғалыс тудыратын күштерді зерттеу;

2.1.2.6 — эксперименттің басты белгілерін анықтау (мақсат, болжам, ресурстар, жоспар, мерзім, нәтиже);

2.1.2.7.эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кесте түрінде белгілеу

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады: қозғалыс тудыратын күштерді біледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: эксперименттің басты белгілерін анықтай алады.

Кейбір оқушылар орындай алады: эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кесте түрінде белгілей алады.

Бағалау критерийлері Қозғалыс тудыратын күштерді біледі,эксперименттің басты белгілерін анықтай отырып,нәтижелерін кесте түрінде белгілей алады.
Құндылықтарды дарыту Денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсетуге баулу.
Пәнаралық байланыс Әдебиеттік оқу, көркем еңбек
АКТ қолдану дағдылары Интербелсенді тақта, суреттер топтамасы, бейнефильм
Тілдік құзыреттілік Күш-сила-strenqth
Бастапқы білім «Кіру билеті» әдісі бойынша жаңа білімге түсемін.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Психологиялық дайындық.

Бір,екі,үш
Бойға жинап күш
Жылдам,шапшаң қозғалып,
Қане, сабақ басталық
Сандар арқылы

Ортаға бала санына қарай 4 түрлі сан қойылады Оқушылар қағазды алып, артындағы сандар бойынша топтасады.

«Кіру билеті» әдісі бойынша білім алушының қызығушылығы,жауапкершілігі артады.

1.Ең жүйрік жануарды ата

2.Ең жылдам ұшатын құсты ата

3.Ең баяу қозғалатын жануарды ата

4.Спидометрді ойлап тапқан кім?

Сабақтың тақырыбы: Күшті қалай өлшейміз?
Сабақтың мақсаты: Қозғалыс тудыратын күштерді біледі,эксперименттің басты белгілерін анықтай отырып,нәтижелерін кесте түрінде белгілей алады.

Парақшалар
Сабақтың соңы

Рефлексия

5 мин

«Сұрақ ілмегі» әдісінің тиімділігі сұрақтар қою арқылы нақты жауап алынады.

Адамдар заттар мен нысандарды қозғау үшін не істейді?

Күш дегеніміз не?

Күш әсерінің төрт белгісін ата?

Үйге тапсырма:

Қызғылт сары түс-сабақты өте жақсы түсіндім!
Көк түс-сабақты жақсы түсіндім!
Қызғылт түс-тақырып бойынша әлі ізденуім керек!

«Білім сандығы» арқылы қалыптастырушы бағалау жүргіземін.

Парақшалар

Дифференциация (саралау) – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

5 мин

Бағалауды – қалай жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Қалам,қарындаш
ты қолданғанда денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.

1-тапсырма Суретке мұқият қара. Қораптарды орнынан қозғалту үшін балалар қандай әрекеттер жасады?

1-бала: қорапты ___________________________

2-бала: қорапты ____________________________

Дескриптор:

-Білім алушы денені қозғалысқа түсіретін күштерді атайды.

— Затты ,нысанды тартқанда адам күш жұмсайтынын біледі.

Ынталандыру:Жақсы! Ретімен орындапсың!

Суреттер
2- тапсырма

Күш әсерінің нәтижесі

Суреттерде күштің
әсерінен не өзгереді?
Тағы мысалдар келтір.

Дескриптор:

-Қолдың күші әсер еткенде пішіні өзгеретінін біледі.

-Күштің әсерінен өлшемнің өзгереді деген қорытынды жасайды.

Ынталандыру: «Шапалақ»

Суреттер

3- тапсырма Ойлан

Қандай табиғи құбылыстар заттарды қозғалысқа келтіреді?

Дескриптор:

-Білім алушы табиғат құбылыстарын атайды.

Табиғат құбылыстарының заттарды қалай қозғалысқа келтіретінін мысалдар арқылы түсіндіре алады.

Ынталандыру: Жарайсың! Тамаша! Керемет!

Парақшаларd

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ