Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар (ашық сабақ)

0
4304
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар

Мақсаты : Кенге жатпайтын қазбалардың түрлерімен таныстыру, олардың адамға тигізетін пайдасы туралы түсіндіру. Пайдалы қазбалардың кен орындары, шартты белгілері, өндіру әдісі жайлы түсінік беру.

Дамытушылығы: Оқушыларды пайдалы қазбалар түрлерін ажырата білуге баулу, логикалық ой — өрісін дамыту, ізденушілік қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелілігі: Еліміздің қазба — байлықтарын мақтан ете отырып, оны үнемдеп жұмсауға, қорғап, сақтай білуге баулу, өз еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.

 Сабақ түрі жаңа тақырыпты таныстыру сабағы

Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау бақылау, , постермен жұмыс, тәжірбие жасау.,

Сабақтың көрнекіліктері: пайдалы қазбалар, слайдтар, тәжірибег е қажетті құралдар, маркерлер, постер,семантикалық карта.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Бүгінгі сабақта қолданатын ұранымыз:

Табиғат біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Табиғатты қорғайтын,

Біз әдепті баламыз.

Жер байлығы көп екен,

Меңгеруді қалайды,

Осының бәрін меңгертер

Дүниетану сабағы.

Сандықшаның ішінде пайдалы қазбалардың шарттарын / тас көмір, мұнай, табиғи газ /  бір-бірден алып үш топ құрады:

Балалар, қалай ойлайсыңар – бұлар нелер? (пайдалы қазбалар)

Неге оларды пайдалы қазбалар деп атайды? (өйткені біз оларды пайдаланамыз)

1-топ: Мұнай тобы

2-топ: Тас көмір тобы

3-топ: Табиғи г аз тобы

Топ басшысын сайлау.

Ереже :

1. Бір — бірімізді тыңдау, қатысу

2. Уақытты үнемдеу

3. Ойымызды еркін айту

4. Тақырыптан ауытқымау

5. Анық, нақты сөйлеу

Біз осы ережелерді сақтай отырып, бүгінгі сабақта өз білімімізді жан — жақты көрсете білейік. Алдымен біз бүгін сендермен пайдалы қазбалар  тарауынан алған білімдерімізді қайталаймыз. Әр топтың өз басшылары бағалау парағы арқылы оқушылардың тиісті бағаларын қойып отырады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:  

 1 тапсырма. «Сұрақ бізден, жауап сізден»

1.Кенді пайдалы қазбалар нешеге бөлінеді?

2. Қола неден алынады?

3.Қорғасын қандай металл?

4.Тас көмір қандай зат?

5.Жер қойнауында тас көмірдің неше түрі кездеседі?

6.Тас көмірдің ең сапалы түрін қалай атаймыз?

7.Тас көмірдің басты кен орындары қай жерде?

8.Қарағанды кен орнын кім ашқан?

9.Қарағанды көмірі қай жылдан бастап өндіріле бастады?

10.Қазақстан жеріндегі тас көмір мен қоңыр көмір кен орындарының жалпы саны қанша?

11.Тас көмірден не алынады?

12.Мұнай қандай зат?

13..Мұнайдың қандай түстері кездеседі?

14. Ең таза бензинді қайда пайдаланады?

15. Мұнаймен қоса жер астынан не өндіреді?

16.Елімізлд мұнай мен газ қай жерден көп табылған?

17.Қазақстандағы Ембі мұнайы нешінші орында?

18..Мұнайды арнаулы пеште қыздырып на алынады?

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту

Жарайсыңдар ,балалар, өткен сабақты есімізге түсірдік.Кенді пайдалы қазбаларды , жанғыш пайдалы қазбаларды ажырата білеміз. Олардың пайдасы туралы олардан не алынатыны туралы көп мағлұмат алдық.

ІҮ. Жаңа сабақ

2 тапсырма. «Миға шабуыл » әдісі

Балалар тақтаға бәріміз мұқият қараймыз. Бұл суреттерден нені көріп тұрсыңдар?

C:\Users\User\Downloads\цем.jpg C:\Users\User\Downloads\9лу.jpg C:\Users\User\Downloads\мәрмар.jpg

цемент ұлутас гранит

C:\Users\User\Downloads\тұз 1.jpg C:\Users\User\Downloads\бор.jpg C:\Users\User\Downloads\2ктас.jpg

тұз бор әктас

Балалар әрбір адам күнделікті тұрмыста пайдалы қазбалардың сан алуан түрлерін кездестіреді.Ал енді осы пайдалы қазбаларды жер астынан ала салып пайдалана ма? Оларды зерттейді,өңдейді. Пайдалы қазбаларды геологтар зерттейді. 

Олардан металл қорытып алынбайтындықтан қандай пайдалы қазбаларға жатқызамыз?

Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар .

Бүгінгі сабағымызда кенге жатпайтын қазбалардың түрлерімен таныстыру, олардың адамға тигізетін пайдасы туралы түсіндіру. Пайдалы қазбалардың кен орындары, шартты белгілері, өндіру әдісі жайлы түсінік беру.

Тақырыпты тақтаға жазу . Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар.

Ү .Оқулықпен жұмыс .

Барлық топқа бірдей: 3 тапсырма «Ой қозғау»

Олай болса, 36-38 беттегі оқулық мәтінін пайдалана отырып, берілген кенге жатпайтын пайдалы қазбаларға толық сипаттама бересіңдер (әр топ постермен жұмыс жасап қорғайды)

Постерді қорғағанда әр топ мұқият тыңдап отырулары қажет .

ҮІ . Бейнеролик көрсету.

ҮІІ. Картамен жұмыс

— Әрбір пайдалы қазбаның өзіне тән мынадай шартты белгілері бар.

Қаақстанның пайдалы қазбалар картасынан кенге жатпайтын пайдалы қазбалардың орындарын көрсету.

ҮІІІ. Дәптермен жұмыс

Күннің жадын жазып.

Дәптерлеріне шартты белгілердің суретін салу

C:\Users\User\Downloads\шартты белг3.jpg

ІХ . 4 тапсырма. «Иә немесе жоқ»

1. Әрбір адамның тамағына күніне 30 грамм шамасында тұз жұмсалады? жоқ

2. Тұздан сода, хлор, алынады? иә

3. Фосфорит –тыңайтқыш алынатын қызыл түсті тас? Жоқ

4. Асбест — отқа жанбайтын деген сөз ? Иә

5. Бор әктастың жеке түрлерінің ішіндегі ең қаттысы ? жоқ

6.Мәрмәрдің түсі жасыл болады? жоқ

Сергіту сәті

1.Республикамыздағы көмір алыптарының бірінің атын білдіретін біріккен сөздің біріншісі-сан есім,екіншісі-адамның негізгі мүшесі, үшіншісі-тағамның дәмін келт іретін зат. (Екібастұз)

2.Созылмалы қасиеті бар, құмыра жасауда пайдаланылады. Ол не? (саз)

3. 1 тонна тұз ауырма ,бір тонна көмір ауырма? ( Бірдей)

Х. 5 тапсырма Тәжірибе жасату

1.Стақандағы суға тұз салып,қасықпен араластыру дәмін татып көру,оның түсін және судағы еру деңгейін анықтау.

2..Бір ыдысқа таза су, жұмыртқаны алып ыдысқа салу.

3. Ал екінші ыдысқа тұзды су құйылған жұмыртқаны алып ыдысқа салу.

Тұздалған судағы жұмыртқа қалқып тұрады ал таза судағы жұмыртқа батып кетеді.
Нәтиже: тұзды суға ештеңе батпайды. 

ХІ«Семантикалық карта» беру Екі жұп бір –бірін тексеру.

Тақтаға дұрыс жауабын көрсету.
Пайдалы қазбалардың түрлері Мұнай Темір Тас көмір Әктас Ұлутас Алтын Ас тұзы
Кенді пайдалы қазбалар
Жанғыш пайдалы қазбалар
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар

ХІІ .Кері байланыс

-Не білдік?

-Не қызықтырды?

-Алған әсерлерің?

https://lh5.googleusercontent.com/O-Xbk7Ky51pY1wRo8eTZ4QQjaSbxPprmYbjHWydS7cP7jyGMiDjcLvYZdMpK1xGF-YMvA2dOdpOf41eChct6zDmgggXjj3qnJY4rAfOOG-MQdhvAMmGIFZPHTPB2V2DTSY2ibmeSB0o

ХІІІ .Бағалау

ХІҮ. Үйге тапсырма: 35-36 бет оқу, қосымша материалдар жинақтау

Дюсегалиева Нурсауле Амангелдиевна

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ