Кәсіпкерлерді миллионға жеткізген 5 біртүрлі бизнес идеясы

0
1764

1. Үйленген адамдар үшін танысу сайты. Бұл идеяның авторы заңгер Ноел Бидерман. Бұл үйленіп, бала-шағалы болған азамат ойын Ashleymadison.com сервисін ашу арқылы жүзеге асырды. Ресурс тек үйленген не тұрмыс құрған адамдарға арналды. Бір қызығы Ноел өзін сәтті үйленген адаммын деп есептеген. Және жүрген жерінде өзінің бақытты екендігін айтудан шаршамаған екен.
Сайт қолданушыларының саны аз уақыт ішінде 3,2 миллион адамға жетті. Бидерман болса, көп ұзамай миллионер атанды.

2. Иттің жүрген жерін тазалау қызметі. 1987 жылы Огайо штатының тұрғыны Мэттью Осборн итті қыдырту кезінде артынан қалған қоқыстарды жинап жүру қызметін ұсынып, Pet Butler сервисінің негізін қалады. Алғашында бизнес сағатына 6 доллар шамасында пайда әкеліп жүрді. Бірақ Осборнның ит асыраумен айналысатын көршісі оның қызметіне қызығушылық танытқаннан кейін кәсіпкердің бизнесінің тасы өрге басты. Бұл клиент Pet Butler-дің қарауына шамамен 100 мың ит берді.

3. Джем сату. Фрейзер Догерти әжеснің рецептісі бойынша джем дайындап сатумен айналысатын SuperJam империясын құрды. Қазіргі кезде компания жылына 500 мың банкі джем сатады. Бұл Америкадағы джем сату нарығының 10 пайызын құрайды. Ал Догертидің байлығы 1-2 миллион доллар шамасында бағаланады.

4. Иттерге арналған көзілдірік. Бір қызығы ит асыраушылар бұл аксессуарға кәдімгідей қызығушылық танытты. Қазір АҚШ-та бұл бизнеспен айналысушылар жылына миллион долллар көлемінде пайда тауып жүр.

5. Микротолқынды пеште дайындалатын жастық. Америка азаматы Ким Левин мамықтың орнынан поп-корн салынған жастықта ұйықтауды ұнататын еді. Ол жастық микротолқынды пеш арқылы қыздырылса, жастықтан тәттінің иісі бұрқырап шығып, адамды тартып тұрды. Ким бастапқы әзірде бұл өнертабысына аса мән бермей келді. Дегенмен кәсіпкер көп ұзамай Wuvit компаниясының негізін салып, пайда таба бастады. Левин біраз уақыт өткеннен кейін бизнесінің сырын сөз қылып, кітап жазып шықты.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ