Қазақстандағы ең үздік 10 университет

24
70011

Құрметті талапкер!
Сізді жоғарғы білімді қай оқу орнынан аламын, қай университеттің студенті атанамын деген сауал  мазалап  жүргені анық. Алдыңызда үлкен таңдау бар. 
Дұрыс қабылданған шешім келешегіңіз бен кәсіби өсу жолыңыздағы жетістіктерге жол ашады! Жарқын болашағыңыз үшін өз бетіңізше дұрыс шешім қабылдап, барар бағытыңызды дұрыс таңдай біліңіз. Біз ұсынған ең үздік 10 университетпен танысып, өз таңдауыңызды жасаңыз. Дұрыс таңдау жасалғанда ғана сіздің қадамыңыз сәтті болады.

                      әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

1934 жылы негізі қаланған университетте қазіргі таңда 7 ғылыми-зерттеу институты, 1 ғылыми-технологиялық парк, 5 институт, 30 әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы ғылыми орталық, 14 факультет, 62 кафедра және 7 департамент жұмыс істеуде.  
Жалпы жер көлемі – 100 гектарға жуық, ғимараттар мен құрылыс ауданы — 335 928 кв.м, бұдан басқа Қырғызстан Республикасының аумағында Ыстық көл ауданы 17 гектар спорттық-сауықтыру лагері орналасқан.
ҚазҰУ бүгінгі таңда әлемнің 25 мемлекетіндегі 400-ден астам ірі университеттерімен жемісті әріптестік жүргізуде. Білім және ғылым саласында іс жүргізетін шетелдік кәсіпорындармен 340 келісімшарт жасалған. Сонымен қатар 20-ға жуық келісімшарт Консорциумдар/Клубтар/Ассоциациялар негізінде жасалған.
Университет теңгерімінде:
—  14 оқу ғимараты
—  16 студенттік жатақхана
—  Ө.А.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы
—  Ғылыми кітапхана
—  Тамақтану комбинаты, Интернет орталық
—  Спорткомплекс және стадион
—  «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы
— Спорттық-сауықтыру лагері Ыстық-Көл көлі

ҚазҰУ әлемдік QS рейтингісі бойынша 236-орын, ал беделді әлемдік рейтингте топ-200 қатарына енді.

                    Е.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

1996 жылы құрылған бұл  ұлттық университет Қазақстан Республикасының ең жас білім ордасы болып табылады. Оқу ордасында  мамандарды даярлау сапасы ең жоғары стандарттарға сәйкес келеді, оның дәлелі ретінде университеттің  халықаралық және республикалық рейтингтерге, мамандықтар бойынша халықаралық аккредиттеуге қатысуын ерекше атап өтуге болады.

Білім беру қызметінде біліктілігі жоғары мамандар, олардың қатарында ғылым, білім саласының мемлекеттік сыйақы лауреаттары, педагогикалық және ғылыми қызметте тәжірибесі мол атақты ғалымдар, академиктер, ғылым докторлары мен кандидаттары, профессорлар мен доценттер, PhD докторлар мен оқытушылар бар.
Студенттерді жаратылыстану-техникалық, қоғамдық-гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық салалары бойынша дайындауда заманауи мультимедиалық, компьютерлік сыныптармен жабдықталып, ауқымды кітапханамен қамтамасыз етілген.
Университет Сіздерге оқу-өндірістік және дипломалды өндірістік тәжірибеден өтуді еліміздің және қаламыздың алдыңғы қатарлы мекемелерінде, мемлекеттік ұйымдарында өтуге зор мүмкіндік ұсынады. Еуразия ұлттық университетінің студенттері тек терең білім алып қана қоймай, ой өрістерін дамытып, мәдениеттілік пен мобильділік, креативті әрі көшбасшылық қасиеттерге ие бола алады.
 Е.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті әлемдік QS рейтингісі бойынша 345 орыннан бой көрсетті.

              Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Зерттеу Институты

Қазақстан Республикасындағы құрылуы мен дамуы жағынан ең үлкен тарихы бар Қ.И. Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті – еліміздегі алдыңғы қатарлы Жоғары оқу орны болып саналады. Оның құрылуы мен дамуы тарихын бес кезеңге бөліп қарастыруымызға болады:
Университет 1934-1960- жылдары Тау-кен-Металлургия институты болып құрылды.
Университет 1960-1994- жылдары Қазақ Политехникалық Институты болып аталды.
1994- жылы Қазақ ұлттық техникалық университеті атына ие болды.
1999- жылы Университетке инженерлік – техникалық мамандарды даярлауда ерекше үлес қосқаны үшін белгілі ғылым, академик Қаныш Имантайұлы Сəтбаевтың аты берілді. 2001-жылы 5 шілдеде ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың жарлығымен университетке ерекше мəртебе берілді.
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу институтының тарихы Қазақстандағы инженерлік білім берудің бастауы ғана емес, мемлекетіміздің мәдени тарихымен астасып жатқандығын көрсетеді.
ХХ-ғасырдың 30-жылдарында ауылшаруашылықта тұралаған техника мен экономиканы жетілдіру мен көтеру үшін елімізде техникалық жоғары білімді мамандарды даярлау мәселесі алда тұрды.
1933-жылдың 20-қазанында СССР дағы Халық Кеңесі Комиссарлар «Қазақстанға кадрлар даярлау» Қаулысымен Тау-кен-Металлургия институты мен оның екі Қазақстандағы Тау және Түсті металл факультеттері Алматы қаласынан ашылды.
1934-жылдың 19- қыркүйегінде Қазақ Тау-кен-Металлургия институтында тұңғыш оқу жылының қоңырауы соғылды.
Тарихта Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетті тарихы техникалық жоғары білім жүйесінің бастауы ғана емес, қазақ мәдениетінен де өзіндік орын алады.
Қазіргі кезде Университет құрамына 8 салалық институт, қашықтықтан білім беру институты жəне əскери-істер институты, Excellence PolyTech жоғарғы оқу орнынан кейнгі білім институты кіреді.. И. Сәтбаев атындағы ұлттық техникалық зерттеу университетінде білім беру  қызметін 7 салалық институт,  халықаралық оқу орнынан кейінгі жоғарғы білім беру “Excellence PolyTech” институты, қашықтықтан білім беру институты жүргізеді.

                  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (ОҚМУ) – білім, гуманитарлық ғылым, құқық, өнер, әлеуметтік ғылымдар және бизнес, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауылшаруашылық ғылымдары, қызмет көрсету және ветеринария бағыттары бойынша мамандықтар дайындайтын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін Қазақстан Республикасындағы ірі және көп салалы жоғары оқу орны болып табылады. Университеттің құрамында күндізгі бөлімде оқытатын 4-жоғары мектеп: «Химиялық инженерия және биотехнология», «Тоқыма және тамақ инженериясы», «Ауылшаруашылық ғылымдар» және «Ақпараттық технология және энергетика», 9-факультет: «Құрылыс және көлік», «Механика және мұнайгаз ісі», «Экономика және қаржы», «Заңтану және халықаралық қатынастар», «Педагогика және мәдениет», «Филология», «Жаратылыстану-педагогикалық», «Дене тәрбиесі және спорт», сыртқы бөлімде оқытатын «Кешкі және қашықтықтан оқыту» факультеттері бар. Сондай-ақ, «Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және дайындық» факультеті, «Қоғамдық кәсіптер» факультеті, әскери кафедра, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы жұмыс атқарады. Қазіргі кезде университетте 1600-ден астам профессор-оқытушылар құрамы ғылыми- педагогикалық қызметпен айналысуда. Олардың ішінде 2 ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі және әртүрлі ғылым академиясының мүшелері, 119 ғылым докторлары мен профессорлар, 575 ғылым кандидаттары мен доценттер қызмет етеді. Университеттің материалдық-техникалық базасы қазіргі үлгідегі 16 оқу ғимаратынан, 6 студенттер жатақханасынан, 3 спорт кешенінен, 1 тау шатқалындағы «Машат» сауықтыру орталығынан, 1 жеңіл атлетикалық манежден, сондай-ақ үлкен және кіші жүзу бассейндерінен тұрады. Университет 526 оқу аудиторияларымен оның ішінде: 135 лабораториялық аудиториялар, 76 компьютерлік сыныптар, 108 интерактивті тақтайшалар орналасқан кабинеттер, 9 мультимедиялық сыныптар, 2 лингафонды кабинетпен және 12 спортзалдарымен қамтамасыз етілген. Оқу процессінде 3000-нан аса компьютерлер, олардың 85% — жаңа үлгідегі компьютерлер. Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Қазақстанның беделді жоғары оқу орындарына, сыртқы академиялық ұтқырлық аясында білім алушылар шетелдік жоғары оқу орындарына Австрия, Франция, Люксембург, Германия, Чехия, Испания, Польша, Латвия, Литва, Венгрия, Малайзия, Қытай, Туркия, АҚШ, Ресей және т.б. елдеріне оқуға жіберіледі.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті


Мемлекеттік лицензияның номері: 12015198
Меншік формасы: мемлекеттік

Ұйымдастырушы-құқықтық формасы: Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

  • Мемлекеттік басқару органы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
  • Ректоры: Еркін Қиноятұлы Көбеев, заң ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ғылым академиясы жоғары мектебінің академигі, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер
  • Ғылыми орталықтар
    Ғылыми-зерттеу институттары — 6 (Сарыарқа археология институты, Техникалық физика және экология мәселелері институты, Химиялық мәселелер институты, Нарықтық қатынас институты, Молекулярлық нанофотониктер институты, Қазақ халқының рухани мұраларын оқыту институты);
    Ғылыми-зерттеу институттары — 6 (Сарыарқа археология институты, Техникалық
  • Ғылыми басылымдар
    Білім мен ғылым саласындағы бақылау және аттестациялау бойынша Комитет бекіткен диссертациялардың негізгі қорытындыларын басуға арналған «Қарағанды мемлекеттік университетінің хабаршысы» ғылыми журналы (сериялары: «Математика», «Физика», «Химия», «Биология. Медицина. География», «Экономика», «Педагогика», «Тарих. Философия. Құқық», «Филология»); «Eurasian Physical Technical Journal» халықаралық журналы.
  • Білім беру және ғылыми бағдарламаларға қатысу
    • Ғылым мен техниканың дамуына қомақты үлес қосқан ғылыми мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия лауреаттары-24
    • Талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия лауреаттары-57
    • ЖОО-ның ең үздік оқытушысы байқауының жеңімпаздары-139
    • Жас ғалымдарға арналған атаулы ғылыми сыйақының лауреаттары- 3
    • «Қайнар» жастар сыйақысының иегерлері-13
    • ҚРБҒМ сыйақысының иегері-1
    • Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйақысының иегері — 1
      Университеттің материалдық-өндірістік базасы
  • оқуғимараты-12
  • жатақхана-6
  • демалыс аймағы-3
  • студенттік тұрмыстық кешен-1
  • қоғамдық тамақтану объектісі-21
  • мұражайлар-3 (Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың тарихи мұражайы, Археология және этнография мұражайы, Табиғат мұражайы).

   

                  Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті 

Университеттің басты және негізгі міндеті — бастапқы білім негіздері мен қолданбалы әдістерді меңгерген  бәсекелестікке қабілетті, жоғарғы әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі бар  мамандар дайындау. Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті — Қазақстандағы жетекші және ірі университет, сондай-ақ,  отандық педагогикалық ғылым мен мәдениеттің орталығы. Білім берудің жоғары сапасы, Республикамыздағы   үздік 10 университеттің ішіндегі мақтауға тұрарлық орны, педагогикалық университеттердің көрсеткіштері бойынша бірінші орында тұруы еңбек нарығында өз орнын табуға қабілетті, жоғары білікті мамандар дайындауда маңызды міндеттерді дұрыс қоюға және оны дұрыс шешуге мүмкіндік береді.   Абай атындағы ҚазҰПУ-да 9 факультет (педагогика және психология, филология, тарихи, география-экология, химия — биология, шетел тілі және халықаралық қатынастар, физика-математика, бейнелеу өнері және графика, дене шынықтыру және   бастапқы әскери дайындық); 2 институт:   PhD докторантура және магистратура, құқык және экономика; 10 ғылыми-зерттеу орталықтары мен институттары  жұмыс істейді.  Университетте білім беру  үш деңгейлі жүйесі бойынша (бакалавриат-магистратура- PhD докторантура) білім алушының жеке білім алу шеңберін анықтауға мүмкіндік беретін Болон конвенциясы мен кредиттік технология принциптеріне сәйкес құрылған. Университетте 130-дан астам білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады,  оның ішінде жоғары кәсіби білім беру мен бакалавриаттың 51  мамандығы бойынша,  магистратураның 50 мамандығы бойынша PhD докторантураның  28  мамандығы  бойынша  болашақ  мамандар дайындалуда. Бүгінгі таңда Университет қабырғасында  10 мыңнан астам студент білім алуда, оның ішінде 3 мыңнан астам студент мемлекеттік білім гранты бойынша  оқиды. Сонымен қатар,  600 магистрант және 70 PhD докторант білім алуда. Университет факультеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтарында  11 академик және ҚРҰҒА-ның корреспондент мүшелері,  40-тан астам қоғамдық бірлестіктердің академиктері,  180-нен аса ғылым докторлары мен профессорлар, 400-ден аса ғылым кандидаттары мен доценттер жұмыс істейді.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың  дипломы жоғары мәдениеттің, білімділіктің және күрделі кәсіби міндеттерді білікті шешуге қабілеттіліктің  кепілі ғана емес, сонымен қатар, білімді еркін меңгеруді,  оны тәжірибе қолдануға қабілеттілікті, қызметтің жаңа саласына тез бейімделуді қамтамасыз етеді.

                                Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті 

 Мақсаты:
Агроөнеркәсіп кешеніне және әлемдік ғылым-білім кеңістігіне қажетті мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сонымен қатар әлеуметтік бағдарланған, жоғары мәдениетті және толерантты тұлғаны қалыптастыруға  ықпал ету.
Қазақ ұлттық аграрлық университеті – инновациялық бағыттағы элиталық жоғары оқу орны,  Қазақстан мен  Орта және Орталық Азиядағы аграрлық секторының көшбасшысы:

  • Ғылыми-ағартушылық жүйені халықаралық білім стандарттарына сай жүргізе отырып,  бітірушілердің  экономикалық сектордың талаптарына сай, әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына ықпал жасау;
  • Әлемдік QS рейтингтік агенттігінің 300 жоғары оқу орнындары құрамына ену;
  • Білім мен ғылымды және өндірісті агроөнеркәсіп кешеніндегі инновация негізінде интеграциялай отырып, білім алушылар мен профессор-оқытушылардың ұтқырлығын арттыру;
  • Қазақстандағы  аграрлық ғылымда жаңа білім беру жүйесін  құру;
  • Адам капиталын дамытуда белгіленген талаптарды кепілдендіру.
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да Қазақстанның белгілі ғалым-педагогтары, ҚР Ұлттық Ұлттық ғылым академиясының, Ресей медициналық ғылымдар академиясының, ҚР Профилактикалық медицина академиясының, Халықаралық акадамиялардың академиктері, еңбек сіңірген ғылым және білім қайраткерлері, еңбегі сіңген дәрігерлер мен фармацевтер қызмет етеді.
ҚазҰМУ алыс және жақын шетелдермен әріптестік келісім шарт орнатқан, солардың ішінде: Нагасаки Университеті (Нагасаки, Жапония), Азия-Тынық мұхиты университеті (Беппо,Жапония), Parkway College (Сингапур), Перуджи Университеті (Перуджа, Италия), Оңтүстік Дунай Университеті (Кремс, Аустрия); Қырғыз Мемлекеттік медицина Академиясы (Бішкек, Қырғыз Республикасы), А. Богомольц атындағы Ұлттық медицина университеті (Киев, Украина), Ұлттық фармация университеті (Харьков, Украина), И. Сеченов атындағы Мәскеу медициналық академиясы (Мәскеу, Ресей) және т.б. Сондай-ақ, университет қызметкерлері халықаралық бағдарламалар және гранттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді түрде қатысады.

  Алматы Техникалық Университеті 

   АТУ-ды таңдаудың  бірнеше себептері:

  • Нақты экономикаға сай талап етілген мамандықтардың кең таңдалуы;
  • Біліктілігі жоғары оқытушылар құрамы;
  • Заманға сай материалдық-техникалық база.
  • Қосдипломдық және академиялық ұтқырлық бағдарламасы.
  • Оқудың орташа төлем ақысы және қолайлы төлем.
  • Қызықты студенттік өмір.
  • Бірінші курстан бастап ғылыммен айналысу мүмкіндігі.

Қ.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ — Түрік Университеті 

1992 жылы 1 мамырда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Түркия Республикасы Премьер министрі С.Демирель кездесуінде Түркістан университетіне “халықаралық университет” мәртебесі берілді.
1992 жылы 31 қазанда “Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін құру туралы” салалық келісім-шарт жасалды. Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті алғашында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1991 жылғы 6 маусымдағы №329 Жарлығымен Түркістан Мемлекеттік университеті болып құрылды.
1992 жылғы 31 қазанда Анкарада Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы Үкіметтері арасында осы оқу орнын «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті етіп қайта құру туралы» келісімге қол қойылды. Университет – түркі тілдес мемлекеттер арасында ең алғаш халықаралық мәртебеге ие бірден-бір оқу орны.
Мұнда әлемнің 32 түркі жұрағаты тұратын елдерден келген жастар білім алуда. Университетте алғаш небәрі 332 студент оқуға қабылданған болса, қазіргі таңда барлығы 30 мыңға жуық студент қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде білім алады, 75 бакалавриат, 20 магистратура және аспирантура бағдарламалары бойынша жоғары білімді кәсіби мамандар дайындалады.
Білім ордасы Қазақстан мен Түркия Республикалары тарапынан құрылған 10 мүшеден тұратын Үкіметаралық Өкілетті Кеңес арқылы басқарылады.

24 ПІКІРЛЕР

  1. Сайт жақсы жұмыс жасайды екен! Бірнеше қажетті ақпарат алдым. Алғыс білдіремін және алдағы күндері өсулеріңізге тілектеспін!

  2. Осы сайтқа кіргеніме қуаныштымын .Алдағы уақытта сіздерге еңбектеріңіз жана берсін демекпін.

  3. Алматы теxникалық университеті емес Алматы Теxнологиялық Университеті

  4. Ой кешириниздер грантка тусе аламынба? Кандай универге тусе аламын?

  5. Сəлеметсізбе?! Инженер экономист мамандығы үшін қай универді таңдауға болады?

  6. Саламатсыздарма мен әдебиет пәнін тандап отырмын соган кай оку орнына тусуге болады жане канша балл керек екенин білейн дегем

  7. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ және өзге де көптеген жақсы жоғары оқу орындары бар. Түсу статистикасын өткен жылдардағы жарияланған грант тізімдері бойынша қарауыңыз керек

  8. Сәлеметсіз бе Психолог мамандығы боиынша қай Университетке түсуге брлады. Және вайени оқуга.

  9. Қайырлы күн! Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті еліміздегі ең беделді оқу орындарының бірі. Ал әскери оқулар бойынша өңірлік және республикалық оқу орындарының қабылдау бөлімдеріне хабарласып біле аласыз

  10. Саламатсыздарма?! Философия мамандығына қай университетке түскен дұрыс жəне таңдау пəндері гео дүние жүзі тарихы екен осылардан қанша балл жинау қажет айтып жіберіңіздерш. Интернеттен таппай жатырмын.

  11. Сəлеметсізбе?Ағылшын пəнімен дүние жүзі тарих пəнін таңдап отырмын,қанша балмен грантқа түсе аламын,қай унивнрді таңдауға болады

  12. Қайырлы күн, мен ШҚМТУ 1-курс тәмәмдадым, бірақ маған қайта мамандық ауыстырып қыздар педагогикалық университетке грант жеңіп алуыма мүмкіндік барма

  13. Сәлеметсізбе? Мен ағылшын пәні мен дүние жүзі тарих пәнін таңдағанмын ҰБТ-дан 66 балл жинадым: оқу сауат -17,қаз.тар-11,д/тарихтан-14,мат.сауат-7,ағылшын-17 жинадым.66 балмен грант бола аламын ба?

  14. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетіне аудармашы мұғалім факультетіне онлайн өтініш қалдырайық десек қабылдамай жатырқалай жұмыс жасайды ондай факультеттер жоқ шет тілімен байланысты факультеттер. Не истеуге болады

  15. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетіне аудармашы мұғалім факультетіне онлайн өтініш қалдырайық десек қабылдамай жатырқалай жұмыс жасайды ондай факультеттер жоқ шет тілімен байланысты факультеттер. Не истеуге болады. Пікір неге қабыланбайы

  16. Мен кыздар педагогика университетінен баска университетке перевод жасайын деп едым, информатика мамандыгы бойынша, балл 52 кандай университеттер кабылдайды екен

  17. Сәлеметсіздер ме
    Мен осы жылы 11 сынып оқып жатырмын.Медицина мандығын таңдап отырмын қаи қаладағы медицина университеті жақсы екен және грант балы қанша екен соны сіздерден сұрап білмекші едім

  18. Сәлеметсіз бе.
    Мен осы жылы 11 сынып окып жатырм. Медицина мамандығын тандап отырмын қай қалада медицина университеті жаксы екен жане де грант балы канша екен соны сурамакшы едим

  19. Саламатсыздарма мен казак тили әдебиет таңдап жатыр едым сонан кай университеттер бар. Канша баллмен түсуге болады

  20. Сәлеметсіз бе!Мен биолгоия география таңдап отрмын Осы Абай атындағы универге түсуге болама жәнеде қанша баллмен?рахмет

  21. сәлеметсізбе.Сырттай бөлім бар ма? бастауыш білім беру

  22. Сәлеметсіздерме ! Мен қазақ тілі және әдебиеті пәні нен универге түстім келед қай универ жақсы және түсу үшін қанша балл керек ?

  23. Саламатсыздарма мен 11сыныпты бітіргеніме 14жыл болды. Енді сіздерден сұрайын дегенім қазір бір оқуға тапсыру үшін ҰБТтапсырган сертификат болу керекпа? Менде ол сертификатым жок еді. Және сұрайын дегенім қазір сырттай оқу барма педагогикалық бойынша?

  24. Саламатсыз ба мен 11 сынып оқушысымын Өзбекстан азаматымын мен алдынан тапсырылатын университеттерді іздеп жатырмын ең үздік университеттер
    Химия технология немесе химия бойынша

ПІКІР ҚАЛДЫРУ